Ел боламын
десең - бесігіңді түзе
Бұрма орта
мектебінің бастауыш сынып
мұғалімі
Тульшимова Мархабат
Бактыбаевна
Адам
өмірінің талмас өзегі, таусылмайтын өлеңі іспетті
- бауыр еті - баланың қамы қай кезде де
әротбасының, ата-ананың ең басты тілегі,
тіршілігінің діңгегі, болашақ-тан көрсем деп үміт
еткен қызығының қызығы.
Бала
болашағы - бір отбасының ғана емес, бүкіл
қоғамның, халықтың, тұтас бір
ұлттың бүгінің ертеңмен жалғайтын алтын
көпір, асыл мұрат. Әр отбасында дүниеге келген
сәби, өсіп жатқан жас буын сондықтан да
ата-анасының ғана емес, туған елінің ертеңгі
арқасүйер азаматы, төл ұлтының туын көтерер
перзенті. Адамзат қоғамы жаратылғаннан бастап бала
тәрбиесіне үлкен мән берген. Сондықтан да жас
ұрпақтың дені сау болып
өсіп, уқытында білім алып, жүрек қалауымен
еңбееке араласып, туған Отанына өызмет етуне дайын болу-бір
ған ата-ананың емес, қоғамның, оны
басқаратын мемлекеттік биік борышы, абыройлы міндеті екені даусыз.
Әсіресі қазақ халқы жас ұрпақ
өздерінің абзал ісін алға апарушы, өміріміздің
өркені, жалғасы, болашағымыздың жасампаз күш
екнін жақсы білген. Ата-ананың балаларды алдыңдағы
жауапкершілігі көп. Бұл оларды киіндіру, қарның аш
етпеумен шектелмейтіні тағы белгілі. Жас ұланның
денінің сау болып, табиғат берген қабілетіне сай талапты,
жігерлі, еңбекшіл, білімге құштар болып өсуіне
отбасылық үлгі-өнегенің ықпалы айрықша мол.
Жас талаптың кәмелет жасына дейін, одан кейін мынау
қым-қуыт өмірден өз орнын тауып, адал еңбек жолын
таңдау, тамыр жайып ззі үшін де, қоғам үшін де
белсенді қызмет етіп, мағыналы өмір сүруі-көбіне
көп осы отбасылық мектепке дейінгі тәрбиеге тікелей
байланысты. Сондықтан «Не
ексең соны орасың» деп бала тәрбиесіне ерекше
көңіл бөліп, жастайынан дұрыс азамат болып
тәрбиелеуіне күш салғанымыз жөн.
Бүгінгі ұл, ертеңгі әке, ол
әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз, ертеңгі
ана, ол анаға қарап бой түзер. Данышпан Абай: «Балаға
үш мінезі алуан адамнан жұғады, біріншісі ата-анадан,
екіншісі ұстаздан, үшіншісі құрбыдан»,-деген екен.
Қай бала болса да құрбысы мен ұстазынан гөрі
отбасында көбірек болатындықтан ата-анасынан үйдегі
өнегесі, мәдениетімен ішкі жан дүниесі балаға
көбірек ықпал ететіні белгілі. Тәлімді тәрбиені
үйрену, дұрыс жүру,
ата-ананың үмітін ақтау - ұл мен қыздың
борышы. Ал, отбасында ата-ана баласына үлгілі өнеге көрсете
алмаса, онда болашақта тәрбиелі бала өсірулері екі талай
екені белгілі. Өйткені бала ересектерге, әсіресе ата-анасына,
тәрбиешілерге өте еліктегіш келеді, жақсыны да, жаманды да
солардан үйренеді, көргенің қайталайды. Жас шыбық
илеуге қандай икемді болса, бала да жас кезінде үйреткенді
қабылдауға бейім келеді.
Жастайынан берілген тәрбие жемісті болатыны жайында
қазақтың дауылпаз, ұлы ақыны І.
