Бокаева Алина Тлеубековна
Каспий
Қоғамдық университетінің ассоцпрофессоры, филология
ғылымдарының кандидаты
Жиі - мәнді, ал мәнді – жиі...
Шығарманың
мазмұндық жағын зерттеу үшін дәстүрлі
әдебиеттану ақынның толық сөйлеміне анализ
жасайды. Ал Л.Тимофеев өлеңге анализ жасау сөзден басталатыны
туралы айтып, өлеңге «сөзсіз» құбылыс ретінде
қарау оны терең түсінуден алыстатып жібереді дейді [1]. Ал
ақынның поэтикалық тілінің, образдарының жиілік
сөздігін құрастыру – оның мазмұндық
және мәнерлілік қырларының терең өзара
әрекеттесуін ескеруге көмектеседі. Ю.И.Левиннің сөзімен
айтсақ: “...значимость того или иного элемента текста (речь идет, разумеется,
о значащих элементах) в модели мира автора этого текста находится в положительной
корреляции с частотой этого элемента в тексте” [2, 199 б.]. Тек жиі
кездесіп қана қоймай, ақынның көркемдік
әлемінде үлкен мәні бар образдар Мағжанда қалай
қолданған? Басқа ақында қалай? Осы образдарды
қолданған өзге ақындардан Мағжанның
қолдану ерекшелігі қандай, қай дәрежеде деген
сияқты сұрақтар төңірегінде жауап іздеуде жиілік
сөздіктің көмегі аз емес. Себебі, жиілік - мәнді, ал
мәнді – жиі болады. Бірақ бұл жерде біз тек
құрғақ статистикаға ғана емес,
сөздікті пайдалана отырып, әдебитанымдық зерттеуге
жүгінуіміз керек. Жиілік сөздік ақынның
поэтикалық әлемінің моделін жасауға мүмкіндік
береді. Бұл орайда да, Ю.И.Левиннің мына сөздері еске
түседі: “...развертывание частотного словаря можно рассматривать как
своего рода космогонию, как «сотворение мира» поэтом, как генезис его модели
мира” [2, 202 б.].
Дегенмен, жиілік сөздікті
барлық зерттеушілер қолдай бермейді және зерттеушілер
арасында оған кері көзқарас та жоқ емес. Мысалы,
өлеңдегі сөздің табиғатын терең зерттеуші
Л.Тимофеев мынадай көзқарас білдіреді: “Применительно к поэтике
вообще и в частности к изучению стихотворной речи частотный словарь на деле
отдаляет нас, а не приближает к пониманию роли слова в художественном тексте.
Единичные словоупотребления не дают возможности уловить какие-либо
закономерности, а часто встречаемые слова в свою очередь как бы растворяют
индивидуальность слова, которую оно получает именно в данном конкретном
контексте» [1, 79 б.].
«…располагая слова по их
частоте, мы стираем их индивидуальность, и те «семантические поля», которые мы
установим, те выводы, по поводу «структуры лирики» п пр., к котрым мы придем,
ни в какой мере не будут соответствовать ни природе, ни свойствам, которые
присущи живому слову, включенному в поэтический» [1, 81 б.]. Ал Н.В.Чередник
пен И.В.Фоменко алғашқы дәрежедегі сандық анализ
субъективизмге ұрынбау жолдарының бірі дейді [3, 101 б.].
Мәтіннің
көркемдік әлемін – сол мәтіндегі барлық
образдардың жүйесі құрайды. Ал жиілік сөздік
арқылы біз ақынның поэтикалық әлемінің
моделін жасап, образдар жүйесін қарастыруға мүмкіндік
аламыз. Әрине, бұл модель тек бір өлеңге ғана
құрылмайды. Ақынның тұтас өлеңдер
кітабына анализ жасау арқылы ғана сөздікте авторлық
сөз қолданысының ерекшелігін көрсетуге болады.
