Салауатов Б.С.
Абай атындағы Қазақ
ұлттық педагогикалық университетінің көркем сурет
факультетінің Академиялық сурет және арнайы пәндерді
оқыту әдістемесі кафедрасының доценті. Қазақстан.
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ӨНЕРІНДЕ БОЯУ ТҮСІНІҢ
БЕЛГІЛЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Білім мен ғылымның даму жолында жас
ұрпақтың толыққанды дамуна жеке
мамандықтың қай саласы болмасын өз жетістігін беру
үшін, келер жеткіншекті эстетикалық, этикалық тұрғыдан
үйрету арқылы тәрбиелеу бүгінгі күннің
басты мақсаты. Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі -
ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігіне,
саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігі мен
кәсіби шеберлігіне байланысты. Мұнда болашақ жастарымызды
саналы ұрпақ ретінде
тәрбиелеу үшін эстетикалық тәлім – тәрбие
беру мүмкіндіктерін пайдалануға зор көңіл
бөлінеді.
Қазақстан Республикасы әлеуметтік мәдени
дамуының тұжырымдамасында «Тәуелсіз
Қазақстанның әлеуметтік мәдени даму жолы
дегеніміз – алдымен адамзат қазыналарына баса назар аудару, прогресшіл
халық дәстүрлері мен әдет – ғұрпының
толымды түлеуі, гуманитарлық ғылымдарға, өнерге,
халықтардың рухани байлықтарына қайта оралу,
мәдениеттің барлық салаларында ұлттық даралықты
сақтау, барлық ұлттық мәдениеттің
қазыналары мен дербестігін мойындау» деп көрсетілген.[1]
Өнер туралы бойлап қарасақ, оның ішіндегі
түстік композиция ұғымы мен бүкіл жаратылыстың
тұнып тұрған түстің әлемі екеніне
көзіміз жетеді. Сол табиғаттың қай жерінде өмір
сүріп жатсада адамдардың түстен хабарсыз болуы мүмкін
емес. Ал, табиғатпен етене қайнасып өскен, гүлге
оранған даланың төсінде сайран салып өскен
қазақ халқының да өзіне тән дәстурлі түстері бар.
Дәстүрлі бояу түсінің обьективті және субьективті
бастаулары қазіргі суретшілердің түс туралы
түсініктерін, түстік сезімін айқындаушы құрал –
тәсілдерін күшейткен болған еді. Бояу пластикасының
эмоционалды екпінді күші мен форманың бұл жерде жеке деталь,
элемент, нәрсе, тұлға болуы мүмкін, бұл
түстік құрлымның терең астарлы мазмұнды
мағыналық мәнін өте ұтымды пайдаланады.
Мұндай композициялар суретшінің өзінің өмір
жөніндегі философиялық ой – толғауларының жемісі.
Реалистік емес шығарманың өзінде, В.Кандинский
айтқандай, бояу түсі формаға бағынады. Форма мен бояу
түсі сырттан қарауға емес, қартинаға енуге,
соның ішінде өмір сүруге шақырады.[2]
Жеке адамдардың
эстетикалық таным – талғамы, сезімін ояту, өмірдің
көңіл – күйіне күшті әсер етеді. Түр –
түс туралы колористика ғалымы 30 мыңға жуық
түс пен реңктің бар екендігін дәлелдеген. Жапон елінде
мектеп қабырғасынан бастап оқушыларды үш жүз
түр – түсті ажыратуға баулып үйрететіндігі көркемдік
талғам қабілетін дамытуға айрықша игі әсер ететіндіктерін
айғақтайды.
Кескіндеме ғасырлар бойы сақталып, өзінің
бастапқы сапасын жоғалтпайтындай болатын материал түрін
суретшілер бұрыннан іздестіруде. Қандай материал қолданатынына
ерекше мән берген. Өмірден өткен көптеген
суретшілердің картиналары 300-500 жылға жуық сол
қалпында сақталғандығы таңқаларлық
емес пе?
