Аманжолова А.А.
КазГЮУ, Казахстан
Жаһандық
өзгерістер және әлеуметтік басқарудың жаңа
талаптары
ХХ ғасырдың соңында адамзат өз
дамуында сапалық жаңа кезеңге аяқ басты. Рим
клубының негізін қалаушысы және алғашқы
президенті Аурелио Печчейдің бекітуі бойынша адам кез-келген
мәселені шешуде әрқашанда планетаның «сыртқы
шектері» және өзінен кейінгілерге қалдыруға міндетті
болатын адамның өзінің «ішкі шектері» әлемдік
қоғамдастықпен, кез-келген бағамен
қорғауға міндетті экоортамен және сондай-ақ
күрделі және кешенді өндірістік жүйемен санасуға
тура келеді.
ХХІ ғасырда адам әрекет етуге тура келетін
объективті шарттар ойлаудың, жүріс-тұрыстың жаңа
формаларын және адамдардың серіктестігін алға қояды.
«Ядролық қаруды жасау, қолдану және оның
қорын талпыныспен ұлғайту, адамзатты өзін-өзі
құрытудың шегіне қойды, және ақыл-ой болып
жатқан жайттарға бақылауды жоғалтқанда не
болатынының көрінісінің мысалына айналды». Сондай-ақ
біздің цивилизацияға одан да күшті екпінмен төнуші
қауіптер пайда болды.
Ерекше алаңдатарлық тенденциялардың
бастылары болып саналатындарға:
а) табиғи ортада болып жатқан
планетарлық өзгерістер (биологиялық алуан
түрліліктің тез қысқаруы, «парник эффектісінің»
өсуі және оның салдарынан болып жатқан климаттың
өзгеруі, озон қабатының жұқаруы, ормандар мен
топырақтар алқабының қысқаруы, адамдар
әрекетінің токсиндік қалдықтарынан
топырақтың, судың және атмосфераның
ластануының өсуі);
ә) жылдам өсуші дифференциация, ол
түрлі елдер арасында, сондай-ақ жеке елдер ішінде болуда. Ол
ресурстар үшін күреспен бірге ағымдық локальдық
қақтығыстарға әкеліп, жаһандық
теңселістердің жоғары қатерін төндіреді;
б) планетаның ресурстық
мүмкіндіктерінің азайып отыруында Жер халқының
санының тез өсуі;
в) қайта қалпына келмейтін табиғи
ресурстарды шығындаудағы сарқу тәртібі, келешек адам
ұрпағының мүдделеріне әрекет етушілер ісін
елемеу.
Тұлға мен қоғам арасындағы
қарама-қайшылық күшейді және әлемдегі
ырғақтың бұзылуының түпкі
себептерінің бірі – қазіргі таңда ұлғаю
үшін үлкен мүмкіндікке ие болып отырған
әлеуметтік жарылыстар мен қақтығыстар.
Әлемнің алдында тұрған бұл ауқымды
мәселенің шешімі көбінесе әлеуметтік даму
қарқыны мен оның құндылық бағыттары,
рухани қағидаларына байланысты. Бұл
қарама-қайшылықтың тереңдеуі
тұлғаның деградациясына, адамдағы апатия мен
қайғырудың күшеюіне, рухани әлемде жасанды
құндылықтардың нығаюына әкеледі.
Соңында, олар әлеуметтік жүріс-тұрыстың, әскери
қақтығыстар пайда болуының, ұлтаралық
бөліну, терроризм т. б. себебіне айналды.
Адамзат тек экономикалық, экологиялық
қақтығыстар мен кедейліктің, аурудың
өсуімен, генофондағы бұзылыспен көрінуші
жаһандық мәселелер үшін ғана емес,
сондай-ақ техногендік жарылыстар мен қақтығыстар
санының өсіп отырғаны үшін де алаңдауда. Жыл
сайын Жер шарында әскери және әскери емес сипаттағы
жүздеген төтенше жағдайлар болады.
