Сейдімханова Т.Б.
Әл
Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университеті
Ақынды ынта қылған аққу әні.
Қазақ халқының ғасырлар бойы
қорланған бай фольклоры мен ауыз әдебиетінің
қазынасы оның қай заманда болмасын рухани
мәдениетінің қайнар бұлақ көзі боп келеді.
Ол бұлақтан сусындап, өмірлік нәр, қуат
алмаған бірде-бір ақын, жазушы болған емес.
Қазақ
әдебиеті – күні бүгінге дейін халықтың ауыз
әдебиетімен біте қайнасып дамыған әдебиет.
Фольклор мен жазба
әдебиет арасындағы байланыс дүние жүзі әлем
әдебиеттану ғылымының назарында бұрыннан келе
жатқан мәселе.
Фольклор мен әдебиет
арасындағы байланыс ТМД халықтары әдебиеті соның ішінде
орыс әдебиетінде терең зерттеліп, жан-жақты
қамтылған.
Халқының
біртуар азаматы, аласапран заманда аузын айға білеп айтарын ашық
айтқан сыршыл да, сыншыл ақын С.Сейфуллин Ақан серінің
«Көк жендеті» жайлы әңгімесінде қазақ халқының
аққу құсты барынша қасиетті санайтынына
тоқталады. «Қазақ атаулы
елдің көркем әдебиетінде аққу құс –
сұлу суретті сөздермен, сұлу қиялды ертектермен
әңгімеленеді.» Мысалы:«Едіге батырдың»ертегі
әңгімесінде, оның әкесі белгілі Баба түкті
шашты Әзиз әулие еді, -
дейді. Анасы – Аққу құстың кебінін киген,
аққудың суретіне кіріп, даладағы тұнық
тұңғиықты, күміс сұлу көлге
ұшып келіп шомылып жүретін перінің сұлу қызы
еді», - деген аңыздан үзінді келтіреді. [1.218]
Баба түкті шашты Әзиздің сүйгеннің аққу екендігі жайлы аңыз –
әңгімені жазушы осылай тілге тиек етіп, оқырманға ой
салар сындарлы сыр жайлы осылай тарқатады. «Бұл
әңгімеге сену – сенбесі әркімнің ой – парасатының қарымы, сезім
қиялының қатпары, таным – түсінігінің
деңгейі білер, мәселе осындай аңызды қаз –
қалпында, бұзбай, халық мұрасына балап, кейінгі
ұрпаққа жеткізуі – жазушы
қарым – қабілетін танытса керек», - деп өз ойын
тұжырымдайды.
С.Сейфуллин шешендік сөздердегі
аққуды қасиетті ұғым – түсінікке балап
тілге тиек етеді. Едіге бидің, Асан бидің сөз
саптаулары мысалға келтірген. Сол билердің шешендік сөздері
қазақ халқы үшін арқылы аққудың қадыр – қасиетінің
зор екендігін ашып көрсеткен:
«Жәңгір хан өзінің бір зор
қайғысынан басын көтермей жатып алған екен дейді. Талай
шешендер, билер келіп, көңіл айтып, «басыңызды көтер!»
дегендеріне Жәңгір хан басын көтермеген екен. Сонда шешендігімен жаңадан билер
қатарына қосылған, Арғын Сүйіндік Едіге би келіп:
Аққу
құс ұшып көлге кетті.
Ақ
сүңқар ұшып шөлге кетті...
Ақ сүңқар
ұшты ұядан,
Қол
жетпейтін қиядан...
Қанаты
бүтін сұңқар жоқ,
Тұяғы
бүтін тұлпар жоқ.
Көтер, хан,
басыңды! -
деген екен. Сонда Едіге би басын көтеріпті.[2. 220]
С. Сейфуллин өз
зерттеулерінің бірінде тектілікті пір тұтқан заманда,
қасиетті аққуды құс жаманы
құладынға ілдіріп, аққуды қорлап,
соған мәз боп, ат шаптырып той жасаған Әз Жәнібек
ханға әлгі келеңсіз қылығына өкінген Асан
қайғы бидің жыр үлгісіндегі шешендік сөзін былай
талдайды: «Әз Жәнібек хан аққу жүрген көлге
шекер төктіріп, аққуды шекерге бөктіріп, мас
қылып, аққуды құладынға ілдіріпті дейтін.
