А.ш.ғ.д. Қожабаев Ж.І.
Қазақ егіншілік және өсімдік
шаруашылығы ғылыми-зерттеу
институтының Талдықорған филиалы,
Қазақстан
Ауыспалы егістегі арпа
өсімдіктерінің жапырақ алаңын қалыптастыруы
Сыртқы ортаның екпе дақылдар
дамуына әсерін тиянақты бақылай келіп, фотосинтез бен
түпкі өнім арасындағы айнымас тікелей байланысты осы
ілімнің негізін қалаушылар ежелден-ақ атап көрсеткен.
К.А.Тимирязевтің [1] пікірінше, топырақтың
құнарлылық шегі тынайтқыштар және судың
мөлшерімен емес, күннің жарық энергиясымен анықталады.
Егер егістік алқаптың күн қуатын барынша пайдалану
мүмкіндігі 10-15% деп есептесек, бірақ іс жүзінде ауыл
шаруашылығы өсімдіктері оның тек 1-2 пайызын ғана
тұтынады.
Демек, болашақ мол өнімнің
негізін қалау үшін күн сәулесінің қуатына
сәйкес топырақтың су және қоректік режимдері оңтайландырылса,
ал өндіріске енгізілген мүмкіндігі шектеулі сорттар күрделі
селекциялық өзгертудің қажеттігін дәлелдейді.
Профессор А.А.Ничипоровичтің [2]
тұжырымы бойынша, ғылымның барлық саласын пайдалана
отырып, ең өнімді фотосинтетикалық жұмыс
атқаратын егістік құрылымын қамтамасыз ету - бүгінгі
таңдағы өсімдік шаруашылығының негізгі міндеті. Осы
тұрғыдан алғанда фотосинтез өнімділігінің барынша
жоғары мәні танаптағы егістіктің қалыпты
жиілігінде түзілетін оңтайлы жапырақ алаңына
сәйкес келуі мүмкін.
Арпа өсімдіктерінің
фотосинтетикалық қызметін сипаттайтын басты
көрсеткіштердің бірі - жапырақ алаңы және
оның өсу кезеңіндегі бірыңғай үйлесімді
қалыптасуы. Соңғы жылдары аудандастырылған интенсивті
сорттардың үлкен жапырақ бетін қалыптастырып, топырақтағы
ылғал мен қоректік заттарға ерекше жоғары талап
қоятын қасиеттері бар.
Алғы дақыл мен тұқым себу
мөлшеріне байланысты арпа егістігіндегі жапырақ
алаңының қалыптасуы, мың м2/га
Түқым себу
мөлшері,млн.дән/га |
Даму кезендері |
||||
түптену |
түтіктену |
масақтану |
сүттену |
||
Сүрі жерге
егілген арпа |
|||||
2 |
5,4 |
15,6 |
22,3 |
12,8 |
|
3 |
6,8 |
18,7 |
26,0 |
13,5 |
|
4 |
8,1 |
21,5 |
29,3 |
13,8 |
|
5 |
9,2 |
23,8 |
30,8 |
12,3 |
|
Арпаның сүрі жерден кейінгі екінші дақылды |
|||||
2 |
4,8 |
12,1 |
18,5 |
9,2 |
|
3 |
6,2 |
15,0 |
22,0 |
10,3 |
|
4 |
7,6 |
17,0 |
22,4 |
10,0 |
|
5 |
8,4 |
18,8 |
25,6 |
8,6 |
|
Арпаның сүрі жерден кейінгі үшінші
дақылы |
|||||
2 |
4,2 |
10,8 |
16,3 |
7,6 |
|
3 |
5,8 |
12,6 |
19,5 |
9,0 |
|
4 |
6,6 |
15,2 |
20,9 |
8,4 |
|
5 |
7,5 |
17,1 |
22,8 |
6,5 |
|
Ауыспайтын арпа егістігі |
|||||
3 |
4,0 |
9,3 |
13,6 |
5,8 |
|
ЕКЕА 0 5 А |
1,2 |
1,6 |
2,2 |
1,0 |
|
ЕКЕА05
В |
0,7 |
1,0 |
1,6 |
0,6 |
|
Зерттелген жылдар ішінде арпа
жапырақтарының ең жоғары мәні масақтану
кезеңінде тіркеліп, дәннің сүттенген шағында
пластикалық заттардың жетімсіздігінен сүрі жерге себілген
егістікте 12,3-13,8, арпаның екінші дақылында 8,6-10,3,
үшінші дақылында 6,5-9,0, ал ауыспайтын егістікте тіптен 5,8
мың шаршы метрге дейін төмендейді.