Кескіндемелік шығармада түс ешқашан бөлектеніп шығып
тұрмайды. Ол бейнелеу өнерінің көптеген қасиеттерін
тасылмалдаушы болып табылады: көлемді, материалды, кеңістікті,
жарықты. Түстің эстетикалық көмегі
қартинада өзінен - өзі айтарлықсыз жағдайда пайда
болады. Формадағы түстің жетіспеуі, оның
эстетикалық бағасының көрінуін төмендетеді.
Түстің заттылығы, шынайы әлемнің қасиетін
көрсету мүмкіндігін төмендетпейді, керісінше оның
эстетикалық қасиеттерін жоғарлатады.
Суретші мен халықты бір – біріне қарама –
қарсы біріктіріп отыратын бояу
түсі болып табылады. Суретші шығармасындағы күңгірт
аспан мен көгілдір аспанда басқаша болып көрінеді. Өйткені,
көрерменнің байқағыштығы тәжірибесі
жоқтығынан көрер көзге суретшінің бұл әрекеттері
түсініксіз тіпті асыра сілтеушілік деп ұғынуы мүмкін.
Түр–түсті
танудың адам үшін қажеті үш элементі бар екен. Бірінші
– тағдырдың адамға сыйлаған тартуы – көз,
екіншісі – жер бетіндегі тіршіліктің қайнар көзі әлемге
жарық шашуы – күн. Үшіншісі – бізді қоршаған
табиғат, тіршілік болмыс. Бұлар бір – бірімен тығыз
байланысты және бірінсіз бірін білу мүмкін емес.
Табиғаттағы қоғам өміріндегі бірде – бір
құбылыстың бояусыз, реңсіз, өңсіз
түссіз болмайтыны бәрімізге белгілі. Бірақ сол бояу –
реңктерді өмірдің қай саласында қалайша
қолдануды бәріміз біле бермейміз. [3,29б]
Живопись
дәуірдің рухани мазмұн мен әлеуметтік
дамуын бейнелеп қоймайды, белгілі бір идеологиялық концепциялау
негізінде баға береді. Сондықтан да бояу түстері өмір
қырларын жан – жақты сипаттап көруге өз үлесін тигізеді.
Жалпы, кескіндеменің сыртқы бет – ажарының өзі
метафораға айналады да, көрерменнің көңіліне
сәуле түсіріп, сезімін оятады.
Мифопоэтикалық дүниетанымда " затты, табиғатты
олардың заңдылығы, ішкі мазмұны, даму жолдары
арқылы қабылдауға, білуге ұмтылмайды. Бұл
көзқарас бойынша кезкелген зат,
құбылыс, табиғат символы. Оның мазмұны
заттың өзінен тыс жатыр. Сондықтан қазақтың
дәстүрлі өнеріндегі бояу түсі өзінің
рәміздік мағынасында сын есім емес, негізінен, зат есім. Яғни
бұйымның, заттың, ою - өрнектің, т.б.
нәрселердің бояу түсін ғана айқындамайды,
оның мазмұндық мәніне жауап береді.[3,8б]
Қазақ ою
- өрнектеріндегі басты бояудың түрі – көк түс.
Ш.Уәлихановтің айтуынша бұл түстің заттық
мағынасы бар. Ол – көк тәңірі, құдай. Қазіргі
кездің өзінде қазақ "Көкке қара"
деп аспанды айтады. Көк – сәулеттік құрылыстарда
күмбез, фасадтағы өрнектер.
М.
Қашқаридің " Лұғатында" кездесетін
таңсық сөздің бірі "көк". Бұл
сөз сол ескі замандағы мәнінде әлі күнге дейін
қазақ тілінде ұшырасады. Бұрын қариялар біреуге
ренжігенде "көгі жаман неде" деп ұрсатын. Болмаса Махмуд
қашқари жазғандай біреудің ата – тегін білмекші
болғанда "оның көгі кім?", "көгінде еш
нәрсе болған ба?" деп сұрайтын. Осыған
қарағанда "көктемегір" – қарғыстың
жаман түрі. Ал, "көк соққыр" -
"құдайдан, тәңірден қорық" деген
мағына береді. Осы жағдайларға байланысты көк
түстің рәміздік мазмұны ерекше сапаға ие деп
айтамыз, оны төсенішке пайдаланбаған.
