Түркі жазба ескерткіштеріндегі фольклорлық элементтер

 

Көне жырлардағы поэтикалық тектестік, көркемдік жалғастық белгілерін сол кезеңнен кез – келген жәдігерінен табылады. Бұл, әсіресе, ежелгі дәуірдегі әдеби ескерткіштері қатарында айшықтана, шоқтықтана көрінетін ерекше туындылар: Тәңірлік дәуір әдебиетіндегі  Сақтардың қаһармандық дастандары – «Алып ер тоңға», «Шу» дастандарында, Ғұндардың батырлық жырлары – «Оғыз-қаған», «Аттила», «Көк бөрі», «Ергенекон» дастандарында, Түркі жазба жәдігерліктері  «Тонынкөк» пен «Күлтегін» жырлары, «Қорқыт ата кітабы»,  Ислам дәуірі әдебиетіндегі - Әбу Насыр әл-Фараби туындылары, тағы сондай-ақ  Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі», Махмұд Қашқаридың «Түркі тілдері жинағында», Ахмед Иүгінекидің «Ақиқат сыйы», Ахмет Яссауидің «Даналық кітабы», Алтын орда дәуірі әдебиетіндегі Сайф Сараи «Гүлістан бит-түрки», Хорезми «Махаббат-наме», Құтб «Хұсрау-Шырын», Дүрбек «Жүсіп-Зылиха» дастандарында,  Тарихи шежіре және көркемдік дәстүр әдебиетіндегі Әбілғазы Баһадурхан «Шежіре–и түрік», Қадырғали Жалаири «Жами – ат тауарих», Захириддин Мұхаммед Бабыр «Бабыр-наме», Мұхамед Хайдар Дулати «Тарихи – и Рашиди» атты еңбектерінде айқын аңдалады. Алайда «ежелгі түріктердің тарихнамасы» саналатын руналық жазудағы ерлік дастандары бір күнде ғайыптан пайда бола салған жоқ. Басқаа айсақ, Түрік қағанатының әскери қолбасшысы Күлтегін батыр мен Білге қағанның  кеңесшісі  Тоныкөкке арнаған ғажайып жыр – дастандары жазуға үлгі -өнеге, модаль-форма болған қаһармандық дастандар болды ма деген орынды сауал туады. Әрине, болды.

Ежелгі түркілердің арғы ата – тегі саналатын сақтар мен ғұндар дәуірінің қаһармандық дастандарындағы мазмұн, форма, стиль бірлігі жайында ұқсастық сарындары. Түрк қағанаты құрылуынан сан ғасырлар бұрын, тіпті біздің жыл санауымызға дейінгі сақтар мен ғұндар  дәуірінде өмірге келген еді. Олар: Алып Ер Тоңға, Шу батыр, Аттила, Оғыз қаған, Көк бөрі  және Ергенекөн дастандары. Алайда бұлар соңғы кезге дейін қазақ әдебиетінің қалыптасу процесі тұрғысынан  зерттелмей келген еді. Бұл дастандарды біз тұңғыш рет қазақ әдебиетіндегі көркемдік дәстүр жалғастығы аспектісінде қарастырып отырамыз. Сақтар мен ғұндар дәуірінің ауыз әдебиеті үлгілері саналатын осы дастандар бізге толық күйінде емес, жеке-жеке үзінділер түрінде ғана жеткен. Ал, кейбіреулерінің жалпы сюжеттік желісі ғана сақталған. Басқа да түркі тектес халықтар сияқты қазақ елі сонау қадым замандардан бізге жеткен осы асыл қазыналардың-байырғы батырлық эпостардың заңды мұрагері болып саналады. Бұл туралы академик Ә.Марғұлан: Қазақ халқына көп ғасырдан бері мұра болып келе жатқан ғажайып аңыздарды, мазмұны ертегіге айналған мифтерді,жан күйін көкке сермейтін асқақ ерлік жырларын,қария сөздерін тереңнен алып қарасақ,онда бүкіл дүние мәдениетіне қосылатын бір үлкен сәулетті сыр бар екні көрінеді. Бұл жойқын шығамалардың ту баста келіп шығуының өзі бір –жақын дүние. Оны ең алғаш келістіре шығарған елдер ерлік дәуірін басынан кешірген, қазақтың байтақ сахарасын қоныстанған сақтар,ғұндар, үйсіндер, қаңлылар,олардың соңынан ала қарыштаған ұрпақтары-оғыздар, қыпшақтар, қарлұқтар, наймандар, керейлер, пешенелер, хазаналар –дейді.                     