Жансүгіровтың:
Жаста білген,
басқа сіңген тәлімнің,
Өзің
өлмей сүйгеңнен
қала алмас,- деп бүлдіршіндерге жастайынан берілген
тәрбиенің жемісті екенің айтады.
Кейбір ата-ана баланы аса әлпештеп, үлде мен
бүлдерге орап киіндіріп, оның жеке басына қажетті нәрселердің бәрін өздері
қамтамасыз етіп, жаның салып
еңбектенуге араша түсіп, ыстықтың табын,
суықтың ызғарын елемей, қамқорлық жасаумен
ғана айналысады. Мұндай бала өзімшілдік, бейімсіздік
сияқты жағымсыз
қасиеттер қалыптасады. Бұл Қасиеттер
баланың мінез-құлқы мен психологиясына әсер етіп,
оның еңбекке енжар, өмірге икемсіз, тәкаппар,
дөрекі болып өсуіне әсер етеді. Сондықтан баланың
болашақтағы дұрыс азамат болып тәрбиеленуіне
бала-бақшадағы тәрбиеші мен мен отбасындағы ата-ана тәрбиесінің
орны ерекше. Баланың бойындағы адагершілік қасиеттердің
негізгі баспалдағы балбақша
мен отбасы тәрбиесі екені бәрімізге мәлім. Әсіресе
ата-ана аялы-алақаны, туған үйдің жылуы оның
көкірегінде өмір бойы сақталып мәңгі есінде
қалады. Өйткені отбасындағы
адамдармен қарым-қатынаста бала мәдениеттілікті
үйренеді, жеке адамға ар-ұят, ақыл -ой адамгершілік
қасиеттерді игереді,
алғашқы еңбек дағдылары қалыптасады. оның
бәрі балаға ата-анасының ықпалы арқылы
жүзеге асырылады. Өмір ағысында отбасылық тәрбие
ата-анадан балаға, баладан оның ұрпағына беріліп,
тоқтаусыз жалғасын табады. Сондықтан отбасындағы
ата-ананың өзара сыйласымды қарым-қатынасы,
өзін-өзі ұстауы, бос уақытын дұрыс пайдалана
білуі, жинақтылығы, талап -талғамы, жауапкершілігі бәрі
де бала үшін
үлгі-өнеге. Баланың жасы кіші кезіндегітәрбие
мен есейген уақытындағы ата-ананың қарым -
қатынасының айырмашылығы туралы қазақ халқы
«Сәби күнінде баланың ауыртпалығы білекке түседі,
есейген соң жүрекке түседі» деп, ер жеткен баланың
тәрбиесінің қиындай түсетіне назар аударады. Бала
тәрбиесіндегі жас ерешеліктерінің ескерулуіне байланысты халық
даналығы «Баланы бес жасқа дейін патшадай құрметте, он
бес жасқа дейін құлындай көр, он бес жастан кейін жан
досындай сыйла» дейді.Қазақ халқы «егер балаң жаман
болса төрдегі басынды көрге сүйрейді», «ақымақ
бала алдыңда жүгіріп жүрген жынмен тең» деп
күйінген. Ал Ата-анаға ұқсап жетелі бала олардың
кескін-келбетін, түр бейнесін қайталаумен қатар туған
тіл, салт-дәстүрін де болашаққа әке-шеше
бейнесіндей жоғалтпай апарады.
Қазақ
халқының «Асыл анадан
туады» деген қанатты сөзінің түп-төркінің
сол кезде терең түсінген ғұлама дүниеге келген
ұрпақтың болашағы аналардың қолында
екендігіне күмән келтірмейді. Сондықтан да болашақ
ұрпағымыз яғни, қайратты, ақылды, елдің
қамын ойлайтын азаматтар мен ибалы да парасатты қыз баланың
тәрбиесі әрбір отбасында жалғасын таба берсін.