АГРОӨНЕРКӘСІП ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН САҚТАНДЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

Тайбек Жазира Койшыманқызы

Э.ғ.к., аға оқытушы

Шалбаева Акмейир Рахматуллаевна

Аға оқытушы

 

Қазіргі кезеңде барлык ТМД елдеріндегі сияқты Қазақстан Республикасы халық шаруашылык салаларының нарык экономикасына көшу жағдайында агроөнеркәсіп кешенінің өсіп өркендеуі, оның дамуы экономикалық заңды процесс. Нарык қарым-қатынасының өсуімен байланысты агроөнеркәсіп салаларының қалыптасуына агроөнеркәсіптік интеграциясының ықпалы арта түседі. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге, оларды сақтауға, өңдеуге, тасуға, сатуға, бір сөзбен айтқан. Ауыл шаруашылығының ақырғы өнімін алуға қазірдің өзінде жүзден арта халык шаруашылығының салалары катысады. Ауыл шаруашылығының барлық өндірістік корының 80 пайыздан астамы өнеркәсіптер салаларының өнімі болып есептелінеді. Бұл өндірістік қатынастың өндіргіш күштердің даму деңгейіне сәйкестігі заңдылығы әсерімен және өндірісті мамандандыру негізінде қоғамдық еңбектің бөлінуінің нәтижесіндегі салааралық қатынастың дамуы ағымында өтеді.

Ауыл шаруашылғы мемлекеттің азық-түлік және шикізат тәуелсіздігін қамтамасыз ететін стратегиялық маңызы бар сала болып табылады. Осыған байланысты ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтылығы мен кепілдігін көтеру, осы экономика сферасындағы кауіп-қатерді және табиғат жағдайларынан туындаған объективті тәуелділікті азайту аса маңызды. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірушілерінің мүліктік мүдделерін қолайсыз табиғат құбылыстарының салдарынан туындаған зардаптардан қорғау мақсатында 2004 жылы «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заң қабылданды. «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңның (ары қарай - Заң) 12 бабының 1өтармағына байланысты, өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруды мемлектеттік қолдау сақтанушыларға және қоғамдарға қолайсыз табиғат құбылыстарының салдарынан туындаған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтандыру төлемдерінің елу пайызын өтеу және агент көрсететін кызметтерге ақы төлеу үшін өсімдік шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген бюджет қаражатын бөлу арқылы жүзеге асырылады.

Өткен жылы  бидай, мақта егістіктерін сақтандырған ұйымдар  736  миллион теңге сыйақы жинап, 1 миллиард 776 миллион теңге сақтандыру төлемін төлеп, шығынға батқан еді. Алайда «Өсімдік шаруашылығын міндетті сақтандыру туралы»  заңға сәйкес, сақтандыру төлемдерінің тең жартысын Үкімет өз мойнына алады. Сондықтан болар, сақтандыру компаниялары биыл да бидай, мақта, қызылша, күнбағыс егістіктерін сақтандыру науқанына кірісіп кетті. Олардың басты бәсекелесі – аудандарда құрылатын өзара сақтандыру қоғамдары көрінеді. Өйткені бұл қоғамдар сыйақыны сақтандыру компанияларынан екі еседей аз алады.  Сақтандыру жарнасын  былай қойғанда, жанар-жағармайға қаржыны әрең тауып, егін әупірімдеп жүріп салатын шаруаларға  тарифтің төмен болғаны жақсы-ақ. Алайда сақтандыру компаниялары «өзара сақтандыру ұйымдарының  егінін күйіп немесе шіріп кеткен жағдайда төлем төлеу ықтималдығы аз» деп отыр. Шаруалардың өз еркі болса, сақтандыруға жоламас та еді. Бірақ заң талабы бойынша, олар егінді сақтандыруға міндетті. Әйтпесе айыппұл төлейді. 2011 жылы 300 миллион теңге сыйақы жинап алып, 1  миллиард 200 миллион теңге төлем төледік.  Қуаңшылық үлкен  Алматы, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан обөлыстарында қатты болып, шығын шектік.  Ақмола, Қостанай  және Солтүстік Қазақстан облыстарында егін жақсы шықты.

