Экономика саласында шағын және орта бизнесті дамыту жолдары

Балабекова Д.Б. экономика ғылымдарының кандидаты

Төлешова М.Т. магистрант

Халықаралық гуманитарлық техникалық университеті

Мемлекеттің  Қазақстан  2030  ұзақ  мерзімді  стратегиясына  және  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жыл  сайынғы  «2011  жылға  арналған  ішкі  және  сыртқы  саясаттың  негізгі  бағыттары»  үндеуіне  сәйкес  экономика  аймағындағы  басты  міндет  ретінде  экономикалық  өсудің  жоғарғы  қарқынына  қол  жеткізу  қойылған.  Бұл  мақсатты  іске  асыру  көбіне  шағын  кәсіпкерліктің  даму  деңгейіне  байланысты.  Себебі  ол  нарық  конъюнктурасының  өзгеруіне  тез  сезіну,  айналым  қаржыларын  жоғары  айналымдылығы,  халықтың  қаржы  ресурстарын  шоғырландыру  прогрессивті  жаңа  идеяларды  жүзеге  асыру,  мөлшері  жағынан  аз  ғана  алғашқы  капиталды  пайдалану,  бәсекелестік  ортаны  құру  тұтынушыларға  жақын  орналасу  және  жұмыспен  қамту  проблемаларын  шешуге,  ғылыми – техникалық  прогресстің  дамуына  ықпал  етуге,  өнімді  өндіруді  және  бюджетке  түсетін  төлемдерді  ұлғайтуға  мүмкіндік  береді.  Сонымен  қатар  шағын  кәсіпкерлік  қазіргі  қоғамның  саяси  тұрақтылықтың  негізі – орташа  топтың  пайда  болуына  әлеуметтік  экономикалық   алғышарттар  құрады. Кәсіпкерлік  теориясы  ғасырлар  бойы  дамыды,  оған  классикалық  экономикалық  теорияға,  неоклассикалық  теорияға,  кейнсианстік,  необерализмге  және  қазіргі  заманғы  экономикалық  ілімдерге  негізделген  әр  түрлі   бағыттар  тән. Ғылыми  термин  түсінігінде  «кәсіпкер»  экономика  теориясына  тұңғыш  рет  VIII  ғасырдағы  атақты  ағылшын  экономисті,  банкирі  Ричард  Кантильон  енгізді.  «Кәсіпкер -  бағаның  тұрақсыздығы  мен  сату  болашағын  болжауға  болмайтын  жағдайда  тауарларды  сатып  алу  мен  сату  процесстеріне  қатысатын,  бірақ  кірістерінің  жалпы  сомасын  біле  бермейтін  адамдар.  Ең  басты  ерекшелік – тәуекелділік» -  деген. Кәсіпкерлік  ұғымын  зертеуге  тұңғыш  ден  қойғандар  «саяси  экономиканың»  ғылым  ретінде  қалыптасуының  іргесін  қалаған  физиократия  мектебінің  өкілдері.  Негізін  салушы  Ф. Кенэ  (1694-1774).  Ол  былай  деген :  «Жерді  жалға  алып,  ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  өндіруші  кәсіпкер  қоғамдық  өнімді  өткізуде  басты  роль  атқарады». ХХ ғасырдың  басындағы  капиталистік  елдер  экономикасының  шапшаң  өсуі  және  ғасырдың  отызыншы,  жетпісінші  жылдардағы  әлемдік  дағдарыстар  кәсіпкерлікке  қатысты  жаңа  баптардың  пайда  болуына  әкелді.  Мұнда  әйгілі  экономист  Йозеф  Шумпетерді  атап  өту  керек. Й. Шумпетер  кәсіпкерлер  деп  әр  түрлі  комбинацияларда  экономикалық  жаңашылдықпен  айналысатын  адамдарды  атады.  Оның  пікірі  бойынша,  кәсіпкерлік  қызмет  адамға  мәңгілік  бекітілмеген,  ол  оның  жеке  қасиеттеріне  байланысты. А.Смит  шағын  кәсіпкерлік  пен  кәсiпкер  туралы  төмендегідей жазған  екен: «... ол тек өзінің  жеке  қызығушылығын,  өзінің  жеке  пайдасын  ғана  ойлайды  және  де  көрінбейтін  қол  арқылы  жоспарланбаған мақсаттарына жетеді. Қоғамға қызмет етемін деп ойлаған кезден  гөрі,  өзінің  жеке  пайдасын  ойлаған  кезде,  қоғамға  көбірек  пайда алып  келеді. Осылайша  ғасырлар  бойы  кәсіпкерліктің  теориялық  негіздемелері  дамып  отырды. Сонымен  мынадай  қорытынды  жасауға  болады:  «Кәсіпкерлік – бұл,  табысты  алу  мақсатымен  өндірістің  барлық  факторларын  қозғалысқа  келтіретін  және  толық  экономикалық  жауапкершілікке  негізделген,  қауіптің  және  белгісіздіктің  белгілі  үлесімен  жанасатын,  шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің  ынталы,  инновациялық  қызметіне  негізделген  өзін - өзі  ұйымдастыру  және өзін - өзі  жаңарту  процесі. Қазіргі  таңда  кәсіпкерлікті  жандандыру  процесі  экономикалық  және  инвестициялық  дағдарыстармен;  білікті  мамандардың  жоқтығымен;  нормативті -  құқықтық  базаның  жетілдіруімен,  коррупциямен,  тікелей  шаруашылық – коммерциялық  қызметпен,  тұрақты  қауіппен;  капиталдық  тапшылығымен;  шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің,  моральды  және  табиғи  тозған  материалдық  базасымен  байланысты  қиын  жағдайларда  өтуде. Кәсіпкерлік  қызметтің  Қазақстан  Республикасында  заңдылық  негіздері  1990 жылдардан  құрала  бастады.  Бұл  бизнес  түрінің  дамуына  заңдар  қабылданды,  сонымен  қатар  заңдылық  және  басқа  да  нормативті  құқық  актілері  қабылданып,  іске  асуда.  Сонымен  қатар  кәсіпкерліктің  дамуы  дамуы  туралы  түрлі  сұрақтар  қамтылуда,  ол:  шаруашылық  серіктестерінің  дамуы,  акционерлік  қоғам;  тұлғалық  кәсіпкерлік;  лицензиялау,  заңды  тұлғаларды  мемлекеттік  тіркеу,  кәсіпкерлік  қызметпен  айналысатын  азаматтар  мен  заңды  тұлғалардың  құқығын  қорғау  және  т.б. Қазіргі  кезде  Қазақстан  Республикасында  кәсіпкерлік  көптеген  түрде  дамуда.  Қызметтің  туындауына  қарай - өндірістік,  коммерциялық,  қаржылық,  меншік  сипатына  қарай – жеке  меншік,  біріккен;  ұйымдастыру  нысаны  бойынша – тұлғалық,  ұжымдық (серіктестік, АҚ);  шаруашылық  субъектілері  бойынша – ірі,  орта  және  шағын  болып  бөлінеді. Кәсіпкерлік  түрлері  1 суретте  берілген.

