Есбол Ғалымқазы Шәріпұлы,город Костанай 5Апреля104/10,110000

                                                                                             

А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің

Философия кафедрасының аға оқытушысы Есбол Ғ.Ш

 

А.Байтұрсынұлы және Д.Қонаевтың ізгі-әдептілік көзқарастарының үндестігі.

 

Адамдығын аласартқан енделердің бәрі де,

Жете алмайды сен ұсынған өнегенің мәніне.

Әрқашанда ізгілікке бұрып елдің санасын,

Сен тұра бер нұрландырып қазақтың кең даласын.

(М.Шаханов)

 

     Бұл шығарманы ақиық,ұлтжанды,халық ақыны Мұхтар Шахановтың адамзатқа деген назынан тектен-текке бастап отырған жоқпын.Сонау Адам Ата мен Хауана,Қайта Жаңғыру дәуірінен және бүгінгі күнге дейін адамзат баласы ғылымға жүгінсек табиғаттың,Шығыстық тұжырымдарда ақыл-сана берген құдіреті күшті Жаратушының туындысы,сыйы деп есептейді.Адам-рухани пенде,рухсыз-ол кесілген ағаштың томары іспетті.

     21ғасырға аяқ бастық.Жаңа нана технологияларды меңгеріп,ғылымда адам айтқыссыз жетістіктерге жеттік.Бірақ сонымен қатар табиғаттың сыйын ақыл-парасаттылыққа салмай «жеті рет өлшеп, бірақ рет кесудің орнына»,пайдакүнемдікке бой ұрып отырмыз.

      Жер шарының түкпір-түкпірінде,бір ғана мемлекеттің ішінде де болып жатқан әскери бітіспес қақтығыстар(Ирак,Палестина,Ливия,Сирия),әрине бұған сыртқы күштердің (АҚШ,Англия,Франция) геосаясаттық мақсаттарынан туындап отырғаны айдан анық.Адамның тәкаппарлығы,өзімшілдігі жер үстінде болып жатқан экологиялық (Жапониядағы жер сілкінісі,құрлыққа әлсін-әлсін төніп отырған даулдар мен су тасқындары) аппаттарға ұрындырғанына куә болып отырмыз.

     Батыс философы А.Камю:»Біз қылмысты ойлар зергерлікпен орындалып жатқан дәуірде ғұмыр кешіп жатырмыз» деп,атқанындай 21ғасырдағы қалыптасқан адамзаттық рухани мәдениеттің ахуалын аңғаруға әбден болады.Ал біздің түркі әлемінде ертеден бері адамның рухани шыңдалуына басты көңіл аударған.19 ғасырдың ортасынан-20 ғасырлар аралығында бүгінгі Қазақстанның патшалық Ресей империясының отарлау саясатының қыспағында болса да,либералдық-демократиялықпен қатар,алға саяси- ағартушылық бағытты ұстанған зиялы қауым Ә.Бөкейханов,М.Дулатов,А.Байтұрсынұлы елді тығырықтан алып шығу жолына шықты.

     Солардың бірі болған ағартушы-ғалым А.Байтұрсынұлы ата-баба өнегесіне жүгінген дәстүрге бай өзіндік мәдениетімізден айырылып қалмауға уағыздап,ұлттық сананы оятуға кірісті.А.Байтұрсынұлы «Түлкі мен қарашекпен» мысалында:

                         -Адамдар ұяты бар,ниеті ақ,

                          Ұрламас аштан өлер болса да нақ.

                          Санап бер саф алтыннан миллионды,

                          Ұрлығын ұры қоймас Түлкідей-ақ.

