Право /1.История государства и права.

Оқытушы, құқық магистрі Омар Б.М

Қ.А.Ясауи  атындағы Халықаралық қазақ-түрік университет. Қазақстан    

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі социалистік және капиталистік мемлекеттер арасындағы халықаралық құқықтық қатынастар мәселесі

Резюме

В этой статье рассматриваются проблемы международных отношений между социолистическими и капиталистическими государствами  после Второй мировой войны.

 

Summary

This article deals with  problems of  international relationship between socialist and capitalist countries after the II world war

 

Соғыс қаупінің дамуы бейбітшілікті қорғаудың қажеттілігін жете түсінетін миллиондаған адамдарды қозғалысқа итермеледі. 1948-1949 жылдары көптеген елдерде бейбітшілікті қорғау конференциялары мен съездері өтті, бейбітшілік жолындағы күрескерлердің ұлттық комитеттері құрылды. 1949 жылы көктемде Бейбітшілікті жақтаушылардың бүкіл дүниежүзілік 1- конгресі болды. Бүкіл Дүниежүзілік Бейбітшілік Кеңесі барлық елдердегі бейбітшілікті жақтаушыларды біріктірген бірқатар халықаралық науқандар өткізді. Атом қаруына тыйым салу туралы Стокгольм үндеуінде 1950 жылы 500 млн астам қол қойылды. Бейбітшілікті жақтаушылардың қозғалысы - адамзат тарихындағы ең бұқаралық қоғамдық- саяси қозғалыс. Жиырма жылдан астам уақыт бойы халықаралық қатынастарды «қырғиқабақ соғыс» ушықтырып келді. Халықаралық шиеленістер жағдайында социалистік және капиталистік мемлекеттер арасындағы қатынастар ауыр халде болды. Қатынастардың шиеленісуі адамзатқа ядролық - ракеталық соғыс қатерін төндірді, халықты дағдарыстарға талай рет ұрындырды [1, 25].

Америка империалистері өздерінің Азия континентіндегі социализм мен ұлт- азаттық қозғалысқа қарсы күресу жоспарларынан бас тартпады. 1950 жылы маусымда Корей түбегінде әскери жанжал бұрқ ете түсті. Корей Халық Демократиялық Республикасына қарсы агрессиялық соғысқа АҚШ бастаған 16 мемлекет қатысты. Бұл халықаралық шиеленісті күрт күшейтіп жіберді. АҚШ Жапонияны өзінің агрессиялық саясатына тартуға жанталасты. 1951 жылы АҚШ және оның одақтастары Сан- Францискода Жапониямен бітім шартына қол қойды. АҚШ пен Жапония арасында әскери келісім жасалды. Жапония аумағында жаңа әскери базалар құрылды. Кореядағы қиян- кескін соғыс үш жылға созылды. Дүниежүзінің барлық адал ниетті адамдары корей халқына тілектес болып, қолдап отырды. Кеңес Одағы корей халқына материалдық және саяси үлкен көмек көрсетті. 1953 жылы шілде де Кореяда уақытша бітімге қол жетті, оның үстіне соғыс агрессиясы басталған шектерде аяқталды. Кореядағы соғыстың нәтижесі күштердің ара- салмағы өз пайдасына өзгерте алмаған Америка империализмінің жеңіске ұшырағанын көрсетті. Бір жылдан кейін Азияда тағы бір соғыс ошағы сөндірілді. Сегіз жылға жуық уақыт бойы француз отаршылары Үндіқытайдағы үстемдігін күштпен сақтап қалуға ұмтылды. Әскери жеңіліс тапқан Франция 1954 жылы шілдеде Уақытша бітім туралы жэне саяси реттеу принциптері туралы Женева келісімдеріне қол қоюға мәжбүр болды. Женева келісімдеріне қатысушылар Вьетнамның, Лаостың және Кампучиянаның тәуелсіздігін, бірлігін мен аумағының тұтастығын құрметтеуге және олардың ішкі істеріне қол сұқпауға міндеттелді.АҚШ бүл декларацияға қойылған жоқ, бірақ оны бұзбайтынын мәлімдеді. Алайда кейін АҚШ уәдесінен тайып, Женева келісімдерінІң орындалуын болдырмады [2, 35].

