Педагогические науки/ 5. Современные методы преподавания

 

дене шынықтыру мұғалімі Ілдебай Н.Н.

Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласының

О.А. Жаутіков атындағы №1 қазақ орта мектебі

 

Дене тәрбиесінің білім беретін сабақтардың бағыттылығы мен мазмұны

 

 

Қазіргі уақытта жалпы білім беретін Қазақстанның мектептері тұтас және әр жақты дамуына бағытталады. Осыған сәйкес педагогикалық теория мен концепциялар дамуына объективті қажеттілік туындайды, сонымен қатар жаңа жобаларда  немесе дәстүрлі жақындаудағы мекетеп білімінің жүйесіндегі алдын алдындағы тұрған мәселелерді дұрыс шешуге мүмкіндік береді. Дене тәрбие саласындағы оқушылардың білім алуы ережелерден тыс болып табылмайды, яғни бұл оқушылардың тұлғалық дене тәрбиесінің қалыптасу мәселесі өзінің міндетті түрде шешімін қажет етеді, ол жылдар және онжылдықтар бойы жиналған ғылыми және әдістемелік мұраның объективті анализмен байланысты [1].

Соңғы кезде ғылыми жақындау тапқандардың ішінен және концептуалды тұжырымдамасы дене тәрбие аймағындағы оқушылардың білімінің іске асыру жолын анықтайды, олардың екеуін бөліп көрсетуге болады:

-  біріншісі бөлек тарихи және медикалық-биологиялық аспектегі дене тәрбие саласындағы білімінің мазмұның пәндік мұзмұның белгілі бір ретпен оқушыларға дене тәрбиесін толық жетілдіру;

-  екінші жақындау жүйедегі өзгерістер қажеттілігін, дене жаттығулар қажеттілігінің дербес білім формасын және олардың даму қызығушылығын, оқушылардың тұлғалық қалыптасу мәселелерімен, оның дене тәрбие пәнінің іс-әрекетімен оқу пәнінің мамұны мен бағыттылығын анықтайды.

Қазақстан Республикасында дене тәрбиесі және спорт саласындағы мемлекеттік саясаты халықтың дұрыс денсаулық салтын  қамтамасыз етеді. Дене тәрбиесі және спорт дамуы келесі принциптермен орындалады:

-  дене тәрбиесі мен спорттың жалпыға тмеселі және тең дәрежедегі жаттығулар;

-  барлық азаматтарға, тұрғындардың дене тәрбиесіндегі әр түрлі жастағы топтар;

-  дене тәрбие және спорт сабақатрының өзімшілдігі дене шынықтыру-спорттық іс-шаралардың сауықтандыру бағыттылығы;

-  дене тәрбиенің бұқаралық жаттығуларына тең құрметі, кәсіби және ұнататын спорттың ұлттық ойындар мен дәстүрлі спорт түрлерінің дамуы.

Мемлекет дене тәрбие және спорт саласын мемлекеттік саясатының жүйелеу жолымен қатынастарды, қаржылық, материалды-техникалық кадрлық, ғылыми-әдістемелік, медициналық, ақпараттық, нормативтік-құқұқтық құрылымдарына сәйкес дене тәрбие және спорттың толық дамуы, сонымен қатар Қазақстан Республикасында дене тәрбиелік - спорттық қозғалыстың өздігінен істеулік мәртебенің қабылдануы жүзеге асырады. Мектепке дейінгі балалардың, жалпы білім беретін және кәсіби мектеп  және басқа да жалпы білім беретін мекеме оқушыларының дене тәрбиесі оқу және өткен күн тәртібінде,сабақтан тыс уақыттарда және сабақ жоспарына сәйкес дербес, дене тәрбиенің компьютерлік мемлекеттік бағдарламасын, санитарлық ережелер мен гигиеналық талаптармен орындалады, жалпы білім беретін мекетептерде дене тәрбиесінің негізгі сабақтары 3 сағаттан кем емес өткізіледі.

Дене тәрбиесі - әлеуметтік іс-әрекеттің бөлімі, өзінің материалдық және рухани құндылықтарын ұсынатын, тұлғаның гармоникалық дамуына үлесін қосатын, және адамдардың физикалық дамуы мақсатында қоғамда қолданылатын және орындайтын, мәлениеттің бір бөлігі.