Әр гектар үшін  55 -64 теңге сақтандыруға аралығында сыйақы алынады. 5- 6 мың гектар жері бар үлкен қожалықтардың шығыны көп болатындықтан, төменгі тарифті ұсынады. Негізінен, орташа баға – 60 теңге. 500 гектар жері болса, шаруа бізге 30 мың теңге сыйақы төлейді. Ертең егіні мүлдем шықпай қалса, гектарына 3200 теңгеден 1млн 600 мың теңге төленеді. Бірақ  көріп жүргеніміздей, шаруалардың төлемді ала қоюы оңай емес. Түрлі анықтама жинауы керек. Мысалы, «Қазгидрометтен» қуаңшылық болғанын растайтын анықтама алу керек. Ал «Қазгидромет» бекеттері барлық ауданда бірдей жоқ. Қазір «Қазгидромет» бекеттері ел аумағының 80-90 пайызында бар. Егер өз ауданында жоқ болса, шаруаға облыс орталығына жол тартуға тура келеді. Ал сел, бұршақ жүргенін растау үшін аудандық Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма анықтамасы да жеткілікті.  Егіннің табиғи апат кесірінен шықпай қалғанын  алты адамнан құралған комиссия куәландырады. Оған  сақтандыру компаниясы, ауыл шаруашылығына қолдау көрсету қоры, ауыл шаруашылығы министрлігінің территориялық инспекциясы, әкімшілік өкілі және шаруашылық иесі кіреді. Егер егін толықтай жойылған деп танылса, төлемді 10 күн ішінде шаруаның қолына ұстатамыз, ішінара зиян келген болса, егін орылып біткен соң үш ай ішінде төленеді. Біздің негізгі бәсекелестеріміз – аудандық әкімшіліктер жанынан құрылатын өзара сақтандыру қоғамдары. Өйткені олардың сыйақысы –   25-30 теңге. Кей жерлерде тіпті 15 теңгеден де сақтандырады екен. Сонда бір ауданнан ары кетсе, бір миллион теңге жинар, 1 000 гектар егістік күйсе, үш миллион теңге төлем төлеуі керек. Қалған екі миллионды қайдан алады? Бұл енді  егін жақсы шығатын облыстарда тиімді болуы мүмкін. Қазір нарықта 30 өзара сақтандыру ұйымы мен алты сақтандыру компаниясы жұмыс істейді. Өзара сақтандыру ұйымдары қазір нарықтың тең жартысын иеленіп отыр.

Нақты мәліметтер бойынша биыл (2012 жылы) жалпы егіс алқабының  12,5 миллион гектары сақтандырылды немесе пайыздық көрсеткішпен салыстырғанда 80,6 % тең. Сақтандырылған егіс алқабы былтырғымен (2011 жылмен) салыстырғанда 3,0 миллион гектарға немесе 17,2 %-ға көбейген. Ал, сақтандыру шарттарының саны бір жылда – 2,5 есеге артып, 34 мыңға жеткен немесе ақшалай есептегенде жалпы сомасы 33,5 миллиард теңгені құрады. Осыған сәйкес сақтандыру сыйақысының жалпы мөлшері 950 миллион теңгеден асқан.

2012 жылы  құрылған 8 өзара сақтандыру қоғамдары (Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және  Шығыс  Қазақстан облыстарында) сақтандыру көлемін көбейтуге елеулі үлес қосты.

Басқа облыстарда да осындай өзара сақтандыру қоғамдарын құру үшін іс-шаралар атқарылып жатыр. Жақын уақытта толық аяқтау жоспарланған.

Мұнан басқа, өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру, оның ішінде бюджеттік бағдарламалар есебінен ынталандырудың мүмкіндіктерін ұлғайту көзделіп отыр.

