МАЖИТАЕВА Ш., БАЙСАЛБАЕВА
Караганды, Казакстан
ОРЫС ТІЛДІ МЕКТЕПТЕРДЕ ОКУШЫЛАРДЫҢ КАЗАКША ТІЛІН ДАМЫТУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақ тiлі мен орыс тiлi –
генетикалық жағынан да,
типологиялық жағынан да бөлек топтарға жататын тiлдер. Генетикалық тұрғыдан
орыс тiлi
үндiеуропа тiлдерi
семьясына, қазақ тiлi алтай тiлдерi
семьясына жатады. Типология жағынан орыс тiлi аналитикалық-флективтi
тiлдерге, қазақ тiлi жалғамалы (агглютинативтi)
тiлдерге жатады. Сондықтан бұл
екi
тiл арасында
ұқсастықтан гөрi ерекшелiктер көп.
Мемлекеттік тілді үйрену арқылы
оқушылар қазақша ауызекі сөзге түсініп,
өздері қазақ тілінде көрген-білгенін, атын айтып, жаза
алатын дәрежеге жетеді.
Сондай-ақ орыс тіліндегі білім дағдыларын, іскерліктері мен
қабілеттерін қазақ тілін сапалы меңгеруге,
үйренуге жұмсайды. Екі тілдің (қазақ, орыс)
өзара айырмашылықтарын
салыстыра келіп үйрету арқылы оқушылардың сөйлеу дағдылары
қалыптастырылады. Оқушы қазақ тілін үйрену
арқылы қазақ халқының тарихы, әдебиеті,
салт-дәстүрі, өнері, мәдениеті, білімі, белгілі
адамдары туралы мәліметтерді білетін болады. Ал тілдік материалды
(лексика, фонетика, морфология, синтаксис) менгеруіне қарай ауызша сөйлесу, ойларын жеткізу,
байланыстырып сөйлесу дағдылары да дамитын болады.
Оқушылардың тілге дайындығына
қойылатын талап екі деңгейде болады: мүмкіндік деңгейі,
міндетті деңгейі. Грамматикалық
материалды оқып үйрену оқушының коммуникативтік
жолмен тіл үйренуімен, тіл дамытуымен, байлалыстырып сөйлеуді
білуімен тығыз бірлікте,
қоян-қолтықта болады.
Тіл дамыту жұмысы төрт бағытта
жүргізіледі: біріншіден, мәдени,
әдеби сөйлей білу нормаларына үйрету, яғни
орфографиялық дағдыны меңгерте отырып,
оқушыға мәнерлеп
оқу дағдыларын қалыптастыру; екіншіден,
лексикалық жұмыстар жүргізу
арқылы оқушының сөздік қорын байыту, тілдің
лексика және фразеология бөлімдерінен кеңірек білім беру
көзделеді; үшіншіде, жаңа сөздер үйрету,
сөздерді үйрете отырып,
жаңа сөздер жасайтын формаларды меңгерту арқылы сөз бен сөздің
(сөздердің) байланысын, сөйлем құратып
үйрету, сөйлемнің құрылысын білдіру арқылы синтаксистік, лексикадан білім
беру; төртіншіден, оқушының ойын жазбаша дұрыс,
сауатты жаза, әрі сөйлей білуге үйрету.
Қазақ тілін оқытуға байланысты
тіл дамыту жұмысы мынадай дидактикалық принциптерге негізделе
жүргізіледі.
1. Сөйлеу
мен ойлаудың принципі.
Бұл арқылы оқушы тіл мен ойлау
бір-бірімен байланыста екенін ұғады. Тілсіз ойлаудың
болмайтынын, әрбір ой тіл арқылы ғана көрінетінін,
сөйлеуді ойлаудан бөліп алудың мүмкін еместігін
түсінеді. Осы принціп арқылы оқушының ойлау
әрекетін дамыта отырып, түрлі ой қорытындыларын жасай білу
дағдылары қалыптастырылады, яғни бір нәрсені екінші
затпен салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау, жүйелеу,
белгілі затты белгісізбен салыстыру,
түрлі ойлау әрекеттерін үйренудің нәтижесінде ой арқылы білім
жүйелерін меңгереді.
2. Сөйлеу мен жазба тілінің байланыстылык
принципі
Сөйлеу тілі
арқылы адам екінші адамның сөзін естиді, тыңдайды,
пікір алысады. Ал жазбаша сөйлеу тілі
адам ойын жай сөйлеммен
де, құрмалас сөйлеммен де бере алады, ойын осындай
жүйелі беруде тілдегі түрлі жалғау, жұрнақ,
түрлі тыныс белгілерін
(нүкте, қос нүкте, үтір, сызықша, тырнақша,
леп, сұрау белгілері, т.б.), синоним, омоним, антоним, теңеу,
салыстыру сияқты тілдік құралдары пайдаланады.
