Құлтасов Б.Ш.,
Тасбергенова Г.Ж.
Қорқыт Ата атындағы
қызылорда мемлекеттік университеті
Мақта жинау жұмыстарын
механикаландырудың тәсілдері
және оның
тиімділігін анықтау.
Мақта
шаруашылығын кешенді механикаландыру
жүйесіндегі ең
маңызды іс-шаралардың бірі - мақтаны машинамен жинау
жұмыстары. Мақта жинайтын
машиналарды тиімді пайдалану кезінде, олардың әрқайсысы 50-60 адамды, ал кейбір алдыңғы қатарлы
шаруашылықтарда 100 терімшінің орнын алмастыра алады [1].
Машинамен
мақта жинаудың табысты
болуы тек жүргізуші- комбайншыға ғана байланысты емес, басқа да көптеген
факторларға байланысты. Бірінші кезекте
оларға жататындар:
мақта сорты, жиналуға дейінгі мақта
алқабының жағдайы,
жинау техникаларымен жабдықталуы
т.б. Соңғы жылдары Оңтүстік
Қазақстан облысының
көптеген шаруашылықтарында
көлденең-шпиндельді (горизонтально-шпиндельный) JOHEE
DEERE-9930,9935 маркалы
американдық мақта
комбайндары пайдаланылуда.
Көлденең- шпиндельді машинамен мақта жинау технологиясы
қауашақтардың 90%-ы ашылған кезде, бір реттік
жинауға негізделген. Бұл кезде мақта жинау машинасы
барлық өнімнің 85%-ын
жинауға мүмкіндігі бар. Шаруашылық жағдайында машиналар жұмысына
бақылау жасау кезінде белгілі болғандай, өнімнің
көптеген бөлігі
қауашақтардың
75-85%-ы ашылуы кезінде жиналған. Кейбір шаруашылықтар машинамен теру жұмысын, қол
терімнен кейін жүргізеді,
яғни қауашақтардың
2-3-еуі ашылғаннан соң, мақтаны қолмен теріп,
қалған өнімді машинамен
жинайды. Негізінен жоғарғы өнімділіктегі өте қымбат JOHEE DEERE-9930,9935
комбайндарын мақта алқаптарына екінші рет түсіру, бір тонна жиналған мақтаға кететін
жанар-май шығынын жоғарылатып, комбайнның жылдық жұмыс көлемін
шамамен 25%-ға төмендетеді.
[2]. Сонымен іс жүзінде ауысымдағы
мақтаның өнімділігі 120-140 га болса, оның 25%-ы (35-40
га) екінші терімді қажет етеді,
қалған бөлігі
бірінші теріммен-ақ жиналуы
мүмкін. Бұл кезде машна
терімін ерте бастаған жөн, өйткені өсірілген өнім түрлі ауа-райы жағдайына
байланысты өз сапасын
жоғалтпайды және машинаны толық көлемде жүктеуге мүмкіндік туады.
Ашылмаған
қауашақтар мен бұтақтарда қалған
мақталар бұрынғы
кезде қауашақ жинайтын
машиналармен терілетін және мақтаның өнімділігі 1,5-2,0 ц/га кем болса
тиімсіз деп есептелінетін. Ал
қазіргі кезде көптеген шаруашылықтар жеке меншікте болғандықтан,
мақта алқабында
қалған өнімді
жинау, оны төменгі сортпен, төмен бағамен өткізу шаруаларға тиімсіз
және көп жағдайда
өзін-өзі
ақтамайды.
Барлық
қажетті технологиялық
операцияларда іске асыра отырып, сапалы өнім жинау үшін және күзгі дайындық жұмыстарына ерте кірісіп, сапалы
өнім жинау мақсатында, мақта терімін 20 қазанға
дейін аяқтау қажет.
Осыған байланысты мақта жинаудың экономикалық жағынан
тиімді технологиялары
қарастырылды:
- қол терім (3-реттік сәйкесінше 50,30.15,5%);
- JOHEE DEER-9030,935 машинасымен бір реттік терім;
- JOHEE DEER-9030,9035 машинасымен екі реттік терім;
- екі рет жинау: 1- JOHEE DEER-9030,935 машинасымен теру;
2- ХНП-1,8- машинасымен теру;
- екі рет жинау : 1- JOHEE DEER-9030,935 машинасымен жинау;
2- мақта алқаптарын
қолмен толық тазалау;
Мақта жинау
технологиясының барлық
варианттары үш өнімділік кезінде (25,30 және 35 ц/га) және
қауашақтарының ашылуы
75,80,85 және 90%
болғанда
қарастырылады.
