УДК 001.895
ЖАҢАША ОҚЫТУ ЖЕТІСТІК КӨЗІ
Ақбердиева Дана Қасымбекқызы
Қызылорда
көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледжінің
оқытушысы
Оқытушы
өз ісіне деген сүйіспеншілікті
оқушыға деген
сүйіспеншілік пен ұштастыра
алғанда
ғана шын мәніндегі оқытушы болмақ
Л. Н. Толстой
Қазіргі кезде
білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер
жаңа технологияны пайдалану жолдары түрлі ынталы бастамалар мен
түрлендірулерге кеңінен жол
ашылуда.
Жаңа
технологияны пайдаланудың мақсаты-міндетті деңгейдегі
білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейге
көшу.
Оқытушының
ғылыми педагогикалық білімін тереңдетіп іскерлік шеберлігін,
белсенділігі мен ізденістерін арттыру.
Мақсаты: жаңаша білім беру
мазмұны «әркімге таңдау бойынша білім беруге» көшу, қабілетті және
нақты іс әрекетті жүргізуге икемді, ізденушілікпен
жұмыс істейтін зерттеуші оқытушы тәрбиелеу және
қалыптастыру.
Оқу
үрдісіндегі жаңалықтарды оқытушыларға жеткізу,
шығармашылықпен
жұмыстануға баулу.
Сонымен
қатар қазіргі таңда оқу-тәрбиесінде мынадай
өзекті яғни актуальды проблемалар бар
Оқушылардың
өз бетінше ойланып, әрекет етулері әліде болса жеткіліксіз.
Бір
оқу міндетін басқа түрлі жолдармен өзгертіп, шеше білу
қабілеттері, сонымен қатар алынған білім- білік
дағдыларын қазіргі өмір мен ғылым, техника
жаңалықтарымен байланыстырып, салыстырып, зерттеп өз
болжамдарын жасау қабілеттері әлі де төмен деңгейде.
Ал
мұның себебі қайда жатыр және бұл проблемаларды
шешу үшін, білім үрдісінде иновациялық технологияларды
оқып үйреніп өз іс – әрекетімде енгізуді қажет
деп ойлаймын. Білім берудің әр түрлі
нұсқадағы мазмұны, құрылымы,
ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.
Сондықтан
әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен
оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай
таңдап, тәжірибеде
сынап қарауда мұғалім іс –әрекетінің маңызы
зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық
технологияларын меңгеру мұғалімнің
интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық
және де басқа көптеген келбетінің қалыптасуына
игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие
үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазақстан
Республикасы жоғарғы білім беру мемлекеттік стандартының
тұжырымдамасына айқын көрсетілгендей,
қоғамымыздың жаңа әлеуметтік тапсырыстары ,
өз кезегінде оқу бағдарламаларын өзгертуді,
оқытудың жаңа технологияларын енгізуді көздейді.
Қазіргі таңда
әлеуметтік жағынан қорғанған адам-ол технология
ауысуына және нарық талабына сай терең білімді, әрі
жан-жақты адам. Қазіргі
білім жүйесінің ерекшелігі-тек біліммен қаруландырып
қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып,
үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Білім
беру саласында инновациялық үрдісті жүзеге асыру мұғалімдерден өз
мінез-құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін
түрлендіруді талап етеді. Инновациялық іс - әрекет
адамдардың шығармашылық жемісті қызметінің бір
түрі және оған мотивациялық, технолоиялық шартты
компонент педогогтардың педогогикалық
жаңалықтарға деген сұранысын, ол
жаңалықтарды қабылдау
дәрежесін көрсететін кәсіби шығармашылық
бағыттарының мазмұнын анықтайды.
Жалпы білім беретін оқу
орындары білім алушыларға ақпараттық – коммуникациялық
құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетін
қалыптастыру қазіргі таңда үздіксіз педагогикалық
білім беру жүйесіндегі ең көкейтесті мәселелердің
біріне айналып отыр. Қарастырылып отырған мәселе «Жаңа
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
ұғымының пайда болуымен және білім беру саласында
компьютерлердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты.
Жаңа ақпараттық
технологиялар дегеніміз- білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны
білім алушығы беру процесі. Соңғы жылдарда білім беру
жүйесіне енген «құзырлылық» немесе
«құзіреттілік» ұғымы жеке қасиеттерімен білім,
білік, дағды, іс тәжірибесі, түсінігінің бірлігін
сипаттайды.
Қазіргі уақытта
құзырлықтың бірнеше түрі бар, соның бірі –
ақпараттық коммуникациялық құзырлылығын
«оқу, тұрмыстық кәсіби міндеттерді
ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың
көмегімен шеше білу қаблеттілігі»
Сонымен, құзырлы
тұлғаның ақпараттық-коммуникациялық
құзырлылығын қалыптастырудың негізгі
тәсілдеріне мыналар жатады.
