ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СӘЛЕМДЕСУ ЭТИКЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ ТІЛДІК БІРЛІКТЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ

Ф.ғ.д., профессор Т. Н. ЕРМЕКОВА, 

магистрант Б. Маханова

Резюме

В статье рассматриваются языковые единицы, выражающие  этикетного приветствия (ЯЕЭП) в тюркских языках, как лингвокультурологический код с коммуникативно-прагматическом грузом, отражающие национального познания и национально-культурное бытие разных этносов с точки зрения их мировозрения. Сравнительный анализ ЯЕЭП в тюркских языках показывает, что общий культурологический констант определяет национальные образы картины мира.

Summary

In article the language units expressing этикетного greetings (ЯЕЭП) in Turkic languages, as лингвокультурологический a code with communicatively-pragmatical the cargo, reflecting national knowledge and national-cultural life of different ethnoses from the point of view of them мировозрения are considered. Comparative analysis ЯЕЭП in Turkic languages shows that the general culturological constants defines national images of a picture of the world.

Қазіргі тіл білімінің антропологиялық парадигмаға көшу үрдісі "адам-тіл-мәдениет" және "адам-тіл-ойлау" үштігіне сүйенетін зерттеулердің жаңа бағыттарына жол ашты. Сондықтан да  тілді, тілдік бірліктерді адами факторлармен, адами құндылықтармен бірлікте қарастыру  қазіргі тіл білімінің алға тартып отырған басты бағыттарының біріне айналды. Содан болу керек, қазіргі зерттеулерде сырт қарағанда екі түрлі  семиотикалық жүйеде танылатын тіл мен мәдениет бірін бірі толықтыратын, өзара тығыз байланысты тұтас жүйе ретінде қарастырылады. Тілді сол ұлттың мәдениетімен бірлікте қарастыру арқылы лингвистер тілтаным ғылымының шеңберінен шығып,  ұлттаным  деңгейіндегі құнды  дүниелерге қол жеткізе бастады. Бір ұлттың мәдениеті оқырман мен тыңдарманға оның тілдік таңбалары арқылы баяндалады. Өйткені тіл – мәдениеттің қайнар көзі, тіл арқылы екінші ұлттың мәдениетінен хабардар боламыз. Тіл ұлт мәдениетіндегі негізгі ақпаратты сақтап, жинақтайды және оны таратады.

Тілді, тілдік бірліктерді адами факторлармен, адами құндылықтармен бірлікте қарастыру – қазіргі тіл білімінің алға тартып отырған басты бағыттарының бірі. Бүгінгі күні адами факторларға ерекше мән беріп, тіл иесінің тілдік бірліктерді дұрыс, ұтымды қолдану, мән-мағыналарын терең түсіну мәселесі ғылыми еңбектерде жиі көтерілуде. Осындай зерттеу жұмыстарында ұлттық құндылықтарға қатысты мәдени деректерге көп көңіл бөлініп, тіл тек тұлғалық (формалық) жағынан ғана емес, сонымен қатар ол мағыналық, ұғымдық, мәдени-концептілік тұрғыдан жиі қарастырылып, талданатын болды. Тілді ұлттың тарихымен, мәдениетімен, рухани қазынасымен, яғни дүниетанымымен тығыз қарым-қатынаста, бірлікте алып қарастырылған жағдайда ғана ұлттық тілдің табиғатын шынайы танып білуге жол ашылады.

Ұлт мәдениетінің қай түрінде болмасын, онда сол ұлттың бүкіл таным болмысы мен тұрмыс-тіршілік суреті сақталған. Белгілі бір ұлттың тарихынан, мәдениетінен, таным болмысынан, тұрмыс-тіршілігінен хабардар ететін тілдік бірліктерге фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер мен бірге этикетті коммуникемдер, әсіресе сәлемдесу, қоштасуға байланысты коммуникемдер жатады. Себебі бұл тілдік бірліктер белгілі бір ұлттың өзге ұлттардан менталдық айырмашылығын көрсететін, салт-дәстүр ерекшеліктерін білдіретін ұлттық өмір көріністерінің айнасы болып табылады. Осымен байланысты қазіргі заманда мәдениетаралық қарым-қатынас мәселесі де алға шыға бастады. Бір халықпен екінші халықтың сәлемдесуіне байланысты коммуникемдерді зерттеу арқылы әр халықтың танымы, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрінен мәлімет алып қана қоймай, өз халқының артықшылықтарын да тани түсесің.

