ҰЛТТЫҚ
ИДЕЯНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ
Шалтыков
А.И. - г.Алматы, Республика Казахстан
Қазақстандық қоғамның
бірігуі мен тиімді модернизациялануы үшін дамудың қазіргі
кезеңінде біріктіруге және құруға қабілетті
ұлттық идеяны жасап шығару және енгізу керек.
Тәуелсіздік алған уақыттан бері Қазақстанда
мемлекеттің табысты дамуын қамтамасыз ететін және
халықтарды біріктіретін ұлттық идеяны жасау мәселесі
өзекті болып табылады. Бұл қазіргі уақыттың
маңызды саяси мәселесі. Бұл заңды да. Заңды болатын
себебі, ұзақ уақыт отарлық құрсауында
қамалған, егемендігін енді орнықтырған, жаһандану
алдында тұрған халықтың есті ұрпағы
ұлтын ұйыстырар идея іздемек. Ұлттық идея кез келген
уақытта керек – бұл сөзсіз шындық.
Егер бұл идея болмаса оған балама табылады.Идеясыз
қоғамда мемлекет негізгі идеологияның қалыптасуын
бақылауды қолдан шығарып алады. Бұл өз кезегінде
түрлі рухани азғындаулар мен қарама-
қайшылықтарға алып келеді.
Ұлттық идея Қазақстан
қоғамының тұрақтылығын қамтамасыз
етуге, оның халықтарының әлемдік
қауымдастыққа етене араласуындағы аса маңызды
рухани фактор болады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері аз
ғана уақытта ғасырға татитын жетістікке жеттік, еліміз
дамудың сара жолына түсті, посткеңестік елдер арасында
экономикалық, саяси даму жағынан көшбасшы елдер
қатрында келе жатырмыз. Бірақ қоғамымыздың рухани
бағытында қордаланып қалған мәселелер жетерлік.
Солардың бірі ұлттық идея мәселесі. Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың:
«Ұлттық идеяларды іздестіру барған сайын көкейтесті
сипатқа ие болып отыр»,- деген
сөзі халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан
рухани қатынасын, тарихи тұлғалардың,
ғұлама ойшылдардың қайталанбас мұраларын
қайта жаңғырту мен жас ұрпаққа
ұлттық тәрбие беруге бағыттайды(1)
Міне, халқымызды болашаққа жетелейтін, жаңа
сенім тудыратын, алға жетелейтін идеяның сұранып
тұрғаны анық. Біздің еліміз көп этносты
қоғам болғандықтан ұлттық идеямыз
қандай болады деген сұрақтың артында қарама-
қайшылықтар бар. Ұлттық идеяны жасауда Президентіміз
айтқан үш құндылық: Бірлік, Тұтастық,
Тәуелсіздік басымдық танытуы керек. Әр мемлекеттің
өзінің ұлттық мүддесі бар, оны қорғау
қазіргі әлемдік саясаттың басты шарттарының бірі. Сондықтан ұлттық идея
ұлттың өмір сүруінің қажетті шарты.
Идеяның ұлттық болатын себебі- халықтың белгілі
бір өркениетке жататындығын білдіруші белгі- ұлттық
өмірдің маңызды шарты екендігінде. Ұлттық идея
мемлекеттік билік мәселесімен тығыз байланысты. Кез келген
мемлекет, кез келген қауым, кез келген өркениет идесыз өмір
сүре алмайды.
Әр мемлекетте өзінің құндылықтары
мен идеялары, әлемдік құрылысқа өзіндік
көзқарас пен қатынасы бар. Әр халық
өзінің тарихи дамуы барысында өзі жүзеге асыруға
ұмтылатын бір ұлы идеяның ұстанушысы болады. Жоғары идея ретінде ұлттық
идея қоғам өмірінің бағытын, мәнін,
мақсатын анықтайды.
Әлемдік тәжірибеде барлық уақыттарда нағыз
ықпалды ұлттық идеяның пайда болуы
жалпыұлттық жетістіктерге ұмтылдыруда белгілі бір мемлекеттің
халқын жұмылдыру үшін керек болды. Тәуелсіздік
жылдарында Қазақстан халқы үшін ұлттық идея
ресми түрде құрастырылмағанмен
қазақтардың санасында олардың этникалық
бірегейлігі оның бүкіл тарихында өмір сүріп келеді.
Қазақ ұлттық идеясының француздарың,
ағылшындардың, орыстардың, қытайларлың,т.б.
ұлттық идеясыныан және одан ары, бүкіл әлемдегі
мемлекеттілік идеологиядан еш айырмашылығы жоқ деуге болады.
Ұлттық идеяның алғашқы көріністері
әлеуметтік және саяси идеялар болды. Ежелгі Шығыстағы
және ежелгі Римдегі идеалды билеуші туралы, ежелгі Грециядағы
идеалды мемлекет туралы саяси ойлардың пайда болуы осыған мысал
бола алады. Ұлттық идеалар мен идеологиялардың
қалыптасу кезеңдерін зерттеушілер жаңа дәуірмен
байланыстырады. Төңкерістер
дәуірінде әртүрлі этностық топтарлан
құралған қоғамдардың өзінде
экономикалық біртұтастықпен бірге, енді саяси біртұтастық
қалыптасады және төңкерістің барысында,
әсіресе, сыртқы факторларға ортақ идея –
ұлттық идеялар қалыптаса бастайды.
