Оқушыларға эстетикалық мәдениеттілікке тәрбиелеу         педагогтардың  басты мақсаты.

 

Суюбердиева А.Ә.

М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті.

Шымкент қ.

 

         Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің дамуының маңызды факторы болып оқушыларға берілетін тәрбиенің бір түрі эстетикалық тәрбиенің орны ерекше екенің атап өтуге болады. Мұндай мүмкіндіктердің жаңа кешенін дамыту көкейкесті мәселеге айналып барады. Бұл жағдайда халық педагогикасының құралдарын этникалық әдістерді (халықтық қолданбалы безендіру өнері феномені) бейнелеу өнері әдістемесі саласындығы әртүрлі, кейде тым бөлек жағдайлардағы  зерттеулерді қолданудың маңызы артуда.

         Уақыт талабына сай әлеуметтік өзгерістер мен қоғамдағы өндірістік қатынастардың дамуы оқу-тәрбие талабы жаңғырып, өзгеріп, дамып отыруына әсер етіп отыр. Бұл тұрғыда философиялық, психологиялық және педагогикалық   тақырыптағы ғылыми зерттеулер  кеңінен арналған.         

         Дегенмен қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы бастауыш сынып оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыруда педагогикалық-психологиялық, ғылыми-теориялық жағынан негізделген әдістемелік мазмұны әлі де тапшы.  

         Демек, қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастыру қажеттілігі мен оның теориялық негізделуінің және әдістемелік жабдықталуының жеткіліксіз деңгейде қарастырылуы арасында қарама-қайшылық анық байқалады.

Осы тұрғыда қалыптасқан Қазақстан Республикасындағы эстетикалық тәрбие беру әдістемесі мәселесі өзінің күрделілігімен, өзектілігімен ерекшелінеді. Соңғы уақытта Қазақстанда қолданбалы өнерге үйрету туралы әдістемелер саны көбейіп және жалпы алғанда бұлардың көбісі кәсіптік мамандығы жоқ педагогтармен жеке тәжірибесін ұштастыруға, немесе тәжірибеден өткізілмеген, зерттелмеген жеке болжамдар түрінде қолданылып жүрген әдістемелер болып табылады. Мұның барлығы тәрбие барысындағы дамып жатқан өнердің әртүрлі салаларын кеңінен қолдану мен таратудың шұғыл даму жұмыстарының проблемасын туғызып отыр.

Қазақ этноэстетикасы халықтың көркемдік әрекетінің алуан түрлерінен көрініс тапқан. Қазақ халқының қалыптасуы барысындағы этноэстетикалық ой-пікірлердің дамуы бірнеше кезеңдерден өткен. Халықтың эстетикалық құндылықтары алдымен  фольклорда – тұрмыс-салт жырларында, аңыздар мен мифтерде, батырлық және лирикалық эпоста көркем түрде баяндалған. Халықтың дәстүрлі тұрмысы мен бүкіл тұрмыс-тіршілігіне ежелден бастап-ақ сұлулық, эстетикалық көркемдік тән болды. Эстетикалық бастама дәстүрлі тұрмыста, күнделікті іс-әрекетте көрініс тауып, ондағы сұлулық пен мейірімділік ұғымдары қатар қойылды.

      Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру  көбінесе  жұмыс істеудің формалары мен әдістерін дұрыс таңдауға байланысты. Басты әдістер: мектеп оқушыларын мәдениет ережелерін орындауға үйретуге және оларға соған сәйкес мораль нормаларын түсіндіру болып қала береді. Бұл екі әдіс өзара байланысты. Іс жүзінде балаларды ережелерді орындауға үйрету (жеткіншектердің өмірін ұйымдастыру, арнаулы жаттығулар, т.б.) үнемі болып тұрады, қажет болғанда ол түсіндірудің түрлі формаларымен қатар жүргізіледі. Бұдан басқа сынып жетекшісі оқушыларды этикалық білімдер жүйесімен қаруландырады. Бұл білімдерді жинақтаудың бірден-бір көзі жеткіншектердің жеке тәжірибесі болып табылады .

   Мұғалім баланың мінез-құлық себептерін эстетикалық, әдептілік, ілтипаттық, кешірімділік сияқты неғұрлым нәзік қасиеттерін жетілдіру     бойынша әрекететді. Бала бойындағы дөрекілікті турашылдықтан, сыпайылықты мәймөңкелетіп, ілтипатты жарамсақтықтан ажырата білуі тиіс.

    Баланың сұлулыққа  ұмтылуын түсіндіру және оны орындауға   үйрету бүкіл тәрбие жұмысы процесінде: сабақтардың үстінде де, жиындарда, жеке әңгімелесу кезінде де бола береді. Сонымен, әрбір ұстаздың оқушыны мәдениеттілікке тәрбиелеудегі салар күш-жігері өте зор. Осы жерде В.А.Сухомлинскийдің мынадай сөзі тілге оралады: “Менің пікірімше, тәрбиешінің ең қиын міндеті мынада: әрбір адамның бойында берік, мызғымас моральдық негіз қалыптастыру, мұратты нығайту, мамандық беру, өмірдің күрделі жағдайында өз бетімен бағдарлай білуге әзірлеу”.  Олай боса мектеп қабырғасында сапалы білім мен жақсы тәрбие алған бала өмірде тура жолдан таймай, өз мақсатына жетіп, орнын таба алады. Сондықтан жас ұрпаққа  адамгершілік, әдептілік, имандылық, ізгілік тәрбие беріп, оны мәдениеттілікке тәрбиелеу- адамзаттық парыз.