Әр халықтың сөз қолданысын салыстыру арқылы мәдениетаралық коммуникацияға бет бұру мәселесі кейінгі уақытта ғана қолға алына бастағандықтан, әлі де болса шешімін таппаған мәселелер баршылық. Осындай тың, қиын, өзекті мәселелердің бірі – сәлемдесу этикетіне қатысты коммуникемдерді кешенді түрде лингвомәдени және лингвокогнитивтік тұрғыдан салғастыра зерттелуі.

Бір халық пен екінші халықтың қарым-қатынас жасау әрекеті сол халықтың коммуникативтік нормасын байқатады. Коммуникативтік норма – топтағы жиналған адамның қарым-қатынастағы салтының жиынтығы. Ғалымдар коммуникативтік тәртіптің үш түрін көрсетеді: ұлттық, топтық, жекелік. Қазіргі линвистиканың, дәлірек айтсақ, мәдениетаралық коммуникация төңірегіндегі зерттеушілердің басты міндеті – коммуникативті халықтық мәдениеті тұрғысынан көріп, ғылыми көзқарас қалыптастыру.

   Сәлемдесу этикеті әр халықтың қарым-қатынас жасаудағы ерекшелігі болып саналады. Сәлемдесу этикетіне байланысты қалыптасқан тілдік бірліктерді «коммуникемдер» терминімен атау ұсынылды. Бұл мәселе үндіевропа  тілдерінде жақсы зерттелгенімен, түркі тілдерінде бұған қатысты зерттеу тапшы.   Зерттеуші Ж. Ибраимова қазақ тіліндегі коммуникемдерді                  9 топқа бөліп қарастырады (Ж. Ибраимова, 2008). Зерттеушінің осы саладағы алғашқы сәтті қадамын құптай отырып, аталған коммуникемдерді 3 топқа топтастырып қарауға болады деп ойлаймыз:

1. Этикетті коммуникемдер;

2. Эмоционалды-бағалау коммуникемдері;

3. Мәтін түзуші коммуникемдер. 

Зерттеуші көрсеткен коммуникемдердің өзге түрлерін осы аталған үш топтың аясында қарастыруға болады. Сөйлеу этикеті – халық мәдениетінің қажетті элементі. Сөйлеу этикеті мәдениеттің құрылымды бөлігі болып табылады. Сөйлеу мәдениетінің айтылуында әр дәуірдің әлеуметтік қатынастары жинақталған. Ұлттық мәдениеттің элементі ретінде сөйлеу этикеті ұлттық өзгешелігімен ерекшеленеді. Айталық қытайлықтардың «тамақтанып үлгердіңіз бе?» деп амандасуы бұл халықтың ерте тұрып тамақтануы, іле-шала еңбекке араласуымен байланысты туындаса, моңғол халықтарында сәлемдесудің өзгешелігі мезгілге байланысты. Бұл олардың көшпелі өмір салтымен, негізгі кәсібі мал шаруашылығымен байланысты болса, екінші жағынан, өздерін табиғаттың бір бөлшегі санайтын монғолдықтар үшін жыл мезгілдерінің де маңызы зор. Сондықтан да бұл халық амандасып, хал-жағдай сұрасуда жыл мезгілдерін қалай өткізіп жатқанын сұрайды: «Мал семіз бе?», күзде: «Күз жақсы өтіп жатыр ма?», көктемде: «Көктемді сәтті қарсы алдыңыз ба?», ал қыста: «Қалай қыстап жатырсыз?» деп амандасса, ал жалпы сәлемдесу малшылардың көшпелі өміріне қатысты: «Қалай көштіңіз?», «Малыңыз қалай?» т.б.

Түркі халықтарының сәлемдесуіне байланысты қалыптасқан тілдік бірліктерді функционалдық сипатына қарай: төл коммуникемдер және кірме коммуникемдер; дербес тілдік және ортақ коммуникемдер деп бөліп қарастыруға болады. Сондай-ақ бұл коммуникемдер сәлемдесу жағдаятына (ресми, бейресми), тұрмыс салтына (қонақпен, жолаушымен, егіншімен амандасу) және жас мөлшеріне (кішімен, үлкенмен, құрдаспен амандасу)  қарай ажыратылады. Айталық якут тіліндегі неруен-нергуй коммуникемі якут тілі үшін төл коммуникем, әрі осы халыққа ғана тән болғандықтан, дербес тілдік коммуникем, дорообо коммуникемі – кірме коммуникем.

