Х.С.Какибаева
Абай
атындағы ҚазҰПУ, Қазақстан
Бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда «Математиканың бастауыш курсының негіздері»
пәнінен берілетін білім мазмұны
Қазақстан
Республикасының «Білім туралы»
заңында «Білім беру
жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы
азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және
кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті
жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу,
білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан
әрі дамыту міндеттері көзделеді.
Білім алу, шеберлікке, іс-әрекет
дағдыларына үйрету мен меңгеру барысы және адамды
өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі
құралы – оқыту. Оқыту барысының нәтижесінде
білім беру мен тәрбие мақсаттары жүзеге асырылады.
Түрлі оқу орындарындағы оқыту – білім берудің
басты жолы, сол сияқты оқу отбасында, ондірісте, жұмыста т.б.
күнделікті адамның тіршілік және қызмет
барысындағы жағдайларды іске асып отырады.
Оқытудың
мазмұны мен сипаты қоғамның материалдық
және мәдени даму дәрежесіне сай белгіленеді.
Оқудың мақсаты мен мазмұны, оны
ұйымдастырудың түрлері мен әдістері адамзат
қоғамының даму кезеңдеріндегі
қоғамдық қатынастар негізінде, жалпы білімге,
адамдардың даярлығы негізінде қойылатын талаптардың
сипатына және оқыту жөніндегі педагогикалық
идеяларға сай өзгеріп отырады.
Білім беру
саласындағы болып жатқан өзгерістер соңғы жылдары
педагогикалық білім алатын болашақ мамандарға, олардың
кәсіби дайындықтарына елеулі талаптар қоюда. Әсіресе,
бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауға қойылатын
талаптар күрделі де сан-салалы болып отыр. Себебі бастауыш сынып
мұғалімі – жас ұрпақ бойына ең
алғашқы білім негіздерін сіңіретін, олардың
дағдылары мен машықтарын дұрыс бағытта
қалыптасуын қамтамасыз ететін, ізгілікті және
отаншылдық қасиеттерге баулитын
тұлға.
Мемлекеттік
білім стандартында бастауыш сынып мұғалімдеріне кәсіби
жан-жақты теориялық және практикалық білім мен
дағдыларды, әлеуметтік және гуманитарлық пәндер
негіздері өнерпаздық қабілеттерді, оқыту мен
ақпараттық технологияларды пайдалану дағдыларын, іскерлік
машықтарын жан-жақты меңгерту көзделген.
«Математиканың
бастауыш курсының негіздері» пәні болашақ
мұғалімдерге математиканы табысты оқытып-үйретуге,
оқушыларды бастауыш математика курсы ұғымдарының
негізгі мектепте қолданылу мүмкіндіктерін көре білуге
қажет болатын даярлықты қамтамасыз етеді.
«Математиканың
бастауыш курсының негіздері» пәні бастауыш сыныптар
мұғалімдерінің кәсіби даярлығы жүйесіндегі
арнаулы пән ретінде өткен ғысырдың ХХ-сыншы жылдары
жоғары мектеп жұмысын ұйымдастырудың
бірыңғай мемлекеттік принциптері анықталған кезде
қалыптаса бастады.
Бастауыш
сынып мұғалімдеріне кәсіби теориялық білім педагогика,
психология, әдістеме ғылымдарын оқытумен бірге бастауыш
сыныптардағы негізгі пәндер – қазақ (орыс) тілі,
математика, ана тілі, бейнелеу өнері, дүние тану, музыка т.б.
ғылымдардың негіздерін меңгерту арқылы да белгілі.
Осы
тұрғыда бастауыш сыныпта берілетін математикалық білім мазмұны
мен оқушылардың дайындықтарының міндетті
деңгейіне қойылатын талаптар басты назарға алынады.
Мектептің бастауыш сатысында берілетін математикалық білім
мазмұны қарапайым математикалық түсініктерді
қалыптастыру, сандар нумерациясы, алгебра элементтері, геометрия
элементтері, шамалар және оның өлшем бірліктері деп аталатын
бөлімдерден тұрады.
