Қазақы тілдік санадағы ұлттық-мәдени феномендердің кумуляциялануы

  К.С.Алдашева

магистрант,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Қазақстан

kama_kz89@mail.ru

 

 Соңғы уақытта болған еліміздің мәдени және саяси өміріндегі маңызды өзгерістер қазақ тілінің жаңа мемлекеттік егемендіктің символы ретіндегі рөлін ғылыми тұрғыдан түсінуді талап етеді. Гуманитарлық білімнің түрлі салаларын біріктіру мәдени феномен мазмұнын көрсететін лексикографиялық нысандағы лингвоелтанымдық сөздіктің жаңа типін жасауды өзекті етіп отыр.

Қазақстандық қоғамның тұрақты даму контексінде этникалық және мәдени сәйкестілік үдерістерінің табиғаты мен механизмдерін кеңінен зерттеу қажеттілігі айдан анық. Қазақстан тәуелсіздігінің императивтері және еліміздің ары қарайғы өркениеттік даму бағыттары кеңестік кезеңнен қалған мәселелер сақталғандағы және қоғамның модернизациясын жүзеге асырудағы қиындықтармен байланысты жаңа мәселелердің пайда болғандағы қазақ тілінің қолданылу ерекшеліктерін объективті тұрғыда көрсетеді. Осы себепті республика бойынша лингвомәдени мәліметтер корпусын жинақтау қажеттілігі туындайды.

Құндылық бағдары, концептілер мен қазақ әлеуметтік-мәдени қауымының нормалары ретінде және мәдени бағыттылығы бар, мәдениетті өзіндік код ретінде қарайтын неғұрлым өнімді жасалып жатқан зерттеулерге аналитикалық шолу жасау жүйесі ретіндегі мәдениеттің тілдік интерпретациясы мұқият зерттеуді талап етеді.

Бұл мәселенің маңызды жағы тағы да мынада: әлемдік лингвистикада соңғы кезеңдерде тіл тек коммуникацияның құралы ғана емес, сонымен қатар әрбір ұлттың мәдени нышаны екендігіне қатысты тың көзқарастар қалыптаса бастады. Әрине, проблемаға осылайша қарау В. фон Гумбольдттің, Э.Сепирдің, А.Потебняның еңбектерінен бастау алғанын жоққа шығаруға болмайды. Айталық, В. фон Гумбольдт халықтар мен уақыт кеңістігінің ерекшелігі мәдениетке, сол арқылы тілге де өз белгілерін қалдыратындығын көрсеткен болатын  [1, 372].

Дегенмен өткен ғасырдың ұзақ бойында әлемдегі тілші ғалымдармен қатар қазақ лингвистері де негізінен тілді құрылымдық жүйе аспектісінде қарастырып келді. Қазір тіл біліміндегі ғылыми парадигма өзгерді; айрықша қарқынмен дамып келе жатқан антропоөзектік бағыт тілді тұтынушының (тілді пайдаланушы адамның) тіл мен мәдениеттегі орны мен рөлін анықтаудың өзектілігін ілгері шығарды. Бұл ретте атқарылып жатқан жұмыстар көлемі мен бағыттары жағынан саналуан: теориялық тұжырымдармен қатар лингвомәдени лексикографияны дамыту, оның үлгілерін жасау мүддесінде де бірқатар еңбектер жарық көрді [2].

 Соңғы жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде  «Қазақ тілінің лексикалық бірліктердегі ұлттық-мәдени құндылықтардың кумуляциялануы: лингвоелтанымдық электронды тезаурус селекциясы мен лемматизациясы» деп аталатын  теориялық эксперименталды зерттеу  қолға алынды. Зерттеудің негізгі мақсаты – қазақ мәдениетін айқын танытатын, қазақ мәдениетінің тілдегі кодталуының белгісі болып табылатын лексикалық тілдік бірліктерді іріктеу, осының негізінде қазақ халқының ұлттық-мәдени құндылықтарының шоғырлануын (жинақталуын, кумуляциясын) көрсететін электронды лингвоелтанымдық сөздік жасау. Жинақталатын материалдар – мағыналық анықтамасы нақтыланбай, дербес тұрған күйінде мәдениетті түсіндіретін, қазақ мәдениетін өзге халықтардың мәдениетінен айрықшалап танытып тұратын  лексемалар – кумулятивті тезаурус компоненттері селекциясының константты өлшемдері.

 

Пайдаланылған әдебиет

1. Гумбольдт В. Характер языка и характер народа // Гумбольдт В. Язык и философия культуры. – Москва: Прогресс,1985. – стр. 370-381.

2. AMERIСANA. Англо-русский лингвострановедческий словарь / Под. ред. Н.В. Чернова. – Смоленск, 1996; Рум А.Р.У. ВЕЛИКОБРИТАНИЯ: Лингвострановедческий словарь. – Москва, 1999; Мальцева Д.Г. ГЕРМАНИЯ: страна и язык: Лингвострановедческий словарь. – Москва, 1998; Муравлева Н.В. АВСТРИЯ: Лингвострановедческий словарь. – Москва, 1997; Николау Н.Г. ГРЕЦИЯ: Лингвострановедческий словарь. – Москва, 1995; СТРАНЫ СОЕДИНЕННОГО КОРОЛЕВСТВА: Лингвострановедческий справочник / Сост. Г.Д. Томахин. – Москва, 1999; ФРАНЦИЯ: Лингвострановедческий словарь / Под. ред. Л.Г. Ведениной. – Москва, 1997; РОССИЯ; Кожевникова Н.А., Петрова З.Ю. Материалы к словарю метафор и сравнений русской литературы ХІХ-ХХ вв. Вып. 1: «Птицы». – Москва: Языки русской культуры, 2000. 

 

РЕЗЮМЕ

Работа выполнена по проекту «Қазақ тілінің лексикалық бірліктердегі ұлттық-мәдени құндылықтардың кумуляциялануы: лингвоелтанымдық электронды тезаурус селекциясы мен лемматизациясы», основной целью которого является создание электронного лингвострановедческого словника как основного показателя кумуляции национально-культурных ценностей казахского народа.  

 

SUMMARY

The work is carried out under the project «Қазақ тілінің лексикалық бірліктердегі ұлттық-мәдени құндылықтардың кумуляциялануы: линвгоелтанымдық электронды тезаурус селекциясы мен лемматизациясы». The final purpose is the creation of the electronic lingua-cultural dictionary as the indicator of the national and cultural values of Kazakh people.