Түркіменстан қазақтары ұлы отан соғысы жылдарында  

 

Қамиева Гүлфарида Бағытжанқызы – Ш.Есенов атындағы КМТжИУ «Тарих және философия» кафедрасының аға оқытушысы.

Таңат Ақбөбек Сатыбалдықызы – Ш.Есенов атындағы КМТжИУ «Тарих және философия» кафедрасының оқытушысы.

 

Фашистік Германияның КСРО-ға қарсы опасыздықпен шабуыл жасауы екінші дүниежүзілік соғыс аумағының одан әрі кеңейгендігі еді. 1941 жылы 22 маусымда Германия Кеңес Одағына қарсы тұтқиылдан шабуыл жасады. Фашистік басқыншыларға қарсы Ұлы Отан соғысы басталды. [1]. Ұлы Отан соғысы КСРО-ның саяси өміріндегі зардабы мен салдары өте ауыр шақтардың бірі, сонымен қатар бір мемлекетке біріккен 15 ұлтты елді қауіпті жаудан қорғау үшін бір кісідей майданға аттандыруға жұмылдыра білген тарихи маңызы, патриоттық-тәрбиелік мәні зор ерекше оқиға болды.  

Өзге республикалардағыдай Түркіменстан халқы да Ұлы Отан соғысының басталғаны туралы хабарды 1941 жылы 22 маусым күні түс мезгілінде толық естіп біледі. Бұл хабар ауылдарға басқарма бастықтары мен почта тасушылар арқылы таралады. КСРО-ның өзге республикаларындағыдай, Түркімен КСР-інің да еңбекке жарамды халқы соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ қолдарына қару алып, Отан қорғауға аттанады. Түркіменстаннан аттанған жауынгерлер Ұлы Отан соғысының барлық майдандарында неміс басқыншыларымен соғысады. [2].

Республиканың халық шаруашылығы майдан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қайтадан жарақтандырылады. Неміс-фашист әскерлері Еділ мен Кавказдың тау жоталарына жақындаған кезде Ашхабад темір жолының және Красноводск теңіз портының мәні күрт өседі. Олар оңтүстік майдан әскерлерін және Кавказдың Кеңестік республикаларын елдің орталық аудандарымен байланыстырды. 1942 жылдың аяғы – 1943 жылдың басындағы әскери тасылымдарды қамтамасыз еткен Ашхабад темір жолының және Красноводск теңіз портының қалыптасқан үздіксіз жұмысының нәтижесінде Кеңес армиясының Сталинград маңында қоршауға түскен неміс әскерлерінің талқандалуына және жаудың  Солтүстік Кавказдан қуылуына ат салысты. [3].

51 (кей деректерде – 78) жауынгер-түркімендердің әскери ерлігі Кеңес Одағының Батырының Алтын медалімен марапатталса, 19 мыңнан аса түркімен ұл-қыздары ордендер мен медалдарға ие болады. Ал тылда қалғандары елді мақтамен, мұнаймен, күкіртпен, сульфатпен, жүнмен қамтамасыз етуін жалғастыра берді. [2]. Түркіменстан еңбекшілері самолеттер мен танкілердің құрылысы үшін 243 млн. сом, 7 392 кг күміс және алтын жинап тапсырып, майдандағы жауынгерлерге арнап 202 вагон сыйлық жөнелтеді. [3].

Мұндай үлкен науқаннан осы өңірдегі қазақтар да шетте қалмаған. Тарихтың аласапыран жылдарында белгілі себептермен ата-қоныстарын тастап, осынау өлкеден пана тапқан қазақтар жергілікті ұлт өкілдерімен бірдей майданға аттанып, жеңіс күнін жақындату үшін әрбір отбасы қолынан келген жәрдемін аямаған.

Аталған фактілерді растайтын бірден-бір деректі мәлімет ретінде Ашхабад қаласынан шыққан «Хатыра» кітабының 1, 2, 3, 4, 5-томдарында берілген Республиканың әскери комиссариаттарынан майданға аттанған қазақтардың ұзын сонар тізімін келтіруге болады. [4]. Жинақтың өзі қолымызға түспегенімен, мақаланы жазу барысында елге оралған оралман-журналист Орынбасар Әлимановтың осы кітапқа жасаған аударма-қолжазбасы және Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 60 жылдығының қарсаңында облыстық «Үш қиян» газетінде жарияланған мәліметтер басшылыққа алынды.  

