Маңғыстау облысында туризмді дамыту: қазіргі жағдайы мен болашағы

Қазіргі таңда әлемдік экономикада туристік сала – аса жанды және перспективалы салалардың бірі, кейбір елдерде туризм мемлекет кірісінің бірден-бір көзі болып табылады. Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша, Қазақстан тұрақты туризмді дамыту үшін болашағы бар елдер сапында. Барлық туристік нарықта Қазақстанның табиғатына, ландшафтарына және ұлттық мәдениетіне үлкен қызығушылық білдіреді. Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытуда үлкен мүмкіндігі бар аймақ – Маңғыстау облысы.

Бұл жер шөл даланың керемет ландшафтарының барлық түрін, қарт Каспийдің көкшіл суы мен шексіз құмды жағажайын, көшпелі сәулет өнерінің жарқын да, қайталанбастай үлгілерін, қазақтың алғашқы қауымдық дәстүрлі мәдениетін өзіне сіңіріп алған. Маңғыстауда туризмді дамытудың басым бағыттарының бірі – өлкенің экономикасын дамыту. Бүгінгі таңда осы сала қызметін тұтынушылардың әлемдік нарығында облыстың туристік ресурстарын белсенді насихаттаудың аса өзекті мәселелерін қарастыру қажет. Маңғыстаудағы тартымды туристік объектілерге тоқтала кетсек...

Каспий теңізі – Қазақстан, Ресей, Әзiрбайжан, Иран және Түркіменстан – бес мемлекетті бiрiктiретiн үлкен тұйықталған су қоймасы [1]. Сондықтан Маңғыстау облысында теңіз туризмін дамыту жобасы мақұлданды. Мамандар өлкеде туризмді дамытудың басым бағыттарының бірі круиз (кемеге отырып саяхат жасау) және желкенді қайық спортын ұйымдастыру керек деп есептейді. Асау Каспийдің жағасындағы демалыс ұмытылмайтын әсер қалдырады. Жағаға соққан толқынның мейiрiмдi сыбдыры тыныштық орнатады. Теңіз суы тәулік бойында сұр түстен жасыл түске дейін өзгеріп отырады. Қарақия ойпаты – әлемнiң ең терең ойпаттарының бірі. Оның шұңқыры үлкен болып келеді. Ең терең жері – әлемдік мұхит деңгейінен 132 метр төмен. Бұл жерде ойпаттың түбін Батыр деп аталатын көлемдi сор жапқан. Ойпат өткен замандағы мұхит өмірінің қалдықтары бар ашылып қалған қабаттармен молайып отырады. Сонымен қатар Шопан ата, Масат ата, Қараман ата, Шақпақ-ата, Бекет-ата, Темір баба киелі орындары, Форт-Шевченко мұражай қалалары, Үстірттегі Бозжыра шыңы, Марс тәріздес Көкесем жері, Көкала үңгір тауы, Шоманай таулары, Түпқараған жазығы, Сұлтан-үпі сайы, Қаракөл көлі т.б әлі сыры ашылмаған керемет жерлер жетерлік .

Маңғыстау облысын халықаралық іскерлік және туризм орталығына айналдыру керектігін 2011 жылы Ақтауға келген сапарында елбасы Н.Ә.Назарбаев та баса айтқан болатын. Ол үшін турфирмалар арасында ұсынылатын қызмет сапасы мен бағасы жағынан бәсекелестік болуы, басқа қалалар секілді туристерді бірінші өз еліміздің ішінде тарта біліп, шетелге шыққанша жоғарыда аталып кеткен өз елімізде саяхат жасауға болатынын көрсете білу керек. Қазір Қазақстан Республикасын алып қарасақ кіру туризміне қарағанда шығу туризмінің басымдығы көрсетілген (1-2 кесте) [2].

 

2009 жылы

2010 жылы

2011 жылы

Республика Казахстан

67625

81878

74276

Акмолинская обл.

21460

21997

26663

Алматинская обл.

5197

10615

8377

Мангистауская обл.

970

1411

1521

 

Кесте – 1 - Ішкі туризм бойынша турфирмалар қызмет көрсеткен туристер саны

 

2009 жылы

2010 жылы

2011 жылы

Республика Казахстан

108811

157044

86665

Акмолинская обл.

1758

2037

1374

Алматинская обл.

644

777

4118

Мангистауская обл.