                          Бұзықтық бай,жарлыға бірдей нәрсе,

                          Пиғылды түзетпейді дәулет пен бақ.- (1)

деген жолдардан Ахаң ұлттық өзіндік болмысымызға ғана тән әділеттілік пен қайырымдылық,имандылық пен әдептілікті ту ғылып ұстаған бойымызда адамгершілік құндылықтарын сақтап қалғанда ғана тіршілікте жоғалмай басқалармен терезесі тең үлгі тұтарлық ел болатынымызға шүбә келтірмейді. А.Байтұрсынұлының тағлымын Елбасымыз Н.Назарбаев:

-Өзінің ұлттық «Мен» дегізерлік қасиетін сақтап,өзі азаматы саналатын елдің патриоты болу –Қазақстанның өз ішінде де күллі диаспораларды өркендетудің басты үлгісі болмақ.Демократиялық мемлекет үшін бұл лайықты қағида. (2)

-деп,Ахаңның өсиетін жалғастырушы ретінде және де жаңа қоғам құруда жастардың жадына түйіп жүретін өзекті мәселелерді алға тартады.

     Енді кейінге көз жібертсек,20 ғасыр ортасында Қазақстанда Кеңестік дәуірдің өзінде-ақ ұрпақтар тағылмының сабақтастығын өткеруші,академик-ғалым ,сырт елдерге де жақсы танымал қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаев бар ғұмырын тау-кен және де ауыр өндіріс салаларында қарапайым инженерліктен бастаған болатын.Димекең елу жылдай Қазақстанның өркендеуіне өзінің елеулі үлесін қосты.Ол көрнекті мемлекет қайраткері Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшылық қызметінен 1986 жылғы «16 желтоқсан» оқиғасына байланысты,Мәскеудегі КПСС Орталық Комитетінің қалауымен ел билігінен аластатылып,құрметті зейнеткерлікке жіберілген болатын.

      Д.Қонаев «Ақиқаттан аттауға болмайды» естелік-эссесінде мемлекет қайраткері ретінде Қазақстан республикасының жеңіл және ауыр өндірістердің өркендеуіне ат салысуымен қатар,рухани мәдениетіміздің көркейуіне де ықпалын тигізіп отырғанын тілге тиек етеді.Димекең 8-9 ғасырларда өмір сүрген Қорқыт бабадан бастап,кейінгі  19 ғасырдағы Ықыласты атап өтіп, «Ақсақ құланды» сөйлеткен Кетібұғадан соң Құрманғазы келді дегенінен,оның қазақтың ғажайып рухани мұрасын жетік білгенін байқаймыз.

      Д.Қонаевтың: «Өмір бар жерде,халық ғұмыр кешкен елде өнер де өмір сүреді,халықпен бірге жасайды»деп,  

 сүйіспеншілікпен ойын түйіндейді. (3)

      Димекең кемеңгер,классик жазушы Мұхтар Әуезовпен тонның ішкі бауындай сыйлас,сырлас болғанын:

 -Жақсылармен әрбір жүздесудің жылға бергісіз өмір ғой.(Қ.Д.-370 бет.) (4)

 -деп,елдің тізгінін ұстап тұрса да өзінің жай адамға бергісіз қарапайымдылығымен ескіден хабары бар,ішкі рухани дүниесі дархан даналығынан сыр береді.

    Қарап отырсаңдар 19-20 ғасырларда өмір сүрген А.Байтұрсынұлы мен Д.Қонаевтай ұлтжанды кесек тұлғалар қаншама қасірет-қиыншылықтарды басынан өткізсе де ұрпақтар тағлымын бір-бірімен тоғыстырып,ұлттық болмысымызды тарих сахнасында айқындап көрсетіп,келешекке үлгі боларлық жол салып отырды.

    Олар туралы Елбасымыз Н.Назарбаев:»Қазақ халқының ішкі рухани мәдениеті...таза адамгершілік өлшемімен алғанның өзінде үлгі тұтуға әбден лайық.» деп,әділ бағасын берді.

 

Қолданысқа ие болған әдебиеттер:

1.     Байтұрсынов А.Ақ жол.-Алматы,1991.-56 бет.

2.     Назарбаев Н.Тарих толқынында.-Алматы:Атамұра,1999.-142 бет.

3.     Қонаев.Д  (Ауд. С.Әбдірайымұлы.) Ақиқаттан аттауға болмайды.-Алматы, “Санат”, 1994.-370 бет.

4.     Қонаев.Д  (Ауд. С.Әбдірайымұлы.) Ақиқаттан аттауға болмайды.-Алматы, “Санат”, 1994.-370 бет