Қолжазбада келтірілген тізімдер арқылы Түркіменстандағы 27 әскери комиссариаттан 1 559 қазақтың майданға аттанып [5], олардың көбінің тағдырының белгісіз күйінде немесе сүйектерінің мәңгіге елінен жырақта, жат өлкеде қалғанын байқауға болады.

Қазақтар Ұлы Отан соғысына Түркіменстанның Балқан облысының – 5 (Красноводск қалалық әскери комиссариаты, Қазаншық, Қызыларбат, Қызылетрек, Небидтау аудандық әскери комиссариаттары), Мары облысының – 6 (Мары қалалық, Мары, Векилбазар аудандарының әскери комиссариаттары, Байрамәлі, Түркіменқала аудандарының, Елөтен, Сақарчәге, Сталин (Мұрғал), Тақтабазар аудандарының әскери комиссариттары), Ахал облысының – 6 (Ашхабад қалалық, Бахерден, Гөкдепе, Кака, Сараха, Тежен, Киров аударының әскери комиссариаттары), Ташауыз облысының – 7 (Ташауыз қалалық және Ташауыз аудандық, Жыланды, Калинин, Көнеүргеніш, Ленин, Тақта, Тельман аудандарының әскери комиссариаттары), Чаржоу облысының – 3 (Чаржоу қалалық, Чаржоу, Фарап аудандық, Қарабекеуіл, Дарғаната аудандарының әскери комиссариаттары) әскери комиссариатынан аттанған.

Әрбір облыстан және жекелеген әскери комиссариаттардан қанша қазақтың майданға жөнелтілгені мен олардың одан кейінгі тағдырларының қалай қалыптасқанына мына кесте арқылы да көз жеткізуге болады:

І. Балқан облысы – (барлығы 715 қазақ майданға аттанған) [5]:

Әскери комис

сариаттар

дың аты

 

Соғысқа кеткен

қазақтар

дың жалпы

саны

Қайда жерленгені белгілілері  (соның ішінде қабірі көрсетілгендері)

Хабар

сыз кеткен

дердің саны

Кейінгі

тағды

ры

белгісіз

дер

Қаза тапқа

ны туралы  белгілі

лері

1

Красноводск

қалалық ә/к.

600

281

309

-

-

2

Қазаншық

аудандық ә/к

39

13

21

4

1

3

Қызыларбат

аудандық ә/к

4

3

1

-

-

4

Қызылетрек

аудандық ә/к

4

3

1

-

-

5

Небидтау

аудандық ә/к

68

32

27

8

1

 

ІІ. Мары облысы – (барлығы 188 қазақ майданға аттанған) [5]:

Әскери комис

сариаттар

дың аты

 

Соғысқа кеткен

қазақтар

дың жалпы

саны

Қайда жерленгені белгілілері  (соның ішінде қабірі көрсетілгендері)

Хабар

сыз кеткен

дердің саны

Кейінгі

тағды

ры

белгісіз

дер

Қаза тапқа

ны туралы  белгілі

лері

1

Мары қалалық,

Мары, Векилбазар

аудандық ә/к.

20

10 (1)

 

8

-

2

2

Байрамәлі,

Түркіменқала

аудандық ә/к

102

54 (2)

 

43

2

3

3

Елөтен

аудандық ә/к

25

14 (1)

11

-

-

4

Сақарчәге

аудандық ә/к

5

3 (1)

2

-

-

5

Сталин

(Мұрғал)

аудандық ә/к

4

-

-

-

4

6

Тақтабазар

аудандық ә/к

32

14

10

-

8

 

ІІІ. Ахал облысы – (барлығы 144 қазақ майданға аттанған) [5]:

Әскери комис

сариаттар

дың аты

 

Соғысқа кеткен

қазақтар

дың жалпы

саны

Қайда жерленгені белгілілері  (соның ішінде қабірі көрсетілгендері)

Хабар

сыз кеткен

дердің саны

Кейінгі

тағды

ры

белгісіз

дер

Қаза тапқа

ны туралы  белгілі

лері

1

Ашхабад

қалалық ә/к.

