Технические науки/4. Транспорт

 

Абдураева Г.Е.

академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ

 

Жөндеу жұмыстары кезіндегі жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы

 

 

Халық шаруашылығы үшін автомобиль жолдарының маңызы, олардың жалпы көліктік жұмыс көлеміндегі орнымен және әкімшілік, мәдени байланыстарды қамтамасыз ету сапасымен тығыз байланысты. Егер жолдардағы қозғалыс қарқындылығы неғұрлым жоғары болса, көше-жол жүйесін соғұрлым жетілдіру қажет. Қалалардағы көше-жол жүйесінде, әлі де көптеген мәселелер өз шешімін таппаған. Мысалы, кейбір көшелеріндегі жол элеметтері 70-80 жылдардағы қарқындылықтарға сай салынып, соңғы 20-25 жыл ішіндегі қозғалыс қарқындылықтарының едәуір өскені ескерілмей, бүгінгі күнде ешқандай өзгерістер енгізілмеген. Мұның өзі қозғалыс қауіпсіздігінің нашарлауына және жол көлік оқиғаларының өсуіне себеп болып, бүгінде жөндеу және қайта құру жұмыстарын талап етеді.

Сондықтан ҚР Президентінің 2006 жыл 2-наурыздағы жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясында, «1.8 Осы заманғы және бәсекеге қабілетті көлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту. Қазақстанның көлік-коммунмкация кешенінің басты мақсаты еуразиялық көлік жүйесіне кірігу болып қала береді. Көлік-коммуникация кешенін дамыту Еуропа мен Азия ортасындағы аралық көпір болып отырған еліміздің геостратегиялық орналасуының артықшылықтарын пайдалануды толығымен қамтамсыз етуге тиіс» екенін атап көрсеткен [2].

Көшелер мен жолдарды пайдалану процесінде көлік құралдарының динамикалық жүктемелерінің, сонымен қатар табиғи факторлардың әсерімен үнемі жол киімінің деформациясы пайда болады. Бұл жол киімінің отырып қалуына, бүгілуіне және тұтастығын жоғалтуға, жабынның тұтастығының және оның қалыңдығының бұзылуына, жүретін бөлігінің тегістігінің нашарлауына әкеледі. Жол киімінің берілген типі үшін мүмкін мәндерге дейін қалдықты деформациялардың жиналуы оның толық бұзылуына әкеледі. Нәтижесінде жол есептік жылдамдықтармен қозғалыс үшін жарамсыз бола бастайды, жолдың көліктік-пайдаланушылық көрсеткіштері тез нашарлайды. Өз кезінде, ауа-райы құбылыстары (боран, көк мұз, қар басу), топырақ сорғылары және сметтің жиналуы жүру бөлігінң ластануына, жол жабындарының ілінісу қасиеттерінің төмендеуіне және жол қозғалысы тәртібінің нашарлауына әсер етеді.

Жолдардың пайдаланушылық қасиеттерін сақтау және қайта қалыптастыру, жол қозғалысы қауіпсіздігі мен қолайлылығын, сонымен қатар көшелер мен жолдардың қалыпты санитарлық және эстетикалық күйін қамтамасыз ету үшін жол жұмыстарының қатаң орындалу жүйесі алдын ала қарастырылған. Олардың әр түрлілігі көшенің немесе жолдың категориясына, жабын типіне, жол конструкциясының қызмет ету мерзіміне, оның күйі мен деформациясына байланысты.

Жол жұмыстары мақсаттық бағыты, еңбек сыймдылығы, энергия сыйымдылығы, экономикалық белгілері бойынша жіктеледі және келесі түрлерге ажыратылады: ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулер Мұндай жіктеу жол жұмыстарын ұйымдастыруды және жоспарлауды тиімді іске асыруға, жол құрылыстық-жөндеу және пайдаланушылық ұйымдарының еңбек және материалдық ресурстарын дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.

