Банки и банковская система
А.Ж. Басбаева
Қорқыт Ата
атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті, Қызылорда
қаласы
«Қазақстан Халық Банкі» акционерлік
қоғамының
сыртқы экономикалық қызметтерін талдау
Қазақстандық
коммерциялық банктерінің
сыртқы экономикалық
қызметі тауарлар мен қызметтердің экспорт-импорт операциялары барысында
банктік қызметтерді теңге немесе шетел валютасында
жүргізу, олардың Қазақстан территориясында шетел
валюталарымен өткізу,
шетелде резидент еместердің
шаруашылықтарын дамытуда көрініс табады.
Экономикалық
қайта құрылу, яғни, кеңес одағының
тоқырау кезеңінен бастап, Қазақстандық кәсіпорындардың елден тыс нарықтарды, ал шетелдік компаниялардың ел
территориясында қызмет етуін
шектейтін барлық талаптар
түгелдей жойылды.
Сыртқы
айналымда орталықтандырылған
экпорт-импорт операцияларының үлесі төмендеді.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
Қазақстанның банк
жүйесінде елеулі орын алатын банк болып табылады. Оның шет елдермен
ынтымақтастық деңгейін сыртқы экономикалық жағдайын талдаудан көре аламыз (1-кесте).
1-кестеде көрсетілгендей, Қазақстан
Халық Банкінің сыртқы
экономикалық қызметінің анализі бойынша, біз банктің
негізгі активті операцияларының көпшілігі Қазақстан
Республикасы аймағының төңірегінде орындалғанын
көріп отырмыз.
Осылайша, 2008 жылы банк
активтерінің 91,4% (немесе1,5 трлн.теңге) Қазақстан
аймағында орналасқан, 2009 жылы-85,2% (немесе1,725
трлн.теңге), 2010 жылы – 83,5%(1,752 трлн.теңге), 2011 жылдың
1 қазанында –78,1% (немесе 1,749 трлн. тенге). Сонымен, 2009 жылы
Қазақстанда орналасқан банк активтерінің 14,3%
өскені байқалып отыр, ал 2010 жылы
ол көрсеткіш 2% көрсетіп отыр.
Кесте 1
«Қазақстан
Халық Банкі» АҚ 2008-2011
жылдардағы сыртқы
экономикалық қызметі
Млн.
теңге
Атауы |
Қазақстан |
ЭЫДБ-ге*
мүше елдер |
ЭЫДБ-ге мүше емес
елдер |
Жиыны |
2008 жыл |
||||
Активтер жиыны |
1 509
039 |
134
850 |
7
460 |
1 651
349 |
Үлесі , % |
91,4 |
8,2 |
0,4 |
100,0 |
Сыртқы табыстар |
227
550 |
8
101 |
448 |
236
099 |
Үлесі , % |
96,4 |
3,4 |
0,2 |
100,0 |
Капиталдық шығындар |
-19 104 |
- |
- |
-19 104 |
Үлесі , % |
100,0 |
- |
- |
100,0 |
2009 жыл |
||||
Активтер жиыны |
1 724
165 |
271
720 |
27
124 |
2 023
009 |
Үлесі , % |
85,2 |
13,4 |
1,4 |
100,0 |
Сыртқы табыстар |
250
847 |
4
385 |
2
655 |
257
887 |
Үлесі , % |
97,3 |
1,7 |
1,0 |
100,0 |
Капиталдық шығындар |
-9 155 |
- |
- |
-9 155 |
Үлесі , % |
100,0 |
- |
- |
100,0 |
Ауытқуы (+, -) 2009/2008 жж.,
% |
||||
Активтер жиыны |
14,3 |
101,5 |
3,6 есе |
22,5 |
Сыртқы табыстар |
10,2 |
-46,0 |
6
есе |
9,2 |
Капиталдық шығындар |
-52,1 |
- |
- |
-52,1 |
2010 жыл |
||||
Активтер жиыны |
1 752
669 |
306
993 |
38
273 |
2 097
935 |
Үлесі , % |
83,5 |
14,6 |
1,9 |
100,0 |
Сыртқы табыстар |
231
428 |
1
968 |
3
584 |
236
980 |
Үлесі , % |
97,7 |
0,8 |
1,5 |
100,0 |
Капиталдық шығындар |
-10
245 |
- |
- |
-10 245 |
Үлесі , % |
100,0 |
- |
- |
100,0 |
Ауытқуы (+, -) 2010/2009 жж., % |
||||
Активтер жиыны |
2,0 |
13,0 |
41,1 |
4,0 |
