Биологические науки/ 2. микробиология

М.ғ.д., проф. Темирбеков Ж., ІІ курс магистранты Мадимухаметова С.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университеті, Қазақстан

Идрисов Е.Б.

Зеренді орталық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама филиалы, Қазақстан

 

«Зеренді» және «Қопа» көлдері  мен «Шағалалы» су қоймасының санитарлық –микробиологиялық талдауы

 

Су қоймалары, мақсатты қолданылуына байланысты, екі санатқа бөлінеді. Бірінші санатқа орталықтандырылған немесе орталықтандырылмаған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көздері ретінде пайдаланылатын су қоймалары жатады.  Екінші санатқа мәдени-тұрмыстық рекреациялар, спорт мақсаттары үшін пайдаланылатын, сондай –ақ елді мекен аумақтарындағы  су қоймалары жатады [1].

Жер асты суларының санитарлық-микробиологиялық талдауын «Ауыз су» МЖБСТ 18963-73 сәйкес өндіреді, су көздерінің бактериологиялық ластану деңгейін анықтайды.

Микробиологиялық талдау әдістері лактозаны көрсететін ішек таяқшалары (ЛКІТ) – негізгі көрсеткіштерін, сальмонелла, шигелла, ішек вирустарын –қосымша көрсеткіштерді анықтайды [2].

Үлгілерді іріктеу қысқы уақытта жасалды, соған тиісінше күннің жылынуына қарай  ШПФ сияқты, коли индекстерінің де саны  артады.

Зерттеу нәтижелеріне қарағанда,  «Зеренді», «Қопа» көлдерінен алынған су үлгілерінің коли-индексі, микрофлора ассоциациясы мен деңгейінің түрлілігі  бойынша «Шағалалы» су қоймасынан алынған үлгіден  басымырақ.

МЖБСТ  нормативтерінде белгіленген  тиісті коли-индекстердің көлемі артқан кезде, гигиеналық және басқа шаралар өткізу мәселесін шешу үшін қосымша зерттеу өткізіледі: 

Қолайсыз санитарлық және эпидемиологиялық жағдайларда патогендік микроорганизмдерді (сальмонелла, шигелла, ішек вирустары, ал көпшіліктің жаппай суға түсу орындарында сонымен бірге стафилококтарды) анықтайды;

Қажет болған жағдайда микробтық  лайлану көзі мен сипатын нақтылайды, E. Coli, энтерококтарды, ішек  фагилерді анықтайды [3].

  «Зеренді» және «Қопа» көлдері келесі көрсеткіштер бойынша тексерілді:     

1.  Лактозаны көрсететін ішек таяқшалары  (ЛКІТ).  Әдіс Титрацион.

2.  Патогенді  флора. Әдіс –Титрацион.

3.  Коли фаги. Әдіс сапалы.

4.  ШПФ. Голда әдісі бойынша  егу.

  Сондай-ақ патогендік пен ШПФ анықтау және салыстыру үшін, селенитті сорпадан патогендік флораны байыту мақсатында пайдаланылатын «Зеренді» және «Қопа» көлдері мен «Шағалалы» су қоймасының су үлгілері Голда әдісі бойынша Эндо және ВСА қатты қоректік ортасына егілді.

  Лактозаны көрсететін ішек таяқшалары  (ЛКІТ)   коли – индексті есептеу үшін үш пробиркаға (10; 1,0; 0,1)  бөліне отырып, ГПС ортасына егілді.

Коли – фагтарды  табу үшін E.coli мұражай дақылдарының лай стандарты жасалды.

 

1-сурет  Зерттелген көлдердің микрофлорасы

 

2009-2011 жылдары ішінде «Зеренді» көлінің ашық су қоймасынан  жалпы алғанда 53 су үлгісі тексерілді, 159 зерттеу өткізілді, ЛКП көрсеткіші бойынша коли – индексі 11000   астам 2 су үлгісі  жақсы болды. «Шағалалы» өзенін тексеру барысында коли – индекс 40-қа тең болды, БОЕ коли – фаги бөлінбеді, патогендік флора табылмады. «Зеренді» көлінің коли – индексі 200-ді құрады, БОЕ коли – фаги бөлінбеді, патогендік флора табылмады. «Қопа» көлінің ашық су қоймасынан  жалпы алғанда 59 су үлгісі тексерілді, 182 зерттеу өткізілді, ЛКП көрсеткіші бойынша коли – индексі 11000  астам  3 су үлгісі  жақсы болды. Қопа көлінің коли – индексі 110000-ді құрады, БОЕ коли – фаги 100, патогендік флора 100.

2-сурет Көлдерді шартты патогенді флорамен зерттеу

 

«Шағалалы» өзенін тексеру кезінде ШПФ-тан  Escherichia blattae 5*105  бөлінді. «Зеренді» көлінің ШПФ-нан Escherichia adecarboxilota 1,5*106; Escherichia coli, inactive 1*106  бөлінді. Сонымен қатар Enterobacter agglomerans 1*106   деңгейде бөлінді. «Қопа» көлінің  ШПФ-нан: Escherichia adecarboxilota 1,5*107;  Enterobacter agglomerans 1*105; Enterobacter intermedium  5*106 бөлінді. Бұл су қоймасында ішек таяқшалары тобы бактерияларының (ІТТБ) бар екендігін көрсетеді, адам факторы лайлау көзі болып табылады.

 Диаграммада көрсетілгендей судағы ішек инфекциялары тобының қоздырғыштары эпидемиодогиялық маңызды болып табылады.

Себебі микробтар сумен бірге мұрын, тамақ және құлақ арқылы ене отырып, тіпті өте аз 105 мөлшерде болса да, құлақтың қабынуы, гайморит, өткiр iшек инфекциялары (ӨІА), АІТ бұзылуы және тағы басқа ауруларды тудыра алады.  Қоздырғыштардың тағам арқылы организмге енуіне қарағанда, олардың организмге сумен бірге енуі барысында, жұқтыру қаупі басым болады. Себебі организмді микробтардың  ауыртатын   әсерлерінен қорғайтын табиғи тосқауылдар бар: асқазанның ащы  сөлі олардың белсенділігін біршама төмендетеді. Су асқазан сөлін араластырып,   оның қышқылдылығы біршама кемиді де,  оның тосқауыл функциясы әлсiрейді. Міне сондықтан да  ішуге, ыдыс-аяқ, жеміс-жидектерді  жууға арналған ашық су қоймаларынан, құдықтардан алынған суды міндетті түрде қайнату қажет. Бұл қарапайым шара  су арқылы тарайтын көптеген ішек ауруларының алдын алуға, сақтануға мүмкіндік береді. 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.     Қазбеков А. Су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану. Көкшетау: Кокше-Полиграфия, 2008. – 226б.

2.     МУ 3.05.039.97. СП утв.приказом МЗРК №554 от 28.07.2010.

3.      Темірбеков Ж.Т., Темірбекова Д.Ж. Микробиология және вирусология негіздері. Көкшетау: Кокше-Полиграфия, 2010. – 190б.