Ежелгі сақтар мен ғұндар дәуірінің аңызға айналған тарихынан елес беретін бұл қаһармандық дастандары мен қазақтың батырлық жырлары арасындағы байланыс белгілері көркемдік дәстүр жалғастығы тұрғысынан арнайы зерттеу объектісі болмай келген еді. Сол себепті біз Алып Ер Тоңға , Шу батыр,  Аттила, Көк бөрі және Ергенекөн дастандарының қысқа-қысқа үзінділерін, жекелеген фрагменттерін, жеке - жеке күйінде жеткен сюжет элементтерін жинақтап, белгілі бір ғылыми жүйеге келтіруге өз мүмкіндігімізше әрекет жасадық. Сондай-ақ сақтар мен ғұндар дәуірінің жоғарыда аталған ауыз әдебиеті үлгілері мен қазақтың батырлық жырлар арасындағы мазмұн, форма, стиль бірлігінің ұқсастығын байқағандаймыз.

Біз Орхон жазба жәдігерліктері мен қазақтың батырлық жырлары арасындағы сабақтастық мәселесі алпысыншы жылдары белгілі бір дәрежеде зерттеу объектісі болғанын ескердік. Соның өзінде бұл проблеманы түркология ғылымының қазіргі жетістіктер тұрғысынан қайта қарап шығуды жөн көрдік. Сондай-ақ  Күлтегін және Тоныкөк жырларының қазақ жыраулары арасындағы шешендік-даналық ойлардың қалыптасуында атқарған ролі көркемдік дәстүр жалғастығы тұрғысынан кешенді түрде арнайы зерттелмегенін ескердік.

Сақтар дәуірінің аса құнды әдеби жәдігерліктерінің бірі –Алып Ер Тоңға дастаны.Бүгінгі күнге дейін Алып Ер Тоңға дастанының жалпы сюжеті мен жекелеген үзінділері ғана жеткен. Әйтсе де сол үзінді түрінде сақталып келген жыр жолдарының өзінен – ақ бұл дастанның сюжеттік желісін, басты идеясын, көркемдік дәрежесін аңғару қиын емес. Дастанның басты қаһарманы –Алып Ер Тоңға. Алып Ер Тоңға – аты аңызға айналған тарихи тұлға. Ол біздің                 заманымыздан бұрынғы ғасырда өмір сүген. Алып Ер Тоңға – Тұран елінің биилеушісі, сақтар әскерінің қолбасшысы, ержүрек батыры. Дастанда оны елдің көреген көсемі ретінде де бейнелейді.

Тұран әскері қолбасшының атына қосылып айтылатын  алып сөзі ол заманда  күшті, батыр, қаһарман, ержүрек деген мағынаны білдірген. Алып- сақтар мен ғұндар заманынан бері ел қорғаған батырлардың, қолбасшы ерлердің атына қосылып айтылып келе жатқан мәртебелі есім. Түрік қағанаты тұсында бұл сөз әскери титул мағынасында да қолданылған. Ежелгі түркі халықтары өз батырларының атына алып сөзін қосып айтып отырған. Мәселен: Алып Тегін, Алып Арслан, Алып Бамыс (Алпамыс), Көк Алып сияқты қол бастаған батырлар болғаны мәлім. Алып Ер Тоңғаны парсырлар Афрасиаб деп те атаған.

Бұл дастандағы батырдың есіміне қосып отырған ер сөзі ежелден-ақ  батыр, қаһарман, жаужүрек деген ұғымдарды білдіретінін аңғару қиын емес.сақтар дәуірінің осы дәстүрі сан ғасырлар бойы сақталғаны, бертін келе қазақтар да өз батырларына ер сөзін қосып айтқаны жақсы мәлім.

Өзінің идеялық мазмұны мен көркемдік дәрежесі жағынан «Алып Ер Тоңға» дастанынан кейінгі аса маңызды туынды «Шу» дастаны екенін түрік ғалымы кейін түрік ғалымы С.Қараәлиоғлы еркше атап көрсетеді

Көне тарихтың куәсіндей болып, бізге жеткен рухани мұралардың бірі, ежелгі түркі поэзиясын қазақ фольклорымен ғасырлар бойы үзілмей ұласып келе жатқан көркемдік дәстүр жалғастығы тұрғысынан зерттеу қажет.

Сан ғасырлық тарихы бар қазақ ауыз әдебиеті мен ежелгі жазба әдебиетінің түп-төркінін, қайнар бастауларын объективті түрде алып қарастыру, яғни көркемдік дәстүр жалғастығы заңдылықтары арқылы танып-білу болып табылады. Өйткені тарихи жалғастықтың өзі қоғамда бұрыннан қалыптасқан белгілі бір дәстүрге негізделеді.

