Современные информационные технологии/2.Вычислительная техника и программирование

 

Байшорина М.И.

Преподаватель колледжа КарГУ им. Е.А.Букетова

 

Электронды оқу құралдарын жасау барысында бағдарламалық жабдықтарды қолдану ерекшеліктері

 

Тарихқа көз жүгіртетін болсақ адам мен ЭЕМ арасындағы қатынасты адам мен адам арасындағы байланысқа дейін жеңілдетуге тырысу үстінде. Егер қарапайым әдістердің бірі - бейнелеу, сомдау тілі қолданылмаса бұл байланыс шектеулі болар еді.  Қазіргі таңда компьютердің мониторында графикалық бейнелердің орын алу бізге қалыпты жағдай болып кетті. Компьютерлік графиканың қолдану спектрі «адам-машина» интерфейсінің құралына қарағанда әлдеқайда кең: жарнамалық роликтерді, компьютерлік ойындар мен мультипликациялық фильмдерді құрудан бастап ғылыми нәтижелерді визуализациялауға дейін. Internet-тің ие болған беделі графиканы кең қоданылуының арқасында жүзеге асқан.

Ереже ретінде компьютерлік экран бетінде бейнелер графикалық бағдарламалар көмегімен құрылады. Бұл растрлық және векторлық графика редакторлары, үшөлшемді объект құру және өңдеу бағдарламалары, жобалауды автоматтандыру жүйелері, үстелді баспа жүйесі және т.б.

Кез келген сала мамандары үшін оқытылатын пәннің жетік игерілуі үшін оқу құралдарының алатын орны ерекше. Бұл құралдарда берілетін теориялық немесе тәжірибелік материал оқушының санасына бекіту үшін түсіндіруші схема, сурет ретінде бейнеленуі қажет.

Оқу құралдарының әлектронды нұсқасын даярлау барысында суреттерді иллюстрациялау және өңдеуге графикалық редакторларға негізгі көңіл бөлінеді.

Графикалық редактордың кең таралған екі түрге блінеді: растрлы және векторлы графика.

Компьютерлік графиканың бағдарламалық жабдықтауының жіктелуі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Графикалық редакторлар қатарына келесі бағдарламаларын жатқызуға болады.

Сақталатын графикалық ақпараттарының түрі бойынша бөлінеді:

·         растрлық (TIFF, GIF, BMP, JPEG);

·         векторлық (AI, CDR, FH7, DXF);

·         аралас (әмбебап) (EPS, PDF).

Оқу құралдарын жасау барысында ең көп қолданылатын графикалық редакторлар жайлы қысқаша айта кетсек:

Corel DRAW ең танымал векторлық графика редакторы болып табылады. Өзінің танымалдылығын қолданушылардың кең ортасында бастауыш иллютраторлар мен профессионал суретшілерге дейін кез келген қиындықты илююстрацияларды құру мүмкіндігіне байланысты ие болды. IBM PC дербес компьютерде Corel DRAW сурет салу бағдарламаларының ішінде «патшасы» болып табылады.

Adobe Photoshop дүние жүзінде ең танымал растрлы суреттерді өңдеуші бағдарламалардың бірі. Ол ретуш жасау, тондық, түстік коррекциялауға  және де әр түрлі суреттер фрагменттерінен жиналған қызықты эффектілерін құруға, коллаж жасауға қолданылады.

Бұл бағдарламалар ескі кітаптардың суреттерін пайдалана отырып жаңа кітапқа немесе сол кітаптің жаңа басылымын жасауға қолданылады.

 

1.     Бурлакова М. Самоучитель по компьютерной графики. К.: Издательская группа BHV, 2000. -640 с.

2.     Скотт Келби. Справочник по обработке цифровых фотографий в Photoshop. Издательство: Вильямс. 2003г. 368с.