ӘӨЖ 378.013

 

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДЫҢ КӘСІБИ БАҒЫТ-БАҒДАРЫ

 

Қуатова Жузира, Кенжетаева Салтанат

 

Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университет,

Шымкент қ. Қазахстан Республикасы

 

         Жеке тұлға өз өмірінің негізгі бөлігін кәсіптік қызметпен айналысуға жұмсайды. Адамның тағдыры оның қандай мамандықты таңдағанына тығыз байланысты болады.

                  Жеке тұлғаның тиімді кәсіби мамандық таңдауда өзін-өзі бағалау мәселелері психологияда өзекті де, күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Өзін-өзі бағалау мәселесін теориялық жағынан толығырақ қарастырылған Б.Г.Ананьев, Л.И.Божонович, И.С.Кон.

                   Жеке тұлғаның бір жақсы, маңызды, әлеуметтік мәнді іс тындырғысы келеді, бірақ оның бәрі көбінесе арман. Белсенді де, жарқын болатын арманнан гөрі өмірлік жоспар – бұл әрекет жоспары, сондықтан ол біріншіден, мамандық таңдауға тіреледі. Мамандық таңдаудағы басты жетекші бұл өзіміздің қалауымыз, яғни таңдауымыз өз көңілімізден шығуы.

         Жаңа өмір табалдырығын аттар алдында әр талапкер үшін КІМ болам деген қиын сұрақ тұрады. Алдағы келешек өмірге қажет мамандықты таңдауда қалай да қателеспеу керек. Әркім өз жұмысының қызықты да табысты болуын қалайды.

Мектепте еңбекке тәрбиелеу – тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар беру мамандықтың негізі көзі болып табылады.

 Мамандық дегеніміз – адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен практикалық дағды жиынтығы.

Еңбекке тәрбиелеудің басты үш міндеттері бар:

1.     еңбек сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау;

2.     оқушыларды халық шаруашылығының салаларындағы еңбектің іс-әрекеттің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру;

3.     мамандықты таңдауға дайындау.

Күннен күнге мамандық рыногында жаңа мамандықтар пайда болуда. Бүгінгі күнде олардың саны алты мыңға жуық және олардың әрқайсысына арнайы талап қойылады.  Кейбір мамандық адамнан күшпен икемділікті талап етсе, екіншісі қабілеттілікті, ал үшіншісі – ұқыптылық пен төзімділікті талап етеді.

Көптеген мамандықтар суық ғимараттарда немесе ыстық цехтарда, сондай-ақ шу мен тербеліс көп ортада ұзақ уақыт болуды талап етуі жасөспірімнің организмі сыртқы ортаның әсеріне аса сезімтал болып келеді. Сондықтан да адамның таңдаған мамандыққа қойылатын талаптарға денсаулығының сай келетіндігі жөнінде маман дәрігерлердің кеңесін білген жөн.

Егер Е.А.Климовтың классификациясын талдайтын болсақ, мамандар әлемінде дұрыс бағдар беру үшін  мамандықты бес түрге бөледі:

·        адам-адам:хатшы, менеджер, дәрігер, сатушы, милиция қызметкерлері;

·        адам-табиғат: химик, геолог, мал дәрігер, биолог, ауылшаруашылық өндіріс шебері;

·        адам-техника: құрылысшы, технолог, ұшқыш, жүргізуші, конструктор;

·        адам-көркем бейне: суретші, жазушы, әртіс, журналист, музыкант;

·        адам-белгі жүйесі: программист, экономист, оператор, аудармашы[1].

Мектеп түлеп ұшқалы отырған 11-сынып оқушыларын «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, ата-аналармен және кешегі түлектер бүгінгі жас мамандармен кездестіріп ой бөлісу, пікір алмасудың маңызы өте зор.

Мамандық таңдау – бұл белгілі бір ғылымға деген құштарлық. Мәселен, бір балалар – гуманитарлық саланы ұнатса, біреулері – техниканы, үшіншісі – жаратылыстану ілімін игеруге бейім келсе, төртіншілер өнерді сүйеді. Көптеген жас түлектер өндіріс пен әлеуметтік сала қажет ететін  мамандықтарды таңдайды. Қазіргі кезде техникалық, педагогикалық және медициналық мамандықтар мемлекеттік тапсырыста белгілі орынды иеленеді. Бұл «100 мектеп, 100 аурухана» атты білім және денсаулық сақтауға дамыту бағдарламаларының жүзеге асырылуы, республиканың индустриалдық-инновациялық дамуы керекті мамандарды қамтамасыз етумен байланысты.

Мамандықты саналы таңдауда адамның қабілеттілігінің қалыптасуының да үлкен маңызы бар. Қабілеттілік деп – жеке адамның барлық ерекшелігі емес, тек қана қандайда болмасын бір немесе бірнеше қызметті табысты орындай алатын ерекшелігін айтады. Ол адамның психологиялық санасының қалыптасуына байланысты. Олар: қабілеттілік, қызығушылық, бағыттың құндылығы, кәсіптік жоспар, идеялы, сенімі, т.б.

Қабілеттілікке қоршаған табиғатқа байланысты, адамның әлеуметті бейімделген қызметі деп қарау қажет. Сол себепті де К.К.Платонов «Қабілеттілік – ол жеке адамның қасиеті, бірақ оның белгілі бір қызметке қатысына қарай анықталады» деген[2].

Қабілеттілік дегеніміз белгілі қызметтің әдіс-тәсілдерін игерудегі тездік, тереңдік және икемділік болып есептеледі.