55

34 (1)

 

21

-

-

2

Бахерден

аудандық ә/к

4

3

 

1

-

-

3

Гөкдепе

аудандық ә/к

4

2 (1).

2

-

-

4

Кака

аудандық ә/к

9

4

2

-

3

5

Сарахс

аудандық ә/к

3

1

2

-

-

6

Тежен, Киров

аудандық ә/к

69

38 (3)

31

-

-

 

ІҮ. Ташауыз облысы – (барлығы 484 қазақ майданға аттанған) [5]:

Әскери комис

сариаттар

дың аты

 

Соғысқа кеткен

қазақтар

дың жалпы

саны

Қайда жерленгені белгілілері  (соның ішінде қабірі көрсетілгендері)

Хабар

сыз кеткен

дердің саны

Кейінгі

тағды

ры

белгісіз

дер

Қаза тапқа

ны туралы  белгілі

лері

1

Ташауыз қалалық, Ташауыз

аудандық ә/к

50

28 (2)

 

10

9

3

2

Жыланды

аудандық ә/к

4

3 (1)

 

1

-

-

3

Калинин

аудандық ә/к

27

11 (1).

15

-

1

4

Көнеүргеніш

аудандық ә/к

235

115 (4)

102

14

4

5

Ленин

аудандық ә/к

46

13 (2)

30

3

-

6

Тақта

аудандық ә/к

99

42 (2)

33

19

5

7

Тельман

аудандық ә/к

23

9 (2)

12

2

-

 

Ү. Чаржоу облысы – (барлығы 22 қазақ майданға аттанған) [5]:

Әскери комис

сариаттар

дың аты

 

Соғысқа кеткен

қазақтар

дың жалпы

саны

Қайда жерленгені белгілілері  (соның ішінде қабірі көрсетілгендері)

Хабар

сыз кеткен

дердің саны

Кейінгі

тағды

ры

белгісіз

дер

Қаза тапқа

ны туралы  белгілі

лері

1

Чаржоу

қалалық, Чаржоу, Фарап

аудандық ә/к

8

 

 

6

-

2

2

Қарабекеуіл

аудандық ә/к

3

1

 

-

1

1

3

Дарғаната

аудандық ә/к

11

2

6

1

2

4

Қосымша тізімде

6

2

3

1

-

Соғысқа кеткен қазақтар тек Түркіменстан аумағында ғана емес, көпшілігі ата-жұрттарында – Қазақстанда (сол кездегі Гурьев облысының Маңғыстау ауданында, Форт-Шевченко қаласында, Павлодар облысында, Оңтүстік Қазақстан облысында, Ақтөбе облысында) дүниеге келген. Бірақ, ХХ ғасырдың 20 – 30-ж.ж. орын алған саяси оқиғалардың салдары оларды туған жерлерінен жырақтатып, жат өлкелерді паналатқан еді. Соған орай, олардың Отан қорғауға аттану сапарлары өзге аумақтардан бастау алды.  

Түркіменстаннан майданға аттанған қазақтардың ішінен ерліктерімен көзге түскендері де табылады. Солардың бірі Ташауыз облысының Калинин ауданынан соғысқа аттанған Кеңес Одағының батыры Жұмағали Қалдықараев болды. 21 жасындағы ерлігі үшін Кеңес Одағының Жоғарғы Кеңес төралқасы 1944 жылы 15 қаңтардағы Жарлықпен оған Кеңес Одағының батыры атағы береді.

Жұмағали Қалдықараев 1922 жылы Кетік қаласының түбінде мал баққан шаруа отбасында дүниеге келген. Оның отбасы 1930 жылы Түркіменстанның Ташауыз облысы Калинин ауданына көшіп барады.

1943 жылы 26-27 қыркүйекте Жұмағали Днепр өзенінен алғашқылардың бір болып өтеді де, жаудың оқ атып тұрған дзотын жояды. [5]. Осылайша, өз әскери бөлімшесінің Днепрден өтуіне жол ашады.   

1943 жылғы 27 қыркүйекте ерлікпен қаза табады. Ол Полесье облысының Мозырь қаласында жерленген.

Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақ азаматтарының бірі – Мұрат Бисенов. Ол танкіші екен. Өз танкісімен соғыса жүріп, Берлинге дейін барған. 1945 жылы 9 мамырда ол Берлин қаласында болған. «Мен Мұрат Бисенов. Түркімен ССР, Ташауыз облысы, Калинин ауданы- нынанмын. 1945жылы 9 мамыр» деген жазуды  Рейхстагтың қабырғасына   жазған. Ол соғыстан кейін көп жылдар оқытушылық қызметте болып, зейнетке  шыққаннан кейін Алматы облысына қоныс аударады.

Ұлы Отан соғысына Түркіменстан жерінен майданға аттанған қазақ жауынгерлері үлкен  ерлік көрсетті. Олардың бірнеше мыңы, жоғарыдағы кестеден көрініп тұрғанындай, хабарсыз, кейінгі тағдырларының қандай болғаны белгісіз күйінде қалды. Мәселен, бір ғана Красноводск қалалық әскери комиссариатынан аттанған 600-дей қазақтардың 300-ден астамы хабарсыз кеткен немесе тек қана қаза тапқаны туралы мәліметтер кездеседі Атап айтатын болсақ:

1.      Тәңірбергенов Есіркеп. 1907 ж. туған. Қазақ. 1943 жылдан әскер қатарында, кіші лейтенант. Партия мүшесі. 11.10.1944 ж. қаза тапты.

2.      Үбиев Жанат. Қазақ. 1941 жылдан әскер қатарында, аға сержант. 1943 жылы хабарсыз кетті.

3.      Үкібаев Тілеген. Қазақ. 1942 жылы хабарсыз кетті.

4.      Омарбаев Жексенбай. Қазақ. 1941 жылдан әскер қатарында. 04.02.1943 жылы ауыр жарақаттан қаза тапты.

5.      Оралбаев Жұмабай. 1907 ж. туған. Қазақ. Лейтенант. 18.08.1943 жылы қаза тапты.

6.      Өрбісінов Шамбай. Қарабұғазкөл қалашығында туған. Қазақ. Қатардағы жауынгер.1942 жылы қаңтар айында хабарсыз кетті.

7.      Оспанханов Базархан. Қазақ. 10.04.1942 жылы қаза тапты.

8.      Өтемісов Жаманбай. 1919 жылы Небидтау ауданында туған. Қазақ. Қатардағы жауынгер. 1942 жылдан әскер қатарында. 194? жылы хабарсыз кетті.

9.      Өтенов Бердіғұл. Красновдск ауданының Қулымаяк поселкесінде туған. Қазақ. 1942 жылдың маусым айында хабарсыз кетті.

10.  Өтенов Ораз. 1922 жылы туған. Қазақ. 1941 жылы әскерге алынған. Қатардағы жауынгер. 1944 жылы сәуірде хабарсыз кетті. [6].

Әрине, тізімнің бұл он адаммен шектелмейтіні белгілі. Жоғарыдағы кесте арқылы майданға кеткен 1 559 қазақтың: 710-на жуығының хабарсыз кеткеніне, 64-тей жауынгердің тағдырының мүлдем белгісіз қалғанына (себебі, «хабарсыз кетті» деген тұстарда жауынгер туралы, ең болмағанда, хабардың қай жылдан бастап беймәлім күйінде қалатыны көрсетілген, ал, бұл жағдайда әскер қатарына алынғаны туралы болмаса, өзге дерек жоқ), 40 шақты жауынгер туралы олардың тек қаза тапқаны туралы мәліметтің бар екеніне, бірақ қай жерде, қандай жағдайда қаза тапқанының тағы да белгісіз қалып отырғанына көз жеткізуге болады.  

Бұдан басқа жауға қарсы ерлікпен шайқасып, Отанына оралмай жат жерлерде жерленген қандастарымыз да көп болды. Олардың қатарында, мысалы:

1.      Дауленбаев Қайырбай 1920 жылы туған. Қазақ, 15.02.1943 ж. ауыр жарақаттан қаза тапты. Ленинград қаласындағы Пискарев  қабырында жерленген.          

2.      Жаманоқов Сапон 1911 жылы Красноводск ауданында туған, қатардағы жауынгер. 08.01.1943 жылы қаза тапты. Ленинград облысының Лычков ауданының Горбы ауылынан 400 шақырым  шығыста жерленді.

