Биологические науки.  2.Структурная ботаника и биохимия растений.

 

Биология магистрі Шакиржанова И.С., 

б.ғ.к., доцент Дурмекбаева Ш.Н.,

магистр Шарипов Б.О.,

магистр Жумабаева А.А.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

GLOXINIA MIX ЖӘНЕ GLOXINIA KAISER WILHELM ӨСІМДІКТЕРІНІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

GloxiniaGesneriaceae тұқымдасына жататын көп жылдық түйнек тамырлы өсімдік. Отаны - Бразилия. Жайрағы ұсақ, жұмсақ, қоңыржасыл болады, әралуан реңді, қоңырау пішіндес, ірі, әдемі гүл жарады [1].

Сәндік гүлдер мәдениетінде Gloxinia өсімдігі 1893 жылдан бастап, әлемдік гүлдер көрмесіне шыққаннан бастап кірді. Гибридті Gloxinia гүлінің түсі бойынша алғаш Бразилияда табылған қоңыр көк түсті Gloxinia өсімдігінен ерекшеленеді. Қазіргі кезде кездесетін түстері: ақ, ақшылт-сары, кызғылт,ашық қызғылт, қызғылт-көк, күрең қызыл, қызғылт-сары, сұрғылт-қызыл, көгілдір, ашық көк, қызғылт көк, көк сұр, қара-күлгін, сары, жасыл [2].

Gloxinia Қазақстанда аса әйгілі өсімдіктер тобына жатпаса да, басқа елдерде кеңінен өсірілуде [3]. Еуропа елдеріне 1739 жылы Америка мен Колумбиядан әкелініп, сүйікті өсімдіктердің бірі болды. Ұлыбритания, Германия, АҚШ мемлекеттерінде арнайы жылыжайларда өсіріледі. Флоридада ашық жерлерде баубақшаларда өседі. Ашық жерлерде Gloxinia субтропиктік белдеуде, қысқы температура 18°С төмен түспейтін аймақтарда өседі [4].

Зерттеу жұмысымыздың мақсаты Gesneriaceae тұқымдасына жататын Gloxinia Mix және Glоxinia Kaiser өсімдіктерінің морфо-анатомиялық құрылысындағы диагностикалық  белгілерді салыстырмалы зерттеу.

Анатомиялық құрылысын зерттеу үшін жалпы қабылданған әдістеме М. Н. Прозина (1960) [5], А. Я. Пермяков (1988) [6], Р. П. Барыкина (2004) [7] құрылымдық талдаулар әдістері арқылы жүргізіліп, уақытша препараттар даярланды. Анатомиялық құрылысын сипаттауда К.Эзау [8]  еңбегі пайдаланылды. Өсімдіктің эпидермасы мен жапырақ сағағынан уақытша препараттар даярланып, глицеринмен бекітілді. Анатомиялық кесінділер қалыңдығы 10–15 мкм,  60 ден аса уақытша препараттар даярланып, микрофотолар жасалды және морфометрикалық талдау жүргізілді. Анатомиялық талдауда тринокулярлы стереоскопиялық микроскоп Биомед МС-1Т ZOOM, бинокулярлы микроскоп Биомед-6 ФК және анатомиялық көрсеткіштерді анықтауда сызықтық өлшеуге арналған окулярлы микрометр (окуляр х15, объектив х8) қолданылды.

Зерттеуге  табиғи жарық жағдайында өсірілген Gloxinia Mix пен Glоxinia Kaiser Wilhelm өсімдіктері вегетация кезеңінде алынды.

         Gloxinia Mix пен Glоxinia Kaiser Wilhelm өсімдіктерінің жаңа жиылған шикізатының өркені мен жеке жапырақтары алынды.

Gloxinia Mix - әдемі гүлдейтін көпжылдық бөлме гүлі. Биіктігі 30 см дейін жетеді. Жарықты сүйеді, бірақ тігінен түсетін сәулелерден күйіп қалуы мүмкін. Жапырақтары жасыл, бір-біріне қарама-қарсы орналасқан, қатты, бүгілген немесе жалпақ ірілерінің ені 7 см дейін жетеді. Өсімдікті бойлай барлық мүшелерін қалың түкпен қапталған. Гүлдері жеке-жекеден гүлтабанда орналасады, ірі, қоңырау пішіндес, барқытты, түстері әртүрлі, диаметрі 8 см. Гүлдеуі маусым-тамыз айларының аралығында. Гүлінің нәзік иісі болады.

