“Экономические науки”/6.Маркетинг и менеджмент

К.т.н. Рахманова Ж.С., студент Бохатаев О.Т.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік  университеті,

Қазақстан Республикасы

Аккредиттеу және ИСО 9001 Халықаралық стандарттардың сәйкестігін зерттеу

 

Қазақстан Республикасындағы медициналық ұйымның аккредиттеуінің негізгі принциптеріне мыналар жатады:

-   бағалаудың нысандылығы және алдын алмауы;

-   еркіндігі;

-   аккредиттеу процесінің тазалығы;

-   пациенттің құқығын қамтамасыз етуге ұстаным;

- аккредиттеу және бағалау процесінде алынатын, ақпараттың конфиденциалдылығын қамтамасыз ету;

-  медицина аймағындағы іс жүзіндегі стандарттарды қолдану;

- мекеменің бағалау нәтижесінде қабылданған, шешімнің қайта шағымдалу мүмкіндігі;

-  тұрғындарға медициналық сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету [1].

Бірақ аккредиттеу стандарттарын енгізу процесі, сурет 1-ге сәйкес, бұл дегенің тек сәйкес құжаттарды енгізу ғана емес, сондай-ақ процесстің өзін енгізу екендігін ұмытпау керек. Себебі көрсетілген медициналық қызметтің сапасы аккредиттеу стандарттарының мәліметтерімен сәйкес бағаланады

Медициналық ұйымдарда процестердің сапасы бойынша сертификаты бар менеджерлер болуы керек және ішкі аудиторлар барлық процестің іске қосылуы үшін, аккредиттеу стандарттарымен сәйкес болуы керек, яғни процестің идентификациясы сақталуы керек [1].

Сурет 1 – Аккредиттеу стандарттарының блоктары

 

Егер медициналық ұйымның аккредиттеу стандарттарының құрылымы туралы айтар болсақ, онда халықаралық стандарт ИСО 9001:2008 пункттері: 4.2 Құжаттарға қойылатын талаптар, 5.4 Жоспарлау, 8 Өлшеу, талдауы және жақсаруы пункттердің мынаған сәйкес: Жұмыс процедурасын құжаттау,  Жоспарлау және есеп беру. Егер ИСО 9000 сериялы  ХС кез-келген кәсіпорын және ұйым үшін қолайлы болса, онда аккредиттеу стандарттары медициналық ұйымдарға тікелей бағынышты, ол медициналық мекеме және ұйымның ерекшелігін ескереді. Дегенмен, аккредиттеудің жоғарыда айтылған стандарттарын енгізу кезіндегі негізгі мәселелер, тек құжаттарды енгізу ғана емес, процестің өзін енгізу болып табылады деп айтуға болады.

Аккредиттеу және ИСО 9001 Халықаралық стандарттардың сәйкестігін зерттеу бойынша, акредиттеу стандарттары медициналық процестерге арналған, бірақ принциптері бойынша сәйкестігі анықталды.

Осылайша, ИСО халықаралық стандартымен салыстырғанда, қызметтің барлық саласында ұйымдарда және кәсіпорындарда енгізілетін болса, онда медициналық ұйым және мекеме үшін аккредиттеу стандарттары міндетті болады, ол тәуекелдің үлкен көлемімен байланысты.

 

 

Cурет 2 - Стандарт 1 «Заң статусы»

Аккредиттеу және ИСО 9001 Халықаралық стандарттардың сәйкестігін зерттеу бойынша, акредиттеу стандарттары медициналық процестерге арналған, бірақ принциптері бойынша сәйкестігі анықталды.

Осылайша, ИСО халықаралық стандартымен салыстырғанда, қызметтің барлық саласында ұйымдарда және кәсіпорындарда енгізілетін болса, онда медициналық ұйым және мекеме үшін аккредиттеу стандарттары міндетті болады, ол тәуекелдің үлкен көлемімен байланысты.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Руководство по внедрению, оценке и мониторированию стандартов

2 ҚР СТ ИСО 9001-2008 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар.