Э.ғ.к., доцент Шомшекова Б.К.

 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

Қазақстан  республикасында туризмді дамыту мәселелері 

 

Бүгінгі күні Қазақстанда экономиканың табысты саласы ретінде, туризм индустриясына көбірек көңіл бөлінуде. Қазақстан Республикасының  «Қазақстан-2030» стратегиясы, үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы  туризм саласының белсенді дамуына жаңа серпін бергені белгілі[1].

 Туристік индустрия-әлем шаруашылығының тез дамитын салаларының бірі. Халықаралық туризм мұнай өнеркәсібі мен автомобиль өнеркәсіптерінен кейін, үшінші ірі экспорттық салалардың құрамына кіреді. Дүние жүзінде туризмнің мәні үнемі артуда. Қазақстан Республикасында туристік индустрияның дамуы халықтың әл-ахуалының деңгейінің артуының нәтижесі болып табылады[2].

2007-2010жж. Статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың  барлық көрсеткішінің тұрақты өсу үрдісі байқалады (кесте 1). Келуші туристер санының өсу қарқыны 2007-2010 жылдар аралығында 1076 мың адамға артқан, шығу туризмі 1594 мың адамға  және ішкі туризм 701,1мың адамға  көбейген [3].

       Кесте 1. Қазақстандағы туристік индустрияның  дамуының негізгі көрсеткіштері

Негізгі көрсеткіштер

2007

2008

2009

2010

2007-2010жж. салыстыру,%

Қызмет көрсетілген келермендер саны, мың адам

10649,0

11889,6

13787,6

14101,7

129

Келу туризмі, мың адам

4365,0

4706,7

5310,6

5441,3

121

Шығу туризмі, мың адам

3004,0

3687,9

4544,4

4598,5

151

Ішкі туризм, мың адам

3280,0

3495,0

3932,6

3981,1

119

Туристік фирмалар саны, бірлік

846

921

1007

1013

119

Туристік қызметпен шұғылданатын жеке кәсіпкерлер саны, бірлік

30

41

51

58

170

Негізгі туристік ресурстар, барлығы: оның ішінде:

6656

7109

7405

7463

111

Мұражайлар, бірлік

187

185

195

195

104

Театрлар, бірлік

51

53

55

56

107

Концерттік ұйымдар, бірлік

66

61

67

69

101

Цирктер, бірлік

3

4

4

4

133

Клуб үлгісіндегі мек-емелер, бірлік

2409

2600

2824

2839

117

Кітапханалар, бірлік

3664

3848

3935

4067

107

Киноқойылымды жүзеге асыратын ұйымдар, бірлік

120

194

149

154

124

Луна-саябақтар мен демалыс саябақтары, бірлік

50

53

63

66

126

Хайуанаттар саябақтары, бірлік

4

4

4

4

100

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, бірлік

102

107

109

109

106

    Қайнар көзі :  Статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша құрастырған.

Көрсетілген қызметтің жалпы көлемі 53863,0 млн. тнг. сатылған жолдамалар құны 13890,7 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9 есеге өскенін дәлелдейді.

Осы кезеңде 1013 туристік фирма және туристік қызметпен айналысатын 58 жеке кәсіпкер 14101,7 мың келушілерге қызмет көрсеткен, бұл алдағы жылмен салыстырғанда  129 % көп.

Туристік индустрия субьектілерінің туристік қызметінен түскен жалпы табысы 2010 жылы 63,0 млрд. тнг. болса және бюджетке аударылған салық сомасы 9 млрд. теңгені құрап, 36 %-ға артқан.

Одан басқа, 992 қонақ үй шаруашылығының кәсіпорны 2640,2 мың адамға 40414,1 млн. теңге тұратын қызметтер көрсеткен.  

2011ж. Қазақстан Республикасының аймақтары мен облыстары бойынша 1 515 туристік фирмалар мен компаниялар жақсы демалыспен және демалыс қауіпсіздігімен қамтамасыз ете отырып,  қызметтерін  ұсынған  (кесте 2).