Агрессиялық саясаттың сәтсіздікке ұшырауы соғысты құлшына жақтаушылардың желігін баса алмады. Америка империализмі «коммунизм қатерінен»қорғану деген жалған желеуді бетке ұстап, Ұлыбритания мен Францияның билеуші топтарының қатысуымен бірқатар елдерді агрессиялық блокқа тартты. 1951 жылы АНЗЮС -Австралия, Жаңа Зеландиямен АҚШ қосылған әскери блок пайда болды (блок оған қатысушы елдер атының бас әріптері бойынша атанды). 1954 жылы Оңтүстік -Шығыс Азияда агрессиялық блок - СЕАТО - Оңтүстік - Шығыс Азия шарты ұйымы) құрылды. Оған АҚШ, Ұлыбртания, Франция, Австралия, Жаңа Зеландия, Пәкістан, Тайланд және Филиппин қатысты. 1955 жылы құрамына Ұлыбритания, Түркия, Ирак, Пәкістан және Иран енген тағы бір әскери топ құрылды. Алғашқыда бұл блок Бағдат пактісі деп атады. Бағдат пактісінен Иран шыққаннан кейін, 1959 жылы ол СЕНТО  Орталық шарты ұйымы құрылды. Блоктың ыдырап кетуінен қауіптерге АҚШ Түркияме, Пәкістанмен және Иранмен екі жақты әскери келісімдер жасасты. АҚШ бұл блокқа мүше болмаса да, оның негізгі органдардың жұмысына қатысып ерекше құқықтарға ие болды.

Социалистік елдердің шекараларын бойлай орналасқан әскери блоктармен базалар тізбегін жасай отырып, империалистер КСРО-ның және басқа социалистік елдердің тіршілік орталықтарын үнемі нысанаға алып отырмақ болды. Сонымен қатар әскери блоктар дамушы мемлекеттерге және ұлт - азаттық қозғалысына қарсы күрес қүралына айналды. Азат елдердің бейбітшілік әрекеттері. Отарларға иелік еткен мемлекеттер олардың жүйенің ыдырауына, Азия және Африкада тәуелсіз ұлттық мемлекеттердің пайда болуына кедергі жасауға дәрменсіз болып шықты [3, 26].

1955 жылы сәуірде Бандунгте (Индонезия) Азия мен Африканың 29 елінің конференциясы шақырылды. Ол қоғамдық құрылысы әр түрлі мемлекеттердің бейбіт қатар өмір және ынтымақтасу принциптерін мақұлдады. Конференция Азия мен Африка халықтарының отаршылдықты толығымен және біржолата жоюға бел байлағанын білдірді. Агрессиялық блоктарды айыптап ядролық қаруға тиым салуды талап етті. Кейінірек азаттық алған елдерде осы принциптерді қолдайтындықтарын мәлімдеді. Бейбітшілікпен әлеуметтік прогресс жолындағы, империализмге және отаршылдыққа қарсы қарсы күрес көптеген жас тәуелсіз мемлекеттерді өздерінің егемендігін отаршылдардың қол сүғуынан қорғап қалуға көмектескен социалистік елдермен жақындастыра түсті. КСРО және басқа социалистік мемлекеттер, алдымен Экономикалық Өзара Көмек Кеңесіне мүше елдер азаттық алған елдердің саяси және экономикалық тәуелсіздігін нығайтуына достық көмек көрсетті [4, 77].

Антиимпериалистік, отаршылдыққа және кәсіпшілдікке қарсы бағыт жүргізсе отыры, жүздеген елдер қазіргі кездегі бар әскери - саяси одақтарға қосылмау саясатын ұстанып отыр. Дүниежүзілік соғыстың маңызды факторларына айналған блоктарға қосылмаған мемлекеттердің қозғалысындағы антиимпериалистік бағыттың күшеюі, олардың өздерінің табиғи одақтастары - социалистік елдермен өзара әрекеті халықаралық соғыспен агрессияға қарсы бейбітшілік пен шын мәніндегі ұлттық тәуелсіздік үшін күресте күшін еселей түседі. Блоктарға қосылмау қозғалысы қызметінің принциптері мен платформасы бүл елдер басшыларының бірқатар конференцияларының шешімдерінде көрінді. Социалистік елдердің Еуропадағы бейбітшілік пен ұжымдық қауіпсіздік жолындағы күресі. КСРО мен басқа социалистік елдер Еуропадағы шиеленісті бәсеңдету жолында үнемі жігерлі шаралар қабылдап отырды. 1954 жылы КСРО Еуропа елдерінде және АҚШ-қа ұжымдық қауіпсіздік жүйесін жасауды үсынды. Еуропа халықтарынан кеңінен қолдау тапқан кеңес ұсыныстарын Батыс державалары қабылдамай тастады. Олар Германия Федерациялық Республикасын демилитарландыру және оны НАТО-ға кіргізу туралы келісімге қол қойды. Солтүстік Атлантика блогына мүше болғаннан кейін Батыс Германия бұл әскери топта жетекші рөлге ие болуға барған сайын ұмтыла түсті. НАТО-ның Еуропадағы базасына айналды [5, 20].