5423

6474

6689

 

Кесте – 2 - Шығу туризмі бойынша турфирмалар қызмет көрсеткен туристер саны

Бұл кестеге сүйене отырып Маңғыстау облысында туризмді дамытуға кедергі келтіретін мәселелерге тоқталсақ:

-         инфляцияның өсуі, әлемдік қаржы нарығының тұрақсыздығы;

-         табиғи апат факторлары;

-         бағдарламаның толыққанды орындалмауы, стратегиялық құжаттардың сапасыз іске асырылуы;

-         білікті мамандардың аздығы;

-         инфрақұрылымның жеткілікті дамымауы;

-         жергілікті атқарушы биліктің жеткілікті дәрежеде көңіл бөлмеуі;

-         маркетингтік шаралардың жеткіліксіздігі және т.б

Осы кемшіліктерді жою мақсатында бірнеше бағдарламалар қабылданды. Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Е.С.Никитинскийдің сөзіне сүйенсек, Кендірлі демалыс орыны Маңғыстауды Қазақстанның батыстағы туристік орталығына айналдырып қана қоймайды. Оның айтуынша, 2015 жылы Маңғыстау – әлемдік нарықтағы туристік сектордың маңызды бөлігін жаулап алуы тиіс. Сонымен қатар, Каспийде Қазақстан, Ресей, Иран, Түркменстан, Әзірбайжанның қатысуымен халықаралық теңіз круизын ұйымдастыру да қолға алынбақ [3].

Маңғыстау облысының болашағы мұнда туризм саласын дамытуға тікелей байланысты. Сондықтан қазір аймақта осы бағытта үлкен жұмыстар жасала бас­та­ды. Облыс әкімі Алик Айдарбаев айт­қан­дай, «Болашақта Маңғыстау тек мұ­найымен ғана емес, заманауи туристік ке­шендерімен де мақтанатын болады». Бүгінде Туризм саласын дамыту институты «Кендірлі» демалыс аймағын дамытудың 2020 жылға дейінгі мерзімді қамтитын жүйелік жоспарын жасады. Болашақ демалыс аймағының сыртқы инженерлік инфрақұрылымын жасау үшін арнайы жобалар жасалып, оларды іске асыруға қатысты шаралар қолға алынды. Сондай-ақ туризм саласын дамыту жоспары ая­сын­да облыс орталығы Ақтау қаласын да­мы­тудың да бас жоспары жасалған.

Теңіздік инфрақұрылымнан басқа об­лыстың транзиттік, көліктік-логистика­лық және инфрақұрылымдық-сервистік әле­уеті де өте мол. Облыстың құрлықта және теңізде бірнеше мемлекетпен шектесуінен басқа, облыс аумағымен «ТРАСЕКА» және «Теріскей-Оңтүстік» атты Шығыс Еуропа мен Орталық Азия және Солтүстік Еуропа­ны Парсы шығанағы елдерімен байланыс­ты­ратын екі халықаралық жол торабы өте­ді. Осы транзиттік әлеуетті тиімді пайдала­ну үшін бүгінде облыс аймағында жүк та­су­дағы арақашықтықты азайту мақсатына арналған біршама инфрақұрылымдық жо­балар іске асырылуда. Мысалға, жа­қын­да ғана пайдалануға берілген «Өзен-Түркіменстанның мемлекеттік шекарасы» теміржол учаскесі Қазақстанды және біз­бен бірге Қытай Ресей және Беларусь ел­де­рін Парсы шығанағына, Иранның теңіз порттарына шығарады. Қазақстан және Түркіменстан Президенттері салтанатпен аш­қан жаңа теміржол учаскесі еліміздің экономикалық байланыстарының ны­ғаюы­на, экспорттық әлеуеттің артуына жол ашып отыр. Сарапшылар бұл жол ай­рығының жылдық тауар айналымы 8-10 млн тоннаға жете алады деген болжам айтуда. 
        Сол сияқты қазір салына бастаған «Жез­қазған-Бейнеу» теміржолының құры­лысы да еліміздің орталығы мен батыс өңірлерінің тікелей байланысына жол ашады деп күтілуде. Бұл жол салынып біт­кен жағдайда Қазақстанның кез келген нүктесінен Ақтау портына дейінгі қашық­тық ең кемі 600 шақырымға қысқарады. Яғни кез келген тауардың бір тоннасының тасымалдау құны кемі 600-750 теңгеге төмендейді. Ал бұл тасымалданатын та­уар­дың бәсекелестікке қабілеттілігін арт­тырып, нәтижесінде Қытай, Еуропа және Кавказ елдері арасындағы жүк айналы­мының 50 пайызына дейін осы жолға қарай тартады деген болжам бар.

Осындай киелі Маңғыстаудағы тарихта өзінің ізін қалдырған әлі күнге дейін сақталып келе жатқан туристік объектілері мен мекендерін жан жақты жетілдіріп, инфрақұрылымын дамытсақ, осы жерлерге арнайы турлар дайындап, алғашқыда арзан бағадды тұңғыш тұтынушыларды жинау мақсатында, сосын кемшіліктер болса түзеп, ұсыныстарды орындап, жетілдіре білсек туристер тартып, одан әрі көркейтсек және Маңғыстау облысы туризмінің брендін ұсынып, соны жарнамалап туристер шақырсақ бұл өлкедегі туризм дамымауына кім кепіл?!

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1                   www.vizitkazakhstan.kz

2                   www.kitgov.kz

3                    «Үш қиян» газеті 1 мамыр 2009 жыл http://ushkiyan.kz/