Педагогические науки/ 5.Современные методы преподавания.

 

Танирбергенов М.Ж., Нуржанова Г.А.

 Южно-Казахстанский педагогический университет, Казахстан

 

 Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін графика өнеріндегі көркем шығармашылыққа оқыту

 

Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін графика өнерінде көркем шығармашылыққа даярлауда ұлттық бейнелеу өнері тарихынан аудиториялық дәріс беруде ұлттық бейнелеу өнерін қазіргі белесімен оның болашағынан ұлттық болмыс іздесек, ол көне тас дәуіріндегі геометриялық бейнелеу тер, сақ дәуіріндегі «жануарлық таңба», орта ғасырдағы ерте кезеңнің осы уақыт ішінде және одан бергі кезеңге дейінгі қалыптасып шыңдалған дәстүрлі өнер үлгілерінің арасындағы жүйелі сабақтастығы жәнінде айта аламыз.

Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін графика өнеріндегі көркем шығармашылыққа даярлауда, аудиторияда жүргізілетін лекция, семинар және іс-тәжірибелік сабақтарды талдаудың үлгісін қарастырып отырмыз.

Лекция – жоғары оқу орындарында, болашақ маман даярлаудағы барлық негізғі бағытты анықтайтын, алдыңғы қатарлы ұйымдастырылған оқыту формасы.

Лекция сабағын талдай отырып келесі сұрақтарды қарастырдық:

1. Лекция тақырыптарының оқу бағдарламасымен сәйкестігі, мақсат қою, оқу материалдарын мазмұнын ұйымдастыру және іріктеу. Лекцияның ғылыми қағидасын ескеріп, болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін бейнелеу  өнеріндегі тарихи қалыптасудың дүниетанымдық сапасын дамыту. Пән ішіндегі және пәнаралық (философиялық, психологиялық, педагогикалық) байланыстарды ашып, тақырыпқа байланысты әдебиеттердің мазмұны мен лекция мазмұнының қарым-қатынасы (күрделі сұрақтардың жеке қарастырылуы).

2. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерінің теориялық пәндерді меңгеруде құрылым жүйесінде лекцияның алатын орны, болашақ бейнелеу өнері мұғалімдеріне семинар, іс-тәжірибелік және тағы басқа сабақтарға дайындалуына, аудиториядан тыс жеке шығармашылық жұмыстардың ұйымдастырылуына лекция сабағының тигізетін әсері.

3. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерінің ұлттық графика өнерінің көркемдік даму тарихынан оқыдатын лекцияның құрылымы мен негізгі бөліктерінің өзара байланысы. Материалды баяндау жүйесі. Лекцияның жоспары, қолданылатын әдебиеттер тізімі және әдебиеттерді хабарлап түсіндірудің әдіс-тәсілдері. (Лекция барысында, лекцияның басында немесе аяғында хабарланады, әдебиеттер негізі, қосымша тағы басқа болып жалпы тізіммен беріледі).

4. Лекцияны оқу үстінде басты, ең қажетті деген ойлардың оқшаулануы, тұжырымдалуы, тұжырымдау барысында қажетті деректерге сүйену және дәлелдеу.

5. Лекцияны оқу барысында бейнелеу өнері мұғалімдерінің танымдық әрекетінің белсенділігін арттыру, білімді бекіту әдістерін қолдану (қайталау, түсінікті текстерге арналған сұрақтарды беру, әрбір сұрақтың соңында және лекция соңында қорытынды тұжырымдама жасап отыру, тағы басқа).

6. Лекцияны оқу барысында қолданылатын әдістемелік тәсілдер: лекцияны оқудағы техникалық әдістер, бағдарламаланған бақылау, жаңа әсер алу, ғылыми іздеңістер мен ғылыми концепциялармен және басқа да көзқарастармен таныстыру.

7. Лекцияны оқу барысында көмекші материалдарды қолдану (текст, қысқаша жазбалар, бөлек жазба материалдар, көмекші материалсыз тақырыпты еркін әңгімелеу, т.б.). Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерінің жазба жұмыстарына жетекшілік жасап қадағалап, лекцияны жазып алуды ұйымдастыру, жазу әдістемесін үйрету, жазу барысында көмек жасау (қарқын, пауза, тақтаны пайдалану, суреттер, схемалар көрсету және тағы басқа лекция жазбаларын қарап шығып ескертпелер жасау) лекция барысында болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерінің көңілін бөліп өзіне назар аудару жағын қарастыру (риторикалық сұрақтар, әзілдер, тақырыпқа байланысты басқа саланы шолып өтіп, қысқаша ескертпе, пікір және сұрақтар қойып отыру тағы басқа), лектордың дауысы, сыртқы керінісі өзін еркін ұстай білуі, тыңдаушыларын еркін сезініп, оқу курсың терең меңгеруі.