3 Грамматика, орфография, пунктуация және
әдебиетпен байланыстыра
жүргізу принципі
Оқушының ауызша және жазбаша тілін дұрыс дамытуда грамматикалық
ережелерді жақсы білудің, тыныс белгілерін дұрыс
қоюдың, көркем әдебиетті көп оқудың
үлкен мәні бар. Қазақ тілі сабақтарында
үйретілген ережеге сай түрлі жаттығу жұмыстарын
орындатып, тыныс белгілерін дұрыс қоя білдірудің жолдарын
көрсетіп, көркем
әдебиетті көп оқуға бағыт беріп,
оның үлгісін сабақта көрсетіп отыруы пайдалы.
4. Стилистикамен байланысты жүргізу принципі
Стилистикамен жұмыс грамматиканы, лексиканы,
фонетиканы оқытумен тығыз байланыста жүргізіледі.
Стильдің түрлерін
жақсы меңгерген оқушы тілдің морфологиялық
құрылысын, яғни сөздердің мағынасына,
тұлғасына және синтаксистік қызметтеріндегі ерекшіліктерді ажыратып, күрделі
сөз тіркесінің құрамын, негізгі және
көмекші сөздер, олардың өзара байланысын ажырату, жазуы
қиын орфографиялық ережелерді меңгертіп, дұрыс, сауатты
жазуға дағдыланады. Синтаксисті оқу барысында түрлі
синтаксистік конструкцияларды меңгеріп, сөз тіркесі мен
сөйлем ішіндегі сөздерді тұлғалық формаларына
қарай таңдап қолдануға дағдыланатын болады. Қазақ тілін
оқытудағы әдістерге (жалпы) мыналар жатады:
а) анализ (талдау) - синтез (талдағанды
қосу, біріктіру);
ә) салыстыру (сөз тобымен - басқа
тілдегі сөз тобын, басқа пәндегі мағынамен, т.б.);
б) индукция - дедукциялық;
в) баяндау (түсіндіру), әнгімелеу (айту);
г) проблемалық (түйіндік);
д) эвристикалық (жаңа,
шығармашылық).
Осы айтылған әдістерді қазақ
тілін орыс мектептерінде оқытуда, соңғы өмір талабына сәйкес, жаңадан өркендеген, өрген,
нақты мектеп жұмысында аталмыш орын алғанан әдістер
бар, олар:
а) пәнаралық (көбінесе
пәнаралық дейді) - тапсырмадағы мәтіннің
басқа да пәндермен қарым-қатынасы, оның
ерекшелігі мен бірлігін анықтау;
ә) инновациялық (орысша -
новобразование) - мәтіндегі тақырыптағы жаңа
сөздің талдауы;
б) инсерттік (женілден ауырға) -
мәтіндегі, әйтпесе берген карточка, үлестірме, т.б. бойынша -
сөздерден, сөз тіркестерінен сөйлем құру;
в) интеграциялық - бөліктерді,
бөлшектерді өз ретімен, заңымен құру,
құрастыру;
г) дамыта оқу, тірек сигналдары, жаңа
аппараттық т.б. технологиялық
(әдістер);
ғ) шығармашылық қабілетін
дамыту - ол үшін мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай жасау және риза болуын, болмауын,
әйтпесе жалқаулығын анықтау, керегінше көмек беру;
д) халық педагогикасы негізіндегі;
е) біріктірілген сабақ
(көбінше жоғарыда айтылған әдістер арқылы);
ж) топтық және жарыс ойын
(бақылау және өзін-өзі бақылау);
з) осы аталған
және басқа да сабақ түрлерінде көрнекілікті, техникалық құралдарды қоса пайдалану.
Оқушылардың ойлау қабілетінің
дамуына, жетілуіне, олардың сөйлеу және есту
қабілеттеріне, зейініне көңіл бөле отырып, тілдік
материалдарды орынды қолдана білу сияқты іс-әрекеттерді арттыру – негізгі мәселелердің
бірі. Және де тіл дамыту үшін ауызша-жазбаша жаттығулар, шығарма, диктант
сияқты жұмыс түрлері жүргізіуі қажет. Мектепте, әдетте, диктанттың мына түрлері
қолданылады: түсіндірме,
терме, өздік, сөздік, шығармашылық, еркін және
бақылау, сондай-ақ көру диктанттары. Соңғы
жылдары тестік әдіс оқу, білімге қатысты барлық
ұйымдарда, оның ішінде -
мектептерде, кеңінен қолданылып жүр (1. Дұрыс жауабын
таңдау; 2. баламалы (альтернативті); 3. толықтыру;
4. сәйкестендіру).
Қорыта айтсақ, өзге тілді мектептерде
қазақ тілін оқытудың
теориялық негіздерін, қазақ тілін оқытудың
және дамытудың мазмұнын, тіл оқыту әдістерін,
қазақ тілі сабағының түрлері мен
құрылысын оқушылардың қазақша тілін дамыту
мәселелерін үнемі қарастырып отыру керек.