Көшелер мен жолдарды күтіп ұстау бойынша жұмыстардың құрамына мыналар жатады: қоғамдық көлік аялдамаларында павильондарды, тіректерді және басқа да жол белгілерін орнатуға арналған конструкцияларды, көшелер мен жолдарды сәулеттік рәсімдеу құрылғылары мен элементтерін, шекараларды бояу; жүру бөлігінің таңбасын, жолдар мен жол ғимараттарының орналасуын жөнделген күйде салу және күтіп ұстау; сыртқы жарықтандыру шамдарының, жол қозғалысының техникалық құралдарының болуы, ағаштың ұшар басын кесу және т.б.

Көшелер мен жолдардың ағымдағы жөндеу жұмыстары кезінде, күрделі бұзылымдардың алдын алу мақсатында, жеке ұсақ деформациялар мен ақауларды жою қажет.

Орташа жөндеудің негізгі бағыты жол жабынының тозған қабатын қайта қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, ағымдағы жөндеу жұмыстарының құрамында алдын ала қаралған оның барлық деформацияларын жояды. Орташа жөндеу жұмыстары жолдың барлық бойында емес, оның жеке учаскелерінде жүргізіледі, алайда барлық жол мен көшенің 40 % дейін ауданын қамтуы мүмкін.

Көшелер мен жолдарды күрделі жөндеу жұмыстары, олардың пайдаланушылық көрсеткіштері тез нашарлаған, ал өткізу қабілеті көлік құралдары қозғалысының қарқындауына байланысты жеткіліксіз болған жағдайда жүргізіледі. Сондықтан, күрделі жөндеу бойынша жұмыстардың құрамы олардың көп түрлілігімен және көлемдермен сипатталады. Әдеттегідей, күрделі жөндеу кешенді түрде барлық ғимараттар мен көшелердің немесе жолдың элементтері бойынша жөнделетін учаскенің бойымен жүргізіледі.

Көшелер мен жолдарды жөндеу жұмыстарын жазғы құрылыс кезеңінде орындайды. Басқа жыл мезгілдерінде қажет болған жағдайда ғана жүргізіледі. Көшелер мен жолдарды жөндеу кезінде негізгі жұмыс түрлері тротуарлардың және жүру бөлігінің жарықшақтарын, ойықтарын, шұңқырларын бітеу; жол жабынындағы ысырылуды және толқындарды жою; тозу қабатының қалыптасуы (үстіңгі өңдеу), қиябет тастарын түзету және ауыстыру, жүретін жерді әрбір жолды кем дегенде бір жолға салумен кеңейту; қоғамдық көліктің тоқтауына арналған жүру бөлігін жергілікті кеңейту; өтпелі-жылдамдықтық жолдардың құрылысы; жүретін жердің жеке учаскелерін жазу, соның ішінде горизонтальды қисық радиустардың ұлғаюы; жаңа және тозған асфальттардың және негіз ретінде қолданылатын жол киімдерін пайдаланумен цемент-бетон жабындарының құрылысы; жаңартылған жабындардың жиектері бойынша нығайту жолдарының құрылысы; құбырларды ауыстырумен су тоқтату жүйесін жөндеу; нөсер суын ағызу және бақылау құдықтарын жөндеу; нөсер суының желісіндегі қосымша құдықтарды салу, жаңа шекаралық тосқауылдарды орнату және қолданыстағыларды қалпына келтіру, жөндеу учаскесінде жарықтандыру және т.б болып табылады.

Көшелер мен жолдарды жөндеу және күтіп ұстау кезінде алғашқы назар жол киімдеріне, жол төсемдеріне және берілген жылдамдықта және жүктемеде әрекет ететін көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын анықтайтын құрылғыға аударылады. Жол киімдерінің пайдаланушылық қасиеттерін жоғарылату бойынша шаралар ықтимал нұсқаларды техника-экономикалық салыстыру жолымен белгіленеді.

