АҒЫЛШЫН ТІЛІН
ОҚЫТУДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ АНЫҚТАУДЫҢ
ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ
НӘТИЖЕЛЕРІ
Закирова Гузалия Фаритовна
аға оқытушы
Болашақ ағылшын тілі
пән мұғалімдерінің пән және пәнді
оқытуда практикалық бағыттылықты жүзеге
асыруға даярлығын қамтамасыз етуде эксперимент
жұмыстары ұйымдастырылды. Зерттеу мақсатындағы
эксперимент үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру, қорытынды)
жүргізілді. Алдымен болашақ ағылшын тілі пәні
мұғалімдерінің (студенттердің) оқу пәні
бойынша даярлығының бастапқы жай-күйін анықтау
мақсатында белгілеуші, анықтаушы экспериментін жүргіздік.
Анықтау эксперименті
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
мемлекеттік университетінде, Оңтүстік Қазақстан
педагогикалық университеттерінде жүзеге асырылды. Экспериментке
қатысқан
студенттердің
дайындық деңгейлерінің төмен екендігі
анықталды.
Біздер
зерттеу жұмысымызда алған бақылау және эксперимент
топтарының нәтижелері төмендегідей 1-кесте түзуге
мүмкіндік берді. Қалыптастыру экспериментіне 2009/2010, 2010/2011, 2011/2012 оқу жылдарында
бақылау тобына 174, эксперимент тобына 168 студент қатынасты.
Кесте
1-де көрініп тұрғандай студенттердің дайындық
деңгейлерінің шамалас болуы шартты түрде алынды.
Кесте
1 - Анықтау экспериментінің мәліметтері
Дайындық деңгейі |
Топтар |
Бақылаудағы студенттер
мәліметі анықтау (бастапқы) |
1 |
2 |
3 |
Төменгі |
Бақ |
51%
|
Экс. |
48% |
|
Орта |
Бақ. |
33% |
Экс. |
38% |
|
Жеткілікті |
Бақ. |
16% |
Экс. |
14% |
|
Жоғарғы |
Бақ. |
- |
Экс. |
- |
Қалыптастырушы эксперимент кезеңінде біздер
алдымызға болашақ ағылшын тілі пәні мұғалімдерін
әдістемелік даярлығын жетілдіру әдістемесін жасауды
және оның нәтижелілігін тексеруді, мақұлдауды
мақсат етіп қойдық. Алға қойған
мақсатқа жетуді біздер төмендегідей міндеттерді шешумен
байланыстырдық: болашақ ағылшын тілі пәні
мұғалімінің әдістемелік дайындығын
қалыптастыруға мүмкіндік беретін педагогикалық
шарттарды тексеру; болашақ ағылшын тілі
пәні мұғалімдерінің әдістемелік даярлығын
қалыптастыру білімі мен ептіліктерін дербес тәжірибеде пайдалануға
үйрету.
Тәжірибе
жұмысының жоспарын түзуде біздер “Болашақ ағылшын тілі пәні
мұғалімдерін (пән бойынша және пәнді
оқытуға) даярлаудың болжамды жобасына” сәйкес
студенттерде зерттеліп отырған дайындықтың
қалыптастырылуына салыстырмалы талдау нәтижесіне сүйендік.
Тәжірибелік-эксперименттік
жұмысқа М.Әуезов атындағы Оңтүстік
Қазақстан мемлекеттік университетінде, Оңтүстік
Қазақстан педагогикалық университеттерінің 050319,
050119 - “Ағылшын тілі” мамандығы бойынша дәріс алып
отырған студенттер қамтылды. Болашақ ағылшын тілі
пәні мұғалімдерінде зерттеліп отырған дайындықты
қалыптастыру жеткілікті дәрежедегі ұзақ процесс.
Қалыптастыру экспериментіне аталған жоғары оқу
орнының 3-курс студенттері қатыстырылды. Қалыптастыру
экспериментіне қатынасқан студенттердің
бастапқыдағы жалпы саны -342, соңғы бақылаудағы
саны 340 болды.
