Педагогические науки/ 5. Современные методы преподавания

 

география мұғалімі  Матимбаева Л.Т.

Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласының

О.А. Жаутіков атындағы №1 қазақ орта мектебі

 

География сабағында көрнекілік принципін жүзеге асыру технологиясы

 

Білім жүйесінде айрықша орында — оқу-танымдық қызметінің белсендіру құрал-жабдықтары алады. Нарықтық арақатынасқа өту оқытудың педогогикалық принциптерін толық жетілдіруді қажет етеді.

Белгіленген кезеңде педагогиканы дамыту бастапқы қабылданған принциптерді қайта қарап шығу қажеттілігімен қақтығысады. Олардың не кең көлемде қолданылуын (мысалы, көрнекілік принципі), не басқа қосымша принциптерді, мысалы, мәселілікті, қозғамдаманы және т.б. керек қылады. Принциптер дидактика мазмұнына тұтастықты қосады: көптеген заңдарды келісті жүйеге айналдыруға мүмкіндік береді, ол дегеніміз — оқыту процесінің  барлық негізгі тараптары мен қызмет аясын қағып алу.

Оқыту принциптерінің ең белгілі және интуициялық түсінікті принциптерінің бірі, сонымен қатар ерте кезден қолданылып жатқан — көрнекілік принципі.

Оқытудың көрнекілігі — бұл оқушыларда ойлаудың барлық формаларын табысты қалыптастыруды қамтамасыз ететін және оларға айналадағы болмыс туралы объективті-ғылыми білім көзі ретінде қызмет етеді, сонымен бірге сөйлеуді дамыту және тәуелсіз түсінудегі маңызды жағдайдың бірі. Объектіні қабылдау процесінде сезумен бірге, зерде және ойлау қатысады. Қабылданатын объект бейнесі тек қана адам талдау жасап, объектіні ұғынып, оны бар біліммен арақатынасын белгілегеннен кейін ғана көрнекі болады. Көрнекі бейне өзінен өзі пайда болмайды, ол адамның танымдық қызметінің белсенділік нәтижесінде пайда болады. Көрнекілік дәрежесі адамның жеке ерекшеліктеріне, оның танып білу қабілетінің даму деңгейіне, біліміне, бастапқы бейнелерді қабылдау көрнекілігінің дәрежесіне әртүрлі болуы мүмкін. Көрнекілік принципі оқушының оқып жүрген материалының қорыту, пайымдау және қабылдау процесінің маңыздылығынан шығады.

Көрнекілік - оқытудың әдістері мен тәсілдерінде міндетті түрде қатысып отыратын оқытудағы маңызды дидактикалық принцип.

Көрнекілік принцип оқушылардың білімге деген қызығын жоғарлатады және оқыту процесін әлдеқайда жеңілдетеді. Көптеген қиын теориялық жағдайлар көрнекілікті шебер қолданудан оқушыларға қол жетімді, әрі түсінікті болады.

Оқытудың аудиовизуалды құрал ретінде қолдану қажеттілігі күмәнсіз сезім мүшелеріне әсер етуі мүмкін. Психологиядан белгілі жайт — естуге қарағанда көру анализаторлары айтарлықтай жоғары   қасиеттерге ие. Көз секундына — миллиондаған, ал құлақ — тек он мыңдаған битті қабылдауы мүмкін. Көру арқылы қабылданған ақпарат психологиялық зерттеу нәтижелеріне қарағанда есте жақсы сақталады. Халық даналығы былай дейді: «Жүз рет естігенше, бір рет көр». Бірақ та оқыту процесінде ақпарат көзі оқытушының айтқандары, яғни есту анализаторларына әсер ететінде болып табылады. Ендеше, оқытушыға көру және көру-есту құралдарын ақпарат беруде қолданылуын кеңейту қажет. Көрнекілік құралдарын: сұрыптау, тасымалдау, қайта құру және ақпаратты бейнелеу; ойдың процестерін автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Көрнекілік құралдары оқушыларда алғашқы қорытуын қалыптастырады, ой дамуына мүмкіндік туғызады, мықты білімді қамтамасыз етеді. Көрнекілік оқу құралдарын қолдану — оқып жүрген феномендердің маңызды белгілерін анықтауға мүмкіндік береді.