Көшелер мен жолдардың жөнделген учаскелері тегіс, кедір-бұдырлау және тұтас бетке, жол киімі конструкцияларының жеткілікті беріктігіне ие болу керек. Көшелер мен жолдарды жөндеу және күтіп ұстау бойынша жүргізілетін шаралардың тиімділігі, қозғалыстың қауіпсіздігі және жабдықталғандығы көбінесе жол жұмыстарының орындалу сапасына байланысты, ол үшін жол құрылыстық-жөндеу және пайдалану жұмыстарын орындауға құрылыс нормалары мен ережелерін, нұсқаулықтар мен басқа да нормативтік құжаттарды басшылыққа алады.

Көшелер мен жолдарды жинау жиі жүйелі түрде жүргізіледі. Мұндай жұмыстар жүру бөлігі мен тротуарлардың ластану деңгейінің жоғарылауына жол бермейді. Қысқы кезеңде қар тазалау, көк мұзды жою бойынша жұмыстардың тиімділігі жүргізілетін шаралардың шапшаңдығымен, қар тазалудың есептік қарқындылығын сақтаумен және дер кезінде қалалық жерден қарды тасып шығарумен анықталады.

Жол жұмыстары кезінде болатын жол-көлік оқиғалары. Жол жұмыстарының орындалуы шарасыз қозғалыс жағдайының нашарлауына әкеледі. Сондықтан, жол жұмыстарының учаскелері жол қозғалысының тікелей қатысушылары үшін қалай болса, дәл солай қозғалыстағы көлік құралдарының жанында жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін де тікелей қауіптілік көзі болып табылады. Шектеулі кеңістік бар қауіптілікті ескертіп қоймайды, сонымен қатар қосымша қауіп-қатер туғызатын жағдай жасайды.

Қарапайым жағдайларда, яғни жол жұмыстарының жоқ кезінде, жалпы олардың көлемінен 7,4-12,1 % байқалатын ЖКО пайда болуының басты себебі ретінде жол факторының ролі салыстырғанда аса үлкен емес. Алайда, егер ЖКО пайда болуына әкелетін жол факторының жанама әсерін ескеретін болса, оның үлес салмағы жалпы көлемде 70 % жетеді [1].

Зерттеулер деректері жолдарды күрделі жөндеу учаскелеріндегі ЖКО саны 3 есе, ал кейбір учаскелерінде жол жұмыстары жоқ болған жағдайда 10 есе олардың санынан арта түсетінін дәлелдейді. Сонымен, Ұлыбританияда апаттылықтың орташа көрсеткіші кезінде ел бойынша А класының жол жөндеу учаскелерінде 1 млн авт-км 0,15 ЖКО бұл көрсеткіш 1,38 мәндеріне дейін жетеді, яғни 9,2 рет жоғары [1]. ГФР-да жол жұмыстарының учаскелерінде, қарапайым жол ережелері бар осы учаскелерге қарағанда 5 есе көп ЖКО болады. ГДР өкілінің IX Халықаралық жол федерациясы конгресінде оқыған баяндамасында былай деп айтылған: жол жұмыстарының учаскелерінде ЖКО үлесі автомагистральдардағы олардың жалпы санынан 13-15% құрайды[1].

 

Жол жұмыстары учаскелеріндегі ЖКО негізгі түрлері бөлінуі,     %:

Жол-құрылыстық материалдарды, бұйымдарды, технологиялық

жабдықтарды автомобильдердің басып кетуі                               19,5

Автомобильдердің жол машиналарымен және

механизмдермен соғылуы......................                                                 4,9

Автомобильдердің өзара соғылуы                                                          2,7

Жол жұмыскерлерін басып кету                                                    8,5

жаяу жүрушілерді басып кету                                                        7,3

Автомобильдердің қазылған жерлерге, жер асты желілерінің

ашық люктеріне түсуі............. ...............                                                 11,0

Басқа да оқиғалар...................                                                        6,1

 

Келтірілген деректердің ішінде ЖКО кезінде жол жұмыстары учаскелерінде жиі автомобильдердің соғылуы, жылжымайтын нысандарды басып кету және автомобильдердің қазылған жерлерге түсуі көрсетіледі. Сонымен қатар, жаяу жүрушілерді басып кетумен байланысты оқиғалардың жоғары деңгейін атап өтуге болады, бұл жол жұмыстары учаскелерінде осы мәселеге жеткілікті назар аударылмайтынын білдіреді.

