Заурбеков Н.С. – тех.ғ.д-ры, профессор, Алматы технологиялық университеті

Иманбаев Қ.С. – ф. –м.ғ.к., доцент,  Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ

Заурбекова Н.Д. – тех.ғ.к., Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ

Дарханова А.Ж. – оқытушы, ҚазМемҚызПУ

 

ЫНТАЛАНДЫРУ, БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ негізгі түрлері

 

Бір жағынан, қазіргі кездегі әлеуметтік-мәдени жағдаят үздіксіз білім беру жүйесін дамытуға бірқатар талаптар қояды. Өзіндік жұмыс және білім беру үдерісінде өз бетімен жұмыс істеп үйрену студенттер үшін де, оқушылар үшін де өте қажет.

Екінші жағынан, өзіндік жұмысты тиімді жүзеге асыру нәтижеге жету қызығушылықтарына, яғни, тұрақты ынталандыруға байланысты [1].

Студенттерді өзіндік жұмыстарға ынталандырудың негізгі түрлері. Ынталандыру келесі түрлерге бөлінеді:

1. Ішкі ынталандыру– жоғары оқу орнында оқу нәтижелерінің кәсіби мансабына (карьера) байланыстылық. Өкінішке орай, бұл фактордың әзірге тиімділігі жеткіліксіз, дегенмен білім тенденцияларынталдасақ, бұл сұрақтарды шешу болашақтың құзырында екені түсінікті және оған ұмтылыс байқалады.

2. Сыртқы ынталандыру – студенттің бейімділігі, жоғары оқу орнында білім алуға қабілеттілігі. Оны жоғары оқу орнына дейінгі кезеңде мамандық таңдауда тесттерді қолдану, білім беру бағытын анықтауда негізделген ұсыныстар арқылы басқаруға болады.

3. Процессуалды (оқу) ынталандыру. Студенттің түсінігінде орындалатын жұмыстың пайдалығы көрініс табады. Әрі кәсіби даярлығында, әрі маманның эрудициясын кеңейтуде орындалатын жұмыстың маңыздылығы студентті психологиялық тәрбиелеуді талап етеді. СӨЖ нәтижелерінің дәрістік материалдарды, зертханалық жұмыстарды және т.б. жақсы түсінуге септігін тигізетіндігін дәлелді түрде көрсете алу қажет.  Курстық жұмыстарды, тіпті төменгі курстан бастап дипломдық жобалардың құрамдас бөлігі болып табылатын СӨЖ тапсырмаларын енгізу де маңызды міндет атқарады.

Бақылау және СӨЖ оқытушы үшін өзіндік мақсат болмауы керек, ол – студенттің білім алу әрекетіне түрткі беретін фактор. СӨЖ орындау нәтижелерін үлгерім көрсеткіштеріне, сынақтағы (емтихандағы) билеттер мен сұрақтарға енгізу қажет. Өйткені, студенттің рейтингі, соңғы бағасы, шәкірт ақысы мен оның мөлшері осыларға тәуелді. Бірқатар студенттерге қоғамдық мойындау (факультетте, мамандықта, топта бірінші болу) түріндегі моралды қызығушылық маңыздырақ.

Осыған орай төменгі курстарда сабақтың дәстүрлі формалары арқылы студенттің алатын білімі мен біліктілігін арттыру және бекіту мақсатын орындауда СӨЖ маңызды міндет атқарады. Жоғары курстарда СӨЖ студенттің шығармашылық әлеуетін дамытуына септігін тигізуі керек. Тапсырмалар дара, командалық немесе кешенді сипатта болады. Дегенмен, СӨЖ-ді орындауды бақылау, СӨЖ бойынша есеп беру жеке түрде өтуі қажет [1].  СӨЖ-де шығармашылық бастау «төменгі-жоғары» шкаласымен ғана шектелмейді. Бұл жерде критерий біреу – дара бейімділіктер, ең бастысы, нақты бір студенттің қабілеттері.

Кез келген өзіндік ұйымдастырудың айырықша ерекшелігі мақсатты, спонтанды сипатында. Өзіндік ұйымдастыру үдерісіндегі мақсаттылық  жоғары оқу орнында маманның моделін анықтауды көздейді. Оны құру үшін студенттің тек болашақ кәсіби іс-әрекетінде ғана емес, сонымен қатар 4-6 жылдық оқу үдерісінің іс-әрекетінде терең сараптамалық оқып-үйренуді қажет етеді [10].

Біз маманның кәсіби-біліктілік сипаттамасын құруда оның әлеуметтік құрылымы мен ақыл-ой сапасын есепке ала отырып жалпы тұлғалық құрылымын қалыптастыруды ұсынамыз. Маман даярлау моделі оқу үдерісінің мазмұны мен әдістемесін анықтайды [5].

 

Әдебиеттер

1. Ошибка! Недопустимый объект гиперссылки.

2. Ошибка! Недопустимый объект гиперссылки.

3. Алтайцев А.М., Наумов В.В. Учебно-методический комплекс как модель организации учебных материалов и средств дистанционного обучения. В кн.: Университетское образование: от эффективного преподавания к эффективному учению (Минск, 1-3 марта 2001 г.) / Белорусский государственный университет. Центр проблем развития образования. – Мн., Пропилеи, 2002. – 288 с., С. 229—241.

4. Попов Ю.В., Подлеснов В.Н., Садовников В.И., Кучеров В.Г., Андросюк Е.Р. Практические аспекты реализации многоуровневой системы образования в техническом университете: Организация и технологии обучения. М., 1999. – 52 с., р. 3.1 Самостоятельная работа студентов С. 15—24. – (Новые информационные технологии в образовании: Аналитические обзоры по основным направлениям развития высшего образования / НИИВО; Вып. 9).

5. Пучков О.А., Солопова Н.С. Самоорганизация учебной деятельности в юридическом вузе (методологические основы).

 6. Заурбеков Н.С., Досмухаметова Р.С., Дарханова А. Ж. Составление учебных планов по кредитной форме обучения. - VI международная научно-практич-еская конференция МАБ «Системы обеспечения качества бизнес образования в РК: инновационные подходы», 26-27 мая, Алматы, 2006 г.

7. Заурбеков Н.С., Салимова Г.Е. «Алгоритмдеу және программалау тілдері» пәні бойынша сырттай оқу нысаны студенттеріне өзіндік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. -  Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ. – Алматы, 2010. – 56 б.

8. Заурбеков Н.С., Бралиева Н.Б. Об информатизации экономического образования - Материалы международной научно-практической конференции «Прикладные аспекты информатики и математической экономики», Душанбе, 2008. – С. 211-216

9. Заурбеков Н.С., Бралиева Н.Б. Информатизация экономики – основа информатизации экономического образования – Мат. II Республ. уч.-метод. конф.  «Непрерывное экономическое образование: модернизация обучения и методического обеспечения». Ч.1.–Алматы:Экономика,2007.–С.342-361.

10. Заурбеков Н.С., Мәнжу М.Д. Өндірістік практика ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау. 4 курс студенттері үшін. 050703 – Ақпараттық жүйелер, 050704 – Есептеу техникасы және программалық жабдықтау - Методическое указание.  -  Алматы, 2009. –26 с.