ЛОГИКАЛЫҚ
ЖӘНЕ ГРАММАТИКАЛЫҚ МОДАЛЬДІЛІКТІҢ АРАҚАТЫНАСЫ ТУРАЛЫ
Құсайынова Ж.А., филология ғылымдарының кандидаты
С.Сейфуллин
атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Астана қаласы
Модальділік терминінің
пайда болуына, қалыптасуына логика ғылымының әсері
болғаны белгілі. Бұл мәселе (аталған
түрлерінің ішкі байланысы) бұған дейінгі
мақаламызға өзек болып, талданды. Ендігі жерде «екі
түрінің арасында қандай айырым белгілер бар?» деген
сұрақ туындайды.
Біздің ойымызша,
бүгінгі лингвистикалық еңбектерде модальділік категориясына
тән белгілерді саралауда, логика ғылымының ықпалы
басымдау. Әдетте, «әрекеттің ақиқат
шындыққа қатысы, реалды, ирреалдылығы» логикалық
пайымдаудың көріністері. Бірақ бұл терминдер
грамматикалық модальділікті сипаттауда жиі қолданылады. Бұл
тұстан біз логикалық модальділік пен грамматикалық
модальділіктің ара жігінің, зерттеу нысанының ғылыми
негізде бір жүйеге түспегенін аңғарамыз. Ойымызды осы
бағытта жазылған еңбектердің ізімен талдауға
болады.
А.Ысқақов
«Қазіргі қазақ тілі» еңбегінде грамматикалық
модальділіктің ішкі семантикалық қырларын дәл
жүйелегенмен, оның түрлерін логика ізімен жіктейді.
Бұл, әсіресе, рай көрсеткіштері арқылы модальді
реңктердің жасалуын сипаттаған тұжырымдарынан
анық байқалады. Дегенмен, автор модальділік категориясының
анықтамасын беруде, көбінесе грамматикалық модальділікке
тән семантикалық реңктерге жан-жақты тоқталады.
Бұған қатысты ғалымның ойы төмендегідей:
«Адам сөйлегенде я жазғанда белгілі бір жайт туралы жалаң
хабар беріп қана қоймайды, соған қатысты өзінше
түйген көзқарасын, көңіл қошын, ой
құбылысын да қоса білдіріп отырады. Өйткені
ондайда көңіл, ой құбылысы арқылы айтылатын
хабардың анықтығы, танықтығы,
ақиқаттығы, шындығы, айқындығы,
неғайбылдығы, күдіктігі, күңгірттігі,
күмәнділігі, болжалдығы, жорамалдығы,
ықтияттылығы, тыңғылықтылығы,
үстіртіндігі, шалағайлығы, орындылығы,
мүмкіндігі, ықтималдығы... тәрізді жай-жапсарлар да,
сондай-ақ, аяныш, жалыныш, қуаныш, реніш, жиреніш, өкініш,
өтініш... сияқты көңіл күйі жайлары да
аңғартылып отырады. Сөйлеушінің я жазушының
көңіл қошының осындай сәттері модальдік
(арайлық) рең деп аталады» (1, 310).
Ф.А.Агаева «Модальность как
лингвистическая категория» деген еңбегінде логикалық модальділік
пен грамматикалық модальділікті қалыптасуындағы тарихи
байланыс тұрғысынан саралап, екі түрлі көзқарас
ұстанады. Бірінде аталған модальділіктің екі түрін
теңестірудің дұрыс еместігін мойындаса, екінші пікірінде
байланыста сипаттайды. Автордың: «Лингвистический модальный мир не
тождествен логическому модальному миру, который имеет дело с онтологической
реальностью/ нереальностью»- деген ойлары бірінші пікірін бекітсе (2, 14), осы
ойының жалғасы іспетті тағы бір қорытынды жасайды:
«Несмотря на нетождественность логических и лингвистических модальных миров, не
вызывает сомнения тот факт, что в основе лингвистической реальности лежит
реальность онтологическая...»- деп, мәселені екінші қырынан
талдаған (2, 14).
Осындай бағыттағы
еңбектің қатарына О.В. Агуца еңбегін
жатқызуға болады (3).