Толық сөздік қана ақын үшін маңызды
сөздерді айқындап береді. “Те
аспекты действительности, предметы и явления окружающего мира, которые наиболее
важны для поэта, постоянно присутствуют в его сознании и определяют особенности
авторского словоупотребления, отражаясь таким образом в структуре словаря” [3,
102 б.]. Яғни, ақын үшін неғұрлым маңызды
болып табылатын ақиқат аспектілері, қоршаған
әлемнің бұйымдары мен құбылыстары үнемі
оның санасында болады, және осылайша оның сөздік
құрылымында көріне отырып, автордың сөз
қолдану ерекшелігін анықтайды делінген.
Ең жиі
кездесетін сөздер ақынның сол сөзге, сол
тақырыпқа деген көзқарасын айқындайды. Сондай-ақ, ақынның
көңіл-күйінің ерекшелігін де көрсетеді. Бұл
туралы Сент-Бевтің мынадай сөздері бар: “Чтобы разгадать душу поэта, чтобы узнать, что его волнует
больше всего, поищем, какое слово (или слова) возникает в его произведениях
чаще всего. Слово приведет к идее...” [3, 103 б.]. Яғни,
ақынның жанын түсіну үшін, оны не мазалайтынын білу
үшін, оның шығармаларында қандай сөздер жиі
қолданылатындығын іздестіреміз. Сөз идеяға
әкеледі.
Жиілік сөздікпен
қатар тезаурустың да маңызы аз емес. Жеке
өлеңдердің тезаурусын құрастыру тәсілін
Ю.М.Лотман өзінің поэтикалық мәтінге анализ жасауында
жиі қолданған. Ұқсастығы бойынша
дәстүрлі типті тезаурус дегеніміз – бұл формальды тезаурус.
Ал жаңа типті аралас тезаурус – бұл фукционалды тезаурус болып
табылады. Формальды тезаурус – сөзқолданысының
мөлшер-саны болса, функционалды тезаурус – өлеңдердің
реттілігі бойынша номер-саны. Формальды тезаурус мәтінаралық
анализдің құралы, ал функционалдық мәтін ішіндегі
құрал болып табылады. Демек, жиілік сөздік те, тезаурус та
ақынның образдық әлемін зерттеуде өзіндік
көмегін тигізері сөзсіз. “Чтобы эта совокупность образов стала
системой образов, а опись художественного мира превратилась в описание
художественного мира, она требует количественного и структурного упорядочения:
во-первых, словарь этот должен быть частотным, а во вторых, он должен быть
построен по принципу тезауруса. Частотный тезаурус языка писателя (или
произведения, или группы произведений) – вот что такое «художественный мир» в
переводе на язык филологической науки” [4, 125 б.]. Яғни, образдардың жиынтығы образдар жүйесіне, ал,
көркемдік әлемінің тізбегі көркемдік
әлемнің сипатына айналуы үшін, ол сандық және
құрылымдық тәртіпке келтіруді талап етеді: біріншіден,
бұл сөздік жиілік сөздігі болуы керек, екіншіден, ол тезаурус
принципі бойынша құрастырылуы тиіс. Филология ғылымының
тіліне аударғанда, «көркемдік әлем» дегеніміз - жазушы
тілінің жиілік тезаурусы (немесе шығарманың, не
шығармалар тобының)
Г.З.Шашкина өзінің
«Слово в образной системе поэта» атты кандидаттық диссертациясына
О.Сулейменовтың өлеңдері бойынша қосымша жиілік
сөздігін және тезаурус жасаған болатын. Бұл, әрине,
үлкен жұмысты көрсетеді. Біз де Г.З.Шашкинаның:
“Частотный словарь, мыслимый как начальный этап при изучении образной системы,
поможет обнаружить тот круг лексем, которым отдает предпочтение автор, и
которые, вследствие этого, должны стать объектом внимания исследователя” [5,
8 б.]. Яғни, образдық жүйені зерттеу барысында бастапқы
саты ретінде ойластырылған жиілік сөздігі, автордың
ұнататын және осының нәтижесінде зерттеуші
назарының обьектісі болуы тиіс лексемалар шеңберін анықтауға
көмегін тигізеді. – деген
сөздерін ескере отырып, осы еңбектегі жиілік сөздігі мен
тезаурус принциптерінің негізінде Мағжан Жұмабаевтың
поэтикалық тіліндегі образдардың жиілік жүйесі жасалды.
Л.Тимофеевтің: “Анализ
поэтического слова, опирающийся на частотные словари, при всей тщательности
лингвистической обработки не может затронуть именно его поэтичности. Свою
определенность, выразительность, экспрессивность стихотворное слово обретает в
контексте, а частотность возвращает его к словарю” [1, 81,82 б.]. Яғни,
жиілік сөздіктеріне сүйенген поэтикалық сөздің
анализі, қанша мұқият лингвистикалық өңдеу
жүргізілсе де, оның поэтикалық жағын қамти
алмайды. Өлең сөзі өзінің мәнерлілігіне,
нақтылығына, экспрессивтілігіне контексте ие болады, ал жиілік оны
сөздікке қайтарады, – деген сөздеріне
қарамастан, поэтикалық тілдегі образдардың жиілігін ескеру
Мағжан ақынның дүниетанымын, сөз қолдану
ерекшелігін анықтауға септігін тигізер деген сенімдеміз. Себебі,
осы жиілік сөздігі Мағжан үшін қай образ мәндірек
екенін, қай тақырып маңызды екенін нақтылай
түседі.
“...ведь слова – это образы, а
словарь – это целый мир в алфавитном порядке” [6, 362 б.]. Яғни,
сөздерді образ деп, ал сөздікті алфавит ретіндегі бүкіл
әлем деп А.Франс айтпақшы, жиілікті ескеру Мағжанның
образдық әлемін реттелген жүйе ретінде қабылдауға
мүмкіндік береді.
Жиілік сөздік пен тезаурустың өлең мәтінін
зерттеуде берер көмегі мол болғандықтан, Мағжан
өлеңдеріндегі негізгі образдарды іріктеп алып, олардың
ақын поэзиясында қолданылу жиілігіне қарай
(мұқият есептеуден кейін) орналастырдық. Жасалған
шағын жиілік кестесі бойынша Мағжан ақынның поэзиясында
ең жиі кездесетін үштікке күн
(313), жер (184), жел (124) образдары жатады. Олар
Мағжанның образдық әлемінің негізін
құрайды десек болады. Ақын өмірінің аспанын
қара бұлт жиі құрсайтын. Бірақ соған
қарамастан, Мағжанның поэзиясында жарықтың,
жылулықтың, тіршіліктің, жалпы өмірдің символы – Күн образы, жиілік сөздігі
дәлелдейтіндей, бірінші орында және ол жиі пайдалануда. Бұл
ақынның барлық жағдайдағы жарықты
сүюін, жақсылыққа ұмтылуын көрсетеді. Ақынның
бүкіл поэзиясының бойынан күн сәулелері шашырайды. Ал Күнбатыс пен Күншығыс образдары қолданылу жиілігінің
аздығына (12) қарамастан, бұл бүкіл Мағжан
поэзиясының ең негізгі және аса салмақты образдары.
Олардың мағыналық жүгі ауыр. Аталмыш екі образ,
бір-біріне қарама-қарсы оппозиция ретінде бүгінгі күнге
дейін өзінің өзектілігін жоғалтпаған
Күнбатыс-Күншығыс проблемасын көтереді. Екі түрлі
екі полюсті ақын өз поэзиясында біріктіруге тырысқандай.
Жоғарыда тезаурус туралы айтылғандарды ескере отырып,
тезаурустың шағын үлгісін жасауға тырыстық.
Кестеде тезаурус толығымен емес, тек сөз қолданысының
семантикалық аясы ғана берілген. Олар: космостық,
өмір кезеңдері, табиғи құбылыстар, сезімдер мен сезім
мүшелері, сезім
көріністері мен сезімдік жағдайлар, саяси қызмет,
қайғылы сезім, уақыт
өлшемі. Осыған сай образдар топтастырылған.