 Кесте 2. 2007-2011ж. Қазақстан Республикасының облыстары бойынша туристік фирмалар саны, бірлік

 Аталуы

2007

2008

2009

2010

2011

Қазақстан Республикасы

1 007

1 163

   1 203

   1 252

1 515

Акмола облысы

20

26

    26

    22

    28

Актөбе облысы

20

27

    26

    27

    29

Алматы облысы

47

54

    43

    37

    93

Атырау облысы

24

25

    18

    21

    25

Батыс Қазақстан облысы

10

11

    10

    13

    12

Жамбыл облысы

19

21

    21

    19

    20

Қарағанды облысы

54

72

    76

    81

    83

Қостанай облысы

19

26

    26

    27

    35

Қызылорда облысы

4

3

    2

    4

    5

Манғыстау облысы

22

26

    29

    30

    33

Оңтүстік Қазақстан облысы

18

26

    22

    27

    41

Павлодар облысы

48

52

    56

    59

    54

Солтүстік Қазақстан облысы

18

20

    23

    21

    18

Шығыс Қазақстан облысы

40

47

    48

    42

    52

 Астана қаласы

57

88

    87

    158

    179

Алматы қаласы

587

639

    690

    664

    808

Қайнар көзі:  Статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша құрастырған.

2-кесте  мәліметтерінен Қазақстан Республикасының  облыстары бойынша  туристік фирмалар санының баяу өскені  және олардың көбі Алматы(808) және Астана(179) қалаларында шоғырланған көрінеді.

Бұл өз кезегінде еліміздің аймақтар мен облыстарында әлі де болса туристік қызметтердің даму деңгейінің қалаған дәрежеден төмен екенін білдіреді. Нәтижесінде туризмнен түскен кірістердің жиынтық ішкі өнімдегі (ЖІӨ) үлесі 2,1 пайызды құрап (кесте 3), оны жоғарылату өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

   Кесте 3. Туризм дамуының индикаторлары

Негізгі көрсеткіштер

2007

2008

2009

2010

2007/2010 ,%

Туристік қызмет саласындағы жалпы түсім, млрд. тг.

138,7

190,1

205,1

255,0

184

Туристік қызмет саласындағы жалпы қосылған құн, млрд. тг

131,6

180,1

183,3

197,4

150

ЖІӨ-дегі туристік қызмет саласының үлесі, %

1,8

1,9

1,9

2,1

116

Қайнар көзі:  Статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша құрастырған.

Жалпы туристік қызметтермен көптеген шағын және орта кәсіпорындар шұғылданады. Туристік фирмалар да басқа іскер бірліктер сияқты туристік қызметтер мен өнімдер  арқылы пайда табуды көздейді. Бұл кәсіпкерлер үшін туристік бизнестің тартымдылығы келесі себептерге байланысты:

-   бастапқы инвестициялар;

-   туристік қызметтерге деген сұраныс;

-   туризмнің пайдалылығының жоғары деңгейі;

-   шығыстардың қайтарымдылығының қысқа мерзімі.

Бұл факторлар алдағы уақытта елімізде отандық және шет елдік азаматтардың түрлі туристік қызметтерге деген сұраныстарын қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін, тиімді және бәсекеге қабілетті туристік кешендер мен түрлі кәсіпорындарды өмірге келтіруіне ықпал жасайтыны белгілі. Осыдан оның  аймақтар экономикасының жедел дамуына, жаңа жұмыс орындарын ашуға,  жергілікті инфрақұрылымның дамуына және тұрғындардың өмір деңгейінгің  өсуіне септігін тигізетіні сөзсіз.