Қазіргі әлемде жаһандық
қарама-қайшылықтардың бірі - әлеуметтік
прогрестің қарқынының ғылыми-техникалықтан
біршама артта қалуы болып отыр. Ғылым мен техника саласындағы
жетістіктер қалыптандырылған әлеуметтік кеңістік,
жабдықталған әлеуметтік үй құрылысы
үшін жағымды мүмкіндіктер жасайды. Заманауи техникалық
құралдар, гендік инженерия әдістері, медицина жетістіктері адамзатты
аурудан арылтуға, аш адамды тамақтандыруға,
шығармашылық дарындыларды қанағаттандыруға
қабілетті. Бұл бір жағынан, адамның
табиғатқа билігінің шексіз болашақ мүмкіндігін
ашады, әсіресе әлеуметтік жағынан; екінші жағынан,
адамзаттың Жер бетіндегі өмір алдындағы
жауапкершілігінің өсуін, өзекті әлеуметтік
мәселелерді шешудің қажеттілігін, ғылыми
технологияларды, әлеуметтік процестерді басқарудың заманауи
әдістерін икемді қолданудың қажеттіліктерін
дәлелдейді. Өкіншішке орай, мұндай жауапты және
өлшемді шешімдердің технологиялары әлі жетілдірілмеген. Ал
егер олар ғылыммен ұсынылған болса, әлі практикадан
өткен жоқ. Жалпы алғанда әлеуметтік және
экологиялық кеңістік бүгінгі таңда динамизм шегімен,
ауыртпалықпен сипатталады. Көптеген ғалымдар мұндай бағалауды
жеткіліксіз деп санайды және «төтенше жағдай» түсінігін
қазіргі жағдайға тән деп есептейді.
Адамзат ойлауы тарихында ғылымның нақты
дәлелдеулеріне қарамастан, қазірге дейін түсініксіз
болып отырған жедел әлеуметтік (мәдени) революция туралы
идеялар болып қала бермек. Ол, адам өз дамуында Жер бетіндегі
басқа тірі организмдерден жоғары көтеріліп, оның
адамзат тұқымы мен оны қоршаған биосфераны
сақтауға жауапкершілігінің өсуі қажеттілігімен
бірге басталған. Бұл революцияның мәнісін ХХ
ғасырдың басында-ақ дәлелдеген В.И.Вернадский
қалыптастырды: «Ғасырлар бойында биосфера жаңа
эволюциялық жағдайды бастан кешуі бір рет қана болған
жоқ. Онда бұрын болмаған геологиялық көріністер
пайда болды. Оны біз қазір де, соңғы 10-20 мың жылда
адам әлеуметтік ортада ғылыми ойды жетілдіріп, биосферада, онда
болмаған жаңа геологиялық күшті жасауда бастан кешіріп
отырмыз». Жаһандану заманында «ұлттық рухты көтеру
қажет пе, қажет емес пе? - деген мәселе айтылуда. Бұл
адамға ауа немесе тамақ қажет пе? - дегенмен тең. Рухы
биік халқымызды Кеңес үкіметінің саясаты басып тастады.
Халқымыздың мәдениеті, діні мен дәстүрі,
өзіндік ғылымы, әдебиеті мен өнері жоққа
шығарылды. Міне осылайша қазақ халқының рухы
біраз уақыт тұншықты. Ұлт өзінің
ұлылығын сақтап қалу үшін-рухтың биіктігі,
мықтылығы қажет. Бүгінгі күнде осы мәселе
«ұлттық рух» деген көп айтылып жүр. Ұлттық
рух - ұлтын сүюден басталмай ма?! Ұлтын сүюді біз
бесіктен белі шыққан баладан бастап үйретуіміз қажет.
Дәл бүгінгі күні қазақ баласын «қазақ
балабақшасы» өз құшағына сыйдыра алмай отыр.
Сондықтан сіздің сәбиіңізді тәрбиелейтін
үйдегі бірден-бір тәрбие құралы теледидар.
Күні-түні теледидар алдында отырған балаңыз сол
«кереметтен» өзіне пайдалы не алады екен? Американың кобвойларын,
Жапония самурайларын танымайтын бала жоқ, ал қазақ
ертегілерінде Алпамыстың кім екенін қазақ балалары біле
бермейді. Міне, біз ұлттық құндылықтарымызды
осылай жоғалтудамыз. Ұлттық идеология, ұлттық
рух, ұлттық мүдде дегенді алға тартуымыз керек.