·
Ақпараттарды өңдеудің компьютерлік технологияларын
теориялық және практикалық тұрғыда
оқып-үйрену;
·
Әр түрлі қолданыстағы бағдарламалық
қамтамасыздандыруды оқып-үйрену және оны оқу
процесінде қолдану мүмкіндіктеріне талдау жасау;
·
Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды
оқытуда қолданудың тиімділігін негіздей және
дәлелдей білу.
Ақпараттық-коммуникациялық
технологияны бәсекеге қаблетті ұлттық білім беру
жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін
әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа
қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру,
білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық
технологияны енгізу және ұлттық модельді
қалыптастыру
Қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге
көтерудің алғы шарты.
Білім беруді ақпараттандыру
жағдайында кез келген педагогқа ақпараттық білім
негіздерін игерту, ақпараттық-коммуникациялық технология
құралдарын өзіндік білім алуға қолдану мен
оның мүмкіндіктерін кәсіби қызметтеріне танымдық
және дидактикалық құрал ретінде пайдалану
дағдыларын қалыптастыру қажет. Олай болса , бұл
қоғам кез келген педагогтан өз пәнінің трең
білгірі ғана емес, теориялық,
нормативтік-құқықтық, психологиялық-педагогикалық,
дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және
АКТ құралдарының мүмкіндіктерін жан-жақты игерген
ақпараттық құзырлылығы қалыптасқан
маман болуын талап етіп отыр.
Ақпараттық білімді
педагогтарға қалыптастыру келесі мәселелерге, атап
айтқанда, мемлекеттік ақпараттық
қоғамның саясаты мен
келешегіне, білім беруді ақпараттандырудың мақсатына, АКТ
құралдарының дамуына байланысты педагогтардың
ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығын
қалыптастыру жүйесіне; педагогтардың санатына; шеберліктеріне
және тәрбиелік міндеттердің ақпараттық
қоғамның даму бағытымен өзара
байланыстылығына тәуелді.
Педагог кадрлардың
ақпараттық-коммуникациялық технологияны
қолданудағы құзырлылық нормасы адам
қаблетін дамытуға негізделген білім беру реформасындағы
үш амал мен алты компоненттің қиылысуы арқылы
қалыптастырылады:
Бастапқы кезеңде АКТ
бойынша педагогтардың құзырлылық нормасы
техникалық немесе компьютерлік сауаттылықтарды дамытуда
электрондық оқу құралдарымен, интернет ресурстарымен
немесе қарапайым техникалық
құралдармен жұмыс жасау дағдылары қарастырылады.
Білімді тереңдету амалы
негізінде педагог кадрлардың біліктілігін АКТ бойынша қалыптастыру
негізге алынады. Оларды кәсіби бағытта
ақпараттық-коммуникациялық технологияның
дидиактикалық мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану
мәселелерін қарастыру ұсынылады. Сонымен бірге бұл
амалдардың талаптарын іске асыруда
ақпараттық-коммуникациялық технология бойынша арнайы
дағдыларын қалыптастыру
әдістері қарастырылады. Сондықтан мұғалім
оның мақсаты стартегиялық бағытттарын анықтау мазмұнын
жан-жақты игеріп, оны кәсіби бағытына қолданатындай
түсінік қалыптастыру
бағдарламасына
өзгерістер енгізуді талап етеді. Ал білім сапасының
бағасы педагогтардың АКТ- ны
меңгеру білімімен сипатталады.
Қазақстан
Республикасында ғылыми-техникалық прогресстің негізгі белгісі
– қоғамды ақпараттандыруға болатын жаңа
кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру –
экономиканың, ғылымның, мәдениеттің
дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі
басты рол білім беру ордаларына жүктеледі.
Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың
қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға
және тиімді қолдануға қаблетті, ақпарат
сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған
құралдарын пайдалану керек.
Ақпараттық
мәдениет дегеніміз-адамға ақпараттық
кеңістіктің қалыптасуына қатысуға және ол
кеңістікте еркін бағдарлай алуға, ақпараттық
өзара іс-әрекеттке түсуге мүмкіндік беретін білім
деңгейі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
В.С.
Кукушкин. Современные педогогические технологии «Учение с увелечением» 2004.
384 бет.
2. Қазақстан Республикасының
2015 жылғы дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
Білім-образование №1 2004ж
3. Қазақстан
мектебі. Педагогикалық жаңа технологиялар. №1-№5 2010ж
4. Г.А Уминов. Қазақстанда
кәсіптік-техникалық білім берудің қалыптасуы мен дамуы.Алматы
2010ж
Резюме
Применение инновационных
технологий гарантирует подготовку высококвалифицированных специалистов широкого
профиля в обществе.
Summary
Using the
innovational technology is quaranteed to prepare wide profile high qualified
specialists for our sociefy.