Педагогические науки/ 5. Современные методы преподавания

Оспанова Б.К., Шокпарова Ш.К.

КММ ЖББОМ №12

Қарағанды қаласы, Қазақстан Республикасы

 

ФИЗИКА САБАҒЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ

ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

Қазіргі кездегі жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның білім беру мекемелеріндегі жеткіншек ұрпақтарды оқыту мен тәрбиелеу олардың бойында жеке тұлғалық қасиеттерінің жан-жақты қалыптасуымен тығыз байланысты. Бұл мәселе дүниежүзілік қауымдастықта әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамудың басты факторы ретінде жариялануда.

Қазіргі кезде қоғамның ақпараттануы жағдайында шаруашылық пен өндірістің әртүрлі саласында еңбек ететін жұмысшылар мен мамандардың кәсіби біліктіліктерін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға аса мән беріліп отыр. Қазіргі Елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру енгізілді. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Бұл мәселенің шешімін табу жалпы білім беретін орта мектепте оқушылардың білімін, іскерлігін және дағдысын инновациялық технологиялар арқылы даярлау міндетін қояды. Мұның өзі оларды жаңа ғылыми идеяларды шығармашылық-пен қабылдай алатын, оқытудың жаңа технологияларын игерген және қазіргі заманғы технологиялық процесті басқара алатын, кәсіби оқыту құзыреттіліктің жоғары деңгейін игерген маман ретінде даярлау мәселесін тудырады.

Жалпы орта білім беретін мектепті дамытудың негізгі бағыты болып тұлғалық - бағдарлық білім беруге көшу саналады. Оның  ерекше сипаты балаға деген аялы көзқарастан, оның өзіндік қасиетін қолдаудан, оның білімдегі, руханилықтағы, мәдениеттегі, өмірдегі қажеттілігі мен сұранысын қанағаттандырудан, тұлғаның мәдени-ағарту кеңістігінде өзін-өзі көрсете білу тәсілдерінен байқалады.

Дегенмен, жалпы орта білім беретін мектепте физика сабағында инновациялық технологияны қалыптастыру білім берудің жолдарын айқындап, үнемі жетілдіріп отыру аса қажет.

Жас мемлекетіміздің болашағы – бүгінгі мектеп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттері, нақты мүмкіндіктерін анықтап, соған негіздеп оқыту – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Сол себепті оқытудың теориясы мен практикасындағы зерттеліп отырған мәселенің жағдайына талдау жасауды «инновациялық технология» ұғымына нақты түсінік беруден бастаған жөн.

«Инновация» ұғымы мәдениеттанушылардың ғылыми зерттеулерінде ХІХ ғасыр алғаш қолданыла бастады. Яғни, «Инновация» термині дүниежүзілік ғылыми айналыста өткен ғасырдың 40-жылдарынан бастап кездеседі. «Инновацияның негізін қалаушы неміс, австрия ғалымдары есептеледі. Инновацияның ерекше мазмұнын өзгертулер құрайды, ал инновациялық іс-әрекеттің басты функциясы-өзгерту функциясы болып табылады. Австрия ғылымы Й. Шумпетер 1911 жылы бес түрлі өзгертулерді бөліп көрсеткен:

1) Жаңа техника, жаңа технологиялық үдерістерді пайдалану немесе өндірісті жаңадан нарықтық қамсыздандыру (сатып алу-сату).

2) Жаңа қасиеттері бар өнімді өндіру.

3) Жаңа шикізат түрін пайдалану.

4) Техникалық қамсыздандыруды ұйымдастырудағы өзгерістер.

5) Өнімді сатуда жаңа нарықтың пайда болуы.

«Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әр түрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация - нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея».

Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ, ең басты технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек. Инновациялық технологиялар:

Жобалау технологиясы;

Саралап, даралап оқыту технологиясы;

Дамыта оқыту технологиясы;

Модульдік оқыту технологиясы;

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы;

Сатылай комплексті талдау технологиясы;

  Деңгейлеп оқыту технологиясы.

Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, біз физика сабағында инновациялық технологияны қалыптастыру деп технологиялық процестерді өз бетімен ұйымдастыруға және орындауға қажетті білім, білік, дағды жүйесін инновациялар арқылы меңгеруін және оны тиімді қолдана білуін айтамыз.

Физика сабағында инновациялық технологияны қалыптастыру деп технологиялық процестерді өз бетімен ұйымдастыруға және орындауға қажетті білім, білік, дағды жүйесін инновациялар арқылы меңгеруін және оны тиімді қолдана білуін айтамыз.

Сондықтан, жалпы білім беретін орта мектепте физика сабағында инновациялық технологияны қалыптастыруға бүгінгі таңда қойылатын талаптарды айқындай отырып, оның «инновациялық технология» ұғымының мәнін ашып көрсету міндетін қойдық.

 

Әдебиеттер:

1.                Загвязинский В.И. Инновационные процессы в образовании. –Тюмень, 1990. – 390 с.

2.                Пригожин А.И. Нововведения: стимулы и препятствия. Школьные проблемы инноватики. - М., 1989. - 56 с.

3.       Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет // http://kk.wikipedia.org