Балалардағы
инвазивті кандидозды стационарда емдеу тәсілін клинико-экономикалық талдау қорытындылары
М.Д. Бірімжанова
Қоғамдық
денсаулық сақтау жоғарғы мектебінің,
денсаулық сақтауды басқару және экономика
кафедрасының оқытушысы
Әлемдегі көптеген елдерде өздерінің түрлі
деңгейдегі мәдени және әлеуметтік-экономикалық
дамуына қарамастан, дәрі-дәрімектерді тиімді әрі
қауіпсіз қолданумен қоса экономикалық үнемдеу де
ең маңызды мәселелердің біріне айналып отыр. Бұл
мәселелерді түсініп шешу үшін елдегі тек қана
әлеуметтік-экономикалық жағдайды ғана емес
медико-әлеуметтік факторларды да ескерген жөн.
Зерттеу
жұмысында анықталып отырған инвазивті кандидозға
әкелетін қауіп факторларын
алдын ала жою және ондай науқастардың
стационарға түсу жиілігін барынша азайту және шығын
қатынастарын есептегеннен кейін, клиникалық жағынан
тиімділігі бірдей ал, экономикалық жағынан ысырапқа
түскен емдеу түрін үнемді емдеу түрімен алмастыру .
Яғни, біріншілік медико-санитарлық көмек көрсету
деңгейіндегі зерттеу және емдеу жолдарының спектрін
кеңейтіп, арзан әрі тиімді емдеу жолдарын ұсыну.
Егер біз біріншілік
медико-санитарлық көмек (БМСК) деңгейінде тыныс алу жолдары (ТАЖ)
ауруларын тек сезімтал антибиотиктерді
ғана тағайындап, мүмкін асқыныстарын алдын ала
анықтап сәйкес ем жүргізсек бір науқасқа
жұмсалатын қаражат мөлшерін мына №1 кестеге толтырдық.
Берілген
кестені талқыласақ стационарда емделген бір балаға кеткен
қаражатқа емханада бес баланы емдеуге болады.
Тұжырым:
экономикалық талдау қорытындысы бойынша оппортунистикалық кандидоздарды
стацоинарлы емдеу кезінде, біз ойлағандай шығын
антимикотикалық препараттармен емдеу және ауруды диагнозын негіздеуге емес, стационарда өткізген
төсек-күніне аса көп жұмсалған. Барлық
шығынның дәлелденген микоз кезінде төсек- күнге
71%, ал қалған 29% пайыз тек медициналық шараларға
жұмсалады екен.
Кесте 1 Асқынған ТАЖ ауруларын емхана
мен стационарда емдеу шығындарын салыстыру
Шығындар атауы |
Стационарлық ем шығыны |
Емханалық ем шығыны |
Төсек күн |
38 108 |
- |
Медициналық іс
шаралар: Маман кеңесі Қанды а/б сезімт.себу Микрофлораға жұғын ТАЖ рентгенографиясы Антибактериальді ем Антимикотикалық ем Бронхолитиктер Антигистаминдер Ингалятор Шприц, системы |
820 1360 580 755 2544 1234 630 322 700 352 |
820 1360 580 755 2544 1234 630 322 700 352 |
Жалпы сомма |
47 405 |
9297 |
Ал, мүмкін
микоз кезінде барлық шығын қаражатының 66,2%
төсек күнге, қалған 33,8% емдеу және диагноздау
шараларына жұмсалған. Тек антимикотиклық
препараттарға(бағалық классификация бойынша қымбат
препараттарға жатады) орташа алғанда барлық қаражаттың
16% ғана шығындаймыз. Дегенмен науқасты зерттеуге, кеңес беру, қарауға
жұмсалған қаражатқа қарағанда әрине
антимикотикалық препараттар шығыны молырақ.
Сондықтан
бұл аспектіде профилактикалық
саңырауқұлаққа қарсы емнің
адекватты әдістемелік нұсқауларын өңдеуді
қажет етеді. Ол науқасқа жұмсалған тікелей
шығындарды қомақты қаражат көлемінде
үнемдейді. Сондықтан ауқымды қаражат үнемдегіміз
келсе, түрлі қабынбалы аурулары бар науқас балаларды
біріншілік медико – санитарлық көмек көрсету деңгейінде
қажетті диагнозтикалық шаралар мен шынай көрсеткішке
негізделген емдеу шараларының дұрыс тағайындалуымен, негізгі
ауруларын асқындырмай, қайта өршуіне жол бермей
стационарлық қөмекке жүгінбеуіне ықпал жасауымыз
қажет.
Тәжиірбелік
нұсқаулар: Емханалық жағдайда жүргізілетін
емнің арты кандидамикозбен қосарлануына жол бермес үшін
жергілікті дәрігерлерге көмек ретінде мынадай нұсқаулар
ұсынылады: бала ағзасының антибактериальді прапараттарға
сезімталдығын (тұрақтылығын) бактериальді себу әдісі арқылы анықтағаннан
кейін ғана нақты препаратты тағайындау (ол үшін
асқынысты алдын алу мақсатында жасалатын бірнеше анализді БМСК деңгейінде ақысыз
және міндетті анализдер ретінде қолдану қажет,
дәрігердің өз бақылауындағы жергілікті жеріндегі
созылмалы қабынбалы ауруы бар науқас балалардың
кезеңдік өршу кезеңін алдын ала болжап, дәрігерлік
қарауға шақыру,баланың ата-анасымен
санитарлы-ағарту әңгімесін жүргізу яғни, тиісті
кеңестер алу; арнайы жүргізіліп жатырған емге
қарамастан аурудың өршуінің үдеуін
байқаған уақытта ингаляционды глюкокортикоидтар мен
антибактериальді препараттар мөлшерін жоғарылатқаннан
көрі, бірден жоғары тыныс алу жолдарынан алынған
жұғын мен қақырықты саңырауқұлақтарға
бактериальді себу сияқты диагностикалық әдісті ерте
қолдануға дағдылану; тыныс алу жолдарының аурулары
кандидамикозбен асқынған балаларды стационарлық емдеу кезінде
оларға жұмсалған қаражат, негізінен біз
ойлағандай антимикотикалық препараттарды тағайындауға
емес, стационарда өткізген төсек күніне және диагнозды
негіздеу мақсатында қолданылған диагностикалық
шараларға көп жұмсалатыны анықталды.
Сонымен, ауқымды
қаражатты үнемдеу мақсатында түрлі қабынбалы
аурулары бар науқас балаларды негізгі ауруын асқындырмай БМСК
деңгейінде ұқыпты емдеп, стационарлық көмекті
қажет етпейтіндей жағдайға жеткізсек, жыл сайын ауқымды
қаражатты үнемдеп, балалар ауруының бұған
қарағанда тереңдеу мәселе туындатып отырған
сырқаттарына жұмсауға ықпал етуге болады.