 Еліміз ДСҰ кіруі қарсаңында қолданыстағы және қажетті заңнамаларды халықаралық талаптармен сейкестендіріп жатыр.  2007 жылдғы 21 шілдеде қабылданған «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы заңнама актілерін  үйлестіру  мақсатын көздейді.

- Адам өмірі мен денсаулығын, тұтынушылардың заңды мүдделерін, тамақ өнімдерінің экологиялық және ұлттық қауіпсіздікті қорғауға;

- Кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге және отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, халықаралық  сауда-саттықты дамыту үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін ҚР заңнамасын халықаралық нормалармен және ережелермен үйлестіру мақсатында тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласында мемлекеттік реттеу жүргізіледі. 

 Өндірілетін және сырттан әкелінетін тамақ өнімдеріне, сондай-ақ тамақ өнімдерін әзірлеу, өндіру, сату, кәдеге жарату және жою процестеріне қолданылады немесе егістіктен алынған өнімнің дастарқанға жеткізілгенге дейінгі тізбегі осы заң бойынша қадағаланады.

Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне үш уәкілетті орган жауап береді: 

1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығына -  Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық жөніндегі қадағалау комитеті;

2) тиісті тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында ветеринарлық қадағалануға – Ауыл шаруашылығы министрлігінің АӨК мемлекеттік инспекциясы комитеті;

3) техникалық реттеуге – Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу комитеті.

Дамыған елдерде мемлекет өнім сапасы реттемейді, тек қана тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттерін қадағалаумен шектеледі. Осы Заңға байланысты жаңадан мынадай талаптар енгізіліп отыр: тауар өндірушілер ең алдымен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі үшін жауапты, ал мемлекет қадағалау міндеттерін атқарады. Мемлекеттік органдардың тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қадағалауы үшін олардың құзіреті мен қызметтері заң талаптары бойынша шектелген. Қауіпсіздігі ғылыми расталған тамақ өнімдерінің айналымын реттейтін нормалар бірінші рет енгізілген.

Көктемгі дала-егіс жұмыстарындағы ЖЖМ, минералдық тыңайтқыштар және басқа да материалдық шығындарды  өтеуге  Катонқарағай ауданына жоспар бойынша 84 785 486 млн. теңгенің   субсидиясы бөлінген болатын. Облыстық ауылшаруашылық басқармасы  Катонқарағай ауданының ауылшаруашылық құрылымдарының есеп-шоттарына   85 461 710 теңгенің субсидиясы жіберілгенін растады. Ауданға қажет 17 676 153 млн теңгеге субсидия беру мәселесін қарауын сұрап, облыстық ауылшаруашылық басқармасына хат жіберілді. 2008 жылға аудан бойынша 29 бірлік техникаға сұраныс берілген, оның 5-еуі ауданға түсті. «Казинстрах» СҚ-ның менеджері, осы қордың республикалық өкілі, «Ауылшаруашылығын қаржылау қоры»АҚ-ның басшысы 23- 24 шілде күндері ауданға келіп, егістік көлемдерді сақтандыру шарттарына сай тексерулер жүргізіп қайтты.

Биылғы жылғы ұзақ қуаңшылық нәтижесінде 9100 га  егістік көлемдері зардап шеккендіктен 42 ауылшаруашылық құрылымдарының басшылары егістіктерді комиссиямен тексеруге арыз түсірді. Ново-Поляковка, Солоновка ауылдық округтері бойынша егістік көлемдерінің күйіп кетпегеніне байланысты  сақтандыру төлемдерін беру туралы шешім тамыз айының аяғында қаралады. Сақтандыру төлемдерін беру туралы шешім төмендегі 3 шаруа қожалықтарында 533 га жерге  қабылданды: Барлық 42 арыздың қаралу мерзімдерін аудан әкімі  1 айға ұзартты, себебі  комиссия  алдын-ала тексеру нәтижесінде  сақтандыру төлемдерін беруді тамыз айында ғана шешілетіндігін хабарлады.