Тіпті қазіргі
еңбектерде де модальділіктің екі түріне тән белгілер
жүйелі сараланбаған. Б.Сманова «Грамматикалық модальділік
және рай категориясы» деген мақаласында грамматикалық,
логикалық модальділіктің өзіндік белгілері бар екендігін
айтқанмен, тереңірек талдаулар жасамаған. Автордың: «Логикалық
модальділіктің өз заңдылықтары, қалыптасу жолдары
мен даму жолдары бар. Оларды зерттейтін логикалық пәннің
нысаны болып саналады да, біздің іздеу нысанымыз бола алмайды» деген
ойлары дамытуға тұрарлық (6, 14-15).
Модальділік мағына
мәселесін талдаған Ә. Қызырова еңбегінде де
объективті, субъективті модальділік деп жіктелген (7, 70-74). Бұдан
әлі де модальділік категориясының грамматикалық сипаты
толық сараланбаған деген қорытынды жасауға болады.
Е.В.Милосердова бұл
мәселенің бір жүйеге түспегенін ескере келе, негізгі
себебін модальділік категориясының күрделілігімен
түсіндіреді. Бұл туралы автор: «Несмотря на повышенный интерес
лингвистов к этому явлению, лингвистический статус модальности до сих пор
нельзя считать установленным окончательно. Причина этого кроется в сложности
самого явления модальности» - деп қорытады (5, 4).
Зерттеу еңбектерінің
бағытына қарай төмендегі еңбектерден модальділікті
лингвистикалық арнаға бұру көзқарастары
байқалады. Бұл қатарға Н.Сауранбаев, Н.Е.Петров, М.Ю.Ибрагимованың
зерттеулерін жатқызуға болады.
М.Ю.Ибрагимованың
ғылыми зерттеуінде қалыптасқан дәстүр бойынша
модальділіктің екі түріне жалпы сипаттама жасалған. Дегенмен
ғалым реалды, ирреалды терминдерін лингвистикалық түсінікте
қабылдап, реалды ақпаратқа болған, болып жатқан
іс-әрекет тұрғысынан баға берсе, ирреалды
ақпаратқа жорамалдау, болжал мәнді сөйлемдерін
топтастырған (7, 6-7).
Біздің ойымызша,
«сөйлем мазмұнының ақиқат шындыққа
қатысы» деген қорытындыны шақ категориясымен байланысты
қабылдауға болады. Егер осындай түсінікпен талдасақ,
сөйлемнің өткен шақ, осы шақтағы формалары
астарынан сенімді, құптау, құптамау, наразылық
т.б. модальді реңктері дараланса, келер шақтағы
қолданыстардан болжау, жорамалдау, сенімсіздік реңктерін
ажыратуға болады. Өйткені субъект сөйлеу актісінде
ойдың ақиқаттығы, шындыққа қатысын
сараптауға мән бермейді. Сөйлеуші сөйлеу,
қабылдау кезінде ақпаратты коммуникативтік мүддені, талапты
орындауға бағыттап, ішкі көзқарасын білдіріп,
баға беру мақсатын өтеу үшін жұмсайды. Осы
тұста логикалық модальділік пен грамматикалық
модальділіктің зерттеу нысандары жіктеліп, ажыратылады. Яғни,
грамматикалық модальділік коммуникативтік қарым-қатынас
деңгейінде сөйлеуші мен қабылдаушы арасындағы
барлық әрекет жиынтығынан қалыптасатын,
қорытылатын субъекті аралық көзқараспен,
бағалаумен өлшенеді.
Сөйлеу актісінде
субъектінің логикалық тұрғыдан реалды,
ирреалдылығына назар аудармайтындығын лингвист Н.Е.Петров та
ескеріп, бұған қатысты көзқарасын рай
жұрнақтарымен байланысты талдайды. Автор: «Говорящий, когда
употробляет повелительное наклонение, вовсе не думает о том, что названное им
действие нереальное, мыслимое, так как для него на первый план выдвигается
представление о побудительной модальности, которая реализуется в зависимости от
характера отношения к адресату» - дей келе, «ақпараттың
шындыққа қатысын», «реалдылық», «ирреалдылық»
терминдерін логикалық астардан грамматика шеңберінде кеңейте
қарауды ұсынады (8, 27). Автор бұл ойларын: «Суть языковой
модальности заключается в отношении говорящего к действительности в широком
смысле этого емкого понятия»- деп бекіткен (8, 27).