Сыртқы табыстар |
-8,0 |
-55,2 |
35,0 |
-8,1 |
Капиталдық шығындар |
12,0 |
- |
- |
12,0 |
01.10.2011жыл |
||||
Активтер жиыны |
1 749
812 |
448
161 |
41
681 |
2 239
654 |
Үлесі , % |
78,1 |
20,0 |
1,9 |
100,0 |
Сыртқы табыстар |
169
545 |
2
430 |
2
648 |
174
623 |
Үлесі , % |
97,1 |
1,4 |
1,5 |
100,0 |
Капиталдық шығындар |
-4 375 |
- |
- |
-4 375 |
Үлесі , % |
100,0 |
- |
- |
100,0 |
*Ескерту – экономикалық
ынтымақтастық және даму бірлестігіне (ЭЫДБ) мүше елдер: Австралия, Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Греция, Дания, Израиль, Ирландия, Ислания, Испания, Италия, Канада, Люксембург, Мексика, Нидерланды, Новая Зеландия, Норвегия, Польша, Порту-галия, Словакия, Словения,США, Туркия, Финляндия, Франция, Чехия, Чили, Швейцария, Швеция, Эстония,
Оңтүстік Корея, Жапония. |
||||
Е С К Е
Р Т У - кесте[ 1-4]
мәліметтері негізінде автормен құрастырылған |
2008 жылы ЭЫДБ-ге мүше елдерге банктің барлық активтерінің 8,2%
(немесе 134,8 млрд.теңге) тиесілі болды, 2009 жылы -13,4% (немесе 271,7 млрд. теңге), ал 2010 жылы
- 14,6% (немесе 306,9 млрд.
теңге), 2011 жылдың 1 қазанында –20% (или 448,1 млрд.
теңге). 2009 жылы бұл елдерде банктік активтер 101,5%
-ға өсен, ал 2010 жылы
-13%.
2008 жылы ЭЫДБ-ге мүше емес елдерге банктің барлық
активтерінің 0,4% (немесе 7,4 млрд. теңге) тиесілі болды, 2009 жылы – 1,4% (немесе 27,1 млрд. теңге),
ал 2010 жылы - 1,9% (или 38,2 млрд. теңге), 2011 жылдың 1
қазанында –1,9% (41,6 млрд. теңге). Осылайша, 2009 жылы көрсетілген елдердегі активтер
көлемі 4 есеге дейін көбейсе, 2010 жылы ол 41,1% көбейген.
Айта кету керек, Халық Банкі
негізгі табыстар көзін
Қазақстан аумағынан алады. Осылайша, 2008 жылы
оның көлемі 227,5 млрд. теңгені (немесе банктің барлық
табыстарының 96,4%) құраған, 2009 жылы – 250,8 млрд. теңгені
(97,3%) құраса, ал 2010 жылы ол - 231,4 млрд. теңгені (немесе
97,7%) құрады, 2011 жылдың 1 қазанында –169,5 млрд.
теңге. Сәйкесінше, 2009 жылғы Қазақстан
аумағынан алынған табыстардың жалпы көлемі 10,2% өссе, ал 2010 жылы бұл көрсеткіш 8%-ға
төмендеген.
Банктің сыртқы табыстар құрылымында 2008 жылы ЭЫДБ-ге мүше елдерден алынған табыстар 8,1 млрд теңгені
(немесе банктің барлық табыстарының 3,4%) қалыптастырған, 2009 жылы – 4,3 млрд.(немесе
1,7%) құраса, 2010 жылы 1,9млрд, теңгені (немесе 0,8%)
құраған. Нәтижесінде,
осы елдерден алынған банк табыстарының көлемі 2009 жылы 46% төмендеген,
ал 2010 жылы ол 55,2% көрсетіп отыр, 2011 жылдың 1 қазанында
- 1,04% (или 2,4 млрд. теңге).
Бұл факт негізінен, 2009 жылдан
бастап ЭЫДБ-ге мүше емес елдерден алынған банктің
сыртқы табыстарының көлемінің ұлғаюына
байланысты болып табылады. Осылайша, 2008 жылы
көрсетілген елдерден
тартылған банктің
сыртқы табыстарының үлесі
0,2% (немесе 488 млн. теңге) болса, 2009 жылы ол - 1% (немесе 2,6
млрд. теңге), ал 2010 жылы 1,5%
(немесе 3,5 млрд. тенге) құраған, 2011 жылдың 1
қазанында -1,5% (или 2,6 млрд. теңге). Нәтижесінде, 2009
жылы берілген банк табыстарының
көлемі 6 есеге ұлғайса, 2010 жылы ол - 35% көрсетіп
отыр.