Дәстүр дегеніміз – бір ұрпақтан келесі ұрпаққа ұдайы ауысып отыратын тарихи тұрғыдан қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен принциптер. Мұның өзі көркемдік дәстүр жалғастығына, идеясына, сюжетіне, бейнелеу құралдарына, композициясына, тіліне қатысты болып келеді.

Міне, сол себепті біз ежелгі түркі поэзиясымен қазақтың өзіндік төл әдебиеті арасындағы сан ғасырлар бойы үзілмей ұласып келе жатқан қөркемдік дәстүр жалғастығы проблемасын осы тұрғыдан қарастыруды жөн көрдік.

Сонымен, ендігі міндет ежелгі тарихтың түрлі кезендерінде өмірге келген шығармалардың бірінен бірі туындап жататын ішкі логикалық байларыстарын, өзара ықпал әсерін, даму жолдарын, жаңа көріктеу құралдарының пайда болуын, тағы басқа байланыстарын талдау болып табылады. Сол арқылы ғана біз көне түркі әдеби ескерткіштері мен қазақтың өзіндік төл әдебиеті арасындағы көркемдік дәстүр жалғастығы бір сәтке де үзілмей жалғасып, ұласып келе жатқандығын дәлелдей аламыз.

Біз ежелгі түркі дәуірінің ерлік дастандары мен қазақтың батырлық жырлары арасындағы көркемдік дәстүр жалғастығын айқындай түсуге өз мүмкіндігіміз жеткенше әрекет жасадық.

Асылы, әлемдік әдебиет аренасынан өзіндік орын алған қазіргі қазақ әдебиеті өзінің бүгінгі асқар биігіне, кемелденген дәрежесіне жету үшін сан ғасырлық тар жол, тайғақ кешулерден, қиын-қыстау асулардан, зар-замандардан өтіп келді. Өйткені қазақ әдебиетінің тарихы – қазақ халқының қоғамдық, әлеуметтік-саяси өмірінің бейнелі көрінісі, соның сүрлеуі болып табылады.

Сөйтіп, басқа да түркі тілдес халықтар секілді қазақ халқының да ежелгі дәуірдегі қалыптасып, өсіп дамып келе жатқан өзіндік материалдық және рухани мәдениеті бар екені мәлім. Қазақ халқының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы кезінде академик Әлкей Марғұлан мынадай пікір айтқан еді: «қазақ халқына көп ғасырдан бері мұра болып келе жатқан ғажайып аңыздарды, мазмұны ертегіге айналған терең мифтерді, жай-күйін көкке сермейтін асқақ ерлік жырларын, философиялық қария сөздерін тереңнен алып қарасақ, онда бүкіл дүние мәдениетіне қосылатын сәулетті сыр бар екені көрінеді.

Мұның өзі ежелгі түркі поэзиясы мен қазақтың төл әдебиеті арасындағы сан ғасырлар бойы бір сәтке үзілмей келе жатқан көркемдік дәстүр жалғастығы. 

Ендеше, ең алдымен, көне түркі қаһармандық дастандарымен қазақтың батырлық жырлары арасындағы байланыс белгілерін айқындап алу қажеттігі айқын байқалады. Бұл сияқты өзара байланыс белгілерін, бір жағынан, стильдік-тілдік формаларының бірлігі негізінде зерттеу арқылы айқындап алу мүмкін деп білеміз. Дипломдық жұмыс барысында алға қойған мақсатымыз – ежелгі түркілердің қаһармандық дастандары мен қазақтың батырлық жырлары арасындағы мазмұн, стиль, форма, дәстүр бірлігін айқындап алу болып табылады. Адамзат тарихының түрлі кезеңдерінде өмірге келген көркем туындыларды өзара байланысты түрінде алып қарау арқылы ғана әрбір шығарманың туындау жолдарын, мән-мағынасын, мақсат-мұратын, бейнелеу құралдарын, поэтикасын, т.б. айқындап алуға болады.

Сол арқылы ғана біз бүгінгі күнге ғасырлар қойнауынан жеткен көркем жәдігерлердің қалыптасу тарихын, әдеби өмірдің кемелдену кезеңдерін, сан алуан әдеби бағыттар мен идеялардың даму сатыларын, әдеби процеске ықпал еткен қоғамдық-әлеуметтік құбылыстардың шынайы табиғатын тереңнен танып білеміз. 