ГФР-да милитаризмнің қайтадан өрлеуі жалпыға бірдей бейбітшілікке қатер төндірді. КСРО-ның және Еуропадағы социалистік елдердің үкіметтері социализмнің жеңістерін қорғау үшін Еуропада бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдануға мәжбүр болды. 1955 жылы 4 мамырда Варшавада бүл мемлекеттердің арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойылды. Шартқа қатысушылар қол қойған елдердің біріне қарулы шабуыл жасалынған жағдайда оған дереу және жан-жақты көмек көрсетуге міндеттенді. НАТО-дан өзгешелігі сол, Варшава шарты қорғаныс шарты болып табылады, әрі Еуропадағы және бүкіл дүние жүзіндегі бейбітшіліктің сенімді кепілі қызметін атқарады. 1985 жылы сәуірде бұл шартқа қатысушы мемлекеттер Варшава Шартының әрекет ету мерзімін 20 жылға, одан кейін тағы да 10 жылға соза отырып, ұзарту туралы хаттамаға қол қойды. Кеңес ғылымының, техникасы мен өнеркәсібінің ірі табыстарға жетуінің арқасында дүниежүзіндегі күштер арасалмағында социализм пайдасына сапалық өзгерістер болды. 1953 жылы КСРО-да термоядролық қаруды сынау ойдағыдай өтті. Көп ұзамай Кеңес Одағына құрлықаралық ракеталар жасалды.

Екінші дүниежүзілік соғыс өмірдің барлық жақтарына үлкен ықпалын тигізді, сонымен қатар, ол отар және тәуелді халықтардың өздерінің тәуелсіздіктері үшін күресін ары қарай жандандырып, дамытуға мүмкіндік тудырды. Басты рөлді КСРО атқарған демократиялык күштердің фашизмді жеңуі Азия, Африка мен Латын Америкасындағы ұлт-азаттық қозғалыстарды кеңейтіп дамытуға оң ықпалын тигізді. Екінші дүниежүзілік соғыстан сон халықтардың тәуелсіздік үшін күресінде жаңа дәуір басталды. Отарлық жүйе біртіндеп құлдырай бастады [6, 14].

Уақыты бойьшшы бірінші болып Оңтүстік-Шығыс Азия елдері еркіндік ала бастады. Соғыс жылдарының өзінде Индонезия халқы жапондықтармен күрес жүргізді, олар елді жаулап алдып еркіндік үшін болған кез келген құлшыныстарды аяусыз басып шаншып отырды. 1945 жылдың тамызында Жапония капитулляцияланбай тұрғанда, бірақ жапондық милитаризмінің жеңіліс тапқаны анық болып тұрғанда, ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшыларының бірі Сукарно Индонезияның тәуелсіздігін жариялап Индонезия Республикасының бірінші президенті болды. Жаңа тәуелсіз мемлекеттің дүниеге келуі қарулы көтеріліссіз болды. Қан-төгіссіз жеңістің болу себебі мынада: аралда қалған жапон бөліктері деморальданған болды да олар капитулляцияға қол қойған соң мүлдем ешқандай қарсылық білдіре алмады. Индонезияның бүрын болған қожайындары Голландия мен басқа батыс елдерінің қарулы күштері архипелаг аралдарында болған жоқ. Сондықтан тәуелсіздік жариялағаннан кейінгі алғашқы күндері елде тыныштық болып, үкімет пен басқа да билік органдарын кұру жүріп жатты.

Алайда, біраз аралықтан соң Ява аралына жапондықтарды қарусыздандыру түрімен ағылшын әскерлері түсті. Ағылшындар өздерімен бірге уақытша генерал-губернатор Ван Моокты алып келді, ол бүрынғы голланд отарлаушылары орнатқан тэртіптерді қайта қалпына келтіру керек болды. Ағылшын әскери бөліктері Индонезиялық патриоттармен бэлсіне қоймады. Бұл бүкіл елде наразылық пен қарсыластық танытушылыққа әкелді.