Мектептегі дене тәрбиесінің негізгі міндеттері оқушылардың денсаулығын нығайтып, дұрыс дамуына әсер ету, өмірде қажетті қимыл-қозғалыс дағдыларына үйретіп, дене, жігер және адамгершілік сапаларын тәрбиелеу болып табылады.

Спорт дене тәрбиесі жүйесіндегі негізгі құралдардың бірі болып табылады. Спорттың маңызды ерекшелігі оқушылардың жан-жақты дене дамуының негізінде дене жаттығуларына біршама тар көлемде мамандану болып есептеледі.

Дене тәрбиенің білімі саласындағы жалпы мақсаттары:

- тұлғаның дене тәрбиенің қалыптасуы,дене тәрбиесінің түсінігін ұйымның дұрыс өмір сүру тәсілі ретінде қарау;

- мектеп оқушыларының өмірінің денсаулық  сақтау шарттарын қалыптастыру, денсаулықты нығайту мен сақтауға физикалық тәрбиенің әдістерін, формаларын, тәсілдерін иелену.

- жалпы қауіпсіздік негіздерін және жұмыс қабілеттерін физикалық дайындықтың жоғарғы деңгейін, өмірге қажетті дағды мен іскерлікті қалыптастырады.

Орта білімнің негізгі  меңгеру міндетті:

-денсаулық сақтау мен нығайту үшін әдістер, тәсілдер мен түрлерін білу;

-жеке физикалық жаттығулардың жүйелеу ережелер мен тәсілдерін жүйелерін жобалау.

-жаман қылықтар мен аурулар профилактикасында тірек белсенділігің сақталу мен қызмет ету мүмкіншілігінің дамуы, рационалды орынды тамақтану, еңбек пен демалу тәртібінің рөлін білу және түсіну.

Мектептегі оқу жоспары бойынша жүргізілетін дене тәрбиесі сабақтарында денені шынықтыру мәселеріне және оның жаттығуларын үйрету ісіне көңіл бөлінбейді, соның салдарынан мектептегі дене тәрбиесі өзінің толық жүзеге асуына негіз болмай, жалпы сауықтыру мен жай көтеру ісіне немесе бағдарлама жаттығуларын жеңіл-желпі өткізуге бағытталады. Сондықтан оқытуды жоспарлау ісіне аса жауаптылықпен қарау дене тәрбиесі мұғалімінің ең негізгі жауапты парызы, міндеті.

Дене тәрбиесі сабағын жоспарлауда мектептің материалдық жағдайына, құрал-жабдықтарымен қандай дәрежеде қамтамасыздандырылғаны еске алынуы қажет.

Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер әр түрлі ынталы бастамаларға кеңінен жол ашуда. Осы тұрғыдан қарағанда дене шынықтыру мен спорттың дамуына үлкен септігін тигізеді деп сенеміз.

Мектептегі дене тәрбиесі өнегелі әдет-ғұрып, адамгершілік қасиеттерімен бірге көмек көрсету, адалдыққа, өзін қоршаған ортаға дұрыс көзқараспен қарауға, еңбекшілдікке ерік сапаларын қалыптастырып тәрбиелеуді қажет етеді.

Мұндай жағдайда оқушылар өздерінің мүмкіндіктерін арттырып өздерінің шығармашылығын дамытуға сезімі мол болып, ертеңге деген сенімі арта түседі.

Нәтижесінде ертеңге деген сені мол болашаққа сенімді маман мектеп қабырғасынан өз жолдамасын алады. Ендігі күрделі мәселе, қосымша білім алып дене тәрбиесі субьектісі ретінде жаңа талапқа сай функцияларын өзгерту мен тиімді амалдарды табу, жалпы дене тәрбиесі жұмыстарының жаңа тәсілдері мен әдістерін оларды ұйымдастыру қағидаларын анықтау шараларын жүзеге асыру міндеттері тұр.

 

Әдебиеттер:

1.       "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.  02.12.1999. -  №490-1