Барлық алғы дақылдар бойынша
тұқым себу мөлшерін көбейткен сайын жапырақ
қызметінің ұзақтығына кері әсер
еткенімен,оның бір гектардағы мәні арта түседі.
Масақтану кезеңінен бастап аңыздық танаптардан
соң орналасқан арпаның жиі егістіктері өнімді
ылғалдың қорын тез шығындап, толық піскенге дейін
жапырақ алаңын күрт азайтады. Мұндай егістіктің
төменгі қабатындағы жапырақтар ерте сарғайса, ал
сирек егістікте, керісінше олардың тіршілігі ұзаққа
созылып, өнім түзудегі ықпалы басым келеді. Бұл
құбылысты осы қырынан ұғынсақ,
тұқым себу мөлшерін гектарына 5 млн. дәнге
көбейту арпа жапырақтарының көлемін дәннің
сүттенген шағында 1,4-2,0 мың шаршы метрге
төмендететінін түсіндірудің қажеті болмас.
Зерттеу жүргізілген жылдардағы
деректерді жинақтай келсек, бір өсімдіктегі ең көп
жапырақ алаңы (142,6-152,6 см) сирек егістікте тіркелген, себебі
мұндай жағдайда жеке өсімдіктің даму
артықшылығы түптену кезеңінен бастап толық
піскенге дейін үдей түседі.
Жекелеген өсімдіктің жапырақ
алаңы мен өнімділігін өзара салыстыру масақтану
кезеңінен (r=0,88±0,11) дәннің сүттену (r=0,70±0,21)
мезгіліне қарай әлсірей түсетін тікелей байланыстың
барлығын көрсетеді, яғни масақты қоректік
заттармен жабдықтаудағы жапырақатардың үлесі
масақтанудан піскенге дейін кеми беретіндігін дәлелдейді.
Көп жылдық мәліметтерді
дисперсиялық талдау арқылы арпа жапырақтарының
алаңын қалыптастыруда алғы дақыл 28,6-44,3%,
тұқым себу мөлшері 25,1-38,9 % аралығында әсер
ететіндігі анықталды.
Әдебиеттер:
1.Тимирязев К.А. Космическая роль зеленого
растения // Крунианская лекция. - М., 1937. -Т.1. -С.391-424.
2.Ничипорович А.А., Строгонова Л.Е. и др.
Фотосинтетическая деятельность растений в посевах. - М.: АН СССР, 1961. -136 с.
А.ш.ғ.д. Қожабаев Ж.І.
Қазақ егіншілік және өсімдік
шаруашылығы ғылыми-зерттеу
институтының Талдықорған филиалы,
Қазақстан
Сүрі
танапта жаздық арпаның тұқым шаруашылығын
ұйымдастыру
Ғылыми-зерттеу мекемелері
мен озат шаруашылықтардың көп жылдық деректері
астық түсімін арттырудағы сорттар мен будандардың жалпы
үлесі 25-40 % аралығында
екендігін көрсетеді. Өсімдіктер дүниесіндегі аса
көрнекті ғалым Н.И.Вавилов гектар берекелігін еселей дамытып, алынатын
өнім сапасын жақсартудағы шешуші фактор ретінде
сорттардың маңызы барған сайын күшейе түсетінін
жайдан-жай атап көрсетпеген болатын.
Сорттардың потенциалды
мүмкіндігі тұқым шаруашылығы барысында
анықталатыны көпшілік мамандарға белгілі. Біздің
елімізде ғылыми мекемелер жасап шығарған сорт алмастыру мен
жаңартудың қалыпты жүйесі бар. Оны іс жүзінде
талап денгейіне сәйкес қолдану сорттың биологиялық
және шаруашылықтық қасиеттерін сақтап, ауыл
шаруашылығы өндірісінде генетикалық мүмкіндігін
сарқа пайдалануға жол ашады.