1945 жылдың 10 қарашасьшда Индонезияда республиканың еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін, отаршылдыққа қарсы қарулы күрес басталды. Оньщ толық жеңісіне бірнеше жылдар қажет болды. Күрес тек аралдарда ғана емес, сонымен қатар БҰҰ-да, халықаралық конференцияларды да жүріп жатты. Тек 1954 жылдың 10 тамызында голланд-индонезиялық одақ бұзылды. 1956 жылдың мамырында президент Сукарно парламент қабылдаған оны тарату (қысқарту) жөнінде Заң қабылдады. Индонезиядан соң кезек Бирмаға келді. Мұнда Бирманы оккупациялаған жапондықтарға қарсы операция жүргізген ағылшындар ағылшын әскерлеріне көрсеткен көмектеріне қарамастан бирма патриоттарына, ұлт-азаттық қозғалыстардың дамуына кедергі жасауға тырысты. Саяси маневрлармен билікті бирма халқына өткізбеуге тырысқан ағылшын саясатына қарамастан бүкіл елде азаттық қозғалыстар өсіп жатты. Бүкіл билікті толығымен халыққа беру және Құрылтай жиналыста сайлау өткізу туралы талаптар жалпылық болды. Ақырында ұлттық күштердің қысымына түскен ағылшын үкіметі Бирмаға доминион статусын беруге мәжбүр болды. Қыркүйекте Құрылтай жиналыс Конституция қабылдады, ол жаңа республика - Бирма Одағын жариялады [7, 66].

1947 жылдың 15 тамызында Дели тәуелсіз Үндістанның үш түсті жалауы бой көтерді. Үнді халқы көп жылдар бойы армандаған және сол үшін аяусыз күрескен еркіндігіне қол жеткізді. Үндістанның тәуелсіздігін мойындауға мәжбүр болған ағылшын үкіметі оның территориясын екі мемлекетке бөлді: Үндістан мен Пәкістан. Бұл бөлініс тек үнді парламентінің келісімінсіз жүргізілді де бұл кейінгі жылдары екі мемлекет арасындағы көп қақтығыстарға әкелді, олар кейде тіпті әскери қимылдарға да әкеліп отырды. Пәкістан жекеленген екі бөліктен тұрды-шығыс және батыс. Құрлықта олардың ара қашықтығы 1500 шақырымды құраса, суда түбектің айналасындағы жолы 5000 км-ге жуық болды. Ақырында, оның шығыс бөлігі-Бенгалия көп қақтығыстардан соң жеке мемлекет-Бангладеш болды, бұрынғы отарды бөлу тек діни сипат бойынша ғана болды, оның тарихи дамуы мен сақталып қалған салт-дәстүрлері ескерілмеді. Бұл бөлініс басталғаннан бастап-ақ діни негізде болған қиратушылықтар мен бұқаралық кісі өлтірулерге әкелді. Мыңдаған үндістер Пәкістан территориясынан, мұсылмандар Үндістаннан кетуге мәжбүр болды. Джамму мен Кашмир кнәздіктері, және де Хайдарабад пен Джунатарх үшін күрестер үнемі жүріп түрады [8, 62].

1950      жылдың 26 қаңтарында   Құрылтай жиналысы жаңа Конституция қабылдаған соң Үндістан егемен демократиялық республика болды, сонымен бірге Британдық ұлттар Достастығының құрамында қалып отырды.

1948 жылдың ақпанында ағылшын үкіметі Дейлон аралына доминион құқын беруге мәжбүр болды.

1946 жылдың 4 шілдесінде Филиппин Республикасы Егемен мемлекет болды, бірақ АҚШ мұнда өз әскерін қалдырды да республикаға белгілі бір бақылау жүргізіп отырды.

11 жылдан соң, 1957 жылдың тамызында Малайя тәуелсіздік алды. 1951      жылы Неапал конституциялық монархиясы бар егеменді мемлекет болды. Тәуелсіздік үшін ең ауыр әрі қиын жолды өткен Вьетнам болды. Жапонияның 1945 жылдың 2 қыркүйектегі капитулляциясы еркін әрі тәуелсіз Вьетнам Демократиялық Республиканың туған күні болды. Алайда, соғыс кезінде жапон оккупанттармен күрескен вьетнам халқына қайтадан қолына қару алуға тура келді. Францияның билеуші топтары Үндіқытайда өз иеліктерін жоғалқандарымен келіскісі келмеді. Ағылшын әскери бөліктерінің көмегіне сүйенген француздықтар 1945 жылдың 23 қыркүйегінде Сайгонға оккупациялады, Оңтүстік Вьетнам территориясын жаулай бастады, Камбоджаға басып кірді. Бір мезетте чанкайшылар Вьетнамға солтүстіктен кірді, бұны Жапон бөліктерінң капитуляциясын қабылдау кажеттілігімен түсіндірді. Вьетнам халқы өз отанын қорғауға тұрды.

