Педагогические науки/Современные методы преподавания

математика пәнінің мұғалімдері Бекбулатова Г.И., Тайшикова Г.

Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, №12 жалпы орта мектебі

 

Математика сабағында оқушылардың белсендіру

іс-әрекетін қалыптастырудың әдістері

 

Еліміздің тәуелсіз қоғам дамуының барлық саласын қамтып, жаңаша мазмұнды, әлемдегі озық тәжірибелерге негізделген жүйенің қалыптасуына зор ықпал етеді. Солар арқылы ұлттық сана сезім қайта жаңғырып, жаңаша рухани көтерілу процесі басталды. Қазақ мектебіндегі ұлттық тәрбиенің проблемалары туралы көптеген ұсыныс-пікірлер қалыптасты.

Бүгінгі мектептің мақсаты – мектептегі математика оқу процесіндегі пайдалану – оқушыларға жалпы білім беру жүйесі реформасының негізгі буынының бірі. Қазіргі мектептер мен қоғамның қажеттілігіне сай оқыту әдістері мен формалары, білім беру мазмұнын түбірімен өзгертуі технологиясының, компьютердің мүмкіндігін ескермей жүзеге асыру мүмкін емес.

Жаңа технологияны оқыту процесінде қолдануда жаңа оқу пәндерінің пайда болуы, және оқытудың жаңа формалары мен тәсілдерін қарастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.

Жаңа білім беру саясатындағы бағдарлы принциптерін қалыптастырудағы басымды бағыттарды үздіксіз білім беру жүйелерінің барлық салаларында білім берудегі стандартын іске қосу және құру, білім беру мекемелерінің қаржылық механизмін құру, білім берудегі жергілікті, аймақты және республикалық ерекшеліктерін ескерту, білім берудегі барлық процесін дамыту, жаңа ақпараттық технологияны енгізу, білім берудің мемлекеттік емес секторларының, әсіресе жалпы орта және арнаулы орта білім беру салаларының білімін көтеру, жаңа кадрларды даярлаудың негізгі көрсеткіштерін көтеру, білім беру мекемелерінде жауапкершіліктерді арттыру, дүниежүзі білім беру кеңістіктеріне енуді қамтамасыз ету, ұлттық білім берудегі деңгейін халықаралық стандартқа жақындату, республикадағы білім берудегі тиімді құқықтық базасын құрумен байланысты болады.

Мектеп – ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттерін жас жеткіншек бойына сіңіретін орта. Ендеше егемендік алған елімізде мектептің философиялық тамыры тереңдеген, міндеттер жиынтығы молайған тұсында заман талабына сай білім беру жүйесін құру керек. Егемен еліміздің келешегі кемел білім мен ұлағатты тәрбиеге байланысты. Сондықтан мектеп алдында шешілуге тиіс міндеттер жиынтығы мыналар: - мектептің жалпы құрылымын өзгерту; мектеп басқару жүйесін өзгерту; оқу, тәрбие үрдісін демократияландыру, ізгілендіру; білім мазмұны мен оны оқытудың әдіс-тәсілдерін жаңарту.

Оқыту әдісі педагог пен оқушының бірлескен жұмыс тәсілдері. Оқыту әдістері арқылы технико-технологиялық білім меңгеріп, еңбек білігі мен дағдысы қалыптасып, оқу-өндірістік әрекетте шығармашылық белсенділіктері мен дербестіктері дамиды.

Әдіс – білім беру, тәрбиелеу және дамыту барысында белгіленген мақсатқа жетуді қамтамасыз етуге, ғылымда зерттеуді жүзеге асыруға көмектесетін тәсіл, алға койған міндеттерді шешу үшін ұйымдастырылған адамдардың, ұжымдардың іс-әрекетінің бір жолы.

Оқыту әдістері – бұл арнайы жүйе және ол логикалы ізділікпен іс-әрекет жасайтын инженер-педагог пен оқушысының бірлескен қимылы. Осы арқылы оқушылар кәсіптік білім негіздерін меңгеріп, білік пен дағды, шығармашылық, біліктіліктерін дамытып, жалпы шеберлікті үйреніп, оның негіздерін қалыптастырады.

