А.К. Кикимова, А.Б.Серикбаева

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің колледжі

ЖАҢА ЗАМАН – ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Қазіргі қоғамды ақпараттандыру үрдісінің бағыттарының бірі білім беруді ақпараттандыру болып табылады. Білім беруді ақпараттандыру – бұл білім беру ортасын оқытудың, тәрбиенің психологиялық-педагогикалық мақсаттарына бағытталған ақпараттық технологияларды қолайлы пайдалану мен өңдеу тәжірибесімен және әдістемесімен қамтамасыз ету процесі.

Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді.

Білім берудің ақпараттық технологиялары – бұл ең алдымен ақпаратты жіберу процесін оңтайлы ету жолымен білім беру мақсаттарына жету әдістері.

Білім беру сапасын көтерудің тиімді әдістерінің бірі ретінде білім беру процесіне жоба әдісін ендіруді қарастыруға болады. Жоба әдісі дегеніміз – оқушылар біртіндеп қиындайтын практикалық тапсырмалар – жобаларды орындау және жоспарлау процесінде білім алатын оқыту жүйесі.

Жобалардың типологиялық белгілері [1]:

1.       Жобадағы басымды бағыт: зерттеушілік, шығармашылық, қызық оқиғалы, рөлдік-ойындық, тәжірибелі-бағытталған, т.б.

2.       Пән-мазмұндық бөлімі: әдеби шығармашылық, экологиялық, тілдік, мәдени,  спорттық, географиялық, тарихи, әуенді;

3.       Жобаның үйлесімділік сипаты: тікелей, жасырын.

4.       Байланыс ортасы (бір мектеп, сынып, қала, аудан, мемлекет, әлемнің әр түрлі мемлекеттерінің қатысушылары арасында).

5.       Жобаға қатысушылардың саны (тұлғалық, жұптық, топтық);

6.       Жобаны орындау ұзақтығы бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді.

Жобалар моножоба және пән аралық жобалар деп екіге бөлінеді:

1.   Моножобалар - бір пәнмен ғана шектеледі. 

2.   Пән аралық жобалар - бірнеше пәнді қатыстыратын жобалар.

Жобалау кезеңдері:

Дайындық - мақсатты анықтау кезеңі. Жұмыстың мазмұны: тақырыпты анықтау, бір немесе бірнеше мәселелерді анықтау, соңғы нәтиже мақсаттарын нақтылау, жұмыс топтарын таңдау. Оқушылар ақпаратты нақтылайды, тапсырманы талқылайды, мәселелерді анықтайды. Мұғалім оқушыларды ниеттендіреді, жоба мақсаттарын дұрыс анықтауға көмектеседі, бақылап отырады.

Жоспарлау кезеңі. Жұмыстың мазмұны: мәселенің анализі, гипотезалар ұсыну, гипотезалардың әрқайсысын негіздеу, ақпараттың қайнар көздерін, оны жинау және анализдеу тәсілдерін анықтау, тапсырмалар қойылымы және нәтижелерді бағалау критерийлерін таңдау, топтағы рөлдерді бөліп, үлестіру. Оқушылар мәселелерді шешу гипотезаларын ұсынады, тапсырмаларды қалыптастырады, ақпараттың қайнар көздерін анықтайды, өздерінің сәттілік критерийлерін таңдайды және дәлелдейді. Мұғалім анализдеуге және синтездеуге көмектеседі, бақылап отырады.

Шешімдер қабылдау кезеңі. Жұмыстың мазмұны: қабылданған гипотезаларды тексеру әдістерін талқылау, қолайлы нұсқасын таңдау, нәтижені ұсыну тәсілін анықтау, ақпаратты жинау – интервью, сұрақтар, бақылаулар, тәжірибелер. Оқушылар тексеру әдістерін талқылайды, қолайлы нұсқасын таңдайды, ақпараттың қайнар көздерін нақтылайды. Мұғалім бақылап отырады, кеңес береді, ақыл айтады, жанама жүргізеді.

Негізгі - жобаны орындау кезеңі. Жұмыстың мазмұны: гипотезаны растайтын немесе жоққа шығаратын қажет ақпаратты іздеу, жобаны орындау. Оқушылар ақпаратпен жұмыс жасайды, зерттеулер жүргізеді, идеяларды синтездейді және талдайды, жобаны безендіреді. Мұғалім бақылап отырады, анализ процесін бағыттайды (егер бұл қажет болса). Әрбір оқушының жобалық жұмысының ағымдық бақылаудың жеке карталарын құрастырады және толтырады.

Қорытынды - жобаны қорғау кезеңі. Жұмыстың мазмұны: баяндама дайындау және безендіру,  жобалау процесін негіздеу; в) алынған нәтижелерді түсіндіру, жобаны ұжыммен қорғау. Оқушылар жобаны қорғайды. Мұғалім бақылап отырады, қорғау процесін бағыттайды (егер қажет болса), қатарлы қатысушы рөлінде сұрақтар қояды.

Нәтижелерді тексеру және бағалау кезеңі. Жұмыстың мазмұны: жобаның орындалуын, қол жеткізген нәтижелерді (сәттіліктер мен сәтсіздіктер) талдау, қойылған мақсатқа жетуді талдау, нәтижелерді бағалау, жаңа мәселелерді айқындау. Оқушылар жобаны ұжымдық түрде өз-өзін талдау және өз-өзін бағалау. Мұғалім жоба нәтижелерін ұжыммен талдауға және бағалауға қатысады.

Бағалаудың негізгі критерийлері: мәселелік, технологиялық, оқу уақытының көлемдеріне сәйкестік, мазмұндылық, ойластырылуы, аналитикалық талдау, көрнекілік, сұрақтарға жауаптар, қатысушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін көрсетуі және т.б.

Ақпараттық технологиялармен бірге компьютер білім беруде, оқушының оқуы мен шығармашылығында жаңа мүмкіндіктер ашады. Өзімнің бақылауларым ақпараттық технологияларды қазіргі заманғы білім беру үрдісіне енгізу өте маңызды екенін. Мектеп болса да, жоғарғы оқу орны болса да, ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыс тауып келеді және оны әрі қарай дамытуымыз қажет.

 

Әдебиеттер тізімі

1.                     Полат Е.С. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. - М.: 2000.- 271 c.

2.                       Полат Е.С. Современная гимназия: взгляд теоретика и практика. - М.: 2000.- 365 c.