Бұл арада АҚШ -тың ұлттық идеясының
қалыптасуы қызығушылық тудырады. АҚШ- тың
құрылуымен бір мезгілде пайда болған америкалық арман
деп аталатын идея АҚШ -тың әлемдегі ең күшті
державалардың біріне айналуына көмектесті. АҚШ- тың
қандай деңгейде болмасын саясаты туралы американдықтардың өздерінің, жоғары
жақтағыларының және «қарапайым адамдардың»
пікірлері олардың «ұлттық идеясын» барынша толық
көрсете алады. Бұл идея
американдық үстемдік, АҚШ -тың ұлттық
идеясы әлемнің жетекші демократиялық елдерінің бірі
ретінде американдық ұлттың негізін құраушы приципі
ретіндегі тұлғаның еркіндік концепциясынан
құралады. Ұлттық идея барша халықтың
күш- жігерін, іс- әрекетін уақыт алға қойып
отырған аса жауапты тарихи міндетті шешуге жұмылдыратын, баурап
әкететін күш болуға тиіс. Герман экономикалық
ғажайыбының авторы соғыстан кейінгі Эрхард
реформаларының басты жетістігінің құпиясы
экономикалықпен қатар рухани кеңістікте жатыр. Екінші
дүниежүзілік соғыстағы жеңілістен кейінгі
ұлттық қорлықты бастан өткерген немістерге
елдің болашағы мен өз бағытының
дұрыстығына деген сенім рухын ұялата білді.
Жалпы айтқанда, дамыған елдердің барлығында
ұлттық идея мүлтіксіз қызмет атқарып жатыр. Олар
өз ұлтының мүддесі мен идеалы мемлекет саясаты мен
заңдарының өн бойына сіңіп кеткен.
Енді Шығыс елдерінің негізгі ұлттық идеялары
туралы сөз етсек, ең әуелі Қытайдан бастайық.
Коммунистік Қытай үздіксіз дамып, әлемнің ең
қуатты елдерінің біріне айналды. Ғалымдар мұны
қытайцлардың ғасырлар бойы қалыптасқан
ұлттық психологияся мен өмір сүру философиясы дейді.
Дәстүрлі көзқарастарға сүйенгшен Конфуций
мемлекеттің патриархалды концепциясын дамытты.
Иранда ұлттық идея ұлттың тарихи рөлінде
ислам дәстүрлері мен ежелгі ұлы парсы мәдениетін
қолдауға сүйенеді. Жапонияға ұлттық идея
екінші дүниежүзілік соғыстан кейін экономикасын көтеруге
мүмкіндік берді. Жапонияның
соғыстағы жеңілісі жапон империясының кеңеюі
арманына нүкте қойды. Тез арада идея пайда болды. «Біз
соғыста жеңілдік, бірақ та, біз бейбіт өмірде
жеңуіміз керек». Жапонияның ұлттық идеясы мен
реформасының бағдарламасы жапон тілі мен жапон менталитетініне
негізделген. Өткен ғасырдың елуінші жылдарынан басталып,
әлемді таңғалдырған «жапон ғажайыбы» осы
халықтың өзіяне ғана тән қайталанбас құбылысы
болды. Ана тілі мен ұлттық менталитетініне сүйеніп,
ғылым мен техниканы дамытқан жапондықтар жеңілгеніне
қарамастан, қысқа уақыт ішінде жалпы
өнімнің мөлшері жөнінен екінші, адамға
шаққандағы еңбек өнімі жөнінен әлемде
бірінші орынға шықты.
Әлемдік тәжірибеге барлау жасасақ, сол идеялар мен
иделарды туғызған және туғызатын қажеттіліктердің
әркелкі екенін көреміз. Ол қажеттіліктер нақтылы
ұлттың ғаламдағы тарихи орнына, әл -ауқаты
мен дәстүрлі мінез- бітіміне, географиялық жағдайы мен
халық санына, басқа да ерекшеліктьеріне қарай
анықталады.
Енді Ресей Федерациясының ұлттық идесын саралап
көрейік. Біздің елімізбен қатар, тоталитарлық
жүйеде болған басқа да мемлекеттер тәуелсіздік
алғаннан кейін, егемендігін алған ұлттар
өздерінің ұлттық идеясын іздеп, тарихын,
мәдениетін қарастыра бастады.
Солардың бірі Ресей Федерациясының ұлттық
идеясының қалыптасу тәжірибесі қызығушылық
тудырады. Әрине, бұл мәселе Ресейде әлі толық
зерттеліп, шешіле қойған жоқ. ХХ ғасырда орыстың философы Н.Бердяев «орыс идеясы»
деген тіркесті ғылыми айналымға бірінші болып енгізді(2). Ол
бұл ұғымды әлемдік өркениеттің контексінде
ұлттың ішкі мәнінің бейнеленуі деп
қарастырды. Сонымен қатар
Ресейдің экс- президенті Б.Ельцин қоғамдық ғылым
өкілдеріне орыстың ұлттық идеясын тұжырымдауды
ұсынды. Бірақ Ресейде де
бұл қадам әлі жемісті нәтиже берген жоқ. Кеңестер Оджағы күйреген
соң коммунистік идеология мен кеңестік
құндылықтардың
орнында қалған идеялық вакуумды толтыру
мақсатында посnкеңестік елдердің саяси элитасы жаңа
ұлттық идея қалыптастыруға күш салып келеді.
Алайда, еш жерде мемлекеттік ұлттық идея бұқаралық
сипатқа ие бола қоймады.
Ұлттық идеясын қалыптастырған елдердің
қайсысының тәжірибесі бізге бәрінен сай келеді десек,
бұл өте даулы мәселе, себебі, әр мемлекеттің
әр адамының тағдыры сияқты, өзінің жеке,
қайталанбас даму жолы бар.
Әдебиеттер:
1.Назарбаев Н.Ә.
Қазақстанның болашағы оның идеологиялық
бірлігінде.- Алматы, 1992.- 47б.
2. Бердяев Н. Душа
России.- М. 1992.- С.300