Жоғары оқу орнының болашақ
ағылшын тілі пәні мұғалімдерімен қалыптастыру
тәжірибелік жұмысы негізінен барлық курстарда
ұйымдастырылды. “Бақылау” жасау арқылы болашақ
ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің пәнді
оқытуға дайындығын қалыптастырудың
деңгейлері анықталды. Жалпы қалыптастыру эксперименті
барысында анықтау, яғни бастапқы бақылаудан басқа
3 “бақылау” орындалды.
Ағылшын тілі пәні
мұғалімдерінің әдістемелік дайындығын
мақсатты қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін,
әрбір бақылаудың мақсатын, міндеттерін белгіледік.
Әрбір бақылаудың аралығында қалыптастыруға
мүмкін болатын білім мен ептіліктер анықталып, болашақ ағылшын
тілі пәні мұғалімдерінің даярлығын
қалыптастыру деңгейіндегі нәтижелердің өзгеруін
анықтау қарастырылды.
Зерттеліп отырған дайындықтың
қалыптастырылған деңгейін анықтау, арнайы
дайындалған критерийлер және ғылыми зерттеудің кешенді
әдістер көмегімен жүзеге асырылды. Сондай-ақ зерттеу
мәселемізге қатысты сауалнамалар пайдаланылды. Олардың
мазмұндары төмендегідей:
- ағылшын тілі оқу
пәні бағдарламасының (мазмұнын)
құраушыларын атап көрсетіңіз;
- пәннің
бағдарламасындағы білімді анықтаушы оқу материалдарын
айтып беріңіз;
- теориялық
мағлұматтарды оқушылардың жүзеге асыру үшін
бағдарлама мазмұнындағы іс-әрекет
түрлерінің тіркелуін мысалдармен көрсетіңіз;
- оқытуда көрнекілік
әдісті пайдалануға тақырыптағы оқу материалдары
негіз бола алады ма? т.б.
Болашақ ағылшын
(ағылшын тілі) пәні мұғалімдерінде зерттеліп
отырған дайындық жеткілікті қарастырылмайтындығын
тәжірибелік жұмыстың бастапқы “бақылау”
жұмысының нәтижелері көрсетіп берді (Төменгі
деңгейде: бақылау тобында - 51%, эксперимент тобында 48%,).
Болашақ ағылшын тілі
пәні мұғалімдерінің әдістемелік даярлығын педагогикалық
тәжірибеге барып келгеннен кейінгі тексеру, даярлық деңгейін
анықтау жағдайы Кесте 2- дегі мәліметті көрсетті.
Бұл студенттер негізіне
жоғарыдағы (алдыңғы тақырыпта) көрсетілген
“Ағылшын тілдерін оқытудың қазіргі әдістемесі”,
“Екінші ағылшын тілін оқытудың әдістемесі”,
“Оқыту әдістерінің тарихы” пәндерінің толық
курс бітірген.
Кесте 2 - Дайындық
деңгейін қосымша анықтаудағы нәтижелер
Дайындық
деңгейі
|
Қосымша бақылауда |
1
|
2 |
1. Төменгі 2. Орта 3. Жеткілікті 4. Жоғарғы |
32% 42% 18% 8% |
Бұл нәтижелер “Ағылшын
тілі” мамандығы бойынша дәріс алып жатқан студенттермен 3
курстың соңында жүргізілген бақылау жұмыстарынан
алынды.
Осыдан кейінгі біздің
қалыптастыру экспериментіміздің мақсаты – пән бойынша
студенттердің әдістемелік даярлығына қажетті білім мен
іскерлікті қалыптастыру. Осы мақсатта СӨЖ тапсырмалары анықталды.
Практикалық жұмыстар
үшін тапсырмалар мазмұнын түзуде біздер төмендегі
талаптарды басшылыққа алдық. Олар:
1.Тапсырмалар мазмұны маман
дайындау мазмұнының түпкілікті және мектептегі ағылшын
тілі пәні мұғалімінің білімімен байланысын
сақтау.