эстетикалық тәрбие оқушылардың сыныптан  тыс  жұмысының  жүйесінде кеңінен пайдалынуды керек етеді. Эстетикалық талғамның өмір  елегінен  өткен  көптеген  формалары  бар: шығармашылық үйірмелер,  әдебиет, музыка, хареография, бейнелеу  өнері, тағы  басқалар. Эстетикалық талғамын тәрбие жұмысында мектеп  кітпапханасының маңызы өте  зор. Эстетикалық тәрбие  берумен айналысқан, тәрбиенің бұл түріне  ерекше көңіл бөлген Ш.Уалиханов болды. Ол ауызекі шығармашылық арқылы халықтың болмысқа деген көзқарасын, талғамын, эстетикалық  сезімін  көрсете  білді. Ш.Уалихановтың орыс  мәдениеті мен ғылымының атақты  қайраткерімен  достығы және олармен жақын араласуы оның ағартушылық  қызметі мен қоғамдық, эстетикалық көзқарасына дұрыс  баға береді. Қазақтың халықтық педагогикасында  эстетикалық тәрбие үлкендердің, ата-аналарының жеке  басының жақсы  істерін үйрету жүзеге  асырылатының ескерді.

     Эстетикалық  тәрбие  жеке  адамды жан-жақты  дамытудың  бөлінбейтін   бөлігі  болып   есептеледі.   Ол  балалардың  көркемдік – эмоционалдық  сезімін  дамытып  қана  қоймайды,  сонымен  қатар  оның  адамгершілік,  интелектуалдық,  дене  жағынан  да  жетілдіреді Оқушылардың  үй  жағдайын  өзгертуіне  байланысты  жұмыстарға  қатыстырып  отыру  мысалы,  бөлме  қабырғаларына  жабыстырылатын  түсқағаздарын,  терезе   перделерін  қалай  таңдап  алу  керек,  бөлмелерде  жиһазды  қалай  әдемі  етіп  орналастыруға  болады,  бөлме  өсімдіктерін  өсіру,  оларды  күту,  яғни  осы  сияқты  жұмыстарды  өз  бетімен  орындауға  үйрету,  дағдыландыру  балалардың  эстетикалық  сезімін,  танымын  тәрбиелейді  және  эстетикалық  ұғымын  қалыптастырады. 

     Адамның  сырқы  көрінісі,  киімі,  жүріс- тұрысы,  оның  эстетикалық  мәдениетіне  байланысты.  Киім  эстетикасы  сән  (мода ) қазіргі  өмір  талабына  сәйкес  болуды  қажет  етеді.  Ескірген  сән  бойынша  киіну  адамды  ұсқынсыз  етеді,  оның  сүйкімділігін  жояды.  Сәнді  дұрыс  пайдалану  - бұл  әдемілікті  сезу,  өмірге,  адамның  бейнесіне  сергітуші   жаңалықтар  енгізу. Артық  сәндену,  түрлі  формаларға,  түстерге  еліктеу  адамға  абырой  бермейді.  Сырт  киімді,  аяқ  киімді,  шашты  сәндеуді  өскелең  өмір  талабына,  жас  ерекшелігіне  сәйкес  таңдап  алу  керек.   Киім- кешек  эстетикасында  сұлулықтың  өлшемін  есепке  алу  керек .

     Қорыта келе  эстетикалық талғамын қалыптастырудың күрделі  мәселелерін  айқындауда  қазақ  халық  педагогикасының құралдары арқылы тәрбие  тәжірибе берудің теориялық мәні мен мазмұнын аша түстік.  Эстетикалық  тәрбие  деген  ұғымды   көркемдікке, сұлулыққа  тәрбиелеу  деген  ұғыммен  бір  мағынада  қарастырыды. Ол  өнердегі  табиғатта  және  бүкіл  қоршаған  өмірдегі  сұлулық  құралдары  арқылы  тәрбиелейтінін айқындай түстік. Осылайша осы мәселенің психологиялық тұрғыдағы маңызды жақтарына тоқталу керектігіне көз жеткіздік.

 

 

                         Пайдаланған  әдебиеттер:

 

1. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы.Алматы:  Рауан.1998.

2.Елікбаев Н. Ұлттық психология. Алматы:  1992.550б.

3. Кішібеков Р.,Сыдықов Ұ. Философия. Алматы: Қазақстан, 1994.337б.

 

                      Резюме:

 

В статье рассматривается эстетическая культура школьников.

 

                       Summury:

 

In the article is considered aesthetic education of pupils.