А.Байтурсынов атындағы Қостанай

 мемлекеттік университетінің

философия кафедрасының

 аға оқытушысы Есбол Ғ.Ш

 

А.Байтұрсынұлы мен Д.Қонаевтің әлеуметтік көзқарастары

 

                                                                                             Жақсының сөзі де,ой мен ісі де ізгі                                                                                                                                       (Лао-цзы)

  

    Қазіргі әлемді жаппай ғаламдасу мен нарықтық дағдарыс қамтып,рухани мәдениеттің төмендеген кезінде,өмірден өтіп өшпес із қалдырған арыстарымыздың озық тағлымдарын бүгінгі қоғамымыздың саяси-экономикалық,мәдени-рухани дамуына жұмсауымыз керек.ҚР Президенті Н.Назарбаев айтқандай “Өткеннің өнегесі-бүгінгінің баға жетпес байлығы”(1) Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры, з.ғ.д Әбдірайымов.Б (“Қазақ ” газетінің,№14(475),2 сәуір,-2бет) ‘Ұлт дамуының жаңа кезендері’мақаласында Жоғарғы Оқу Орындарының міндеті төл мәдениетімізге басты назар аудару болашақ жастарды тәрбиелеуде қажет екендігін Елбасының сөзін басшылыққа алып жастардың төл мәдениетіміздің асыл маржандарымен таныстыру ұлттық рухты жоғары көтеру болып табылады.Елбасы әруақытта да қоғамымыздың өзіндік дамуын дәстүрі терең ежелгі тарихымызбен,ақылман тұлғаларымен байланыстырады.

   Қай заманда болмасын еркіндікті аңсаған ата-бабаларымыз “қызын-күңге бермей,баласын-құлдыққа бермей ” кең сахарада емін еркін көршілерімен тату,шалғайдағы елдермен керуен жіберіп сауда саттықпен айналысқан.Сырттан жау келсе жас ұл-қыздарына дейін атойлап атқа мініп,жауларды елдін шетіне дейін шығарып салып отырған.19 ғасырдың ортасында  патшалық Ресейдің отарлау саясатына  қарсы күрескен  алаштың арыстарының бірі ағартушы-ғалым А.Байтұрсынұлы(1873-1937) болса,20 ғасырдың ортасында алаш арыстарының ізбасары болған, Кеңестік әміршілдік жүйенің қыспағында жүріп, қазақ елінің көркейіп дамуына зор үлесін қосқан Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі,т.ғ.д , қоғам қайраткері Д.Қонаев (1912-1993) болды.

   Патшалық Ресей елінде болып жатқан әлеуметтік қайшылықтардан құтылу үшін қазақтың шұрайлы жерлеріне казак-орыс шаруаларын қоныстандыра бастады.Мұндай озбырлық саясаттың неге алып келетінін елдің зиялы қауымдарымен бірге  белсене күреске шыққан  алаштың арысы,ұлттың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы болатын.

   А.Байтұрсынұлы бодандықтың неге алып келетінің аңғарып елдің азаттық таңың атыруға бар күш жігерін:

                                        - Әр жолды ойлап,

                                          Ойыма бойлап,

                                                              Ұқтым тайыз,тереңді.

                                            Сайраған тілмен,

                                             Зарлаған үнмен

                                                               Құлағы жоқ кереңді

                                                               Ұқтыра алмай сөз әуре,

                                                               Тек тұра алмай біз әуре.(2)

   (Байтұрсынов А. Ақ жол:Қазақ  салты/-Алматы:Жалын 1991.-77 бет)

 -еркіндік идеясы,тәуелсіздік үшін арпалысу,егеменді ел болу мақсатын бәрінен де жоғары қояды. А.Байтұрсынұлы 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде қазақтан шыққан бір топ зиялыларымен бірге өз халқының атынан патша үкіметіне орыс журнал-газеті арқылы петиция(арыз-тілек) жолдап(3)(Петиция от казахов от Каркаралинской области.Сын отечества.1905.4 октября №173),онда қазақ өкілдерінің Думаға сайлануы, даланы басқару ережесіне өзгерістер жасау, орыс қоныс аударушыларын тоқтату, дінге қысым жасамау тағы да басқа да әлеуметтік мәселелерді қазақ ұлтының маңызды мүддесі ретінде қарап, нақты шешім қабылдауды талап етеді. Ғасырлар бойы        қаншама зорлық-зомбылық көрсе де қазақ халқының болашаққа деген сенімі, еркіндікке деген талпынысы   ұрпақтардың тікелей сабақтастығы  арқылы іске асқан.Сол арқылы  тарихтың не бір қиын-қыстау кезінде дұрыс жол тауып отырған. Енді 20 ғ.ортасында Қазақстанда  Кеңестік дәуірде  компартияның билік құрып тұрған кезінде КОКП бірінші хатшысы Н.С.Хрущев Ақмоланы Целиноград атауына өзгертеміз дегеніне Д,Қонаев ат үсті қарсы болған.Сол кездегі Тың игеру барысындағы қателіктерді;жер қыртысын аудармай ылғалды сақтауға,кейін Ет тыңын игерелік ұраны асығыс шешім екенінін  қазақ халқының басына ауыртпалық түсетінін айтады.Ол туралы Д.Қонаев іспен тиянақталмаған шешім қашанда аяқсыз қалады деп өкінеді(4) 220бет.Сол 1960 жылдардағы ғылым академиясының президенті Қ.Сәтпаевтің Қапшағай жасанды теңізін жасау 1,5 млн-ға жуық шөл даланы көкорай шалғынға бөлеудің кепілі бола алады деген ұсынысы аяқсыз қалады.Бірақ кейін іске асқан жоба істің нәтижесін көрсетті деп еске алады Д.Қонаев(4) 220бет.  Қарап отырсаңыздар тарихнамамызда ел болу,ата дәстүрді сақтау ұстанымдары бір ұрпақтан кейінгі ұрпақта жалғасын тауып отырған.Жаңа Қазақстан мемлекетінің даңқын арттырамыз десек ұлы бабаларымыздың Отаншылдық рухын ту қылып ұстап әрі қарай алып жүруіміз абзал. Біздің жасампаз жаңалығымыз тарихи бай тәжірибені тірек етуі керек.Мәртебелі болашақ туралы армандай отырып,мерейлі өткенімізді де жадымызда сақтағанымыз жөн болар.(5)

 

 

Қолданысқа ие болған әдебиеттер:

1.     Назарбаев Н, Әбдірайымов.Б “Қазақ ” газетінің,№14(475),2 сәуір,-2бет

2.      Байтұрсынов А. Ақ жол:Қазақ  салты/-Алматы:Жалын 1991.-77 бет

3.     Петиция от казахов от Каркаралинской области.Сын отечества.1905.4 октября №173

4.     Д.Қонаев ,С.Әбдірайымұлы. Ақиқаттан аттауға болмайды.-Алматы, “Санат”, 1994.-220бет

5.     Назарбаев Н. Тарих толқыныңда.-Алматы:Атамұра,1999.-74бет