География и геология
Н.М. Қасым
Л.Н. Гумилев
атындағы Еуразия ұлттық университетінің 4 курс студенті
Байкал таулы елінің
қазіргі экологиялық және шаруашылық жағдайлары
Бұл
өлкеде әлемдегі ең ірі адам зиян келтірмеген биосфераны
тұрақтандыру үшiн мол мәні бар табиғи
экосистемалардың массивы орналасқан. Әйтсе де, қатал
ауа-райы шарттары менжоғарықалдықты және тау кен
өндірісі, түсті металлургия сияқты энергия көп
жұмсалатын экономика салаларын дамыту өндірістік
аймақтардың маңында
тiптi күрделi экологиялық мәселелерді туғызады.
Байкал
маңындағы өткiр экологиялық жағдайлар бүгiн
пайда болған жоқ. Бұл жағдай 1950 жылдары басталған Сібірдің өндіріс
күштерін интенсивті дамыту кезінде орын ала бастаған. Аймақта
интенсивті индустрияландыру жургізу барысында жиі құрылыста
ескірген проекттерді пайдаланылуы оның өндірістік
қалаларының барлығы экологиялық қауіпті
жағдайда қалғанының себебі болып табылады. Одан
басқа, мемлекет бұл жерде энергия көп жұмсайтын ГЭС
құрастыра бастағаннан су астында 20 млн м3 ағаш
қалды, нәтижесінде бұл жағдай қоршаған
ортаға келтірген зияны зерттелмеген аймақ болып қалды.
Отын-энергетикалық кешеннiң дамуы көмiрдiң төмен
сапалы күлдi сорттарын қолдануға бағытталуы бүкіл
атмосфераның ластануына алып келді. Бұл проблеманың
аймақтан тыс шығып кетуін және оны минималды тәуекелмен
шешу керектігін түсіну үшін аймақтың техногенді
ластануының кейбір ғана мысалдарын келтірсек жеткілікті:
-
отын-энергетикалық кешені төмен сортты көмiр негiзiнде
жұмыс iстеуі атмосфераға барлық зиянды заттардың 53% -н
және судың ластануының 30%-н
береді;
-
өндіріс кәсіпорындарынан (бас жабдықтауыштар - Усольехимпром
және Саянскхимпром) сынаптың келуі атмосфераның Сібір
сынабымен бүкіл ластануының төрттен бірін
құрайды;
-
химия және қағаз өндірістері қоршаған
ортаға нитраттардың 11%, цианиттердің 7%, фенолдардың
6% шығарып тастайды.
-
аймақтың өндірістік кәсіпорындары диоксин кауіптілігі
бойыншаРесей аймақтарының бірінші жетілігнде тұр;
-
екi алюминий зауыттары – фтор және басқа ластағыштар бойынша
екі экологиялық кауіпті аймақ.
Байкалдың табиғи қоры өте мол.
Ол минералды-шикiзат базамынан, су
және гидроэнергетикалық, орман, аңшы-кәсiпшiлiк,
рекреация және басқа ресурстардан құралады. Аймақ
үлкен дәрежеде тас көмір және қоңыр
көмірге бай, алайда, түбегейлi ауқымдарда Байкал алды және Иркутск көмір
бассейндері пайдаланылады. Қолданылып жатқан немесе сақталып
тұрған темір кендері Байкал алды аумағында бар. Ең ірі
түстi металлдардың кендерi
(қалайы, молибден, вольфрам, кен, алтын, уран және сирек
кездесетiн элементтер, қорғасын, мырыш) Байкал алды да
өнделеді.
Ресей
Федерациясының ластағыштардың максималды
шоғырлануына мына
қалалар кіреді:
-
үнемi: Иркутск, Братск, Селенгинск, Улан-удэ, Чита;
-
мерзiмдi және үнемi: Зима, Усолье – Сибирское, Шелихов;
-
эпизодтық: Ангарск, Петровск-Забайкалский, Черемхово.
Әр
қаланың ластану себебі әр-түрлі, бірақ көп
қалалардың ортақ проблемасы 3,4 бензапиреннің
жоғары шоғырлануы болып табылады. Ол қысгүні,
көмір және мазут негізінде жұмыс істейтін қазандарынан
шығатын ластағыштары салдарынан қалыптасады. 1990-шы жылдары
қазандардың газ отынына көшуіне орай 3, 4 бензапиреннiң шоғырлануы
едәуiр төмендедi.
Алюмини зауыттарынанғы
ластағыштары Братск, Шелиховта атмосфераның ластануының
себебі болып табылады. Ағаш дайындау кәсiпорындары Зима және
Селенгинск қалаларында атмосфераның жоғары деңгейде ластануының себебшісі болып
келеді.