Ежелгі түркі ескерткіштерінің тарихтық, жазба-әдебиеттік өрнегі туралы бір талай зерттеулерде пікір қорытылып келген болса, Орхон жазуларының ауыз әдебиетіне қатысы кең сөз болған емес. Бұл проблемаға қазақ ғалымдарынан алғаш назар аударып, күрделі ой тастаған М.Әуезов болатын. Ол қырғыз эпосы «Манас» туралы монографиясында жырдың сөз айшықтары ертегідегі түрлі шығармаларымен үндес, орайлас келетінін ескерткен еді. Әдебиет тарихшысы Н.Келімбетов түркі жазуларындағы эпикалық дәстүр мәселесін былайша түсіндіреді: «Күлтегін ескерткішін тарихи фактілер тізбегі емес, ежелден еркіндік аңсаған түркі халқының бақытты өмір жайындағы арман-қиялын, тәуелсіздік үшін ғасырлар бойы жүргізіп келген ерлік күресін, кескілескен шайқастарда қол бастаған қас батырларын жыр еткен батырлық эпосының алғашқы үлгілері деп танығанымыз жөн». /1, 52б/.

Қаһармандық эпостың ең басты және шешуші белгілерінің бірі онда алып батыр тұлғасының болуы. Сырт жаулардан елдің азаттығын, бүтіндігін қорғау, осындай мақсат жолында қандай қаһарлы дұшпанға да қарсы шығу, өз жұртының тәуелсіздігі үшін ересен ерліктер көрсету батырлық эпос атаулының жетекші идеясы болып табылады. Аз күшпен көп жауды жеңетіндік, қаһарман ерлігі әсіреленіп берілетіндік те эпикалық дәстүрге хас көркемдік тәсіл болып саналады. Елді бостандыққа жеткізу қандай үлкен мұрат болса, ынтымақты бейбіт өмірді аңсау да күрделі міндет болып есептеледі. Міне осындай сипаттар көне түркі дастандарынан еркін табылатынын көреміз.

Ежелгі түркі дастандарының ту етіп көтерген негізгі идеясы – елдің тәуелсіздігі үшін жан аямай күреске шығу, өзінің ел-жұртын сыртқы жаудан қорғау, халық үшін қанды шайқасқа шыққан батырлардың ерлік істерін мадақтау. Дәл осы идеялар қазақтың «Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Тарғын» сияқты батырлар жырынан өз өрнегін тапқанына көз жеткіземіз.

 «Күлтегін» жырының ерлікті, елдікті мадақтау дәстүрі қазақтың батырлар жырында өз жалғасын тапты. Мәселен, қазақтың «Алпамыс», «Қобыланды», «Қамбар» сияқты жырларында батырдың жастық шағынан бастап, өмірінің соңына дейінгі ерлік істері жырланған.

Түрік қағанатының есімі мәшhүр әскери қолбасшысы, даңықты батыры Күлтегіннің он алты жастан бастап, қырық жеті жасына дейін, яғни өлгенге дейінгі ерлік істері эпостық сарынмен жырланады. Күлтегін тарихи адам болса да жырда ол бейне бір аңыз қахарманындай ешқашан жеңілуді білмейтін батыр ретінде көрсетілген.

«Күлтегін» жырында эпостық баяндау сазы басым. Академик Мұхтар Әуезов: «Мұнда батырдың жас шағынан бастап өмірінің ақырына дейінгі ерліктерін жырлайтын батырлық дастандардың сюжеттік құрлысына ұқсастық бар» деп көрсетеді. /2, 136б/.

Күлтегін ескерткіші тарихи фактілер тізбегі емес, ежелден еркіндік аңсаған түркі халқының бақытты өмір жайындағы арман- қиялын, тәуелсіздік үшін ғасырлар бойы жүргізіп келген ерлік күресін, кескілескен шайқастарда қол бастаған хас батырларын жыр еткен батырлық эпосының алғашқы үлесі.

Қазақ елінің ауыз әдебиеті бай, әсіресе, ежелгі дәуірден көненің көзіндей сақталып келе жатқан дәстүрлі дастандар- батырлық жырлары көбірек дамыған деуге болады.

Эпикалық шығармалалар желісінде қара бастың қамы емес, халықтың мұрат-мақсаты үшін күрескен батырлар мадақталады. Қамбар батыр, Қобыланды батыр және Алпамыс батыр жырымен Күлтегін жырының идеялық ұқсастықтары, атқарған ерлік істері, олардың туған жері, елі үшін өз басын ажалға тігуі идеясы жағынан болсын, сюжеті, мазмұны жағынан болсын бір-бірімен сабақтасып жатыр.

«Күлтегін» жырының мына бір жолдарына назар аударсақ:

Жалаңаш халықты тоңды,

Кедей халықты бай қылдым.