Екінші
жағынан, көк түс қазақ үшін жасыл
түстің синонимі. Жерде "көк" – жайлау. Себебі
қазақта бұрын "жасыл жайлау" дегеннің орнына
"көк майса жайлау" деп түсінікті әрлендірсе, содан
кейін малды "көкке щығар"," көкке
өрбіт" немесе "көктеп жатыр" дейді. әжелеріміз
де осы күнге дейін жасыл түсті
бұйымдарды"көк" деп атайды.
Бұл
кездейсоқ болмауы мүмкін. Оған мысал, Американ антропологы
Уорф Cолтүстік Америка үндістерінің хопи тайпасының
тілінде "жасыл" деген сөз бар екен де," көк"
деген түсінік жоқ екен. Сондықтан да олар көк пен
жасылды айырмай айтады. Ал, ағылшын тілін жақсы білетіндері екі
түсті де жақсы ажыратады екен. [3,56б] Бұл мәселе
біздің психологтар мен философтар үшін әдейі назар аударатын
жағдай. Мысалы, "көк" сөзінің мағнасын
"көктем" түсінігі арқылы тіршілік береді,
"өмір реңі" деп түсіндіруге де болады. Оны
әрі қарай дамытсақ "жасару", өсуді жасылдану
емес көктеу деген ұғымды білдірер еді. Жалпы алғанда, қалыптасқан
тұрақты түсініктер, мейлі, ол ою - өрнекке, оның
бояу түсіне қатысты болсын немесе кеңістік пен
уақытқа байланысты халықтық ұғымда қалыптасқан тұрақты
өлшемдерді білдірсін, ол тиянақты ықшамдалған
сөйлеу тілінің біртұтас көркем образды нақыштарын
бейнелейді.
Бояу
түстерінің бұл тұрақты сипаты ою - өрнекте
және рәмізді живописте ғана пайдаланылады. Ою - өрнек
халықтық мифопоэтикалық дүниетаныммен,
қалыптасқан сана – сезіммен тікелей байланысты. Сондықтан да
оның мағынасы эмоционалды, гармониялы мүмкіндіктерінен тыс
жатыр.[4]
Ал қазіргі
кездерде мектеп оқушыларын
түр – түсті ажыратуға үйретпек түгіл, бейнелеу өнері пәні мектепте өз
дәрежесінде жүргізілмей келетіндігі баршамызға мәлім. Сонымен
қатар оқушыларымыз алты түсті ажыратудан аспай жүр. Жалпы,
кескіндемені терең білу және де практикалық
дағдылардың болуы ұстаздың оқушыларға бейнелеу өнері
сауаттылығының негізін үйретуге, суретшілердің шығармаларын түсінуге
тәрбиелеуге тікелей байланысты деп ойлаймыз. Жас
ұрпаққа эстетикалық көркемдік білім берудің
нәтижелі болу үшін ұстаздың өзі бейнелеу өнері негіздері мен олардың
өзіндік ерекшеліктерін жетік білуі қажет деп білеміз. [5,25б]
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. http://magister.kz
2. «Қазақ өнеріннің эстетикалық табиғаты».
Байжігітов.Б.К. Алматы 1994ж – 149б.
3. «Түс(colour)» Автор: Давид хонон. Аударылған: Ма дон
һуа. Жиансу 2007жыл. – 157б.
4. «Кемпір қосақтың түсі қандай». Каменова .Е. Алматы 1981.
5. «Cурет салу және бояумен жұмыс істеу әдістері».
Әлмұхамбетов.Б.Б. Алматы
1987.
Резюме
В данной статье автор рассматривает
некоторые вопросы традиционных особенностей цвета в традиционном искусстве
казахов, а также дает определение о
роли и значения цвета в
воспитании будущего поколения.
Түйін
Аталған мақалада автор қазақ
халқының дәстүрлі өнеріндегі
қазақтың бояу түсінің ерекшеліктері мен белгілері
жөнінде сөз етеді. Сонымен қатар болашақ
жасұрпақтың тәрбиесінде түстің маңызы мен алатын орнын
айқындайды.
Summary
In this article, the author examines some of the issues of the
traditional characteristics of the colors in the traditional art of the Kazakh
people, and also gives a definition of the role and the color value in the
education of the future generation.