Қазақ тіл білімінде
модальділіктің екі қырын ажырата қарау қажеттігін
кезінде ғалым Н.Сауранбаев ғылыми негізде сөз еткен. Автор
бұл мәселені рай жұрнақтарының қызметін
сипаттаған пікірінде: «Наклонение, как и другие грамматические категории
в современных развитых языках, представляет собой отвлеченную языковую
категорию, которая установилась в языке в результате абстрагирующей
деятельности мышления. Конкретные отношения к реальной действительности,
существующей независимо от сознания людей определяют лишь сущность наклонения.
Обусловленность сущности наклонения отношением действия к действительности еще
не означает полного соответствие глагола характеру и всем разновидностям отношения
действие к действительности»,- деп өзекті талдайды (9, 258). Бұл
пікірінде автор логикалық модальділік пен грамматикалық
модальділіктің белгілерін жай теңестіре салудың жеткіліксіз
екендігін тұжырымдап, төмендегідей қорытынды ойларымен
түйіндейді: «...таким образом, при рассмотрении категории наклонения
нельзя не учитывать внешней языковой формы. Необходимо, анализировать внешние
факты языка и таким путем раскрыть внутреннюю сущность. К определению категории
наклонения должна подайти не с точки зрения логики, а с точки зрения языковых
форм, с позиции определения формы проявления сущности. Лингвистика, которая
ставит своей задачей изучение и раскрытие внутренних законов языка, все же
основным своим объектом имеет форму, структуру языка» (9, 258).
Р.Әміровтың
төмендегі пікірінен грамматикалық модальділікті ажыратуға
тірек болатын негізгі белгіні қабылдаймыз. Автор: «субъектінің
айтылған пікірге субъективтік бағасын, қатынасын білдіретін
формаларды ғана модальдық категория қатарына
жатқыздық» - дейді (10, 142).
Модальділік категориясының
грамматикалық сипаты Е.В.Милосердова еңбегінде
нақтыланған. Еңбектің айтып өтетін ерекше
тұсы – модальділікті объективті, субъективті деп жіктемегендігі. Автор
грамматикалық модальділік туралы сөз қозғағанда,
1-ден, тілдік қарым-қатынас аясында жүзеге
асатындығына, 2-ден, модальді реңктің қалыптасуында
айтушының және айтушы мен қабылдаушы арасындағы
қарым-қатынасқа мән бере талдау қажеттігін
ескертеді. Автордың көзқарастарын төмендегі пікірлері
толықтырады: «... в данной работе не разграничиваются понятия объективной
и субъективной модальности как два принципиально разных типа модальных
отношений. Принята точка зрения, что любое модальное отношение есть отношение
субъективное, т.е. отношение конкретного субъекта (говорящего) к содержанию
высказывания» (6, 5).
Грамматикалық
модальділіктің ішкі реңктерін топтау мәселесі де реттеуді
қажет етеді. Яғни, «грамматикалық модальділік қандай
семантикалық реңктерді қамтиды» деген сұрақ төңірегінде
де әр түрлі пікірлер қалыптасқан. Аталған
мәселе туралы Қ.Мамаділов қазақ тіл білімінде
модальділіктің әлі де табиғатының, білдіретін
мағыналарының түрлері, оның басқа
мағыналармен сыйымдылығының
анықталмағандығын айтып, талдауды қажет ететін
өзекті тұсты нұсқаған (11, 3).
Бұл мәселені субъектінің
қарым-қатынас актісінде ақпаратты қабылдаудағы
өзіндік көзқарасы, бағалауымен байланыстыра шешуге
болады.
Субъектінің
көзқарасы: болжау, жорамалдау, сенімді, сенімсіз, үміт,
өкініш реңктерін қамтыса, бағалауда:
құптау, құптамау, наразылық, қарсылық
сияқты реңктерді жеткізе алады. Мұның бәрі -
субъектінің өзіне, ақпарат мазмұнына, басқа
субъектіге қатынасын сипаттайтын модальді реңктер.
Грамматикалық модальділіктің нысаны да - осы мәселелер.