3.      Исабаев Шортабай. Красноводск қаласында туған. Қазақ, қатардағы жауынгер. 02.09.1943 жылы ауыр жарақаттан қаза тапты. Ленинград облысының Ваново ауылынан 5 шақырым Оңтүстікте жерленген. 

4.      Түлкібаев Қошғали. Красновдск ауданында туған. Қазақ. Кіші сержант. 05.12.1942 жылы қаза тапты. Псков облысының Великие Луки ауылында жерленді.

5.      Тұрғанбаев Шүкір. 1923 жылы Қарабұғазкөл ауданында туған. Қазақ. Қатардағы жауынгер. 05.03.1943 жылы қаза тапты. Харьков облысының Ново-Водолатск ауданының Ляшивка аулында жерленді.

6.      Өмірзақов Көнер. Красноводск ауданының Уфра поселкесінде туған. Қазақ. 1943 жылдан әскер қатарында. Қатардағы жауынгер. 05.01.1945 жылы аурудан қаза тапты. Қазан қаласындағы теңізшілерге арналған қорымда жерленді, № 76-қабір.

7.      Орынбасаров Әбді. Красноводск қаласында туған. Қазақ. Қатардағы жауынгер. 09.11.1943 жылы қаза тапты. Каменин Невель ауданының Новые Мельницы ауылынан 150 метр шығыста жерленді.

8.      Күшенов Қуанбай. 1925 ж.  Красноводск  қаласында  туған. Қазақ. Қатардағы жауынгер. 13.03.1943 жылы қаза тапты. Витебск облысының Сверчки ауылынан 2,5 шақырым Солтүстік Батыстағы орманда жерленді. [6].

Бұл тізімнің де одан әрі жалғасып, кестедегі сандық көрсеткіштердің қосындысы арқылы 743-пен аяқталатыны мәлім болады.

Соғыс даласында от кешіп, Отанға қызмет етудің ерен үлгісін танытқан қазақ жауынгерлерінің барлығын түгендеп айтып шығу бір мақалада мүмкін емес. Тек олардың есімдерін ұмытып кетпеудің, келер ұрпақтардың олардың әрқайсысын құрметтеп, әрдайым есте сақтап жүруін қадағалауымыз қажет. 

 

Әдебиеттері:

1.      К.Аманжолов. Қазақстан тарихы. Дәрістер курсы. – А., 2004. – 81-б. Соныкі: Екінші дүниежүзілік соғыс (1939 – 1945 ж.ж.). А., 1995. – 16-23-б.б.

2.      Советский Союз. Туркменистан. М., 1969. – С.72.

3.      Курбанов Л.А. Советская Туркмения. Исторический очерк. М., 1964. – С. 147.

4.       «Хатыра». 1-т. – Ашхабад, 1993.; 2-т. – Ашхабад, 1994.; 4-т. – Ашхабад, 1996.; 5-т. – Ашхабад, 1998. / Аудармасын жасаған қолжазбаның авторы О.Әлиманов. – 154-беттен тұрады.

5.      Түркіменстан әскери комиссариаттарынан соғысқа аттанып, оралып келмеген қазақтардың тізімі. («Хатыра» кітабының аударма-қолжазбасы). – 1-154-б.б.; - 1-71-б.б.; - 72-89-б.б.; - 90-102-б.б.; - 103-151-б.б; - 152-154-б.б.; - 109-айналма бет.

6.      1941 – 1945 жылдары Түрікменстаннан Ұлы Отан соғысына аттанып оралмаған қандастарымыздың тізімі. / Үш қиян. – 2005. – 19 мамыр. – 7-б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қамиева Гүлфарида Бағытжанқызы.

Түркіменстаннан майданға аттанған қазақтар.

 

Камиева Гулфарида Багытжанкызы.

Казахи Туркменистана, ушедшие на фронт.

 

Kamieva Gulpharida Bagitzhankyzy.

Kazakh who were invited to the war from Turkmenstan.

 

 

 

Мекен-жайы: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 5-ш/а, 1-үй, 605-пәтер.

 

Үй телефоны: 8 (3292) – 52-11-17.

Жұмыс телефоны: 8 (3292) – 50-17-43.