Бірақ ескеретін бір жайт еліміздің көп ұлтты екенін
еске ала отырып, жастарға тым биік тұрған Рух тәрбиесін
бірден ұсыну да қауіпті, одан кейбір жастар үркуі де
мүмкін. Рух биік нәрсе, оған жеткенге дейін тұрмыста
тәрбиелік мәні мол толып жатқан із, соқпақтар
баршылық, демек жастарға ең алдымен қажетті-тән
тәрбиесі. Ұяты кеткен қыз баланы ендігі жерде басқарып
көр. Жыныстық тәрбиеде демократияға мөлшер
қажет. Демократия жеке адамға емес, қоғамға,
оның қатынастарына, отбасына, ұл, қыз молынан
енгізудің зардабы көп болмақ. Ата-ана баласына билігі -
табиғи жағдай, оны қиратудың еш қажеті жоқ,
әсіресе ғасырлар бойы сұрыпталып, ол дәстүрге
айналған. Бұл істе америкалық тұрмыс салтын мен
құптай алмаймын, оның өзге обьективті негізі бар,
америкалық қауым дәстүрден бастау алмай, заңнан,
заңдылықтан бастау алып, демократиялық үрдістерді іліп
алып әкетті, ал ағылшын, неміс, жапон, т. б. өркениетті
халықтар дәстүрден бастап, заңдылыққа, одан
демократияға көшті де, өздерінің ұлттық
мазмұнын сақтап қалды.
Бүгінде
жаһандану деп жүргеніміз
әлемдік кеңістіктегі, мәдениеттегі, тұрмыстағы,
экономикадағы, т. б. америкалық
вектор. Америкалық не нәрсе болсын заң арқылы
шешуге даяр тұрады. Бұл жақсы да, жаман қылық.
Сәл нәрсе болса болды сотқа жүгіну адамның
айлакерлігіне, екіжүзділігіне өріс беретін тәсіл, себебі
сотта адамшылық құндылықтар ысырап қалуы
ықтимал. Дәстүр негізінен, аталы сөзге тоқталу
барысында, ақыл-кеңес тыңдау ісінде, ата-ананы
құрметтеу, үлкендерді сыйлау өрісінде санасыз істер
өзінің табиғи шешімін тапқан. Жапондар шет елде білім
алатын жастарын ең алдымен өз ұлтының
дәтүрімен шыңдайды. Содан кейін шет елде ел қамын ойлап
білім алып келген жатарын қайтадан жапон болуға тәрбиелейді
екен. Бізде «Болашақ» бағдарламасымен білім алып
қайтқан жастарға осы жапондық тәсілді
қолдансақ қайтер еді .
Жастар – құмарлық иесі,
ол - даналық
көрінісі дедік, құмарлықтың түрлерін атап
өтейін: байлыққа, билікке, атақ-даңққа,
ерлікке, ғылымға, нәпсіқұмарлық, ізгілікке
құмарлық, жастарға қандай қасиеттер
тән десек, олар арманшыл, үмітшіл, олардың достары көп,
қайғысы жоқ, жастар өмірді ғашық
көзімен сезіне білетін, өзіне де өзгеге де ынтық,
елдің құты, сонымен жастар өркениет өлшемі. Ел
жастарына қарап, ел болашағы туралы сөз айтылмақ.
Болашаққа
көрегендік жасап, оның дәлме-дәл бейнесін ешкім де
айтып бермек емес, мәселе жол,
жөн көрсетуде. Осы тұрғыдан алғанда 2030 жылдағы
«орда бұзар» жас ұрпақ қандай болмақ дегенде,
өзімізден алыстатып, сөз айтудың қажеті шамалы. Ол
ұрпақ үй-үйімізде, өз арамызда, осы
қоғамда өсіп-өніп жатыр. Бұл негізінен
бүгінгі дүниеге келгендер - алдымыздағы
әлпештеп жүрген ұл мен қыз балаларымыз .
Түйіні
Аталмыш мақаладағы өзекті мәселе
тұрғысынан жаһандану -
деп, бүгінгі адамзат тек экономикалық, экологиялық
қақтығыстар мен кедейліктің, аурудың
өсуімен, генофондағы бұзылыспен көрінуші
жаһандық мәселелер үшін ғана емес,
сондай-ақ техногендік жарылыстар мен қақтығыстар
санының өсіп отырғаны үшін де алаңдауда. Жыл
сайын Жер шарында әскери және әскери емес сипаттағы
жүздеген төтенше жағдайлар, алдымыздағы әлпештеп
отырған ұл мен қыз мәселесі.
Резюме
Данная
статья посвящена актуальным проблемам человечества, которые порождает процесс
глобализации - проблемам экономики, экологии, проявляющимся в возрастании
уровня бедности, в увеличении количества болезней, нарушении генофонда
человека.
Автор в
своей статье рассматривает также проблемы техногенного характера, которые
приводят к возникновению чрезвычайных ситуаций на земле.
Resume
This article is devoted to actual problems of humanity which are generated by
globalization process - to problems of economy, to the ecology, being shown in
growth of level of poverty, in increase the quantity of diseases, violation of
a genofund of the person.
Author reviews also the problems of man made, which are leading to
emergency situations on the ground.