Қытайдың халықтық-азаттық армиясынан кейін чанкайшылар Вьетнамнан кетті де, кейінірек мүлдем Тайваньға көшті. Француздар вьетнам халқының табанды қарсылығы мен әлемнің прогрессивті қоғамдастығының оларды Вьетнамнан кетуін талап етуіне қарамастан күресті жалғастырды. Француздардың жеңілісінен және Дьен Бьен Фу тірек пунктінің құлауынан кейін 1954 жылдың мамырында қайта құрылған Франция үкіметі Вьетнамдағы "лас соғыс"деген атқа ие болған соғысты тоқтатты. 1954 жылдың 20 шілдесінде Үндіқытайда бейбітшілікке келіп, келесі күні Женевада КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, ҚХР, Франция және басқа да мүдделі елдердің шетел істері министрлерінің кеңесінде Вьетнам, Камбоджа, Лаостағы еркін сайлауларды - қарастыратын соңғы бекітуші декларацияға қол қойылды. Вьетнамда 17-параллельден оңтүстікке қарай уақытша демаркациялық сызық жүргізілді.

Женевадағы қорытынды декларацияға қолды тек АҚШ ғана қойған жоқ, олар Вьетнамның еркін дамуына кедергі жасап, Францияның орнына келмекші болды.

1950 жылдың наурызында АҚШ-тың ұлттық кауіпсіздік Кеңесі кейінірек президент Г.Трумэн мақұлдаған француз отар әскерлеріне экономикалық және әскери көмек туралы шешім қабылдаған болатын. Оңтүстік-Шығыс Азияда ықпалын күшейту үшін және аймақ елдерінде дербес демократиялық тәртіптің кұрылуына жол бермес үшін АҚШ 1954 жылдың қырқүйегінде Манилада Оңтүстік-Шығыс Азия келісімінің әскери Ұйымын (СЕАТО) құру туралы пактіге кол қойды. Бұл ұйымға мүше болғандар: АҚШ, Англия, Франция, Австралия, Жаңа Зеландия, Пәкістан, Тайланд пен Филиппин.

АҚШ СЕАТО көмегімен және көмкеруімен белсенді істерге кірісті. Олар "күшті оңтүстік Вьетнам" құрудан бастады, ол арқылы ең алдымен ДРВға соққы беру, содан кейін өз ықпалына бүкіл Үндіқытай аймағын бағындыру көзделді. Бұл үшін 1955 жылдың қазанында Оңтүстік Вьетнам АҚШ-қа тәуелді Нго Динь Дьем президенті бар Республика болып жарияланды. АҚШ-тың 1973 жылға дейін созылған Вьетнамдағы интервенциясы басталды. Алайда, соғыста күштердің теңсіздігіне, АҚШ өзінің үлкен әскери-өнеркәсіптік потенциалына қарамастан, кішкентай 30 миллион халқы бар, жапондықтармен, француздармаен соғыстарда күйзелген Вьетнам тойтарыс беріп кана қоймай, өзінің қаһарман халқының күші мен халықаралык аренаның үнемі болып тұрған қолдауының және де КСРО мен басқа да социалистік елдердің барлык қажет көмек беруінің арқасында жеңіске жетті.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Кравченко Н.Н. Официальная Германская доктрина о военнопленных // Известия МИД. – 1966.
  2. Русинова В.Н. Нарушения международного гуманитарного права: индивидуальная уголовная ответственность и судебное преследование. – М.: «Юрлитинформ», 2006.
  3. Historical Sutvey of the Question of International Criminal Jurisdiction. N.Y., 1949.
  4. Кудайбергенов М.Б.Международное уголовное право в документах. Т. 1. – Алматы: Ғылым, 1999.
  5. Кудайбергенов М.Б. Көрс. еңбек.
  6. Сборник важнейших документов по международному праву. Ч. 1. – М.: ИМЭП, 1996.
  7. Красов С.И. Международная уголовная ответственность индивидов (правовые проблемы). Диссер. на соиск. уч. степени канд. юрид. наук. М., 1985.
  8. Панов В.П. Международное уголовное право: Учебное пособие. – М.: ИНФРА-М, 1997.