Екпе дақылдардың
сорттық егістіктерінде қолданылатын агротехникалық тәсілдер
ең алдымен өсімдіктердің қалыпты өсу
жағдайын жабдықтап, қорытындысында сапалы
тұқымның жоғары өнімін қамтамасыз етуі
тиіс. Ал, жауын-шашыны жетіспейтін тәлімі белдемде дәнді дақылдардың
тұқым шаруашылығы тек сүрі танаптарда
жүргізілетіндіктен, егістіктің су режимін реттейтін
әдістердің қатарына бірінші кезекте өсімдік
тығыздығын жатқызуға болады. Сонымен қатар,
ылғалы жетімді танапқа қосымша минералды
тыңайтқыштар енгізу - өсімдіктердің қоректенуін
жақсартып, өнім мөлшері мен сапасына оң ықпал
ететіндігі заңды құбылыс.
Талдауға алынған
қөрсеткіштің тұқым себу мөлшері
арасындағы ең жоғары шамасы 4 млн./га жиіліктегі егістікке
сәйкес келетіндігін айта келіп, зерттеудегі жылдарды топтастыру
арқылы ылғалдылық болмысына басты назар аударсақ. Атап
айтқанда, бақылау егістігіндегі арпа тұқымының
шығымы
қуаңшылық жылдары 71,7-73,6 % құраса, ылғалы орташа
деңгейде 79,8-81,7 %, ал ылғалды жылдары 83,3-85,9 пайызға дейін көтеріледі. Осындай
бағыттағы өзгерістер минералды тыңайтқыштар
енгізілген аяларда да бірінғай көрініс тапқан.
Тұқымның
өну қуаты оның егістік сапасы мен өнімділік
қасиеттерін айкын сипаттайтын негізгі шамалардың қатарына
жатады. Екпе дақылдардың өскіндерінің жер бетіне
біркелкі әрі толық көктеп шығуына бұл
көрсеткіштің тигізетін әсері ерекше.
Зерттеу жылдары сүрі
танапқа енгізілген минералды тыңайтқыштар мен
тұқым себу мөлшеріне қарай арпаның өну
қуаты орта есеппен 92,4-95,2 % аралығында болса, бақылаумен
салыстырғанда аталған мағына 1,3-2,1 % артық
түзілген.
Ауа райының
қолайсыздығы салдарынан қуаңшылық жылдары
өндірілген арпа тұқымының өну қуаты
тыңыйтылмаған егістіктерде 87,6-89,8 пайызға дейін
төмендеп, керісінше, жауын-шашыны мол жылдары, атап айтсақ, N30P30 аясында
жиналған егістіктегі тұқымның өну қуаты
95,7-97,3 % көлемінде
жоғары қалыптасқан. Қысқасы, танаптағы
өсімдіктердің ылғал және қоректену
жағдайларын оңтайландыру арпа түсімін көтерумен қатар
тұқымның егістік сапасын әлдеқайда
жақсартуға мүмкіндік береді.
Мәдени өсімдіктер
тұқымының аса маңызды қасиеттерінің бірі –
оның өсу кезеңіндегі өнгіштік қабілеті. Осы шама
бойынша қоректену аясы мен аумағына сәйкес зерттелген
жылдардағы сүрі танапта өндірілген арпа
тұқымының қалыптасу және өзгеру
заңдылықтарын былайша түсіндіруге болады.
Танаптағы егістіктің шығымдылығы мен алаң
бірлігінде түзілетін өсімдіктер жиілігі бірінші кезекте
тұқымның зертханалық өнгіштігіне бағынышты,
өйткені қосымша себептерді есептемегенде зертханалық
және егістік өнгіштіктің арасында әрдайым тікелей
тәуелділік сезіледі.
