Педагогические науки/Современные методы преподавания

 

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Абдрахманова К.О.

Қазақстан Республикася, Қарағанды қаласы, №61 жалпы білім беретін орта мектебі

 

Ағылшын тілі сабақтарында  электрондық материалдарды қолдану  әдістемесі

 

Бүгінгі заман – бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы, ғылым мен білім заманы. Елбасымыз өзінің үстіміздегі жылғы Қазақстан халқына кезекті Жолдауында «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз мұғалім мамандығының беделі мен абыройын қайтаруға міндеттіміз» деген еді. Қазақстан ең дамыған 50 өркениетті елдің қатарынан көрінуі керек.

Қазақстан Республикасында қоғамдық қатынастар жүйесіндегі болып жатқан өзгерістер білім беруге де үлкен әсер етуде. Бұл өзгерістер білім беру саласынан жан-жақтылықты, жаңа тарихи кезеңге бара-бар жауап бере алуды және экономикалық даму қажеттіліктеріне сәйкес талап етеді. Осы тұрғыдан келгенде заманауи білім жүйесінің мәні мен рөлі де арта түсті.

Жаңа технологияны оқыту процесінде қолдануда жаңа оқу пәндерінің пайда болуы, және оқытудың жаңа формалары мен тәсілдерін қарастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.

Білім берудің негізгі мақсаты - білім  мазмұнын  жаңартумен қатар, оқытудың әдіс - тәсілдері  мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін  арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда компьютерлік  технологияны пайдалану  әдісі  зор рөл  атқарады.  Компьютер  сабақтың тиімділігін, оқушылардың белсендігін жоғарлататын технологиялардың бірі болып табылады. Бүгінгі таңда, жоғары мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелілігін жақсарту проблемасын қарастыру ең басты орын алады.

Қазіргі кезде коммуникативтік құзырлық  шет тілдер әдістемесі арқылы теориялық және тәжірибелік түрде шешілетін мәселелердің  ішіндегі  аса көкейкестісі болып табылады.

Оқытылып отырған тілдің елінен тыс жерде жүріп, ағылшын  тілінде коммуникативтік құзырлықты игеру оңай емес. Сондықтан сабақ барысында көптеген әдістер мен жұмыс істеу әдістемелерін қолданып,  шет тілі сабағында шынайы түрде сөйлеуге жағдайлар туғызу мұғалімнің басты міндеті.

Шет тілін оқыту – нақты бір талапты, жүйелілікті, сабақтың дұрыс құрастырылуы мен толық болуын, ұзақ уақытты және көп еңбекті талап ететін үрдіс.

Шет тілін оқыту үрдісінің  тиімділігі көптеген құраушылардан тұрады, соның ішінде дидактикалық құралдар басты орында, себебі оны қолдану шет тілін үйретудің негізгі мәселесін шешуге көмектеседі.

Оқушыларды меңгеріліп отырған тілдің халқының  мәдени құндылықтарымен таныстыру да аса маңызды. Осы мақсатта көптеген материалдар (суреттер, мәтіндер, дыбыстық жазбалар және т.б) қолданудың маңызы зор. Ағылшын тілінде сөйлетін елдердің өмір салтымен танысу незінен мәтіндердің және оған қосымша иллюстрациялардың  көмегімен жүзеге асады.

Қазіргі кездегі орта мектептерге арналған  ағылшын тілінің кітаптарының  артықшылығы оның  елтану ақпараттарымен байтылғанында.

Мәтіндердің арасында аса маңызды түрлері:  хаттар, жарнамалық хабарландырулар, маңдайшалар, сауалнамалар, мәзірлер.

Барлық фактілер мен құбылыстар, ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекетердің түрлі аудандары  туралы барлық ақпарат  оқушылардың жасы және олардың қызығушылықтарын ескере отырып таңдалып алынған. Осы материалдарды игеру оқушыға меңгеріліп отырған тілдің елінде тезірек бейімделуіне мүмкіндік береді.

Сонымен қатар оқушылыларға ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің өмірі,  салт-дәстүрлері,  тілдік жағдайы  жайлы шынайы көрініс беруі қажет. Осы мақсатқа «тілді меңгеру үрдісін  нақты шет тілдік шындықты игеру» электроныдқ материалдарды қолдануға болады, оның ішінде оқу бейнефильмдерді, мультимедиалық көрсетілімдерді.

Білім беру саясатының реформалануы дәстүрлі жүйенің диферсификациялануына, оның экономика, әлеуметтік және қоғамдық өмірге тиімді екенін, сонымен бірге білім беру жүйесімен интеграциялануына әкелді. Соның арқасында көп сатылы, үздіксіз жалпы, еркін және оқытудың плюрализмін қамтамасыз ететін қашықтықтан білім беруді қабылдадық. Бұдан сапалы оқу қорын сақтап, электрондық материалдарды құру проблемасына келдік: ол дәстүрлі оқулықтар мен компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін біріктіретін жаңа ұрпақтың әдебиеті.

Электрондық материалдарын оқу үрдісінде қолдану арқылы келесі көптеген ерекшеліктерін атап айтуға болады:

-   компьютерлік,  ақпараттық ресурстарға байланысты білім қорының сақталуы;

-   педагогикалық еңбекті автоматтандыру мен интенсификациялау (оқыту жүйесін жоболау, оқыту міндеттеріне орай оку материалдарын іріктеу және сабаққа дайындау);

-   оқыту формаларын іске асыру (іскерлік, тестік бақылау және т.б.);

-   эргономикалық талаптармен қамтамасыздандыру (алынатын білімнің бірлігіне нервтік энергияның аз жұмсалуы);

-   объектілердің (жүйелердің) машиналық имитациясы;

-   гипермәтінді және мультимедиалық көрсетілуі;

-   әр оқушының кабілетіне қарай интерфейс ұйымдастыру ерекшелігі;

-   үлкен ақпараттық массивтерді сақтаудың карапайымдылығы          (бірнеше энциклопедиялық томдардың бір компакт дискіде сақталу мүмкіншілігі).

Оқыту процесінде оқытушы берген мәлімет ақпараттың жалғыз көзі болып табылмайды. Қазіргі кезде оқытушының адал көмекшісінің бірі дербес компьютер. Бағдарламалық педагогикалық  құралдардың дидактикалық және зор мүмкіндіктері оқудың ақпараттық көзінің бірі, оқушылардың интеллектісіне және эмоциясына әсер ететін мықты құрал болып табылады.  Дербес компьютерді ғылым мен оқуда қолдану тәжірибесі оны оқыту процесіндегі ақпараттық технологияларды пайдалануды іске асырудың негізгі құралы деп есептеуге мүмкіндік береді.

Сондықтан, электрондық материалдарды қолданған сабақ өзіндік әдістемелік мүмкіндіктерге ие: оқыту процесінің тиімділігін арттыру; оқу және еңбек есептерін есептеу үшін оқушыны компьютерлік техниканы қолануға үйрету; ақпаратпен жұмыс істеу біліктілігін арттыру (іздеу, таңдау, қайта құру, логикалық байланыстарды табу және т.б.); оқушылардың ақпараттық мәдениетін арттыру.

 

 

Литература:

1 Энгель Н.В., Тентекбаева Ж.М. Использование видеоматериалов в аудитории как средство повышения межкультурной грамотности студентов//Вестник КарГУ, серия «Педагогика», 2011.- №2(62)