А.Байтұрсынұлы және Д.Қонаев-ұлттың біртума қоғам қайраткерлері

                                                                                                                         

                                                                                                                                Жақсы іс – қанда қалған ізгіліктен,

                                                                                                                                 Ізгілік – туа біткен тектіліктен.

                                                                                                                                                                (шығыс мақалы)

                                             “Тәуелсіздігіміздің ту желбірегеніне,

                                                Егемендігіміздің тұғыры бекігеніне,

                                                Жиырма бір жылдай болыпты.

                                                 Еңсесі ер алаштың көтеріліп,

                                                 Қазақтың басы түгел қосылыпты.

                                                 Аңсаған арман-мұрат орындалып,

                                                 Ұлттық рух шаңыраққа қоныпты.”(Е.Ғ.Ш)

  Қазақ жерінде сонау 20 ғасырдан бері қоғамдық ой-пікірдің даму тарихында өзіндік орны бар ерекше тұлға,ұлттың рухани көсемі А.Байтұрсынұлы (1873-1937) болса,кейін 20 ғ.ортасында аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, саясаткер-ғалым Д.Қонаев (1912-1993) қазақ елінің бүгінгі тәуелсіздік алып,егемендігіне жетуіне өле-өлгенше қызмет етіп кетті.Арасы бір ғасырлық кезең болса да,олардың әлеуметтік-саяси көзқарастарынан мемлекет көшбасшылары ретінде А.Байтұрсынұлы мен Д.Қонаев ұстанымдарынан,сабақтастық табуға әбден болады.

   Енді 20 ғ.басында А.Байтұрсынұлының қазақ ұлтының басына төніп келе жатқан қатерді ‘Қазақ салты’өлеңіндегі:

                           -Қаз едік қатар ұшып қанқылдаған

                            Сахара көлге қонып салқындаған(1)

жолдарында бірлік пен ыңтымағы жарасқан ел екенін сөз етеді.

                            -Бір өртке қаудан шыққан душар болып,

                              Не қалды тәнімізде шарпылмаған?!(1)

 -деп әлеуметтік жағдайдың өзгеріске түсетінін сезе білді.Бодандықтың кебін кешеміз-ай деген күдіктер Ахаңа дамыл бермейді.Өз халқының мүддесін және болашағын ойлаған А.Байтұрсынұлы саясатқа белсене араласа бастайды.Орынборда шығатын “Маса” жинақтары арқылы патшалық әкімшіліктің құйтыртқы іс-шараларын жұртшылыққа жеткізіп отырады:

                                 -Алаштың адамының бәрі мәлім:

                                   Кім қалды таразыға тартылмаған?

                                   Дегендер мен жақсымын толып жатыр,

                                   Жақсылық өз басынан артылмаған.(1)

-деп,елді игілікке ұмтылдыратын көзіашық ақылмандардың басын қосып,зұламатпен бірге күресуге шақырады.Иә,қай ғасыр болмасын қазақтың парасатты ойшылдары,біртума тұлғалары әр нәрсенің парқын бағалап “үш күндігін ойламаған әйелден без,үш жылдығын ойламаған еркектен без ”дегендей,ел болам десең оның болашағына қызмет ет деп өздерінің шығармалары мен іс-әрекеттері арқылы ұлттың рухын жоғалтпауға тырысқан.

20 ғ.ортасында А.Байтұрсынұлының ұлтжандылық идеясын әрі қарай жалғастырған халқына барынша қызмет еткен,аса ірі қоғам қайраткері Д.Қонаев болатын.Ол басшылық еткен қазақ мемлекеті кеңестік дәуреннің қыспағында болса да,50 жылдық экономикалық,мәдени және әлеуметтік тыныс-тіршілігіне,ілгері дамуына қоян-қолтық араласқан,барынша өз үлесін қосқан ұлтымыздың аяулы перзентінің бірі еді.Димекең “Ақиқаттан аттауға болмайды” естелік-эссесінде ұрпақтар үндестігін,азаматтық өмір сүруде үлгі болатын ата-баба дәстүрін алға қояды:

   -Қазақта: “түбін білмеген-түгін білмейді”деген сөз бар.Жеті атасына дейін жазбай білетін халқымыздын ерекше қасиеті де осында.Міне,сондықтан да қазақ шыққан тегін зерделеп,өсер ұрпағының ертеңіне ерекше мән берген.Есіме ел мойындаған ақын М.Мақатаевтың мына жолдары оралады:

                                           -Мен үйсінмін! Ұлы жүзбін-ұлымын!

                                             “Ұлымын!” деп ұлылыққа бармаған.

                                             Ортадан да,кішіден де кішілік,

                                             “Ұлымын!” деп көрсетпеген қысымын.

                                               Ел басына екіталай күн туса

                                              Екі інімнің найзасының ұшымын…

                                                 

                                               Кісіліктің кішіліктің құлымын.(2)   ДҚ-13бет

-деген ақиық ақын М.Мұқағалидың жалынды жырналарына халық қалаулысы Д.Қонаевтің көңіл аударуы өзінің басынан өтіп жатқан жан айқайы,отаншылдық рухы еді.Қазақ елі кеңестік дәуірдегі әміршілдік жүйенің тар құрсауында жүрсе де ата-баба дәстүрінің сабақтастығын жалғастыра білген Д.Қонаев КСРО бірінші басшысы Н.Хрущевтің Маңғышлақ түбегін Түркіменістанға беру,мақта өсіретін аудандарды Өзбекстанға қосу жөніндегі ұсынысқа қарсы болғанымен де компартияның озбырлық қаулысымен іске асып кетті.Содан бірнеше жылдан кейін Н.Хрущев тақтан кеткеннен соң Д.Қонаев қайраткерлік беделі арқасында КОКП-тың бірінші хатшысы Л.И.Брежнев болған кезінде Өзбекстанға ертеректе өтіп кеткен жерлерден басқа да аудандар кері қайтарылды.

   “Бітімі бөлек,тұлғасы ерек” болған ұрпақтар тәлімін бойына сіңірген А.Байтұрсынұлы мен Д.Қонаевтың елдігіміздің атын жоғалтпай заманына қарай,оның өркендеуіне орасан зор үлесін қос білген ардақтарымыз төл тарихымызда өздерінің ерекше орны бар тұлғалар болатын.

   Ел басымыз Н.Назарбаев “Олар өз қызметінің басты мұраты ұлттың төл тумалығың сақтау,соңымен бірге оның тарихи өткенің қалпына келтіріп, ұлттық санасын шыңдау деп санаған”деп орынды бағасын  берді.(3)  

 

                                                                 Қолданысқа ие болған әдебиеттер:

1.     ‘Қазақ салты’(Байтұрсынов А. Ақ жол: Қазақ салты/-Алматы:Жалын,1991.-75 бет

2.     Ауд. С.Әбдірайымұлы. Ақиқаттан аттауға болмайды.-Алматы, “Санат”, 1994.-13бет

3.     Назарбаев Н. Тарих толқыныңда.-Алматы:Атамұра,1999.-157бет