Өндірістік кәсіпкерлікке – тұтынушылардың кейіннен сатып алуына тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізу және қызмет көрсету, жинау, өңдеу және ақпарат беру, рухани құндылық жасау т.б. бағытталған қызметтер жатады. Коммерциялық кәсіпкерлікке – қызмет түрін сипаттайтын, оның мазмұнының мәнін айқындайтын тауар ақша қатынастары, тауар айырбастау операциялары жатады. Қаржылық кәсіпкерлік – коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, сондықтан оның сатып алу, сату айрықшылығы – ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, вексельдер, кепілдіктер және т.б.) яғни бірдей ақшаларды сату тікелей немесе жанама формада жүргізіледі. Мемлекеттік  кәсіпкерлікті,  әсіресе  шағын  кәсіпкерлікті  мемлекет  тарапынан  қолдау  түрі  кең  ауқымды  жүріп  жатыр. Нарықтың  әр  түрлі  аймақтарын  жеңіп  алу  және  көптеген  елдердегі  шағын  кәсіпкерліктің  әлемдік  нарықта  өркендеуі,  экрномиканың  осы  сферасының  шаруашылық  жүргізуші  субъектілерін  мақсатты  түрде  мемлекеттік  қолдау  ұлттық  экономикадағы  ролі  мен  орнын  анықтауда  қызығушылық  туғызады. Шағын  кәсіпкерліктің  нарық  жағдайында  алатын  орны  зор.  Мысалы  Мәскеу  мемлекеттік  Университетінің  еңбегі  сіңген  профессоры  В.А. Рубе  шағын  кәсіпкерлік  «кәсіпорын  иесінің  еңбекке  және  кәсіпорынды  басқаруға  қатынасымен,  оның  персоналмен  қарым – қатынасқа  түсу  дәрежесімен  анықталады  деген.  Және  оның  пікірі  бойынша,  шағын  кәсіпкер  бір  тұлғада  меншік  иесі  және  басқарушы,  сонымен  бірге  өндіріс  процессінің  тікелей  қатысушы,  әрі  басқа  жұмыскерлермен  әрқашан  байланыста  болады.  Бұл  пікір  мен  келісуге  болады. Халықаралық  банктің  мәліметтері  бойынша  кәсіпорындарды  шағын  кәсіпкерлік  субъектілеріне  жатқызу  көрсеткіштерінің  саны  50– ден  асады.  Соның  ішінде  көп  қолданылатыны – жұмыс  істейтіндердің  орташа  саны,  жылдық  айналым,  активтер  шамасы.  Бірақ  барлық  дамыған  елдерде  негізгі  көрсеткіш  ретінде  жұмыс  істейтіндер  саны  алынады. Құрамына  экономикасы  жоғары  дамыған  елдер  кіретін  халықаралық  экономикалық  байланыс  және  даму  ұйымы (ОЭСР)  саны  19 – ға  дейін – «өте  шағын»,  99 – ға  дейін – «шағын»  ретінде,  100 ден  499  адамға  дейін – «орташа»  және  500 – ден  аса – «ірі»  деп  кәсіпорындарды  анықтайды.Қазақстан  Республикасының  «шағын  кәсіпкерлікті  мемлекеттік  қолдау  туралы»  Заңына  сәйкес  Заңды  тұлға  құрмайтын  жеке  адамдар  және  қызметкерлернің  орташа  жылдық  саны  50 адамнан  аспайтын  активтердің  жалпы  саны  алпыс  мың  еселенген  есептік  көрсеткіштен  аспайтын,  кәсіпкерлік  субъектілері  болып  табылады.  Яғни  шағын  кәсіпкерлік субъектілері 2 критерий  бойынша  анықталады:  жұмыскерлердің  орташа  саны  және  активтердің  жалпы  құны.