Келесі талданылатын көрсеткіштер ақша қаражаттары мен
олардың эквиваленттерінің серпіні мен құрылымы болып
табылады (2-кесте).
2-кестеден көріп
отырғанымыздай, банктің сыртқы экономикалық
қызметтеріне корреспонденттік шоттарды ашу, «овернайт» (яғни, бір
күндік), ЭЫДБ-ға
мүше және мүше емес елдердің банктеріндегі
қысқа мерзімді салымдары және тағы да басқа
операциялар. Осылайша, 2008 жылғы қорытындылар бойынша, ақша құралдарының
ішінде ең көбі 125,6 млрд.теңге (немесе, банктің
барлық ақша құралдарының 78%-ы)
құрайтын, ЭЫДБ-ге мүше елдердің банктер
жүйесіндегі қысқа мерзімді салымдар болып табылады. Банктің
сыртқы экономикалық
ақшалық қатынастарында екінші орынды ЭЫДБ-ге
мүше емес елдердің банктері арасындағы корреспонденттік қатынастары болып
табылады. Оның жалпы көлемі 6,7 млрд. теңгені (немесе 4,2%) қалыптастырып отыр. Үшінші және төртінші орынды сәйкесіншеЭЫДБ-ге мүше елдердің банктеріндегі
«овернайт» салымдары мен осы елдер банктеріндегі корреспондеттік шоттар бойынша операциялар
алып отыр.
Овернайт» салымдарының жалпы көлемдері 1,9 млрд. теңге (немесе 1,2%)
болса, корреспонденттік шоттар көлемі 1,7 млрд. теңгені (немесе
1,1%) құраған. Ал 2008 жылғы ЭЫДБ-ге мүше емес елдердің
банктеріндегі қысқамерзімді салымдар 562 млн. теңгені (немесе 0,3%)
құраған.
2009 жылы ақша эквиваленттерінің құрылымында
көшбасшылық позицияны ҚР Ұлттық банкінің
қысқа мерзімді салымдары
иеленеді. Ол банктің барлық ақша
құралдарының 43,1% немесе 207 млрд. теңгені
құрап отыр. Сонымен қатар, қазақстандық
банктердегі қысқа мерзімді салымдардың жалпы көлемі 8 есе
өсіп, 5,3 млрд. теңгені құраған. Бұл
құбылыс әлемдік қаржылық дағдарыс
нәтижелерімен байланысты.
Соның салдарынан отандық
банктердің ақша қаражаттарын шетелдік банктерге салу
қауіпі өте жоғары болды.
Кесте 2
«Қазақстан
Халық Банкі» АҚ-ның ақша қаражаттары мен
олардың эквиваленттерінің құрылымы мен серпіні
млн.теңге
Ақша қаражаттары |
2008 |
2009 |
Ауытқуы 2009/2008, % |
2010 |
Ауытқуы 2010/2009, % |
01.10.2011 |
||||
Көлемі |
Үлесі % |
Көлемі |
Үлесі % |
Көлемі |
Үлесі % |
Көлемі |
Үлесі % |
|||
Кассадағы қолма-қол ақшалар |
23,92 |
14,8 |
42,44 |
8,8 |
77,4 |
35,47 |
9,0 |
-16,4 |
55,41 |
10,7 |
ЭЫДБ-ге мүше
елдердің банк-теріндегі корреспонденттік шоттар |
1,719 |
1,1 |
17,24 |
3,6 |
10 есе |
8,281 |
2,1 |
-52,0 |
37,40 |
7,2 |
ЭЫДБ-ге мүше емес
елдердің банктеріндегі корреспондент-тік шоттар |
6,701 |
4,2 |
5,678 |
1,2 |
-0,2 |
5,978 |
1,5 |
5,3 |
2,680 |
0,5 |
ЭЫДБ-ге мүше
елдердің банк-теріндегі «овернайт» салымдары |
1,902 |
1,2 |
102,847 |
21,4 |
54 есе |
122,539 |
31,2 |
19,1 |
69,047 |
13,3 |
ЭЫДБ-ге мүше емес
елдердің банктеріндегі «овернайт» салымдары |
- |
- |
- |
- |
- |
0,046 |
0,00 |
100,0 |
- |
- |
ЭЫДБ-ге мүше