2.Олардың мазмұнының
негізгі бағыты пәнді оқытудың мазмұнына
сәйкес, сондай-ақ болашақ ағылшын тілі пәні
мұғалімінің тәжірибедегі негізгі
даярлығының құраушыларын негізге алу.
3.Тапсырмалар
мазмұны болашақ ағылшын тілі пәні
мұғалімінің іс-әрекетіне тікелей байланыста болатын
база, негіз қызметін атқару.
Тапсырма мазмұны
болашақ ағылшын тілі пәні мұғалімінің
әдістемелік даярлығын жүзеге асыру талаптары және
теориялық-эксперименталды мәліметтердің негізінде
құрастырылды.
Жоғары оқу
орындарында ағылшын тілі мамандығын дайындайтын
оқу-тәрбие процесі жүйесіндегі инновациялық
технологияны күшейту басшылыққа алынды: пән бойынша
тапсырма оқу-тәрбие процесі құрылымының
жүйе түзуші буыны ету; тапсырмаларды әдістемелік
даярлықтың жалғасы ету; тапсырмаларды теориялық
білімдерді меңгертуде, іскерліктерді қалыптастыруда
үйлестіруші ету.
Тапсырмалардың
(практикалық) мақсаты: болашақ ағылшын тілі
мұғалімінің әдістемелік даярлығын күшейту,
соның негізінде мәселелерді шеше білу қабілеттерін дамыту.
Бұл мақсатқа
жету төмендегідей міндеттерді шешумен байланысты: бір-бірімен байланысты
тапсырмалардың логикалық байланысын көрсету;
оқулықтар мен оқу бағдарламаларындағы оқу
материалдары және олардағы заңдылықтарымен таныстыру; ағылшын
тілі пәні мұғалімдерінің іс-әрекетіндегі
пәннің мазмұндық және процессуалдық
байланыс мәнін ашу; оқушыларды белсенді оқыту және
олардың білімін бағалауды жүзеге асыру бойынша
студенттердің тәжірибелік сипаттағы іскерліктерін
қалыптастыру, ағылшын тілін оқыту барысында
ақпараттық технологиялық құралдарды тиімді
қолдана білу шеберліктерін дамыту.
Оқу жоспарларындағы
әдістемелік модульдегі бөлінген сағаттардың оқу
жұмыс түріне шартты бөлінгенін ескере отырып, біздер
курстың СӨЖ-ге бөлінген сағаттарын, әрбір зерттеу
тапсырмасыа 4 сағаттан бөлуді жөн көрдік.
Зерттеу тапсырмаларының
ерекшеліктері студенттерде пән бойынша теориялық
мағлұматтарды, оқу материалдарын жинақтауға
және оны оқытуға даярлығын теориялық,
әдістемелік және тәжірибелік тұрғыда жүзеге
асыруға бағытталады.
Практикалық жұмыс
тақырыптары біздің ойымызша болашақ ағылшын тілі
пәні мұғалімдерінің: пәнге
қызығушылығын жоғарылатуға; тілдің, тілдік
қарым-қатынастың оқу-тәрбие процесіндегі
дұрыс ықпалының бар екенін жете түсінуге; ағылшын
тіліне баулудың практикалық бағыттылығы бойынша
білімдерін айтарлықтай тереңдетуге; ағылшын тілін
оқытудағы дидактикалық шарттардың оқытудың
жүйелеріндегі мазмұндық сипаты бойынша білімін
тереңдетуге; оқушыларды ағылшын тіліне баулуда
практикалық бағыттылықты жүзеге асырудың
құралдар жүйесі бойынша білімін тереңдету мен
бастапқы кәсіптік іс-әрекетке қажетті іскерліктермен
толық мәнді қаруландыруға бағытталады.