Қоректену аясы мен
тұқым себу мөлшеріне байланысты арпаның көбею
көэффициенті
Тұқым себу мөлшері, млн. дән/га |
Жауын-шашынмен қамтылу дәрежесі |
Орта есеппен 8 жыл ішінде |
||
Қуаңшылық жылдары |
Ылғалы орташа жылдары |
Ылғалды жылдары |
||
Тыңайтқышсыз |
||||
2 |
10,5 |
20,6 |
26,7 |
19,6 |
3 |
8,1 |
14,9 |
19,5 |
14,3 |
4 |
6,4 |
12,6 |
16,1 |
11,9 |
5 |
4,4 |
9,5 |
13,1 |
9,1 |
Р15 тұқыммен бірге |
||||
2 |
11,9 |
22,6 |
29,4 |
21,6 |
3 |
9,2 |
16,5 |
21,3 |
15,8 |
4 |
7,3 |
13,6 |
17,7 |
13,0 |
5 |
5,3 |
10,3 |
14,1 |
10,0 |
Р30 |
||||
2 |
14,3 |
24,6 |
31,3 |
23,6 |
3 |
10,3 |
17,6 |
22,6 |
17,0 |
4 |
8,2 |
14,3 |
18,6 |
13,8 |
5 |
6,0 |
10,8 |
14,8 |
10,6 |
N30P30 |
||||
2 |
14,5 |
26,0 |
33,3 |
24,9 |
3 |
10,8 |
18,4 |
23,6 |
17,8 |
4 |
8,9 |
15,2 |
19,4 |
14,6 |
5 |
6,3 |
11,4 |
15,5 |
11,1 |
Мысалы, тыңайтылмаған
егістік нұсқаларынан жиналған дән
үлгілерінің зертханалық өнгіштігі 93,4-95,3
пайызға теңелген, ал бұл шамалар тыңайтқыштар
енгізілген аялардан орта есеппен 0,8-2,5% кем құраса,
ылғалдылығына қарай топтастырылған жылдар ішіндегі
айырмашылық бұдан да жоғары қалыптасып, айырмасы
3,3-3,8 пайызға дейін көтеріледі.
Зертханалық бақылауға алынған арпа
тұқымының өсу күшін бағалау үшін
тәжірибе үлгісіне сәйкес он күндік
өскіндердің ұзындығы өлшеніп, көп
жылдық мәліметтердің орта мәні мен жылдың
ылғалдылығына қарай қалыптасқан
дәннің өсу қарқындылығына талдау жасалынды.
Тәжірибе нәтижелері көрсеткендей, бақылау
егістігінде өндірілген тұқымның он күндік биіктеп
өсуі нұсқалар бойынша орта есеппен 14,1-14,9 сантиметрге
жетіп, аталған көрсеткіш тыңайтқыштардың Р15,
Р30, N30P30 аяларында тиісінше 15,0-15,9;
15,3-16,2 және 15,4-16,3 см аралығында біршама жоғары
өсімін тапқан.
Тәлімі жердегі тыңайтқыштар қолданудың
тиімділігі жылдың ылғалдылық дәрежесімен тығыз
байланыста екендігі көпшілікке аян. Мәселен, куаңшылық
жылдары тыңайтқыштардың әсерінен арпа
өскіндерінің өсімі оңтайлы мөлдектерде 0,7-0,8 см
шамасында болса, ылғалы орташа және мол жылдары
тыңайтылмаған нұсқаларға қарағанда
1,2-1,6 сантиметрге дейін қарқынды дамиды.
Тәжірибе деректеріне жүгінсек, қоректену аясы мен
аумағына байланысты сүрі танапта өсірілген жаздық
арпаның көбею коэффициенті нұсқалар бойынша орта
есеппен 9,1-24,9 аралығында ауытқып, бақылауда 9,1-19,6, ал Р15
аясында 10,0-21,6, Р30 – 10,6-23,6 және N30P30
– 11,1-24,9 шамаларын құраған.
Жалпы, егістік танаптарда өсірілетін мәдени
дақылдардың тұқым себу мөлшері мен көбею
коэффициентінің арасында бұлжымас кері тәуелділік
орнығады, сондықтан мұндай ерекшелікті тұқым
көлемі жеткіліксіз жаңа сорттарды
тездетіп көбейту үшін бірінші кезекте басшылыққа
алған жөн.