Аз халықты көп қылдым.

Тату елге жақсылық қылдым,

Төрт бұрыштағы халықты

Бәрін бейіт қылдым,

Тату қылдым,

Бәрі маған бағынды,

Ісін-күшін беріп,

Осыншама ел жинап,

Інім Күлтегін өзі қайтыс болды. /3, 59б/.

Эпостық батырдың бойынан табылатын асқақ қасиеттері: батырлық, адалдық, алыптық сияқты болып келетіні мәлім:

Күлтегін Азманағын мініп,

Шабуылға ұмтылды.

Алты ерін шанышты,

Шабуылда жетінші ерін қылыштады. /5, 23б/.

немесе Күлтегін туралы:

Тіземіні бүктірді;-

дейді. Алпамыс батыр сияқты Күлтегін де суға салса батпайды, отқа салса күймейді.

Жүзден артық оқ тиді

Бірі де дарыған жоқ.

 

«Күлтегін» жырында батырлардың жекпе-жек шайқасқа шығуы, батырдың шайқас алдыңдағы қаhарлы бейнесі ашу-ызасы зор шеберлікпен берілген.

Дәл осы дәстүрдің көрнісін қазақтың батырлар жырынан аңғару қиын емес. Мәселен, Қобыланды батыр қарсыласы Қазан батырға қарап былай дейді:

Қылышпенен өлтірсем,

Қиқаладың дерсің сен.

Найзаменен өлтірсем,

Миқаладың дейсің сен.

Садақпенен өлтірсем,

Қапы қалдым дерсің сен.

Мылтықпенен мен атсам,

Жазым қылдым дерсің сен.

Мінген атың құла ғой,

Сен үлкен де, мен - кіші,

Кезегіңді ала ғой,

Сендер көпте, мен жалғыз,

Қолыңа пелді бір бала,

Білгеңінді қыла ғой. /4, 68б/.

«Қобыланды батыр» жырында қанды шайқастың жанды суреті жасалған:

Ат тізесін бүгісті,

Бүгіле, бүгіле тырысты.

Тебінгіге тер қатып,

Қақырғаны қан татып,

Түкіргені жын татып,

Қанжарменен қармасты.

Семсерменен серместі.

Қанжар қалды қайысып,

Семсер қалды майысып,

Диқан еккен егінді,

Есен алса тегін-ді,

Қан қабақтан төгілді,

Ерлер жаннан түңілді,

Аш күзендей бүгілді,

Екеуінің ақ сауыт

    Қорыта келгенде ежелгі дәуірдегі баға жетпес құнды еңбектер екедігі   даусыз.  Ежелгі түрк ескерткіштерін зерттеп саралау кезінде қазақ әдебиеті мен мәдениетінің құнарлы топырағының қымбат қасиеттеріне қаныға түсеміз. Ал, қазақ сахарасына етене жақын ондай қымбат қазыналар баршылық. Ежелгі түркі дәуірлерінің өзінде қазіргі қазақ халқының парасат – пайымын қалыптастырып, рухани түп – тегін саралайтын талантты да өлмес мұралар жасалғанына көз жеткізгендейміз.  "XI ғасырда өмір сүрген Баласағұн сол дәуірдің аса маңызды әдеби ескерткіштерінің бірі әрі бірегейі - "Құтты білік (Құт дарытатын білім)" еңбегін жазып қалдырса, сондай – ақ  ол Орталық Азиядағы түркі тілдес халықтар әдебиетінің бізге дейін жеткен тұңғыш туындысы" болса, "Махмұт Қашқаридың "Диуани – лұғат – ат – түрк (Түркі сөздерінің жинағы)" атты еңбегінің де құндылығы өте жоғары. Бұл еңбек тіл білімі тарихына орасан зор үлес қосып қана қойған жоқ, сонымен қатар түркі тілдес халықтардың тұрмысының, мінез – құлқының тарихынан мол мағлұмат беретін баға жетпес ескерткіш екеніне көз жеткізгендейміз.

  Ол, сондай–ақ, орта ғасырдағы табиғи жаратылыс жөніндегі ғылыми көзқарастан да хабардар етеді. Осындай ұлы еңбектер сол ежелгі кездегі поэтика дәстүрін, ғылым тәжірибесін бойына кемел сіңірген ұлы ескерткіштер.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.     Келімбетов Н. «Ежелгі дәуір әдебиеті». Алматы, 1986.

2.     Әуезов М. Шығармалар. ІІ том.  Алматы, 1996.

3.      «Ежелгі дәуір әдебиеті». Алматы, 1991.

4.     Батырлар жыры. І том. Алматы, 1986.