Кесте ақын
өлеңдеріндегі образдарды жүйелі зерттеуді
нақтырақ және жеңіл етеді. Сондай-ақ Мағжан
ақынға тән сөз қолдану ерекшелігін, басқа
ақындардан айырмашылығын тануға көмектеседі. Себебі,
біз зерттеуге алған ақынның сөзқолданысы оюы
күрделі суретке ұқсас. Бір тізбекті байқап отырып,
тұтас оюды тануға болады. Бұл образдың қолданылу
ерекшелігін, қолданылу аясын анық көрсетіп, образдарды
салыстыруға, жүйелеуге жеңілдік береді. Әрине, поэзия
дегеніміз белгілі бір қатаң заңдылыққа ғана
бағынатын дүние емес. Поэзия – бұл жанның күйі,
сол күйдің көрінісі. Дегенмен, ақынды дұрыс
түсініп, жақсы тану үшін оның әр сөзіне,
сөзінің дамуына, сөзқолданысына мұқият
көңіл бөлу керек. Сонымен, сөздік авторлық
сөзқолданысының ерекшелігін көрсетеді. Үнемі
ақынның санасында жүретін, ақын үшін аса
маңызды жағдайлар (заттар, құбылыстар) авторлық
сөзқолданысының ерекшелігін айқындап, сөздік
құрылымында өз көрінісін табады. Себебі автор белгілі
бір жағдайға қатысты қолданған сөздер
жиілігі жоғары болады. Поэтикалық мәтіннің жиілік
сөздігі негізінен жалпы типті жиілік сөздігінің принципі
бойынша құрастырылады. Зерттеу объектісі ретінде
ақынның не тұтас шығармашылығын, не оның
белгілі бір «синхронды қиындысын» алу керек. Дегенмен, жиілік
көрсеткіші анализдің толық сапасын қамтамасыз ете
алмайды. Мұндай сапалы анализге қол жеткізу үшін
ақынның жиілік сөздігін тілдік жиілікпен және
дәуірдің жиілік сөздігімен салыстыру қажет.
Ақынның ақындық өнері туралы сөз қозғау – бұл басқа мақаланың тақырыбы. Біз бұл жерде әдебиеттанудағы жиілік сөздігінің, тезаурустың маңыздылығын сөз еттік.
Тарихтың бір кезеңдері ішіне жұтып, бізден жасырған Мағжан Жұмабаев енді қайтадан ортамызға оралғаны, танылып, оқу-зерттеуде қолға алынғаны, кітап дүкендерінде еңбектерінің жарқырап тұруы – бәрі бізді қуантады, онымен жақынырақ танысуға жетелейді. Ақынды жақсы түсіну үшін, біліп-тану үшін оның поэзиясын оқу керек. Егер оқу арқылы біз ақынның сырт жағын ғана көретін, білетін болсақ, поэтикалық дүниесін зерттеуде біз ішкі мазмұнды ашамыз, тереңдікке бойлаймыз. Осы арқылы тіпті, Мағжанның жүрек қағысын, сезімінің толқындарын да байқауға болады. Мұндай жетістікке жету үлкен бақыт.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1 Тимофеев Л. Слово в стихе. – М.: Советский писатель, 1982. – 344 б.
2
Левин Ю.И. О некоторых
чертах плана содержания в поэтических текстах // В книге: Структурная типология
языков. – М.: Наука, 1966. – 263 с.
3 Чередник Н.В., Фоменко И.В. Частотный словарь как основа интерпретации поэтической концепции // История русского и литературного языка и стилистика. – Калинин: Калинин. гос. ун-т, 1985. – С. 99-112.
4
Гаспаров
М.Л. Художественный мир писателя: тезаурус формальный и тезаурус функциональный
(Кузьмин М. “Сети”, ч. III) //
Проблемы структурной лингвистики. 1984 г: Сб. Научн.тр. / Отв. ред.
В.П.Григорьев. – М.:Наука, 1988. – 272 с.
5
Шашкина Г.З. Слово в образной системе поэта. (На
материале поэзии Олжаса Сулейменова): дисс.
... канд. филол. н. – Алматы, 1996. – 188 с.
6
Франс А. Рассказы, публицистика // Соч. в 4-х
томах. – М: Худ. лит-ра, 1984. – Том 4. – 478 с.