Оразбаева Фаузия Шамсиевна

Доктор педагогических наук, профессор

Зав. кафедрой методики и преподавания

 современного казахского языка

КазНПУ  имени Абая, г.Алматы

 

Лексикалық тұлғаларды оқыту

 

Тiл үйрету процесiнде ең маңызды орын алатын материал лексика. Белгiлi бiр тiлдi меңгеру үшiн лексиканы оқытудың өзiндiк ерекшелiктерi бар. Адам қай тiлде сөйлегiсi келсе де, сөздiк қордан өзiне қажеттi лексикалық тұлғаларды бiлмесе, бiрiншiден, айтайын деген ойын жеткiзе алмайды, екiншiден, басқа бiреудiң айтқан сөзiн, ойын түсiнбейдi. Демек, адам сөйлесу, пiкiрлесу үшiн тiлдiк қолданысқа керектi лексикалық құралдарды үйренбесе, тiлдiк қатынас та жүзеге аспайды.

Адамдар арасындағы тiлдiк катынасты iске асыратын күрделi кезең тiлдесiм кезеңi.

Тiлдесiм кезеңi алдымен сөйлеуге қатысты болса, сөйлеу де, тiлдесу де негiзiнен, ең маңызды лексикалық материал сөзге және оны қолдана бiлуге келiп тiреледi. Өйткенi адам сөйлей бiлу үшiн, бiр-бiрiмен тiлдесу үшiн айтайын деген ұғымға қатысты сөздердi және сол сөздердi дұрыс жұмсаудың амалдарын меңгеруi керек.

Адамдардың өзара пiкiр алмасуы тек сөзге ғана емес, сөзден басқа да лексикалық материалдарға байланысты. Бiрақ басқа лексикалық тұлғаларға қарағанда сөз тiлдiк қатынастың ең негiзгi құралы болып табылады. Лингвистикалық әдебиеттерде, негiзiнен, сөздiң екi жағы қарастырылған. Ол: сөздiң қалпы, яғни сыртқы пiшiнi /дыбыс арқылы айтылуы, әрiп арқылы жазылуы/; сөздiң мағынасы, яғни iшкi мазмұны, мәнi.

Тiлдiк тұлға ретiнде сөздiң қалпы мен мазмұнынан басқа, ғалымдар айтып отырғанындай, оның сезiмдi бiлдiруi де, атқаратын қызметi де маңызды екенi сөзсiз. Оқыту процесiнде осы мәселелерге ерекше назар аудару қажеттiгiне ешкiм шүбә келтiрмейдi.

Бiрақ, бiздiң ойымызша, қатысымдық тұлға тұрғысынан алып қарағанда, сөзiң алатын орнынан да, бiлдiретiн сезiмдiк жағынан да тiлдесiм үшiн қажеттiсi сөздiң байланысу амалы мен қолдана бiлу заңдылығы.

Өйткенi өзiндiк заңдылықпен қолданылмаған сөз сезiмдi де бiлдiрмейдi, тiлдегi орнына сай қызметiн де атқара алмайды.

Мәселен, белгiлi бiр тiлде сөйлеу үшiн, сөздiктен қаншама көп сөздi жаттағанмен, оны дұрыс қолдануды бiлмесең, ойыңды түсiнiктi етiп жеткiзу мүмкiн емес.

Сонымен қатар сөздiң қай жағы /қалпы, мағынасы, қызметi, т.б./ жетекшi деген көзқарасқа келетiн болсақ, қатысымдық тұлғаның сыртқы қалпы да, iшкi мағынасы да, iшкi байланысы мен сыртқы қолданысы да маңызды бола келiп, тiлдiк: қатынаста әрқайсысы өзiндiк қажеттiлiкпен, орнымен көрiнедi.

Лексикалық материалдардың бiрi сөздi оқыту жеке тұлға ретiнде оның өзiндiк белгiлерiн анықтаумен байланысты. Сөзге тән мұндай белгiлер мыналар:

1.   Сөз белгiлi бiр ұғымдарға қатысты семантикалық мәндердi бiлдiредi және осы семантикалық қасиеттердi әрi сақтаушы, әрi жинақтаушы ретiнде тiлдiк қатынастың ең қажетгi
тұлғасы болып табылады.

2.   Сөз табиғаттағы, өмiрдегi әр түрлi құбылыстардың,
заттардың, сынның, мезгiлдiң, мөлшердiң, iс-әрекеттердiң т.б.
атаулары бола келiп, номинативтiк функцияға ие болады.