Сөйтіп, құс жаманы – құладынға
аққу ілдіргеніне мақтанып, мәз болып, той қылып
жұртын шақырыпты дейді. Тойына шақырған Асан
қайғы би келмей қалыпты дейді. Сонсоң Әз
Жәнібек хан, Асан қайғы биді қайта – қайта
шақыртып алдырып, жұрттың алдында Асан бидің
шақырған тойына келмей қалған себебін сұрапты, -
дейді. Сондағы Асан бидің жауабы мынау екен:
«...Көлге
шекер төктірдің,
Шекерге
аққу бөктірдің,
Ақ
мамығын таранған,
Тұңғиыққа қараған,
Аққу
– көлдің көркі еді.
Көркімен
көлді сәндеген,
Сұлу
үнмен әндеген,
Ақ
сұлу көлдегі ерке еді.
Құладын – құстың қоры еді.
Аққу
құс – ару төре еді,
Құладынға ілдірдің...
Ақ
мамығын жұлдырдың[1.219]
Сәкеннің пікірінше
күміс сұлу жайық көлде
тұңғиыққа ақ төсін төсеп
маңқиып жүзіп, сұлу үнмен, нәзік
күймен сыңқылдаған ақ сәулетті
аққуды тұйғын құсқа ілгізу
қазақ атаулы елдің билер санасы білген ескілігінде,
көңілде қайғы қалдырмайтын қызықты
тұрмыс саналған.
Зерттеуші халық
ұғым-түсінігінде аққуды «қиналған жан
үшін кейінбейтін, жанның қиналғаны үшін кейінуді
ар көретіндігін» тап босып таныған.
Дәулет құсы,
бақ құсы, қыдыр деген қасиеттердің
құс болып қанатынан, бақ қонған, дарпи
дариған иесін өлер алдында тастап ұшып кететінін айтады.
Әсетке айтатын Кемпірбайдың «кеудемнен көк ала үйрек
қош деп ұшты. Сол шіркін кәрі жолдас өлең білем»,
- деген жыр үзіндісінен мысал келтірді. Зерттеушінің бақ
дәулет адам баласының асына құс болып қонады,
құс болып ұшып кетеді деген
нанымға қатысты келтірілген мысалы да қисынды: «Бұрынғы замандарда, хан
сайлағанда, «бақ құсы», «дәулет құсы»
деген ақ құсты ұшырады екен... сол ақ құс
кімнің басына қонса,соны ақ киізге отырғызып хан
көтереді екен... деген ертек бар. Адамның басына қонған
ақ құсты – «бақ құсы», «дәулет
құсы» екен деген ертекке жұрт нанатын.
Сонсоң, «қыдыр» деген,
«ие» деген қалаған пендесіне құс болып жорғалап келеді деп нанатын.
Мысалы: «...Асың-асың асыңа,
Берекет берсін
басыңа.
Бөденедей жорғалап,
Қырғауылдай қорғалап
«Қыдыр»
келсін қасына...» - ,
деген ескі
ауыз әдебиетте белгілі жыр бар.»
[3.216 ] «Дәулет
«орнаған» үйден басына бақ қонған адамнан
«дәулет құсы ұшты,
бағы ұшты, бағы тайды» деген сөздер сол нанымнан келген
сөздер» - деген түйін жасады.
Жоғарыда
талдағандарымыздай, С.
Сейфуллин халықтың құс иесіне деген аса
ілтипаттың, кейбір құсты қатысты жағымсыз
ұғым – түсініктің қалай көрінуін
түсіндіруде, өз ойларының түйіндеулерін үнемі
халық ауыз әдебиеті үлгілерінде сақталған
материалдарды тілге тиек етіп, мысал келтіріп отырғанына куә
боламыз.
Әдебиеттер:
1. Сейфуллин С. Шығармалар жинағы.
6 томдық.,VI том, Алматы,2010. - 456 бет
2. Сейфуллин С. Шығармалар
жинағы. 6 томдық.,V том, Алматы,2010. – 482 бет
3. Халық
ауыз әдебиеті. Алматы, 2009, - 563 бет