елдердің банктеріндегі қысқа мерзімді салымдар |
125,626 |
78,0 |
94,54 |
19,7 |
-25,0 |
144,820 |
37,0 |
53,2 |
277,27 |
53,6 |
Қазақстанның Ұлттық
банк-теріндегі қысқа
мерзімді салымдар |
- |
- |
207,058 |
43,1 |
100,0 |
72,003 |
18,3 |
-65,2 |
- |
- |
ЭЫДБ-ге мүше емес
елдердің банктеріндегі қысқа мерзімді салымдар |
0,562 |
0,3 |
5,459 |
1,1 |
10 есе |
2,853 |
0,7 |
-48,0 |
3,722 |
0,7 |
Қазақстандық банктердегі
қысқа мерзімді салымдар |
0,660 |
0,4 |
5,365 |
1,1 |
8 есе |
0,910 |
0,2 |
-6 есе |
0,180 |
0,00 |
Қазақстан Ұлттық банкіндегі
корреспонденттік шоттар |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
72,728 |
14,0 |
Жиыны : |
161,088 |
100,0 |
480,622 |
100,0 |
198,4 |
392,898 |
100,0 |
-18,3 |
518,435 |
100,0 |
Е С К Е
Р Т У – кесте [1-4] мәліметтері
негізінде автормен құрастырылған |
2009 жылы сыртқыэкономикалық
ақша қатынастарының құрылымында бірінші
орныды ЭЫДБ-ге мүше елдердің банктеріндегі «овернайт»
салымдары иеленеді. Оның көлемі банктің барлық
ақша қаражаттарының 21,4%-ын (немесе102,8 млрд. тенге)
құраған. Ол өткен жылдардағы көрсеткіштерге қарағанда
54 есеге төмен болып табылады. Екінші
орында ЭЫДБ-ге мүше елдердің банктеріндегі
қысқа мерзімді салымдары тұр. Оның үлестік салмағы 19,7% немесе 94,5 млрд. теңгені
көрсетіп, 2008 жылғы көрсеткіштерге қарағанда 25%
төмендеген. 2009 жылы сыртқыэкономикалық ақша қатынастарының
құрылымында үшінші орынды ЭЫДБ-ге мүше елдердің банктеріндегі
корреспонденттік шоттар алады. Оның көлемі 17,2 млрд. теңгені (немесе 3,6%)
көрсетіп, былтырғы көрсеткіштермен салыстырғанда 10
есеге көбейген. 2009 жылы ЭЫДБ-ге мүше емес елдердің банктеріндегі қысқа
мерзімді салымдар 5,4 млрд. теңгені (немесе 1,1%)құраса, ол көрсеткіш
2008 жылмен салыстырғанда 10 есе көп екенін көрсетіп
тұр.
2010 жылы Халық Банкінің
ақша қаражаттарының құрылымында
банктің
сыртқыэкономикалық ақшалай қатынастарының ұлғаюы байқалып отыр.
Осылайша, ақша қаражаттарының ішінде көлемі жағынан ең
көбі ЭЫДБ-ге мүше елдердің банктеріндегі қысқа мерзімді салымдар
болып табылады. Яғни, ол 37%
немесе 144,8 млрд. теңге көрсете
отырып, өсімі 53,2%-ға
көбейген. Екінші орында банктің сыртқыэкономикалық
ақша қаражаттарының ЭЫДБ-ге мүше елдердің банктеріндегі «овернайт» салымдары
орналасқан. Олардың үлестік салмағы 31,2% (немесе122,5 млрд.
теңге)құрады, ол 2009 жылғы көрсеткішпен
салыстырғанда 19,1% көп. Сонымен қатар, ЭЫДБ-ге мүше елдердің
банктеріндегі
корреспонденттік
шоттарындағы
ақша қаражаттарының
үлесі мен көлемі
әлдеқайда көбейген. Олардың үлесі 1,5% (немесе 5,9 млрд. теңге)
құраған, ол өткен жылғы көрсеткіштерге
қарағанда 5,3% жоғары.
Айта кету керек, Халық Банкінің төмендегі
сыртқыэкономикалық
операциялары бойынша ақша қаражаттарының көлемі
айтарлықтай төмендеген:
- көлемі 8,2 млрд.