М.З.Закиев пікірімен бекітсек, «сөйлеушінің ақпарат
мазмұнына, қарым-қатынас жасаушы субъектіге, өзіне,
жағдайға және сөйлеу құрылысына
қатынасы модальді реңктердің пайда болуының
көздері» (12, 218).
Қазақ тіл білімінде
модаль сөздерді талдаған зерттеуінде Е.Жанпейісов модальді
реңктерге субъектінің күдігін, тілегін, болжалын,
сенімін жатқызады (13, 166-170).
Ғалым Р.Әміров
модальді реңк үстейтін формалар аясында болжау сипатындағы
етістіктерді және іс-әрекеттің, предикативтік сапаның
субъектіге танылу сипатын білдіретін формаларды (алды, алған, алған
екен), іс-әрекетті жасанды ретте сипаттап атайтын формаларды (алған
болды), іс-әрекетті, пікірді нанымсыз версия сипатында білдіретін
формаларды (алыпты-мыс) қарастырады (10, 142). Автор көрсеткен
бірінші сипаттағы етістіктердің астарынан болжалды модальді
реңктің сипаттамасын, екінші топтан сенімді, сенімсіз модальді
реңктерін, үшінші жорамалдау модальді реңктерінің
белгісін қабылдаймыз. Бұл еңбек бойынша модальді
реңктерді болжау, сенімді, сенімсіз, жорамалдау реңктерімен
толықтырамыз.
С.Исаевтың төмендегі
пікірлерінен де модальді реңктің семантикалық
реңктеріне қатысты маңызды тұжырымдарды аңғарамыз. Автордың: «...
адам-су, білгіш-сіне, жетім-сіреу, білген-су, жүр-іңкіреу,
кел-гіштеу сияқты қимыл, іс-әрекетті білдіретін етістік
қана емес, сонымен бірге, -сы (-сі), -сын (-сін), -сір (-сыра),
-іңкір (-ыңқыра), -гіште (-ғышта) т.б. қосымшалар
қимылға бәлдену, тыраштану, «әлденемедегі бола
қалып, болып көріну», бәлсіну, менсінбеу, бұлдану, зартұту,
зәрулік, тапшылық көру, тең еместікті сезіну,
қимылдың қайталануы және оның мардымсыздық,
жағымсыздық сипаты, қимылдың күшейтпелі,
үдей түсу мәні т.б. сияқты модальдық
реңктер үстейді» - деген қорытындысында субъектінің
бағалауымен қабыса жүретін экспрессивті-модальді
реңктер жан-жақты сараланған (14, 193). Бұл
аталғандар - грамматикалық модальділіктің іргесін
кеңітетін, субъектіге баға беру сәтінде еріксіз байланысты
қаралатын модальді-экспрессивтік реңктер.
Оның себебін
Ғ.Танабаев пікірімен толықтырсақ: «Кісімсу,
оқығансу, білгенсу, көкірегін көтеру деген
етістіктердің білдіретін мағынасы – эмоциялық мағына.
Бірақ олардың мағынасы таза эмоция емес, амал-әрекетке,
болған қозғалыс пен субъектінің қалпына
баға беру мәнін қоса білдіреді. Яғни, мұндай
етістіктер (субъектив мәнді етістіктер) қозғалысты,
әрекетті және эмоцияны жалаң білдірмей,
көзқарасты, баға беруді де білдіреді» (15, 10).
Бүгінгі ғылыми
еңбектерді салыстыра отырып талдасақ, грамматикалық
модальділіктің ішкі реңктері жеке зерттеулер көлемінде
сөз болуда. Бұл талданған мәселенің бір
жүйеге түсіп, модальділік категориясының зерттелу
аясының кеңи түскенін көрсетеді. Бұл
қатарға қазақ тіл біліміндегі және жалпы тіл
біліміндегі еңбектерді жатқызуға болады. Дегенмен бұл
еңбектерде модальді реңктерді семантикалық астармен де,
белгілі бір грамматикалық құрылымның жұмсалу мақсатын
тірек ете отырып жіктеу де байқалады.
Атап айтсақ,
С.Қ.Құлманов бұйрықты сөйлемдерді
қолдану арқылы қалыптасатын модальді реңктерді,
«бұйрықтық модальділігі» деп жіктеген (16, 24-29).