Аудиторияда болашақ бейнелеу өнері мұғалімдеріне графика өнерінің көркем шығармашылыққа дайындауға арналған лекцияға дайындық негізінде мынадай талаптардан басталады:

1. Материал жинау, көркем шығармашылықты жүйелей білу, көздеген мақсат-нысанаға ыңғайластыра, сәйкестендіре алу, пайымдау, көркемдік логика мен шығармашылықтың заңдарын қамтып, тақырыпты игеру мен аудиторияның ерекшеліктеріне үйлестіру.

2. Графика өнеріндегі көркем шығармашылық ойды терең меңгеру, мінбеде өзін-өзі меңгеру ережесін қатаң сақтау, аудиторияның қолдауын қабылдау, ескеру.

3. Графика өнеріндегі көркем шығармашылық туралы оқылатын тақырыптың қыры мен сырын мұлтіксіз меңгеру (дауыс, интонация, қимыл-қозғалыс, сөйлеу мәдениетінің бүкіл талаптарын бұлжытпастан сақтау).

4. Аудиторияда лекция барысында графика өнеріндегі көркем шығармашылық туралы түтқиылдан қойылған сұрақтарға тапқыр да ұтымды жауап беру, өнердегі көркемдік, шығармашылық біліми-ғылыми бәсеке талас ұйымдастыра білу.

Енді аудиторияның құрылымы мен тәртібінің ерекшеліктеріне тоқталайық. Қалай болған күнде де болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерінің өнерге деген құштарлығын ояту бейнелеу  өнеріне тәнті ету – оқытушының тәжірибесіне, білім қабілетіне, ойлау жүйесіне, өнерге деген сезімталдығы мен өткір қабылдауына тікелей байланысты. Бұл орайда өнерден дәріс беретін оқытушы барлың мүмкіндіктерді пайдалануы қажет. Шама келгенінше, лекцияға қатысып отырған әрбір студентке зейін аударып, көз айырмай, өз ой-пікіріне ортақтастырып отырса, олар да жай отырмағанын біліп, оқытушының сөзін мақұлдап отырады. Сөйткенде ғана өнердегі көркем шығармашылық туралы тізбекті реакция пайда болады. Мұның барлығы қатысып отырған болашақ мамандардың оқылып жатқан лекцияның тақырыбын және көркемдік мазмұнын қабылдау мен түсінуіне қатысты.

Қабылдау мен түсінудің проблемалары біртұтас күрделі құбылыс екендігі анық. Қабылдау деғеніміз өнердің көркемдік құрылымдарын талдау мен жинақтау. Ал, түсіну дегеніміз өнердің мағыналық мөнерін талдау мен жинақтау. Асылы, қабылдау мен түсіну адамның ішкі құбылыстары мен сыртқы байланыстарын түгелдей қамтиды.

Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін графика өнерінде көркем шығармашылыққа теориялық даярлауда аудиториялық жұмыстардың қабылдануы мен түсінуі үшін мынадай жағдайларды, атап айтқанда, болашақ мамандардың көңіл-күйін, наным-сенімдерін, бейнелеу  өнеріне деген құштарлықтарын және лекцияда қолданылатын мотивтер мен нұсқауларды есепке алған жөн.

Лекцияны тыңдайтын болашақ мамандардың ықыласын мынадай мотивтер оятуы мүмкін: интеллектуалдық және эстетикалық мотивтер.

Лекцияға интеллектуалдық мотивтермен қатысқан болашақ мамандар айырықша ықыласпен тыңдайды. Білім мен өнердің құпия сырларын көкірегіме тоқысам деген ой болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерінің ойын әрқашанда тебірентеді.

Ал, эстетикалық мотивтердің талабына келгенде болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерінің эстетикалық талабын қанаттандырып, олардың күткеніндей биіктен көрінетін қызықты лекция қажет. Қызығушылық болғанда ғана болашақ маман лектордың сөзін жақсы қабылдайды. Адам көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де мейірленеді, тезірек қолға түседі» (314) – деп ұлы Абай айтқандай, өнерді оқытудың төркіні «көңілдің шын мейірленуінде».

Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін графика өнеріндегі көркем шығармашылыққа теориялық даярлығын қалыптастыруда, оқылатын лекциялардың тақырыбын таңдау, нақтылы мақсат қоя білу де үлкен өнер. Бұл да біліктілікті, зерделілікті талап етеді. Өзіңізге де, болашақ бейнелеу өнері мұғалімдеріне де лекция қызғылықты болса, тіпті ғанибет. Сөз жоқ, болашақ мамандарға бейнелеу  өнеріндегі көркем шығармашылық туралы оқылатын тақырып арнайы жасалған жоспар бойынша туындайды. Мұны асқан сезімталдықпен аңғару, білу, түсіну – салиқалықтың, білімділіктің белгісі. Мұқият тексерілген лекцияда ұлттық бейнелеу  өнерінің даму тарихы, сол халықтың тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрлерін, даналық болмысын терең танудың үстіне, лектордың мәдени, рухани қабілеті, ұлттық өнердегі дүниетаным дәрежесі, ақыл-парасаты жоғары болуы қажет. Сонда ғана болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерінің бейнелеу  өнеріндегі көркем шығармашылык, туралы бүрынғы білім-білігін кеңейтіп, ынта-жігерін арттырып, сана-сезімін байытуға болады.