теңге (немесе 2,1%) болатын ЭЫДБ-ге мүше елдердің банктеріндегі
корреспонденттік шоттар 52%-ға.
- көлемі 2,8 млрд.
теңге (немесе 0,7%) болатын
ЭЫДБ-ге мүше емес
елдердің банктеріндегі
қысқа мерзімді салымдар 48% -ға.
Ал 2011 жылдың 1
қазанындағы көрсеткіштер бойынша, банктің
сыртқыэкономикалық ақшалай қатынастарында
көшбасшылық позицияны ЭЫДБ-ге мүше елдердің
банктеріндегі қысқа мерзімді салымдары иеленеді. Олардың
үлестік салмағы 53,6% (немесе 277,2 млрд. теңге)құрап отыр. Екінші орында ЭЫДБ-ге мүше елдердің
банктеріндегі «овернайт» салымдары
тұр. Оның үлесі 13,3% (немесе 69 млрд. теңгеден
жоғары) көрсетіп отыр. Халық
Банктің сыртқыэкономикалық
ақшалай қатынастарының үшінші орнында ЭЫДБ-ге мүше елдердің банктеріндегі
корреспонденттік шоттар орналасып отыр. Оның көлемі 7,2% (немесе 55,4 млрд. теңге)
құраған. Ал, 2011 жылдың 1 қазанындағы көрсеткіштер
бойынша, ЭЫДБ-ге мүше емес
елдердің банктеріндегі қысқа мерзімді салымдардың көлемі
0,7% (немесе 3,7 млрд. теңге) көрсетіп отыр.
Келесі диаграммада Қазақстан Халық Банкінің сыртқы
экономикалық ақша қатынастарының құрылымы мен серпіні
көрсетілген (1-сурет).
Сурет 1. «Қазақстан
Халық Банкі» АҚ-ның сыртқы экономикалық ақша
қатынастарының құрылымы мен серпіні, млрд.теңге
Кесте 3
«Қазақстан
Халық Банкі» АҚ-ның кредиттік мекемелерден тартқан
құралдарының
құрамы мен
оның серпіні
Млн. теңге
Кредиттік мекемелер құралдары |
2008 |
2009 |
Ауытқуы 2009/2008, % |
2010 |
Ауытқуы 2010/2009, % |
01.10.2011 |
||||
Көлемі |
Үлесі, % |
Көлемі |
Үлесі, % |
Көлемі |
Үлесі, % |
Көлемі |
Үлесі, % |
|||
Қазақстандық
банктердің займдары мен салымдары |
96,391 |
33,3 |
90,134 |
52,2 |
-6,5 |
52,159 |
73,0 |
-42,1 |
47,742 |
77,7 |
ЭЫДБ-ге мүше елдер
банктерінің займдары мен салымдары |
191,337 |
66,1 |
27,292 |
15,8 |
- 7 есе |
16,422 |
23,0 |
-40,0 |
10,430 |
17,0 |
Басқа да қаржы
мекемелерінің займдары |
0,184 |
0,00 |
1,933 |
1,1 |
11 есе |
1,412 |
2,0 |
-27,0 |
1,218 |
2,0 |
Корреспонденттік шоттар |
1,367 |
0,5 |
40,082 |
23,2 |
29,3 |
1,185 |
1,7 |
-97,0 |
1,604 |
2,6 |
ЭЫДБ-ге мүше емес елдер
банктерінің займдары мен салымдары |
0,329 |
0,1 |
0,340 |
0,2 |
3,3 |
0,225 |
0,3 |
-34,0 |
0,440 |
0,7 |
«Даму»
Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның займдары |
- |
- |
11,925 |
6,9 |
100,0 |
- |
- |
- |
- |
- |
«Овернайт» салымдары |
- |
- |
1,000 |
0,6 |
100,0 |
- |
- |
- |
- |
- |
Жиыны: |
289,608 |
100,0 |
172,706 |
100,0 |
-40,4 |
71,403 |
100,0 |
-59,0 |
61,434 |
100,0 |
Е С К Е
Р Т У – кесте [1-4]
мәліметтер негізінде автормен
құрастырылған |
Ал
енді, 3- кестеде көрсетілген мәліметтер негізінде «Қазақстан Халық Банкі»
АҚ-ның займдар мен
салымдарды тарту қызметі саласындағы сыртқы
экономикалық қызметіне талдау жасайық. 3-кестеден көріп
отырғанымыздай , 2008 жылғы
банктің тартқан займдары мен салымдары құрылымында 66,1% (немесе 191,3 млрд. теңге)
құрап, ең көп үлеске ие
болған ЭЫДБ-ге
мүше елдердің банктеріндегі
займдары мен салымдары болып табылады.