Ал төмендегі
еңбектерде модальді реңктер семантикалық астармен жіктелген.
М.В.Петрушина
«Семантико-прагматические функции высказываний с модальном значением неодобрения» деген мақала
көлемінде «құптамау» модальді реңкін
қалыптастыруға тірек болатын семантикалық бірліктердің
қызметіне, олардың модальді-стилистикалық бояуына талдау
жасаған (17, 58-67).
Е.В.Алтабаева қалау, тілек
мәнді сөйлемдеріндегі қалау реңкін грамматикалық
модальділік қатарына қосады. Оның жасалу жолының тек
қалау рай көрсеткіштерімен шектелмейтінін айта келе, лексика-синтаксистік,
интонация-синтаксистік, лексико-морфологиялық тәсілдердің
үлесі болатынын нақты деректермен бекіткен (18, 3).
Ю.В. Овсейчик мүмкіндік
модальділігінің құрылымдық-семантикалық
белгілерін топтастырған (19). Ал Е.Т.Гуцу зерттеуінде болжау модальді реңкінің
функционалды-семантикалық өрісі талданған (20).
Сонымен, грамматикалық
модальділік және оның семантикалық реңктерін -
сөйлеу актісін есепке ала отырып, коммуникативтік мақсаттарды
өтеу тұрғысынан
сипатталатын, субъектінің айтылған ойды қабылдауын,
бағалауын көрсететін амалдардың жиынтығынан
тұратын лингвистикалық категория деп қорытамыз. Мақала
көлемінде олардың негізгі белгілері барынша салыстырмалы
деңгейде талданды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы: Ана
тілі, 1991. – 384б.
2.
Агаева Ф.А. Модальность как лингвистическая категория. –Ашхабад: Ылым,
1990. -305с.
3.
Агуца О.В. Вербальные функций
модальных средств в современном русском языке. Автореферат. – Краснодар, 1998.
-24с.
4.
Сманова Б. Грамматикалық модальділік және рай категориясы // Ізденіс,
2002. №1. 14-15бб.
5.
Қызырова Ә. Қазақ тіл мен әдебиеті // 2004.
№5. 70-74бб.
6.
Милосердова Е.В. Семантика и прагматика модальности. – Воронеж: Изд. ВГУ,
1991. – 196с.
7.
Ибрагимова М.Ю. Ирреальная модальность и средства ее передачи в татарском
языке. Автореферат. – Казань,
8.
Петров Н.Е. О содержаний и объеме языковой модальности. - Новосибирск:
Наука, 1982. -161с.
9.
Сауранбаев Н. Қазақ тіл білімінің проблемалары. –Алматы:
Ғылым, 1982. - 352б.
10.
Әміров Р., Әмірова Ж.
Жай сөйлем синтаксисі. –Алматы: Қазақ университеті, 2003.
199б.
11.
Мамаділов Қ.А. Қазіргі қазақ тіліндегі
етістіктің модальдік құрылымдары. Автореферат. - Алматы,
1996. – 24б.
12. Закиев М. Синтаксический строй татарского языка. - Казань, 1968. -
464с.
13.
Жанпейісов Е. Қазақ тіліндегі сөйлем модальділігі және
оның жасалу жолдары // Известия Академии Наук Казахской ССР. Серия
филология и искусствоведения. 1958. Вып. 1-2. 166-170с
14.
Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің
грамматикалық сипаты. –Алматы: Рауан, 1998. -304б.
15.
Танабаев Ғ.Ө. Қазіргі қазақ тіліндегі
субъектив мәнді етістіктердің семантикалық
құрылымы. Автореферат. - Алматы, 2005. 26б.
17.
Петрушина М.В. Семантико-прагматические функции высказываний с модальном
значением неодобрения// Филологические науки. 2003. №5. 58-67с.
18.
Алтабаева Е.В. Выражение модального значения желательности в простом
предложении. Автореферат. - Москва, 1986. 16с.
19.
Овсейчик Ю.В. Модальность возможности: семантический и прагматический
аспекты (на материале фран. языка). Автореферат. - Минск, 2004. 18с.
20.
Гуцу Е.Т. Функционально-семантическое поле микрополе
предположительно-вероятной модальности и средства ее выражения в современном
французском языке. Автореферат. – Москва, 1975. -28с.