Жарақаттану мен ЖКО жағдайларын талдау, олардың барлығы жол жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасын сақтамаумен байланысты болатынын көрсетеді. Ең алдымен, бұл көшелер мен жолдарда шеттегі мекмелермен орындалатын жұмыстарға қатысты. Көптеген ЖКО өзгерген жол жағдайларында жүргізушілер уақытында қозғалыс режимін өзгертпеулерінің нәтижесі. Алдын ала ақпараттың жоқтығынан және осының нәтижесінде соңғы қажет сәтте пайда болатын жылдамдықтың тез азаюының және шағын учаскелерде сәйкес әрлі-берлі жүрулердің орындалуының нәтижесінде автомобильдердің қозғалысы және басқаруы үшін қалыпты, ыңғайлы режимдеріне тән емес жылдамдату пайда болады. Жиі жол белгілерін жұмыс жүргізілетін жерлерде ғана орнатады, сонымен қатар олар аз өлшемді болады, бұл олардың әрекетінің тиімділігін төмендетеді.

Қоршаулар ретінде жиі боялмаған қалқандар мен тосқауылдар пайдаланылады, олар қозғалыс қатысушылары үшін қауіпті болып табылады. Түнде мұндай қоршаулар көмескі көрінеді, ал жүргізушілер көбінесе оларды байқамай-да қалады. Контурлы қоршаудың болмағандығы қозғалыстағы автомобильдердің жөндеу учаскесіне келуге қалай болса, дәл солай жұмыскерлердің қозғалыстың бос жолына еріксіз шығуына да әкеледі.

Жол жұмыстары учаскесіндегі ЖКО қарапайым жағдайлармен салыстырғанда едәуір ауыр салдарлармен сипатталады. Егер жалпы көлемде түрлі себептермен көшелер мен жолдарда болатын ЖКО зардап шеккендердің саны орташа 10 % құраса, онда жол жұмыстары учаскелерінде бұл көрсеткіш 16,7 % және одан көп мәндерді құрайды. Жалпы көлемде ЖКО жол жұмыстары учаскелерінде шамамен 81 % зардап шегуге және 19 % — тек қана материалдық шығынға әкеледі[1].

 

Жөндеу жұмыстарының учаскелерінде жарақаттану мен ЖКО негізгі себептерін үйлестіру мынадай,                                                          %:

Қоршаулардың жоқтығы........                                                       25,2

Жол белгілерінің жоқтығы..... .                                                      30,9

Түнгі уақытта жарықтандырудың  жоқтығы.                               9,5

Көрінудің шектелуі..................                                                       5,9

Технологиялық операцияларды орындау кезінде жұмыс,

жол машиналары мен механизмдері әрекетінің бір келкі еместігі 10,7

Қоршаулы учаскі зонасынан жүретін жерге кенеттен шығу.                  4,7

Жұмыс учаскесінде бөтен тұлғалардың табылуы                         2,4

Жаяу жүрушілердің қозғалыс жағдайының нашарлауы.               3,6

Басқа да себептер..........................                                                       7,1

 

ЖКО пайда болу себептерін, жағдайлары мен салдарын жан-жақты зерттеу жол жұмыстары учаскелерінде апаттылықты төмендету бойынша ұйымдастырушылық және инженерлік-техникалық шараларды әзірлеу үшін үлкен маңызға ие.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Филиппенко И. Дорожные работы и безопасность движения. -М.: Транспорт,1982–260 с.

2. Егемен Қазақстан – 2 наурыз 2006 жыл, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.