 Малды сақтандырған дұрыс. Өйткені биылғы қыс «малдың бір жұттық» екенін дәлелдеді. Биыл жекеменшік малдың шығыны өте көп болды. Сондықтан ауылдағы әрбір ағайын алдындағы малын сақтандырып қойса, ештеңеден ұтылмас еді. Биылғыдай қиыншылықтың келер жылы да қайталанбасына ешкім кепілдік бермейді, осы орайда сақтандыру жүйесінің болғаны дұрыс. Алайда сақтандыру ерікті болуы тиіс. Өйткені халықтың бәрінің бірдей малын сақтандыруға жағдайы жоқ. Сондықтан дұрыс үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, алдымен малын қалаған адамдар ғана сақтандырса, уақыт өте сақтандырудың маңыздылығын түсінген басқа да тұрғындар өздері-ақ сақтандыруға ұмтылар еді. Ауылдағы төрт түлікке сақтандыру қажет. Және ол міндетті болуы керек. Өйткені өз еркімен келіп, ешкім де малын сақтандырмайды. Бір жағынан, ақшасын қимайды, екінші жағынан, халқымызда «ештеңе бола қоймас» деген немқұрайдылық басым. Сондай-ақ малды сақтандырудың жұмыстары да күрделі. Көбінесе сақтандыру компаниялары төрт түлікті сақтандырудан қашады. Өйткені малды сақтандыру кезінде дау-дамай көп кездеседі. Ал егер мемлекет тарапынан міндетті сақтандыруға көңіл бөлініп, сақтандыру компаниясы мен жекеменшік шаруа арасында сақтандыру кезінде орын алатын жағдайлардың барлығы егжей-тегжейлі талқыланып шешілер болса, міндетті сақтандыру жолға қойылар еді. Негізі, біздің елімізде сақтандыру туралы түсінік мүлдем жоқ. Тұрғындар сейсмикалық қауіпті аймақта тұрса да, үйлерін сақтандырмайды. Жер сілкінісі бола қалса, «көппен бірге көрерміз» деп ойлайды. Күнделікті жол полициясы қызметкері тоқтатып, күнде тексеріп жатқанын көре тұра, көлігіне сақтандыру полисін алмайды. Сондықтан, ең алдымен, ел арасына заңдық тұрғыдан сақтандырудың пайдасын кеңінен түсіндірген жөн. Ауылдағы қазақтың қолындағы бар малына міндетті сақтандыру жүйесін енгізген дұрыс. Біздің жеріміз құбылмалы континентте орналасқан. Біз ылғи табиғаттың әсеріне тәуелдіміз. Биылғы қыста елімізде мал басының көп шығын болуы – осының дәлелі. Аяқ астынан ауылдағы талай адам қолындағы малынан айырылып, таяғын ұстап қалды. Оны мемлекет те төлеуден бас тартып отыр. Егер ол малдардың барлығының міндетті сақтандыруы болғанда, ауыл халқы келген зардапты сезбеген болар еді. Сақтандыру көлемі соншалықты қымбат болмағаны да жөн. Өйткені сақтандыру көлемі ауылдағы шаруаның қалтасына күш түсіретіндей болса, көбісі оған қарсылық білдіреді. Оңтүстік өңірде бір саулықты бір жылғы азықтандыруға 3-5 мың теңге кетеді. Мал иесі де шамамен жылына осынша көлемде қаржыны сақтандыру компаниясына аударып отырса, табиғаттың тосын мінезінен қорықпас еді. Өркениетті елдерде барлық нәрсесін сақтандыру әдетке айналған.

Ал бізде мал түгіл, адам денсаулығы сақтандырылмайды. Сондықтан мемлекет тарапынан міндетті сақтандыру жүктелсе, көп нәрседен ұтар едік.

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1.     Н.Ә. Назарбаев. «Қазақстан 2030» стратегиялық даму жоспары: Президентіміздің Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2000

2.     Чернявский П.Ф. Инфраструктура сельскохозяйственного производства: вопросы теории и практики. М.: Экономика, 1979. 232 с.

3.     Касумов Б.Фермерство доказывает свою эффективность. Казахстанская правда. 2012 г, 4 июня.