Маманова Халида Медетовна

 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті, Магистратура және PhD Докторантура Институты,

 «6D050100-әлеуметтану» мамандығының PhD докторанты

 

БЕНЧМАРКИНГ- ҰЛТТЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ

ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ.

 

Қарқынды дамып отырған әлемнің маңыздылығы сол, бүгінгі жеткен жетістік, ертеңгі күні көненің көзіне айналуы болып отыр. Әлемдегі өзгерістермен бірге өзгеруді өмірлік шарт деп алсақ, даму жолын бетке алған, алайда толыққанды жетілуге қолы мен қаражатынан шектелген еліміздің туризм индустриясына нендей жағдай көмек бола алады екен?- деген сұрақ мазалағалы қашан.

Күн өте өзгеріп, дами түскен туризм саласының тұтынушыларының талғамы өсіп, оған сай болуға тырысқан туристік индустрия өкілдері, нарыққа шыққан жаңалықты көзден таса етпей, бақылап бағуда.

Көз көреді, қол жетпейді – демекші, барлығының бірдей шамасы жете бермейтін шақтар, ғалымдардың аз шығынмен, үлкен жетістікке жетудің құралы  «бенчмаркингті» ойлап табуына себеп болды. 

Бенчмаркинг – алғашында «мең қою», кейінірек «үздік» мағынасына ие болды. Оған жалпы сипаттама берер болсақ, белгілі мөлшерде сапалық, сандық қасиетке ие, өндірісте үлгі болатын абстрактілі зат не қызмет. Тәжірибе жүзінде, өндірісті жүргізудің жаңа идеалары мен үлгілерін жүйелі түрде іздеу, бағалау, таңдау мен қолдану болып табылады[1].

Бенчмаркинг әдісін ең алғаш, өткен ғасырдың 70-жж. бизнесті жүргізудің оңтайлы әдісін іздеген АҚШ-тың Стратегиялық Жоспарлау Институтының ғалымдары ойлап тапты.

1989 жылы «XEROX» компаниясының менеджері Роберт Кэмптің жарияланған мақаласынан кейін, «бенчмаркинг әдісі» танымалдылыққа ие болып, Спендолини, Ватсон, Зайри, Кросс, Харрингтон мен Харрингтон  және т.б. авторлардың еңбектеріне негіз болды [2].

Алғашында реинжениринг пен заттың ретроперспективті талдауы ретінде қарастырылған бенчмаркинг уақыт өте ауқымы кеңейіп ғылым ретінде қалыптасып, тәжірибеде сыналып, серіктес әрі бәсекелес кәсіпорындар додасында сапаның шыңына шығу жолы деп танылып, жаһандық деңгейде басы бүтін салалардың дамуына өз үлесін тигізді. 

Соңғы жылдары көптеген дамыған елдер бенчмаркингті қолданысқа ендіріп жатыр. Ал, ТМД елдерінде болса, «бенчмаркинг» әлі де жат дүние.

 Алайда, дүниенің ұдайы өзгерісі мен дамуын ескерсек,  бенчмаркингтің бизнес ортадағы болашағы жарқын екенін болжай аламыз.

Бенчмаркинг - стратегиялық жоспарлаудың балама әдісі. Ондағы мақсат жеткен жетістікке емес, жоспарды жүзеге асырғаннан кейінгі бәсекелестердің өнімділік, тиімділік, табыстылық көрсеткіштеріне негізделеді. Бенчмаркинг әдісінің ерекшелігі – стратегиялық жоспарлауда салалық талдаумен бәсекелестердің жағдайын талдауды біріктіруінде.

«International Benchmarking Clearinghouse» компаниясының басшысы Кіші Джейсон Грейсонның пайымдауынша бенчмаркингтің танымалдылығына  жаһандық бәсекелестік, сапа талабы мен жанжақты бейімделу себепкер болды.

Қазіргі таңда бенчмаркингтің он екі түрі белгілі. Оларға:

·        Ішкі бенчмаркинг;

·        Бәсекеге қабілеттілік бенчмаркингі;

·        Қызметтік бенчмаркинг;

·        Процестік бенчмаркинг;

·        Жаһандық бенчмаркинг;

·        Жалпы бенчмаркинг;

·        Шығын бенчмаркингі;

·        Мінездемелік бенчмаркинг;

·        Тұтынушы бенчмаркингі;

·        Стратегиялық бенчмаркинг;

·        Шапшаң бенчмаркинг;

·        Ассоциативті бенчмаркинг,  жатады.