Мақтаны қолмен жинау (3-рет
жинау сәйкесінше 50,30 және 15,5%) жиналған шитті мақтадан
қомақты қаржы
табуға мүмкіндік береді
және өнімділікке байланысты
25-35 ц/га өнімділіктен 280-390 мың тенге/га пайда табуға болады. Бұл кезде
қол терімнің гектарына кететін шығыны шамамен 75-105 теңге/га
құрайды, яғни 1 тонна
қол терімнің шығыны
30 мың теңге аралығында болып отыр. Бұл кезде қол теріммен
жиналған өнім, қабылдау
шарты бойынша бірінші сортпен
қабылданады, сәйкесінше оның бағасы да жоғары,
өйткені қолмен терілген мақтаның
ылғалдылығы мен
тазалығы (засоренность) машинамен
терілген мақтаға қарағанда біршама төмен болады.
Сондай-ақ машинамен терімді іске асыру
үшін, арнайы
дайындық қажет (дефолиация және бұрылу алаңдары) және көптеген қосымша
шығын жұмсалады.
Мұнда
бір көңіл аударатын мәселе, ол қол терімге үлкен көлемдегі терімшілердің қажет болуы және өнімді жинау кезінде оларға кететін жалпы
шығынның толық
ескерілмеуі.
Технологиялық карта бойынша агротехникалық көзқарас тұрғысынан алғанда мақтаны қолмен жинау
жұмыстары қыркүйек
айының 15-нен басталып,
қараша айының 25-не дейін
аяқталуы тиіс, яғни 45 күнтізбелік күн,
бұл дегеніміз жинау
мерзімінің уақытын ұзартып,
күзгі-қысқы
дайындық жұмыстарын тиімді агротехникалық мерзімде орындауға мүмкіндік
бермейді.
Мақта
өнімін машинамен
жинаудың алдында, өнімді
қолмен жинау шаруашылықтың табысын біршама жоғарылатады, бірақ
бұл кезде мақта жинайтын машиналардың жылдық өнімділігі төмендеп, машина терімінің
өзіндік құны артады.
Қарастырылған басқа технологияларға
қарағанда мақта
өнімін машинамен бір реттік жинау біршама ақшалай табыс әкелуі мүмкін. Мақта
қауашақтарының 75-тен 80%-ға дейін ашылуы кезінде
өнімділік 25 ц/га болса, сәйкесінше ақшалай 270-280 мың
тенге/га құрайды. Бұл қауашықтардың ашылуының көбеюі және жиналған мақта
көлемінің жоғарлауына байланысты. Жалпы қауашақтардың 85-90% -ы
ашылған уақытта
терімді бастау ақшалай табысты
біршама төмендетеді, өйткені қауашықтардың жаппай
ашылу мерзімі кешігіп, мақта қабылдау пункттеріндегі шитті мақта ,
қауашақтардың 75-80% -ы ашылуына қарағанда бір немесе екі сортқа төмен қабылданады.
Сондықтан шаруашылық
жағдайында
жинақталған
қиыншылықтар мен қабылдау пункттерінің шарттарын ескере отырып, көлденең-шпиндельді
комбайндармен бір реттік
мақта жинау
экономикалық жағынан
тиімді екенін көрсетті. Бұл
кезде бұтақтарда
қалып қойған және
жерге түскен
мақталардың жиынтығын қайтымсыз шығын
ретінде қарастыру қажет,
өйткені мақтаның
мұндай қалған бөлігін жинау және оны
қабылдау пункітіне төменгі бағамен өткізу өзін-өзі ақтамайды [3].
Жоғарыда
келтірілген мәліметтерді
қорыта келе, мақта
өнімін машинамен бір реттік жинау технологиясы экономикалық жағынан
тиімді, сонымен қатар
шаруа қожалықтары мен
фермерлердің қажеттілігіне
байланысты екінші реттік машина терімін бұрыннан қолданып келе жатқан тік шпиндельді (вертикально-шпиндельный) машиналардың көмегімен
жинауға болады.
Резюме
В статье рассмотрены
различные варианты уборки хлопка-сырца с применением зарубежных
и отечественных хлопкоуборочных комбайнов и эффективность технологии.
Литература
1. Хлопководства/ А.И.Автономов,
М.З.Казиев, А.И.Шлейхер и др. -2-е изд., перераб. И доп.-М: Колос, 1983.-334с.
2. Отчет о НИР по ГНТП-198
совершенствование технологии и технических средств для ускоренной уборки хлопка и зачистки полей в хлопково-зерновом
севообороте РУз за 2004 г.
3. ГОСТ 28728-88, 29729-88
техника сельскохозяйственная.
Методы экономической оценки.