Көрнекілік  құралдары  оқушыларға  бейнелі  түсінік  беру  үшін  ғана  емес,  оқушылардың  ұғымын  қалыптастырумен  бірге,  абстрактілі  байланыстар  мен   тәуелділікті   түсіндіру  үшін  қолданылады.

 

         Оқушыларды тәжірибелік қызметке дайындау олардың ақыл-ойындағы нақты анық объектілердің бейнелерін, үрдістерін және іс-әрекеттерін түсіну, талқыға сала білу қабілеттілігінің негізінде жүзеге асады. Сондықтан география сабағында көрнекілік принципі кең қолданысқа ие.

         Жоғарыда көрсетілген дидактикалық принциптердің арасындағы көрнекілік принципі – ерте кезден қолданылып келе жатқан оқушылардың оқуға қызығушылығын оятатын ең тиімді тәсіл.

         Педагогикада көрнекілік тұлғаның жан-жақты дамуының түпнегізі және маңызды оқу принципі болып саналады, әлі де саналып келеді.

         География сабағында көрнекілік құралдардың көмегімен  күрделі оқу материалын түсінуге, ұғынуға, қабылдауға мүмкіндік береді.

Курс материалын крнекілік формасында зерттеу барысында оларды мазмұнынан бөліп алу қажет.  Осы жағдайда мұғалімге әртүрлі көрсетілген талаптарға сай көрнекілік құралдары оның ішінде сызбалар, географиялық карталар, атластар көмек көрсетеді.

         Көптеген көрнекілік құралдарын – кестелер, кейбір модельдер, жеке қолданысқа арналған есептік материалдар, кейбір таратылатын материалдар және т.б. оқушылардың өздері де істей алады. Осындай көрнекілік құралдарын жасай отырып оқушының сол материалға деген қызығушылығы, оны географиялық  ғылымында қолдануға деген құлшынысы оянады. Ал бұл оқу материалын жақсы түсініп, қабылдауға мүмкіндік береді. География сабағында көрнекілік құралы ретінде қоршаған орта заттары қолданылады. Көрнекілік құралдарының ішіне: суреттер, заттардың бейнелері, олардың қағаздан жасалған келбеттері, заттардың бейнесімен жасалған карталар, атластар кіреді.

         Компьютердің көмегімен олар жаңалықты қызығушылықпен қабылдайды. Географияны зерттеуде де солай оқушыларды максималды түрде қызықтыра отырып материалды түсіндіру үшін қазіргі таңда қаншама компьютерде оқытатын бағдарламалар құрастырылған.

Өз   кезегінде   білім   берудің   техникалық   құралдары   ерекше   топты   құрайды.    Бұл   оқу   құралдары   оқу   процесі   барысындағы   хабарларды   тарату    құралы   болып   табылады    және   ол  үшін   арнайы   техникалық   жабдықтар  қажет  болады.  Оларға   жататындар:   транспаранттар,  диафильмдер   және   кинофильмдер,   видеофильмдер,    дыбыстық    таспа   жазбалары,    компьютерлік   бағдарламалар   және   т .б.

Мысалы, география сабағында табиғи көрнекілік коллекцияны қолдануға болады, оған жататындар:  кептірілген өсімдіктер, хайуандар мен құстардың тұлыбы, минералдар және т.б.

Заттар және бейнелеу көрнекілігі: муляж, геометриялық фигура, макет, портреттер, архитектура, кескіндеме және мүсін үлгілері, жер бетінің бедері т.б.

Символикалық көрнекілікке карталар, картограммалар, схемалар, диаграммалар, кестелер жатады. Көрнекілік құралдар оқу материалдарын, әсіресе, теориялық ережелерді есте жақсы сақтау және жеңіл түсіну үшін қолданылады.

Сонымен, қазіргі заман талабына сай оқушыларға сапалы білім беруде көрнекілік құрадарды тиімді пайдалану – білім берудің жаңа технологиясының бір түрі ретінде қолдануға болады.

 

Әдебиеттер:

1 Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М.  Педагогика.  - Алматы «Атамұра», 2000. – Б. 218-219.

1.                     Молочков В.П. Наглядность как принцип обучения// Информатика и образование. 2004. - № 3. – С. 20-30.

2.                     Бражникова Е. Типология наглядных средств обучения// Поиск. 2001. - № 3. – С. 166-168.