          Айта кететіні, теория жүзінде бенчмаркингтің сала ерекшелігіне қарай он екі түрі бар болғанымен, тәжірибе жүзінде «ішкі бенчмаркинг», «бәсекеге қабілеттілік бенчмаркингі», «қызметтік бенчмаркинг» және «процестік бенчмаркинг» түрлері басым қолданылады.

          Аты аталған бенчмаркинг түрлерінің жұмыс алаңын, міндеттерін, жағымды және жағымсыз жақтарын Австриялық профессор Карл Вебер егжей-егжейлі келесідей кестеде қарастырып өткен (Кесте-1). 

 

Кесте- 1. Бенчмаркингтің түрлері

ТҮРЛЕРІ

ЖҰМЫС АЛАҢЫ

МІНДЕТТЕРІ

ЖАҒЫМДЫ ЖАҚТАРЫ

ЖАҒЫМСЫЗ ЖАҚТАРЫ

 

 

ІШКІ БЕНЧМАРИКНГ

Бір кәсіпорындағы қызметтер, жобалар, бөлімдер және жұмыс

-  Бәсекелестікті арттыру

- Үнемі дамуды қамтамасыз ету

-  Экономикалық тиімділікті арттыру

- Қызметкерлерді марапаттаудың тиімді жолын табу

-  Тілдің, мәдениеттің, механизмдер мен жүйенің ортақ болуы

-  Мәліметтің қол астында болуы

-  Ортақ байланыстың болуы

-  Кері байланыстың салыстырмалы шапшаңдығы

- Сырткөздің болмауы

- Нақты мәліметтің өзгертілуі мүмкіндігі

СЫРТҚЫ  БЕНЧМАРКИНГ

ПРОЦЕСТІК БЕНЧМАРКИНГ

Бір саладағы не басқа саладағы кез келген кәсіпорын

- Үздік басқарушылық тәжірибені анықтау

 

-  Ұмтылыстардың мүмкіндігі

-  Келешек корпоративті кеңейту

-  Этикалық және саяси мәліметтерге қатты болуы

- Салыстырмалы  түрде мәліметтерге қол жеткізудің қиындығы

- Бөліп қарастыру алаңының тарылуы

 

БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК БЕНЧМАРКИНГІ

Бәсекелестер (бір саладағы бәсекелестер)

- Бәсекелестердің стратегиясын, мақсаттары мен міндеттерін және жұмыс өнімділігін анықтау

- Үздік тәжірибені анықтау

-  Бірдей құрылым мен шектеулер

-  Мәліметтерге қол жеткізудің шектеулігі

-  Қауіптің төмендігі

 

- Сала парадигмаларының креативтілікті шектеуі

- Ресми, этикалық қараулар

 

САЛА

 БЕНЧМАРКИНГІ

Ұқсас не басқа сала немесе индустрия саласы

- Тәжірибеден өткізу формаларын анықтау

- Алдыңғы қатарлы тәжірибе туралы мәлімет тарату

- Саланың бағдарламасы мен стратегиясын анықтау

-  Салалық тенденцияларды оңай бағалануы

-  Мәліметтерді талдаудың оңайлығы

- Жеке салалық кеңес берудің қиындығы

- Мәліметтердің бәсекелестерге де қолжетімді болуы

         

           

          Схема-1. Кэмп және Ватсон бойынша бенчмаркинг процесінің модельдері.

 

Кэмп (1989)                                        Ватсон (1992)


1.Жоспарлау

Біздің жұмыс процесіміз қандай?

Оны қалай бағалаймыз?

Біздің ерекшелігіміз неде?

 

2.Зерттеу

Қай кәсіпорынның жұмыс процесі жақсы

Ең үздік кәсіпорын қайсысы?

 

3. Бақылау

Басқа кәсіпорындардың жұмыс процесі қандай?

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


         

          Бенчмаркинг жоба процесінің деңгейлері жобаны жүзеге асыру барысында анықталады. Мысалы: Кэмптің (1989) бенчмаркинг процесін он деңгейін ұсынса, Ватсон (1992) бұл процесті алты деңгейге бөлген (Схема-1). 