Практикалық жұмыс
тақырыптарының мақсаттарына сәйкес оқытудың
нәтижесінде болашақ ағылшын тілі пәні
мұғалімдерінде анықталған сапаны
қалыптастырудағы білімдер мен іскерліктер қалыптастырылуы
тиіс.
Ағылшын тіліне
оқушыларды баулуда практикалық бағыттылықты
қалыптастырудағы болашақ пән
мұғалімдерінің даярлығы бойынша практикалық
жұмыстардағы орындалатын іс-әрекеттер жалпы біріккен-диалогты
танымдық іс-әрекет негізінде болды. Олар: оқу материалдарын,
ұғымдар мен фактілерді анықтау, топтау, жүйелеу,
талдау, жинақтау, салыстыру; іс-әрекеттегі себеп-салдарлық
байланыстарды табу; жалпыны, ерекшені, жеке-дараны бөліп алу.
Қалыптастыру эксперимент
жұмыстары екі топта (эксперимент және бақылау) және
кезеңдер бойынша жүргізіліп, дайындық деңгейлері
түрлі әдістер арқылы
анықталды. Алдымен дайындық барысында жалпы базалық
пәндер бойынша болашақ ағылшын тілі пәні
мұғалімдерінің дайындығының деңгейі шартты
түрде анықталды.
Біздің зерттеуімізде
эксперимент жұмыстары екі топта жүргізілді. Осыған
сәйкес біздер жұмыста эксперимент және бақылау топтары
арасындағы мәліметтерді салыстыруды, бақылаулар арасындағы
өзара байланыстылықты, өзіндік ерекшеліктерді ескердік.
Бастапқы
бақылаудан кейінгі бақылаулар нәтижелерінің орта
арифметикалық шамалардан біздің әдістеме бойынша
жүргізілген жұмыстардың зерттеліп отырған
дайындықты жетілдіруге оңды ықпал ететінін кесте 4-тен
көруге болады.
Кесте 3 - Бақылаулар арасындағы орта
арифметикалық мәндер қатынасы
Орта арифметикалық шамалар қатынасы |
І-бақылау |
ІІ-бақылау |
ІІІ-бақылау |
|||
Бақ. топтар |
Экс. Топтар |
Бақ. топтар |
Экс. топтар |
Бақ. топтар |
Экс. топтар |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Мбақ. <Мэкс. |
1,695 < 1,875 |
1,828<2,452 |
1,739<3,126 |
Бақылаулар арасындағы
қарастырылған оқу материалдары, студенттердің
өздерінің орындаған зерттеу тапсырма бойынша
іс-әрекеттері, әдістеме пән бойынша алған білімдері мен
іскерліктері зерттеп отырған
дайындыққа ықпалы бар екені дәлелденді. Себебін,
эксперимент топтарындағы студенттердің білім және іскерлік
деңгейлеріне сәйкес шамалы болса да бақылау тобындағы
студенттердің дайындық деңгейлерінің
көтерілгенінен аңғардық.
Зерттеу жұмысы барысында
болашақ ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің
ЖОО-да кәсіби даярлығының жаңа инновациялық
технология негізінде жетістікке жететіндігі теориялық әдістемелік
тұрғыда негізделіп, тәжірибелік-эксперимент арқылы
дәлелденді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.
Особенности учета родного языка при обучении иностранному: “Шоқан тағылымы-11” атты Халықаралық
ғылыми-практикалық конференцияның материалдары.- Көкшетау, 2006. -202-205б.
2.
Роль проектной формы работы в личностно-ориентированном подходе в обучении
иностранному языку: “Язык,время и
пространство-ІІ”атты республикалық
ғылыми-теориялық конференцияның материалдары.- Қарағанды, 2006. -286-292б.
3. Problems of training foreign
intercourse in teaching English: “ХХІ
ғасырда білім мен ғылымды ұштастырудың жолдары
және білікті мамандар даярлау сапасын арттырудың өзекті мәселелері”
атты Халықаралық
ғылыми- әдістемелік конференцияның материалдары.- Шымкент,
2006. -534-537б.