Сырттан тартылған құралдардың
ішінде қазақстандық банктердің займдары мен
салымдары екінші орынды алып отыр.
Олардың жалпы үлесі 33,3% (немесе 96,3 млрд. теңге) құрайды .
2008
жылы ЭЫДБ-ге мүше емес елдердің банктеріндегі займдары мен салымдары 0,1% (немесе 329 млн. теңге)
құраған.
2009
жылы әлемдік қаржылық дағдарыс салдарынан
банктің
жұмылдырған
займдары мен салымдарының құрылымында
жағдай қазақстандық
банктердің займдары мен
салымдары үлесінің жоғарылауына әкеліп соқтырды. Оның үлестік
салмағы 52,2% (немесе 90,1 млрд. теңге)
құраған, бұл өткен жылмен
салыстырғанда 6,5%-ға
төмен.
Сонымен қатар,
осы жылы ЭЫДБ-ге мүше елдердің
банктеріндегі займдары мен салымдары 27,2
млрд. теңгені (немесе банктің басқа да кредиттік мекемелерден жұмылдырған
құралдарының 15,8%-ы) қалыптастырған, ол 2008
жылығы көрсеткіштерге қарағанда 7 есеге төмендеген.
Айта кету қажет, 2009 жылы ЭЫДБ-ге мүше емес елдердің банктеріндегі
займдары мен салымдары 340 млн. теңгені (немесе 0,2%)құраған,яғни
өсімі 3,3%-ға жеткен.
2010
жылы кредиттік мекемелердің
сырттан тартқан құралдарының
құрылымында бірінші орынды қазақстандық
банктердің займдары мен салымдары иеленеді. Олардың жалпы
көлемі 52,1 млрд. теңгені (немесе
73%) құраған. Көрсеткіш үлесінің
айтарлықтай жоғарылағанына қарамастан,
оның деңгейі өткен
жылмен салыстырғанда 42% төмендегені байқалады.
Бір ескере кетететін жай, 2010 жылы
Халық Банкінің басқа кредиттік мекемелерден
тартқан барлық құралдарының құрылымы айтарлықтай төмендеген.
Осылайша, 2010 жылы ЭЫДБ-ге мүше елдердің банктеріндегі займдары мен салымдарының
көлемі 40% төмендеп, 16,4 млрд. теңгені құраса (немесе 0,4%), ал ЭЫДБ-ге мүше емес елдердің банктеріндегі
займдары мен салымдарының көлемі 34% төмендеп, 225 млн.
теңгені (немесе 0,3%)
қалыптастырған.
2-ші суретте соңғы үш жыл
ішінде Халық Банкінің басқа
кредиттік мекемелерден тартқан құралдарының
құрылымы көрсетілген.
Сурет 2. «Қазақстан Халық Банкі»
АҚ-ның несиелік
мекемелерден тартқан
құралдарының
құрылымы, %
Бұл
факт, негізінен, Қазақстан мен шетелдердің банктік несиелеу саласындағы қолданылып
жүрген қатаң
мемлекеттік бақылау салдарынан туындаған.
2011
жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Халық Банкінің басқа кредиттік
мекемелерден тартқан барлық құралдарының
құрылымында, ЭЫДБ-ге
мүше елдердің банктеріндегі
займдары мен салымдарының көлемі 17% (немесе 10,4 млрд. теңге) болса, ал ЭЫДБ-ге мүше емес елдердің банктеріндегі займдары мен салымдарының көлемі
0,7% (немесе 440 млн. тенге)
құраған.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1. АО
«Народный Банк Казахстана». Отчет незавимых аудиторов на 31 декабря 2008
года // http//www.kase.kz
2. АО
«Народный Банк Казахстана». Отчет незавимых аудиторов на 31 декабря 2009 года //
http//www.kase.kz
3. АО «Народный
Банк Казахстана». Отчет незавимых аудиторов на 31 декабря 2010 года //
http//www.kase.kz
4. АО «Народный
Банк Казахстана». Сокращенная промежуточная консолидированная финансовая
информация (не аудировано) за девять
месяцев, закончившихся 30 сентября 2011 г. // http//www.kase.kz