Ал, С.Кодлинг (1998) барлық бенчмаркингтік модельдердің синтезін жасап,  тиімді модель құрған. Оның моделі төрт бөлім, он екі қадамнан тұрады.

 

Схема-2. С.Кодлингтің (1998) бенчмаркингтік моделі

 

 

Туризм ауқымды сала екендігін және көп қилылығын ескерсек те, ең алдымен оның табыс табу көзі екендігін ұмытпауымыз керек. Өйткені, ол осы қасиетінің көмегімен халықтың әл ауқатын арттырып, әлеуметтік-экономикалық дамуға себепкер болып отыр.

Бенчмаркинг әдісін зерттеушілер мен тәжірибелеушілер бенчмаркингті туристік сектордың барлық деңгейлерінде қолдануға тиімді екенін айтып өткен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте-2. Бенчмаркингті туризм саласында қолдану    

Ұлттық, аймақтық, жергілікті (ауылдық және қалалық)

 бенчмаркинг түрлерін  жүргізу алаңдары

Коммерциялық туристік

кәсіпорындары

Коммерциялық емес

туристік кәсіпорындар

·  Қонақтау орындары ( қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер және т.б.)

·  Ресторандар (барлық түрлері)

·  Туроператорлар мен турагенттіктер

·  Тасымалдаумен айналысатын кәсіпорындары (авиакомпаниялар, теміржол компаниялары, автобус парктері, такси  және т.б.)

·  Туризмнен табыс табуға негізделген басқа да кәсіпорындар (демалыс парктері, дайвинг мектептер, аттракциондар және т.б.)

·  Ұлттық және аймақтық «Туристік кеңестер»

·  Танымдық объектілері және т.б. коммерциялық емес кәсіпорындар (театрлар, музейлер, галереялар, опералар және т.б.)

 

 

 

Сайып келгенде, туристік саланың басқа да қоғамның отыз екі саласымен тығыз байланыста болуы, ондағы бенчмаркингтік зерттеулерді жүргізу алаңының кең екендігін дәлелдейді.

 Екінші кестеде көрсетілгендей туризм саласындағы бенчмаркингтік зерттеулер коммерциялық және коммерциялық емес алаңдарда жүргізіледі. Коммерциялық алаң, жалпы туризм саласының маңызын құрайтын құрамдас бөліктерінен, яғни: қонақтау орындары, тамақтану орындары, тасымалдау құралдары, рекреациялық объектілер, туристік қызметтерді құрастырушы әрі жүзеге асырушы турагенттіктер мен туроператорлардан тұрады.                   Ал, коммерциялық емес алаң, мәдени инфрақұрылымды құрайтын объектілер, яғни: театрлар мен кинотеатрлар, танымдық объектілер, туристік заңнаманың және заңдылықтарының қалыптасып, орындалуына себепкер кәсіпорындардан тұрады. 

Екі алаңның кәсіпорындарында бенчмаркингтік жобаны жүзеге асыру әрі таңдау кәсіпорынның қызметтік спецификасына әрі мақсатына байланысты атқарылады. Қандай жағдайда да, туризм саласындағы бенчмаркингтік зерттеу жұмыстарының мәні мен мағынасы тұтынушының қанағаттану деңгейі, ұсыныс пен сұраныс, өнімнің немесе кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын анықтау болып табылады.

 

  Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.     Karl W. Wöber.Benchmarking for tourism organizations, An eGuide for Tourism Managers, National Laboratory for Tourism and eCommerce, University of Illinos at Urbana Champaign 2001.

2.     Savanam Chandra Sekhar. Benchmarking, Journal of Business Management Vol. 4(6), pp. 882-885, June 2010 http://www.academicjournals.org/AJBM/PDF/pdf2010/June/Sekhar.pdf

3.     Michele Cano, Siobhan Drummond, Chris Miller, Steven Barclay. Learning from others: Benchmarking in diverse tourism enterprises. Total quality management, vol. 12, no. 7&8, 2001. http://www.tourism.bilkent.edu.tr/~jamel/Selected%20Topics%20in%20Tourism/Benchmarking.pdf

4.     http://ru.wikipedia.org/wiki/Бенчмаркинг