Су
мәселелері мазмұны бойынша алуан түрлi және
күрделі болып келеді. Қатал ауа-райы салдарынан
өзін-өзі тазалау процесстері баяу өтеді, ал ірі өзендер
аймақтың оңтүстік бөлігінде
орналасқандықтан бастырмалатқан ластануға олардың
жоғары ағындары душар болады.
Ангара, Братск және
Усть-Илимс су қоймаларындағы су 2002 жылы «нашар ластанған»
деңгейден «өте ластанған» және «өте қатты
ластанған» деңгейі арасында бағаланған.
Бiр
жағынан, кәсіпорындар мен тау-кен өндірістерінің санын
азайту ластайтын заттардың шығуын төмендетті. Екінші
жағынан, кәсіпорындар мен тау-кен өндірістерін тоқтату
жаңа экологиялық проблемалардың пайда болуына алып келді.
Мысалы, Джидинск вольфрам – молибден комбинатының жұмысының
тоқтатылуы Закаменскте (Бурятия )
экологиялық ахуалдың себебі болды. Кобинаттың
жұмыс барысында шахта сулары фабрикаларға кайта
қолдануға жіберілді, одан кейін тазарту кұрылыстары бойынша
қалдық қоймаларға лақтырып тасталынды.
Қазiргi уақытта шахта сулары карьерлерден Модонуль өзеніне
немесе жер бетіне шығарылады. Модонкуль өзенінің суы 6-шы
сапалы су қатарына жатқызылады.
Енисей
және Ангарада аса зор электр станцияларының
құрылысының тым ұзақтығына
қарамастан, бірде-бір су қоймасы орманнан толық
босатылған жоқ. Орман су
басуда қаза тапты, алтөмен температура салдарынан
ағаштың жіктелуі көп жылдарға созылды. Жіктелу
өнімдері (фенол және басқа органикалық байланыстар) осы
уақыт аралығында су сапсына маңызды әсер етуде. Iрi су
қоймалары деңгейдің
үлкен маусымды ауысуымен (ондаған метрлер) жұмыс iстейдi:
көктемгі-жазғы толу және энергосистема
жүктемелерінің қысқы уақытта жұмыс істеуі.
Осының салдарынан көктемде қалып қойған мұз
жоғары биіктіктен құлап, өзен жағаларына
қирататын әсер тигізеді.
Қазiргi
кездегі Байкал көлінің мәселесі 1960-шi жылдан бері орын алып
келе жатыр. Бұл табиғи ресурстарға бай аймақтарды
шарашылыққа пайдалану мен осы бірегей көлді қазіргі
және келешектегі ұрпақтарға сақтап қалу
қажеттілігі арасындағы қақтығыстармен байланысты.
Байкал – бірегей тұщы су көлі. Көлемі және
тереңдігі бойынша әлемде бірінші орында тұр. Онда
әлемтұщы суының 20%,
ал Ресей тұщы суының 80% көлемнен артық су бар.
Судың улкен көлемі мен үнемі төмен температуралар
салдарынан су айналым және өздігінен тазарту процесстері баяу
жүреді. Әйтсе де, 1960-шi жылда, қоғам
наразылықтарына қарамастан, көл жағасында Байкал
целлюлоза-қағаз комбинаты (БЦҚК) құрылды. Ал
кешірек Байкалға ағып құятын Селенга өзенінде
Селенга целлюлоза картон комбинаты құрылды. 1970-80 жылдары
Прибайкалье және Забайкалье өндірістерін белсенді игеру мен
транспорттық және рекреациялық игеру жүрді, ағаш
дайындау іске қосылды. Көлдің солтүстігінде Байкало-Амурская магистраль
құрылды; Солтүстік Байкалды 150 мың тұрғыны
бар өндіріс орталығы ретінде дамытудың жоспарлары болды.
Бұл Байкалдың және оның ағыстарының
гидрохимиялық жағдайының нашарлауына, атмосфераның
ластануына, эроциялақ процесстердің дамуына, Байкалдың тірі
организмдерінің жоюлуына алып келді, орманға да өз
әсерін тигізді. Байкал – әлемдегi тұщы судың
терең сулы фаунасы бар жалғыз суат болып есептеледі.
Әдебиеттер:
1. Власова Т.В., Аршинова М.А., Ковалева Т.А. Физическая
география материков и океанов. М.: Академия, 2005.
2. Экология Байкала. http://ecosib.bos.ru/6.html.
3. Романов А.А., Саакянц Р.Г.
География туризма. М.: Советский спорт, 2003.
1. Қасым Нұрбала Маратқызы
2. Студентка 4-го курса ЕНУ им. Л.Н.
Гумилева, специальность – география
3. E-mail. Ainura-1978@mail.ru