Мұсылман дініндегі түркі халықтары үшін ортақ сәлемдесу формасы: "Ассалаумағалейкум! (Сізге тыныштықтық, амандық  тілеймін!), оған жауап ретіндегі Уағалайкүміссәлем! (Өзіңізге де соны тілеймін). Бұл мұсылман дінінің басты ұстанымы – бейбітшілік пен тыныштықты қалауынан туындағанын және оның осы дінді ұстанатын халық арасында тараған мәдени кодқа айналғандығын көрсетеді. Бірақ осы амандасу формуласының өзі әр халықта әр түрлі қолданылады. Мысалы, қазақ, ұйғыр, өзбек, қырғыз халықтарында бұл, негізінен, қол алысу арқылы және ер адамдар арасында қолданылса, татарлар мен башқұрттарда қол алысусыз жүретін амандасу формасына жатады. Бұл амандасу әйелдер арасында қолданылатын халықтар да бар. Ресми жағдайда татар мен башқұрт халықтары «Исэнмесез!», «Хэерлэ кич!», «Хэерлэ иртэ!» коммуникемдерін қолданады. Бұл сәлемдесу формуласы қазақ, қырғыздағы «Сәлеметсіз бе!», «Қайырлы таң!», «Қайырлы күн!», «Қайырлы кеш!» сияқты коммуникацияға түсушілер арасында белгілі бір этикеттік қашықтық (дистанция) жағдайында және қол алысусыз жүргізіледі. Ал осы сәлемдесулер, сондай-ақ «Нихэл?», «Саумысыз?» формулалары жақын адамдардың арасында қол алысу арқылы жүреді. (www0.disput.az/index.php?showtopic=140952)

Чуваш тіліндегі этикетті сәлемдесуді зерттеуші В.А.Кузнецов амандасудың акционалды (әрекеттер: қол алысу, бас  киімін шешу, қолын кеудесіне қою, құшақтасу т.т.), кинетикалық (ишарат), мимикалық (күлімсіреу, қасын көтеру т.т), интонацияны құбылту сияқты әр түрлі бейвербалды амалдармен қабат жүретінін көрсетеді (В.А.Кузнецов, 2004).

Қарашай-балқар тіліндегі сәлемдесуді француз, орыс тілдерімен салыстыра зерттеген Ф.А. Тамбиева бұл тілде сәлемдесудің үш түрі болатынын көрсетеді: 1) ерлер арасында, 2) еркек пен әйел арасында және 3) әйелдер арасында. (Тамбиева Ф.А., 2004.)

Эрттен ахшы болсун! Кюн ахшы болсун! Танг ахшы болсун! (Таң жақсы болсын!) Таң жақсы болсын! коммуникемінің қолданылуын осы тілдегі сәлемдесу формасын ағылшын, орыс тілдерімен салыстыра қарастырған А.Чаушев қарашай халқының ерте тұрып, еңбекке араласуымен түсіндіреді және бұл сәлемдесудің тек әйелдерге арналатынын, ал әйелдер оған «Ахшылыкъ кёр!» формасымен жауап беретінін айтады. Зерттеуші сондай-ақ жасы мен әлеуметтік жағдайына байланыссыз жиі қолданылатын «Салам!» коммуникемін қарашай-балқарлар күніне неше рет кездессе, сонша рет айтататыны туралы қызықты мәлімет келтіреді. Бұл аталған этностың қарым-қатынастағы ынтымағын, бір-біріне жақсы тілегін аямайтындығын көрсетеді. (А.Чаушев, 2008).

Чуваш тіліндегі Ыра кун! (Қайырлы күн!), Ыра кас! (Қайырлы кеш!), Ыра сунса кётетпёр! (Қош келдіңіз!) Силам! (Сәлем!) Ыра кун пултар! (Қайырлы күн болсын!) коммуникемдері мен якут тіліндегі : Утуе сарсыарда! (Қайырлы таң!) Утуе кун! (Қайырлы күн!) Утуе киэЬэ! (Қайырлы кеш!) коммуникемдері алғашқы компоненттері . Амандасудың бұл түрі радио мен теледидар дикторларының тілінде жиі қолданылатынын айтады.  Ал сахалардың нағыз амандасу үлгілері неруен-нергуй, эдэрдэ қазіргі кезде қолданыстан мүлде шығып бара жатқанын көрсетеді. Бұл тілде қазір қолданылатын кэпсиэ сөзі  баяндаңыз, сөйлеңіз мәніндегі императивті тілекті білдіреді (түбірі кеп - сөз, сөйлеу, салыстырыңыз: өзбек: гап, ұйғыр: гәп).  Ал экстралингвистикалық фактордың әсерінен, орыс халқымен үнемі байланыста болу нәтижесінде қалыптасқан  Дорообо (орыс тіліндегі здорово сөзінен алынған) комммуникемі де қазіргі сахалар тілінде кездеседі. Қазіргі түркі тілдерінде жиі қолданылатын сәлемдесу коммуникемдері ретінде төмендегілерді атауға болады:

Башқұрт: Хэйерле кен! Хэйерле иртэ! Хэйерле кис!