3.   Сөз бiр-бiрiмен байланысу арқылы адамдардың ойын бiлдiредi де, түсiнiсу құралы болудың нәтижесiнде қатысымдық
қызмет атқарады.

4.   Сөз өмiр шындығын ғана емес, эмоциялық сезiм-күйдi де
бiлдiредi.

5.   Сөз әрiптiк таңбалардың жиынтығынан құрала келiп,
форма мен мазмұнның бiрлiгiнен тұрады.

6.   Сөздiң айтылуы артикуляциялық базаның комплекстiк қимыл-қозғалысына қатысты.

7.   Сөз басқа лексикалық едициналармен қалыптасқан ережелердiң нәтижесiнде тiркесе келiп, сөз тiркесiн, сөйлемдердi
қ
ұрауға негiз болады және тiлдегi ең басты лексикалық тұлға
болып табылады.

Осы тұрғыдан келгенде, тiлдi үйрену лексиканы меңгерумен тығыз байланысты. «Лексика» деген ұғым лингвистикада көбiнесе сөзге қатысты айтылғанымен, лексикалық материалдар тек жеке сөзден ғана құралмайды. Сондықтан лесиканы меңгеру сөйлеу процесiңдегi барлық лексикалық тұлғаларды оқып-үйрену деген сөз.

Лингвистикалық және әдiстемелiк тұрғыдан лексикалық тұлғаларға тән басты белгiлерге ие болатын /жоғарыда атап көрсетiлген/ басқа да бiрлiктердi ажыратуға болады. Өйткенi олардың бәрiне ортақ ерекшелiктер бар. Сонымен, қатысымдық қызмет атқаратын лексикалық тұлғалар мыналар:

1.  Сөз.

2.  Тұрақты сөз тiркестерi.

Лексикалық тұлғаларды сөйлеу кезiнде қолдана бiлу үшiн тiл үйренушiнiң меңгеруге тиiстi ережелер тәртiбi:

1. Қажеттi сөздер мен сөздiк құрамды игеру.

2.   Сөздердiң iшкi мәнi мен мағынасын, түрлi семантикалық
қасиеттер
iн жете меңгеру.

3.   Тиiстi грамматикалық норма арқылы бұл тұлғаларды айтар ойға сәйкес бiр-бiрiмен тiркестiру, байланыстыру.

4.   Мағыналық байланысқа түскен тiркестерден сөйлем
қ
ұрай бiлу.

5.   Сөйлемдердi ойдың жүйесiне сай етiп, мәтiн құрамына
енг
iзiп, тiлдiк қолданыста пайдалану.

6.   Фонетикалық норманы сақтай отырып, осы лексикалық тұлғалардың дұрыс айтылымын iс жүзiне асыру.

Тiл үйренуде қажеттi сөздер мен сөздiк құрамды игеру лексикалық материалдарды оқыту барысында басты орын алатын сөздiк минимумды ескерудi талап етедi. Оқу кезеңiнде жаңа сөздер күн санап өсiп отырады. Алғашқы үйренген сөздер мен кейiннен жаттаған лексика бiр-бiрiн толықтырып, сөздiк құрамда үздiксiз қолданылып жүрсе ғана, ол сөйлеу үшiн тиiмдi саналады.

Студенттiң сөздiк минимумына енетiн сөздер айтушының да, оқушының да, тыңдаушының да тiлдiк карым-қатынасына сәéкес, қолайлы болуы керек. Лексикалық тұлға айтатын адамға да, оқитын адамға да, тыңдайтын адамға да түсiнiктi болмаса, қатынас жүзеге аспайды. Сондықтан сөздiк-минимумның құрамындағы лексикалық тұлғалар мынадай мақсаттарды көздейдi:

- айтылым әрекетiне сай барлық фонетикалық, лексикалық,
грамматикалық нормаларды сақтайды;

- оқылым әрекетiне сай жазбаша нормалардың ережесiне сәйкес болады;

- тыңдалым әрекетiне сай естiлу нормасы ескерiп жасалады.

Тiлдi үйрену сол тiлдiң сөздiк құрамындағы барлық лексиканы түгелдей бiлумен өлшенбейдi, бiр оқу жылында тiлдiң сөздiк қорын бүтiндей меңгеру мүмкiн де емес. Сондықтан сол сөздiк қордан сөйлеу үшiн қажеттi лексикалық минимумды сұрыптап, таңдап ала бiлу керек.