Бейсенбекова Гульназ Турлыбаевна

Кандидат педагогических наук, доцент

Г.Алматы,  КазНПУ им.Абая

 

Ақпараттық технологияның оқылым процесіне тигізетін  ықпалы

 

       Қоғамның бүгінгі басты бағыттарының бірі – білім беру үдерісін ақпараттандыру. Қазіргі таңда ақпараттандыру үдерісі адамзат өркениетінің дамуының жаппай және қайталанбайтын кезеңі ретінде қарастырылып отыр.

Білімді ақпараттандыру жағдайында білім парадигмасының өзгеруі  ақпараттық технологиялар мәселелері  ретінде зерттелуде. Күнелікті қоғамдағы түрлі өзгерістер, Интернет желісі, онлайн жүйесі арқылы таратылатын ақпараттар ағымы адамдардың күнделікті қарым-қатынасына, сөйлеу әрекетіне, соның ішінде, оқылым процесіне де өз ықпалын тигізуде. 

Оқылым дегеніміз параққа түскен қатысымдық тұлғалардың мағынасы мен мазмұнын ой мен сана арқылы қабылдай отырып, мәтіннен нақты ақпаратты табу, түсіну, оны қабылдау және дауыстап не іштей оқу арқылы тілдік қатынасты іс жүзіне асыру.

Оқу үрдісі арқылы адамдардың бір-бірімен әдеби, мәдени, саяси жағынан қарым-қатынас жасауды жетілдіру, өздеріне қажетті ақпаратты, хабарды алу мүмкіншілігі туады. Оқылым арқылы тіл үйренушілер қазақ халқының бай мәдениетімен, тұрмыс-салтымен, әдет-ғұрпымен танысады. Сол себепті де ақпараттық технологияның оқылым процесіне тигізетін ықпалы зор.

Бүгінгі білім саласында алға қойылып отырған басты мақсаттардың бірі – білімді ақпараттандыру, яғни оқу ақпаратын қолдану үшін тиімді құралдар мен қажетті мүмкіншіліктер жасауды қамтамасыз ету. Ол мүмкіншіліктер қатарында ақпараттанған қоғамның білім жүйесін ашық жүйе ретінде құрап, оңтайландырып, орталықтан алшақтандырылған өркениетті құралдар негізінде жасау міндеті де бар. Бұл жүйенің қоғаушы күші индивидтің психикалық, танымдық қабілеті мен мүмкіншілігі қырынан тиімді, психологиялық жағынан толық тексверілген дидактикалық жүйелер мен ақпараттық оқыту технологиялары болып табылады. Соңғы жылдары ақпараттық технологияның дамуы мен қоғамның барлық салаларына   қарқынды түрде енгізілуі баланың жеке тұлға ретінде дамып-жетілуіне елеулі іздерін қалдырды. Ақпараттың үлкен ағымы, жарнамалар, телеарналарда ақпараттық технологияның қолданылуы, компьютерлік ойын орындарының, электрондық ойыншықтардың және  автоматтандырылған техниканың көбеюі бала тәрбиесіне, оны қоршаған ортаны танып-білуіне әсер етеді. Бұрын ертегі, аңыз кітаптарды оқуға құмартқан оқушы, енді ақпараттық технологияның дамуы арқылы сол аңыздар мен ертегіні, түрлі тарихи деректерді  компьютерлік ойындар арқылы танып білетін жағдайға жетті.

Бүгінгі таңда ғылым мен техниканың, прогресстің дамуына байланысты елімізде болып жатқан әр түрлі әлеуметтік, саяси, экономикалық мәселелер күннен-күнге жаңарып, өзгеріп отырады. Әр адам күнделікті жаңалықтармен теледидар, радиоқабылдағаштардан басқа, газет-журналдарды оқу арқылы таныс болады. Оқылым арқылы кез келген адам өзіне қажетті ақпаратты алып, тілдік қарым-қатынас жасау мүмкіндігі өседі.

Оқылым қашанда бір ұлт пен екінші ұлттың, бір мемлекет пен екінші мемлекеттің арасында маңызды ақпараттарды жеткізудің көзі ретінде қолданылады. Сондықтан да оқылымның тілдік қатынаста атқаратын ақпараттарды жеткізудің көзі ретінде қолданылады. Сондықтан да оқылымынң тілдік қатынаста атқаратын ақпараттық қызметін айқындау қазақ тілін өзгетілді дәрісханада үйрету  барысында  болсын, саяси-әлеуметтік мәселелерді шешу барысында болсын, кез келген уақытта өзектілігін жоймайтын маңызды  мәселелердің бірі болып есептеледі.

Қазіргі жаппай ақпараттандыру заманында қазақ тілін үйрету мен ақпараттық технологияларды игеру жарыспалы түрде қолданған тиімді. Ақпараттық қоғам кезінде оқытушы тіл үйренушілердің алдында жалғыз ақпарат көзі болмайды. Ол ақпарат алуды жеңілдететін аралық тұлғаға айналады.

Ал мемлекеттік тілді оқытуда компьютердің шексіз мүмкіндіктерімен толық қамтамасыз етілген, сөйлесім әрекетінің барлық түрін дамытуға әсер ететін, оқыту әрі тексеру модульдерінен тұратын, тіл үйренушінің өз бетімен қолдануына ыңғайлы, білім беру стандарттары талаптарына толық жауап беретін мультимедиалық бағдарламалар қажет.