Теориялық оқытудың әдістері:

1)        монолог түрінде жүргізілетін әдіс  - оқытушы ақпаратты ауызша жеткізеді, ал оқушылар болса атқарушы рөлінде болады, олардың іс-әрекеті берілген үлгі бойынша ұйымдастырылады;

2)        көрнекілік әдіс - оқытушы оқу материалын демонстрациялау арқылы тәжірибе түрінде түсіндіреді;

3)        диалог түрінде жүргізілетін әдіс оқытушы теориялық материалдарды диалог ретінде баяндайды;

4)        эвристикалық әдіс - қу материалы әңгімелесу арқылы беріліп, ол оқушыларға нұсқау ретінде жеткізіледі. Жаңа оқу материалын түсіндіруде проблемалық сұрақтар қойылып, оны оқушылар оқытушы көмегімен шешеді;

5)        іздену әдісі - оқытушы мен оқушының өзара іс-әрекеті іздену арқылы ұйымдастырылады;

6)        бағдарламалап оқыту әдісі - оқу үрдісін бағдарламалаған оқу-әдістемелік құралдар көмегімен іске асырылады.

Осы әдістердің арасында математика сабағында үнемі қолданылатын қазіргі заманға сай көрнекілік және интербелсенді әдістер.

Қазіргі уақытта көрнекілік құралдың жаңа түрі – жеке тұлғалар қолданатын компьютерлерге ерекше көңіл бөлініп, оқу процесіне белгілі бір жағдаяттарды және процестерді үлгілеуге мүмкіндік беретін компьютерлер мен электрондық тақталарді енгізу міндеті де қолға алынуда.

Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттарды: көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі; көрнекілікті сабақтың керек сәтінде қолдану;  демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі;    графикалық объекттілердің ең бастысын, мәндісін нақты бөлу;    құбылыстарды көрсету кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру;    көрсетілетін көрнекіліктің оқу материалы мазмұнымен сәйкес келуі;  көрнекілік құрал мен көрсетілім қондырғылардан керекті мәліметтерді табуға оқушыларды ңатыстыру.

Интербелсеңді әдістер – оқушылардың өзара әрекет етуіне жағдай жасайтын әдістер. Интербелсеңду оқыту әдістері оқушылардың өз өмір тәжірибесіне, біліміне сүйенулеріне негізделген. Сондықтан да олар сабақта ынтымақтастық педагогикасының жүзеге асуына, бірлесіп әрекет етуге, сабақта жайлы да жағымды психологиялық жағдай орнауына мүмкіндік береді.      

Білім, білік және дағдыны дамытуға арналған әдістердің ішінде жаттығу негізгі және басты білім мен білікті дамыту әдісі болып табылады. Жаттығу белгілі бір әрекеттердің оларды саналы жетілдіру үшін бірнеше рет қайталануы. Жаттығу процесінде сан сапаға өтеді, білімнің жетілуінен, әрекет тәсілдерінен, білік пен дағды қалыптасуынан көрінеді.

Жаттығуларды жіктелудың екі түрі бар. Біріншісі – дидактикалық мақсаты бойынша: бастапқы білік қалыптастыруға арналған, дағды қалыптастыру, күрделі білік қалыптастыруға арналған жаттығулар. Екіншісі – мазмұны бойынша: еңбек тәсілдерін орындау; еңбек операцияларын орындау бойынша, технологиялық процесті басқару бойынша жаттығулар. Жаттықтыру жаттығулары оқытудың бірінші кезеңінде оқушылардың жекелеген жұмыс қозғалысын, қиын емес операцияларды және тәсілдерді орындаудың бастапқы біліктілігін қалыптастыру.

Арнайы жаттығулар еңбек әрекетінің ерекшеліктері көрсетілген білік пен дағдыны дамытуға қызмет етеді. Білік қалыптастыру процесін қорытындылау үшін оқушыларға еңбек әрекетіндегі қателерді тез және дәл табуға және дер кезінде түзетуге, тек содан соң білік қалыптастыруды жүзеге асыруға үйрету керек. Оқушыларға параметрлерді өзін-өзі бақылау үшін жетекші анықтау қажет. Жетекші параметр бірқатар талаптарды қанағаттаныруы керек: еңбек әрекетін орындаудың шешуші мағынасы болуы; мұнда максимальды және көбірек көрсетілген формада қатынас шығуы керек: жеткілікті, үздіксіз бақылау үшін ашық,  басқа да параметрлермен тығыз байланысты болуы керек, олардың жағдайына әсер етуі керек.

Қадағалау үшін кеңістік параметрлері жақсы объект бұл бағыттар, бұрыштар, құралдың ауыстырушылық траекториясы т.б. және дайындалатын бұйым, күш, жылдамдық, темп, ритм.

Сонымен, оқыту әдістері оқушының білімін, іскерлігін және дағдысын қалыптастырып қана қоймай, оның танымдық қызығушылығын да оятуға көмектеседі.

Қолданылған әдебиеттер:

1 Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика: Оқулық – Алматы: «Заң әдебиеті», 2005 – 228 бет.

2                Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: «Нұрлы әлем», 2003. – 368 бет.