3. Педагогические науки/Методические основы воспитательного процесса

 

Тәрбиеші  Дюсекова Г.Ж.

«Даму мүмкіншіліктері шектелген балаларға арналған

облыстық балалар үйі» ММ, Қарағанды қаласы, Қазақстан Республикасы

 

ДАМУ МҮМКІНШІЛІКТЕРІ ШЕКТЕЛГЕН БАЛАЛАРДЫҢ БОЙЫНА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ СІНІРЕ ОТЫРЫП АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ

 

Қазақстан Республикасының дамуының стратегиялық «Қазақстан - 2030» Ел президентінің Қазақстан халқының жолдауында Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білімі мен әл-ауқатын арттыруға, экологиалық ортаны жақсартуға ерекше мән берілген. Демек, жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, рухани адамгершілігін жетілдіру мәселелеріне тың көзқарастардың қажеттілігі туындауда. Сондықтан да, ұрпақ тәрбиесіндегі көкейкесті мәселелердің бірі – жетілген тұлғаны тәрбиелеу.

Рухани адамгершілікке тәрбиелеудің мақсаты балалардың белсенді өмірлік жолын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөзбен істің бірлігін қамтамасыз етіп, адамгершілік нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады.

Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы - халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс —тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.

Сондықтан, қазіргі кезде даму мүмкіншіліктері шектелген балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сініре отырып  адамгершілікке тәрбиелеу, тұлғаны қалыптастыруда  рухани-адамгершілік қайнарын сіңіріп, рухани дүниесі бай, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік қағидалар мен мақсат-мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алып өмір сүретін тұлға қалыптастыруға жағдай жасау қазіргі қоғамдағы көкейкесті мәселелердің біріне айналды.

Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.

Бір жағынан ол үлкендердің, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан - тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.

Даму мүмкіншіліктері шектелген балалардың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асырылады.

Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асырылады.

Даму мүмкіншіліктері шектелген балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас, кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау. Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды

Даму мүмкіншіліктері шектелген балалардың  адамгершілік қағидалар мен мақсат-мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алып өмір сүретін тұлға қалыптастыруға, балалардың сезімін ояту үшін әртүрлі теориялық және практикалық әдістемелерді қолдану керек, мысалы бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял-ғажайып ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік ниеттерге баулиды. Балалардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру мен қанағаттандыруға, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға арналған алуан түрлі ойындар мен жаттығуларды қолдануға болады.

Балаларды патриоттыққа тәрбиелеудің негізгі бағыты бұл Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеу. Рәміздердің тақырыптары барлық сабақтар мен сабақтан тыс іс-шараларда талқыланады.

Жалпы білім беретін ұйымдарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері бойынша рәсімделген бұрыштар бар. Мемлекеттік рәміздер – еліміздің азаматтарын патироттыққа тәрбиелеудің факторы. Олар халықты, барлық азаматтарды біріктіріп, олардың бойына өз еліне деген мақтаныш сезімін, оның жарқын болашағына деген сенім және үміт ұялатады.  

Сондықтан ұлттық құндылықтарды сініре отырып адамгершілікке тәрбиелеу деген ұғым тек қана айтыла салатын дерексіз ұғым емес, ол ең алдымен нақты, өз ұлтына, сонда тұрып жатқан халықтарға берілген, адал еңбек ете алатын, жалпы халықтық, әлеуметтік мәдениетті түсініп, білетін соның нұсқаларын өз халқының қажетіне жарата алатын, басқалары түсіне білетін нағыз адам сүйгіштік, қазақстандық патриоттық рұхтағы белсенді адамдарды тәрбиелеу үшін керек.

 

 Әдебиеттер:

1.      Қазақстан-2030.- Алматы: Юрист, 2006. - 152 б.

2.      Утебаева А.Т. Жеке тұлғаны рухани-адамгершілікке тәрбиелеу // Хабаршы. Абай атындағы ҚазҰПУ - 2006. - №1. - Б. 70-72.

3.     Рахметова С. З. Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы/ http://www.petropavl.kz/skoipkppk/page6/rpr/5.shtml