Әрбір
мұғалім математика пәнінде оқушыларды терең ойлай
білуге, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытып,
өз бетінше жұмыс жасай білуге үйрету мақсатын
қояды. Бұл мақсатты
орындау, яғни оқушылардың білім, білік, дағдысын,
өзіндік танымын қалыптастыру – нақты
ұйымдастырылған кезеңдер арқылы жүзеге асырылатын
күрделі үрдіс. Жалпыға міндетті орта білім стандарттарында (жалпы бастауыш білім) білім объектісі
ретінде – білім мазмұны алынған болса, өркениетті
елдердің тәжірибесінде білім объектісі ретінде - оқыту нәтижесі алынған. Осыған орай білім
мазмұнын жаңарту мен оқытудың инновациялық
әдістерін өндіру бүгінгі күннің талабы болып отыр.
Білім сапасы
оның төрт сипатын (білім – құндылық, білім -
жүйе, білім – процесс, білім – нәтиже) біртұтас
қарастыра отырып, олардың ішінде білімнің
құндылық ретіндегі және білімнің нәтиже
ретіндегі сипатына мән берумен тікелей байланысты.
«Математика»
білім саласы бойынша күтілетін нәтижелер білім
мазмұнының жетекші компоненттері және білім, түсіну,
қолдану, жоғарғы сипаттағы біліктер деп аталатын
категориялар арқылы бейнелеген оқу материалдарын меңгеру
деңгейлерін ескере отырып анықталады. Мұнда басты есте
болатын нәрсе – оқушылардың математикалық мәдениетін
көтеру, математиканы оқып- үйренуге ынталандыру, нақты
дағдыларды бекіту.
БОПӘ
мамандығы бойынша оқылатын «Математиканың бастауыш
курсының негіздері» пәнінің
білім мазмұнын қысқаша кесте түрінде
көрсетейік:
№ |
Тараудың
аты |
Берілетін
теориялық білім мазмұны |
1 |
Жалпы ұғымдар |
Жиын
ұғымы, жиындардың берілу тәсілдері, Эйлер
дөңгелектері, жиындарға қолданылатын амалдар |
2 |
Теріс емес
бүтін сандар жиыны |
Натурал
сан нөл ұғымдары.
Теріс емес бүтін сандар мен оларға қолданылатын амалдар,
қасиеттері. |
3 |
Есеп
және оны шығару |
Жай
және құрама есептер. Есепті шешу тәсілдері мен
әдістері. |
4 |
Алгебра
элементтері |
Өрнектер
(санды және құрамында әрпі бар өрнектер),
теңдік, санды теңдік және санды теңсіздік,
теңдеу және оны шешу тәсілдері, теңдеулер
жүйесі, теңсіздіктер жүйесі. |
5 |
Геометрия
элементтері |
Қарапайым
геометриялық фигуралар, олардың қасиеттері. Қарапайым
геометриялық салу есептері. Геометриялық мазмұнды есептерді
шығару. Көпжақтар туралы Эйлер теоремасы.
Көпжақ және оның түрлері. Геометриялық
фигуралардың ауданы мен көлемін есептеу. |
6 |
Шамалар
және оларды өлшеу |
Шамалар
(ұзындық, масса, сыйымдылық, уақыт, жылдамдық,
баға) және өлшем бірліктері, олардың арасындағы
байланыс, шамаларға қолданылатын арифметикалық амалдар. |
Қазіргі
кезде білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер
түрлі ынталы бастамалар мен түрлендірулерге кеңінен жол
ашуда. Осы қарастырылған мәселелер реті болашақ
бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушылардың
математикалық білімін тереңдете және кеңейте
түсуімен байланысты шығармашылық ізденісін қамтамасыз
етеді. Кіші жастағы оқушыларға математиканы
оқытудың әдістемелік жүйесінің өзіндік
ерекшеліктерін сипаттайтын әдістемелік ережелер, сондай-ақ
оқытуға тұлғалық-іскерлік және
дамытушылық тұрғыдан қарау әдістемелік құрал
мазмұнын құрайды.
Әдебиеттер:
1.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы – Алматы,
1999.
2.
Типтік оқу бағдарламасы. Математиканың бастауыш
курсының негіздері. – Алматы, 2006.
3.
Т.Қ.Оспанов, О.В.Кочеткова, Ж.Қ.Астамбаева. Жаңа буын
бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі.
1-4сыныптар.– Алматы: Атамұра, 2005.