Татар: Исэнмесез! Хэерлэ кич! Хэерлэ иртэ!

Гагауз: Gun aydin!

Қырғыз: Salaammatszbe!

Түрік: Merhaba! Gun aydin!

Өзбек: Salaam aleikhem!

 Жалпы түркі тілдерінде ортақ, бірақ фонетикалық ерекшеліктері бар сәлемдесу коммуникемдері: Ассаламағалейкум! Сәлем! Қайырлы күн! Қайырлы таң! Қайырлы кеш!

Ал Сәлеметсіз бе! Мерхаба (қазақ тіліндегі мәні: мархабат)! араб тілінен енген. Бұл жерде Сәлеметсіз бе! Сәлем! коммуникемдері Ассаламағалейкум! коммуникемінің ықшамдалуы нәтижесінде қалыптасқан. Бұл коммуникемдер бұрынғы қазақтың амандасып жөн сұрасуында жиі қолданылған, негізгі тіршілігі малмен байланысты болған халқымызға тән «Мал-жан аман ба!» қолданысын ығыстырып келеді.

«Сөз атасы – сәлем» дейтін халқымыздың сәлемдесу сөздерін қолданудың, жұмсаудың өзіндік қалыптасқан жүйесі бар. Жалпы, қазақ сөйлеу этикетіне тән сәлемдесу коммуникемдері де өзге түркі халықтарындағы секілді қарым-қатынас типтеріне қарай ажыратылды:

Сәлемдесу типтері

Қарым-қатынас типтері

Қосымша ақпараттар

Сәлеметсіз бе?

 Сәлемет пе?

Сәлеметсіздер ме?

Үлкен мен кіші, ресми қарым-қатынас

Ізет көрсету

- Амансыз ба?

- Ат-көлік аман ба?

-Мал-жан аман ба?

Үлкендер, ауыл адамдары

Жағдай сұрасу

Ассалаумағалейкум/

Уағалейкумассалам! (Салаумалейкум/ – Әліксалам!)

жасы кіші жасы үлкенге, бейресми; ер адамдар

Құрметтеу нышанын байқату

-Салаумалейкум!/

 Әліксалам)

жас шамасы қатар; бейресми; ер адамдар

Амандасу

Сәлем!

Қатар құрбылар, бейресми

Амандасу

Сонымен сәлемдесу сөздері қалыпты қарым-қатынасқа, уақыт ыңғайына, адресат пен адресанттың жынысына, жасына, олардың қалалық немесе ауылдық жерде тұруына т.б. байланысты.

Қорыта келгенде, түркі тілдеріндегі сәлемдесу коммуникемдері әмбебап сипатымен ерекшеленеді. Сәлемдесу коммуникемдері социумдардың барлық қабаттарында қолданыла отырып, адамдар арасындағы иерархиялық қатынасты білдіруде маңызды роль атқарады. Бұл иерархия үлкен мен кішінің, қатар-құрбының арасындағы коммуникативтік этикет пен гендерлік сипаты арқылы ажыратылады. Әр түрлі коммуникативтік мәдениет өкілдері болғанымен, түркі халықтарының сәлемдесу этикетінде ортақ жайттар көп. Сәлемдесуде қолданылатын ортақ тілдік бірліктермен бірге айырмашылықтардың да болуы дүниенің тілдік бейнесінің этнос танымындағы спецификалық ерекшеліктерін көрсетедіі, әрі бұл бірліктер тұлғааралық коммуникациядағы доминант ретінде танылады.

 

Әдебиеттер

1.      Ибраимова Ж. Қазақ тіліндегі мүшеленбейтін сөйлемдер. Қарағанды, 2008.

2.      Кузнецов А. В. Вербальные средства этикетного общения в чувашском языке (Опыт компаративного, контрастивного и этнолингвокультурологического изучения) : Дис. ... канд. филол. наук : 10.02.20 : Чебоксары, 2004 201 c. РГБ ОД, 61:04-10/989

3.      Тамбиева Ф.А. Приветствие как коммуникативная ситуация во французском, русском и карачаево-балкарском языках. Пятигорск, 2004.

Чаушев А. Этноспецифика форм приветствия в карачаево-балкарской, русской и английской коммуникатив