Қазақстанда оған мүмкіндік құратын Афинадағы Акропольдың, Римдегі Колизейдің, Үндістандағы Тәж-Махалдың, Мексикадағы Чичен-Ица храмының ешқайсысынан кем соқпайтын мәдени мұралардың мол екендігі жасырын емес. Мысалы, Арыс өзені маңындағы Көк Мардан қонысы (б.з. 1-8 ғ.ғ.), Сыр өңіріндегі Алтын-Асар қалашығы (б.з. 1-6 ғ.ғ.), Алып қалашығы (б.з.1-4 ғ.ғ.), Талғар маңындағы Талхир қалашығы (б.з.5-7 ғ.ғ.), Бақанас аулынан 200 шақырым қашықтықтағы Қарамерген қалашығы (б.д. 11-13 ғ.ғ.), Тараз қаласы маңындағы Ақыртас қалашығы (б.з.8 ғ.) әрбір шетелдікті еріксіз таңдандыра алатын көне мұралар екендігі сөзсіз. Балқаш пен Алакөлдің Қырғызстандағы Ыстықкөлден немесе Қара теңізден кем еместігі де жасырын емес. Айша бибінің, Жошы ханның, қазақ даласының батысы мен шығысында күзетіп тұрған Ақкесене мен Көккесененің, өзге де мазарларды егер бастапқа қалпына келтіріп, саяхатшы-туристердің баруына қолайлы жағдай тудырылса, олардың да әлемдік мәдениет үлгілерінен кем соқпасы анық.

Қазақ жеріндегі осындай керемет құндылықтарды ескере отырып туристік фирмалар қызметін басқару жүйесі қалыптаспаған. Сондықтан, туристік шаруашылықтарды жүргізу бойынша алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибелерін пайдалана отырып және ішкі туристік нарықтың ерекшеліктерімен ұштастыру арқылы, өзіндік басқару жүйесін жасау күн тәртібіндегі мәселе. Жеке турфирмаларда бұл бағыт бойынша қызығушылығы бар. Оларға кәсіби білікті  және заман талабына сай туризм менеджерлерінің қызметтеріне сұраныс туындап отыр.   

        Одан басқа  елімізде туризмді дамытуда кездесетін төмендегі кемшіліктер мен кедергілерді жою керек, олар: шетелдік туристердің виза алып, көші-қон ұйымдарының тіркелуіндегі кедергілер; құжаттарды рәсімдейтін білікті мамандардың жетіспеушілігі; инфрақұрылым деңгейінің сын көтермейтіндігі және т.б.  Бұл факторларды мемлекеттің араласуы арқылы шешу нәтижелі болады деген ойдамыз.

        Жалпы Қазақстан экономикасының орнықты дамуға бет бұруы, елдің индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру шетелдік капиталды белсенді түрде тартуға ықпал ететіні сөзсіз. Сондықтан да туристік индустрияны дамытуға шетелдік және ішкі инвестицияларды тарту, орталық және өңірлік билік деңгейлерінің іс-қимылын нақты үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында жоғары деңгейлі туристік менеджмент қалыптастыру, жеке бастамалардың дамуына жәрдем ету, саланың ақпараттық кеңістігін құру, қазақстандық турөнімнің сыртқы және ішкі нарыққа жылжуының тиімді жүйесін әзірлеу, инвестициялау және салық салу мәселелері бойынша нормативтік -құқықтық актілер қабылдау үшін барлық алғы шарттардың толық, заман талабында жүзеге асуы  уақыт тізгініндегі дүниелер.

   Осыдан аталған бағыттардың жүзеге асуы, отандық туризмді  жеті кластердің бірі ретінде қалыптастырып, еліміздің бәсекеге қабілетті экономикасы бар мемлекеттер қатарынан көрінуіне үлес қосады деген ойдамыз.  

        Әдебиеттер

1.     ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиясы: барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және хал-ахуалының жақсаруы» атты Қазақстан халқына Жолдауы.-Алматы:«Білім», 1998.

2.     Қазақстанның 2020 жылға дейінгі үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы //Егемен Қазақстан,2010ж. 23 сәуір

3.     www. stat. kz.