          Заңды  тұлға  құрмайтын  жеке  кәсіпкерлер,  сондай- ақ  мынадай  ұйымдық- құқықтық  нысандардағы  заңды  тұлғалар  шағын  кәсіпкерлік  субъектілері  болуы  мүмкін:

-  толық  серіктестік;

-  коммандиттік  серіктестік; 

          -  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігі;

          -  қосымша  жауапкершілігі  бар  серіктестік;

          -  өндірістік  кооператив.

Шағын  кәсіпорындар  2  түрге  бөлінеді: өсу  үшін  шектелген  мүмкіндіктері  бар  қарапайым  кәсіпорындар-  иесіне  қолайлы  өмір  деңгейін  қамтамасыз  етуге  қабілетті.  Оларға:

1)     кеңес  берушілер,  гүл  дүкендері,  пиццериялар  жатады.

2)     жаңа  тез  өсетін  кәсіпорындар.  Олардың  мақсаты-  шағын  кәсіпкерлік  аясынан  тезірек  шығу.  Олар:  құрылыс,  медициналық  қызмет,  экологиямен,  клиенттерге  жеке  қызмет  көрсетумен  байланысты  фирмалар.

3)     кеңес  берушілер,  гүл  дүкендері,  пиццериялар  жатады.

4)     жаңа  тез  өсетін  кәсіпорындар.  Олардың  мақсаты-  шағын  кәсіпкерлік  аясынан  тезірек  шығу.  Олар:  құрылыс,  медициналық  қызмет,  экологиямен,  клиенттерге  жеке  қызмет  көрсетумен  байланысты  фирмалар.

5)     кеңес  берушілер,  гүл  дүкендері,  пиццериялар  жатады.

6)     жаңа  тез  өсетін  кәсіпорындар.  Олардың  мақсаты-  шағын  кәсіпкерлік  аясынан  тезірек  шығу.  Олар:  құрылыс,  медициналық  қызмет,  экологиямен,  клиенттерге  жеке  қызмет  көрсетумен  байланысты  фирмалар.

Кәсіпорынның  қаржы  жағдайын  талдай  келе  оның  меншік  капиталының аздығы  есебінен  қарыз  капиталына  тәуекелділігін  атап  өтуіміз  керек. Және  ақша  қаражаттары  есебінен  төлем  міндеттемелерін  жабу -  төменгі  деңгейде.

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

1.     Қазақстан Республикасының Заңы. „2011 жылға арналған республикалық  бюджет  туралы” 2010  ж. 2  желтоқсан №3-111// Егемен  Қазақстан, 2010ж. 8  желтоқсан.

2.     Қазақстан Республика Үкіметінің. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2010-2012ж.ж.арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асару жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы: 2010ж., 6 ақпан, № 149 //Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республика Үкіметінің Актілер жинағы. 2010, № 6.

3.     Сейфолла Шайынғазы, Сұңғат Әліпбай. „Кәсіпкерлік–кемел келешек кепілдігі” // Егемен Қазақстан, 2011ж.,26 наурыз.

4.     Қазақстан Республикасы Президентініңің Қазақстан халқына Жолдауы, Астана 2010ж.19 наурыз

5.     Тоқтап тұрған кәсіпорындарды және тиімділігі шамалы өндірістерді саралаудың, кейіннен оларды белгіленген тәртіппен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берудің 2007-2011ж.ж. арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы: 2007ж. 17 шілдедегі № 969 Қаулысы // Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің Актілер жинағы.- 2007ж. - № 26.

6.     Абсалянова Н. Индустриально-инновационная перестройка экономики. //Байтерек, 2009, № 1.