Лекцияға материал жинаудың мынадай жолдары бар екені белгілі: жеке тәжірибе, ойлау және бақылау, сұхбат-әңгіме, пайдалы еңбектерді оқу.

Осы орайда картотека толтыру тиімді, асыл құнды деректерді, мәліметтерді міндетті түрде тізіп жазып отыру.

Библиографиялық анықтамаларға, энциклопедияларға, мерзімді баспасөз бойынша жасалған көрсеткіштерге, статистиклық мәліметтерге жүгіну.

Болашақ мамандарға оқылатын лекцияда графика өнеріндегі көркем шығармашылықта басты идеяны жарқырата таныту, лекцияның ең соңында негізгі идеяларды, ой-пікірлерді қысқаша қорытындылап, шоғырландырып айту.

Шын мәнінде, болашақ бейнелеу өнері мұғалімдеріне графика өнерінің көркем шығармашылық құрылымынан лекция оқу дәріс беруші оқытушының терең білімі мен тәжірибесі лекцияның мағыналылығы мен мәнділігін, мәнділігі мен дәлдігін арттырады.

Конспект – оқытушының жинақы, түйіндеп сөйлеуіне себебін тигізеді. Конспект жаза білу де білімділікті талап етеді. Шын мәнінде, бұған дағдылану, машықтану жоғары оқу орындарында алғашқы курстардан басталады. Лекция тыңдаушы болашақ мамандар лекциядағы басты ой-пікірлерді ғана қағазға түсіріп отырғаны дұрыс. Лекцияны тыңдау барысында болашақ бейнелеу өнері мұғалімдері тақырыпты дұрыс қабылдап жазып отыруға, жазу үстінде терең ұғуға, лектордың ойлау қабілетіне, сөйлеу ерекшелігіне, дауыс толқындарына кідіріс кезінде бақылау жасап, өте мағыналы мәселелерді өздігінен жіті танып, жазып отыруға машықтанып үйренгені дұрыс.

Лекция оқитын оқытушының ауызша сөйлеу барысында ең негізгі ой-пікірлерін жинақы, түсінікті, жатың жеткізу үшін конспект жасауға міндетті. Конспект – оқытушының толғаныстарын тәртіпке түсіріп реттейді. Тыңдаушылардың ықыласына бөленіп, көңіл-күйді өзіне аударуға көмектеседі. Конспект үш бөлімнен құрастырылады. Алдымен, кіріспе бөлім, сонан соң негізгі бөлім, үшіншісі қорытынды бөлім. Кіріспе үш бөлімнен тұрады: тақырыптың көкейкестілігі; мақсаты; мәселенің тарихы.

Іс тәжірибесі мол оқытушылар лекцияның барысында өнердегі қызықты оқиғаларды көркем шығармашылықтағы дүр сілкіндіретін тосын мысалдарды, нақыл сөздерді, аса мағыналы мақал-мәтелдерді, бейнелеу  өнеріндегі юморлық сипаты бар ситуацияларды арқау ете сейлейді. Сөз басы өнегелі ойға, өнерпазды көркем шығармашылыққа жетелейтін киелі әңгімеге айналдырады.

Лекциядағы негізгі бөлім ең алдымен болашақ маманға материалды таныстырудың рет-тәртібін, логикалық жүйесін, бөліктердің өзара қиысып орналасуын, баяндаудың шағын, ықшамды тәсілін мұқият сақтау керек. Ең бастысы, графика өнеріндегі басты идея үшін көркемдік пен шығармашылықтың бірлігі үшін жұмыс жасау – лектордың басты міндеті.

Қорытынды бөлімде жазылған лекция ықшамды, қысқа болғаны дұрыс. Қорытынды сөзді нақтылы сілтемелеп, яғни бейнелеу жолдарымен түйіндеген абзал.

Конспектіде – логикалық құрылымға негізделгендіктен, сұрақтардан гөрі жауаптар берік болғаны дұрыс. Әрбір лектордың конспект жазуда өзіндік ерекшеліктері бар. Кейбіреулері деректеме көздерінің мазмұнын жазады, екіншілері жинақы, жүйелі жазбаларға сүйенеді.

       Сонымен қоса жоғары оқу орындарының оқыту процесінде болашақ мамандардын біліктілігін, белсенділігін, шығармашылық ізденімпаздығы мен қабілеттерін дамыту үшін оқу-іздену, өнерді ғылыми-зерттеу және көркем шығармашылық жұмыстар пайдаланылады.