Glоxinia Kaiser Wilhelm– әдемі гүлдейтін бөлме гүлі. Биіктігі 15-30 см аралығында. Жапырақтарының түсі күрең жасыл, тақтасының негізінен қызыл түске ауысады.  Жапырақ ұзындығы 2,5 см, ені 2,2 см. Жапырағы сағақты, ірі, етті, жиектері дөңес. Сағақтары қысқа болып келеді. Басты белгілерінің бірі жапырақтарының екі түске боялуы, бір-біріне қарама-қарсы орналасқан. Гүлдері ірі, диаметрі 7 см, дара орналасқан, жапырақ қолтығынан шығады. Тостағанша жапырақшалары күлте жапырақшаларын тығыз қоршап орналасқан. Бес күлте жапырақшалары  бірыңғай орналасқан, түсі әртүрлі: ақ, сары, көгілдір, көк, кызғылт. Күлте жапырақшаларының бетінде дақтары болуы мүмкін. Тұқымы – ұсақ дәнектер, қорапшаның ішінде орналасады. Ұзындығы 1,5-2 мм, ені 1 мм дейін. Түсі ақшылт қоңырдан – күрең қоңыр түске дейін.

       Бұл сипаттамалар морфологиялық белгілердің талаптарына толығымен сәйкес келеді [9].

Gloxinia Mix және Glоxinia Kaiser Wilhelm өсімдіктерінің сағағының көлденең кесіндісі алғашқы қабық, өткізгіш шоқ, паренхима клеткаларынан және түкшелерден тұрады (2- сурет, А; Б). Алғашқы қабықта үш қатар хлоренхиманың жұқа қабықшалы паренхималық клеткалары бар. Алғашқы қабық эндодермамен аяқталады. Ірі өткізгіш шоқтар негізгі паренхималарда (клеткаларда) орналасқан.

Gloxinia Mix, Glоxinia Kaiser Wilhelm өсімдіктері сағағының ішкі құрылысында алғашқы қабықтағы клеткалардың қатар саны екеуінде де бірдей болды. Алғашқы қабықтағы клеткалар саны мен алғашқы қабықтың қалыңдығында екі өсімдікте де айырмашылықтар байқалмады. Өткізгіш шоқтардың санында айырмашылықтар бар. Gloxinia Mix өсімдігінің паренхималық клеткаларының қатар саны 7-8. Glоxinia Kaiser Wilhelm өсімдігінің  паренхималық клеткаларының қатар саны 8-9. Паренхималық клеткаларының мөлшерінде айырмашылықтар байқалмады және түкшелерінің ұзындығы шамамен бірдей болды (1-сурет).

 

1

 

2

 

3

 

4

 

1

 

2

 

3

 

4

 
     

А.                                                       Б.

2-сурет. Gloxinia Mix (А) және Gloxinia Kaiser Wilhelm (Б) сағағының көлденең кесіндісі.

1-алғашқы қабық,  2 - өткізгіш шоқтар, 3- негізгі паренхима, 4 - түкшелері.

 

Сонымен Gloxinia Mix, Glоxinia Kaiser Wilhelm өсімдіктерінің сағақтарының анатомиялық ерекшеліктерін зерттеу барысында гүлдердің алғашқы қабықтарында айырмашылықтар байқалмады. Өткізгіш шоқтардың ені мен ұзындығы шамамен бірдей, алайда санында айырмашылықтар байқалды. Паренхималық клеткалардың қалыңдығы мен санында, түкшелерінің ұзындығында айырмашылықтар байқалмады.

 

Әдебиеттер:

 

1. Ширяева II. Н. Сенполии, глоксинии и другие геснериевые. — М.: ЗАО «Фитон», 2002.

2. Иванина Л. И. Семейство геснериевые (Gesneriaceae) // Жизнь растений: в 6 тт. Т. 5. Ч. 2. Цветковые растения / под ред. А. Л. Тахтаджяна. — М.: Просвещение, 1981.

3. Иващенко А.А., “ Қазақстанның өсімдіктер әлемі” Энциклопедия

4. Исмурзина В.О. Фиалки и глоксинии. Атоиздат. -1969.

5. Прозина М.Н. Ботаническая микротехника. – М., 1960. – 208 с.

6. Пермяков А.Я. Микротехника. – М.: Изд. МГУ, 1988. – 58 с.

7.  Барыкина Р.П. и др. Справочник по ботанической микротехнике. Основы и методы. – М.: Изд-во МГУ, 2004. – 312 с.

8. Эзау К. Анатомия семенных растений. − М.: Высшая школа, 1990. − 558 с.

  9. Хржановский В.Г., Пономаренко С.Ф.. Ботаника. Москва - Колос, 1982.