Сондықтан мамандық таңдауда қабілеттілік есепке алынады. Мысалы,  адамның  абстракты  ойлау  жүйесі  күшті  дамыған болғанмен практикалық істе қабілетсіз болуы мүмкін немесе өте жақсы білгенмен ұйымдастыруды нашар атқаруы мүмкін. Сондықтан баланың оқудағы, еңбектегі, ойындағы қабілеттілігін біртұтас қарастыру қажет те, солай дамыту нәтижелі болмақ.

Мамандық таңдауға даярлауда, жеке адамның кәсіптік қажеттіліктерін, икемін, қызығушылығын және басқа қасиеттерін тұрақтандыруда қызмет немесе мамандыққа қатынасы есептеледі. Ал оны кәсіптік бағыт деп те атайды. Бір жағынан бұл психологиялық термин болып есептеледі, яғни атап айтқанда «жеке адамның бағыты», яғни сыртқы ортаға, еңбекке жеке адамның ішкі дүниесінің қатысы болып есептеледі. Сондықтан мамандық таңдауда жеке адамның психологиялық ерекшеліктері де қарастырылады.

Кәсіптік бағыт беруде оқушылардың кәсіптік қызығушылығы мен жоспарын қалыптастыру ең бірінші міндет.

Еңбекке қызығушылық – кәсіптік таңдаудағы ең маңызды мәселе. Бұл туралы Е.С.Кузьмина мен А.Л.Свентицийдің зерттеуінде кейін мамандығын ауыстырғысы келетін жастардың көпшілігі сол мамандыққа әуел баста қызықпағандығынан екендігін келтіреді [3].

Мамандық таңдау кезінде жіберілетін көп қателіктердің бірі – сол мамандық жөнінде толық мәлімет болмауы.

         Соңғы жылдары көптеген дәстүрлі мамандықтар ұдайы жетіліп, жаңа атауларға ие болып жатыр. Кейбір мамандықтар өз атауын сақтамағанымен, ондағы еңбектің сипаты мен мазмұны өзгеріп кеткен. Қазіргі заманғы өндіріс бағдарламалық басқару жүйесі бар жаңа техникалармен жабдықталып қол еңбегін неғұрлым аз жасауға алып келетін компьютерлік сауаттылықтың жоғары болуын қажет етіп отыр.          Қазіргі жастар жұртқа қажетті және жоғары еңбекақы төлейтін мамандықтарын таңдауды тәуір көреді [4].

         Мамандану–кәсіби еңбек бөлісінің бір түрі болып саналады және түсінікті қамтиды, ол «кәсіп» және «мамандық». «Кәсіп» және «Мамандық» ұғымдары қамтитын әртүрлі қызметтер сапасы көп. Өмірге жаңа араласқан жасөспірімнің алдында бірнеше мыңдаған кәсіптің біреуін таңдау міндеті тұрады. Әр бір адам бір ғана емес, көптеген кәсіпке қабілетті болады. Кәсіптік бағыт беру міндеті жасөспірімдердің болашақ өмір жолын таңдап алуына, оның жеке басының қабілетіне көбірек сәйкес келетін мамандықты таңдауына ғылыми негізделген көмек беруде болып табылады[5].

         Кәсіптік бағдардың басты міндеті–мектеп бітірушілер мен оқушы-лардың әлеуметтік-кәсіптік бейімделуі үшін жағдайлар жасау болып табылады. Сондықтан мектептерде оқушылардың кәсіптік мүддесі және олардың психофизикалық ерекшеліктері мен еңбек рыногының мүмкіндіктері арасындағы тепе-теңдікке жету; мектеп бітірушінің қандай болса да кәсіби жетістігін болжауы, жеке кәсіптік болашағын құру, сонымен қатар өзінің жеке кәсіптік өсуінің қиындықтарын жену, кәсіптік мақсатын көздеу, өмірлік жағдайлардағы тәсілдерге бара-бар әрекет ету және т.б. үшін бардық жағдай жасалады.

«Білім беру реформасы табысының  басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады»[6]- деп үлкен сенім артқан Елбасы сөзінен де осы жәйларды анық байқаймыз. Осы салада өз бетімен шығармашылық әрекет жасауға қабілетті мамандар даярлауда жеке тұлғаны қалыптастыруды көздеуге бағытталған педагог пен оқушы әрекетінің тиімділігін арттырудың жолдарының бірі – педагогикалық жаңа технологияларды орынды қолдану болып табылады.

         Қазіргі кезде әртүрлі мамандықтың сапасын жақсарту үшін мердігерлік тәсіл қолданады. Бұл тәсілдің артықшылығы ол жұмысты кең индустрияландыруға, жаңа техниканы және тиімді өндіріс процестерін механикаландыру мен автоматтандыруды еңгізуге жағдай жасайды. Осындай жұмыстарды көп салалы мамандық қажет етеді және бірнеше мамандық иесі болу үшін, оны жақсы меңгеру талабы қойылады[5].

Жаңа өмір табалдырығын аттар алдында әр талапткер үшін «Кім болам?» деген қиын сұрақ тұрады. Ол өзінің алдағы келешек өмірге қажет мамандығын қызықты да табысты болуын қалайды.

“Қазіргі қарқынды дамып жатқан қоғамда орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу”[7] - деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында атап кеткендей  оқыту және тәрбие жұмысының барысында оқушылардың ынтасын ғылыми-техникалық білімді игеруге дамыту және тәрбиелеу қажет.                       

         Қазіргі кезде жабылған зауыттар орнына іскер адамдар жеке акционарлік қоғам құрып кішігірім цехтар ашып, жұмыссыз қалған адамдардың жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызуда. Оны жүзеге асырудың негізгі жолы сол мамандықты жете меңгеру.

         Қазіргі нарықтық және жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыру кезеңінде, жетістікке нарықтық жас ұрпаққа ие екенін жете білдіру арқылы ғана қол жеткізуге болады.

 

 

Әдебиеттер:

 

1. Климов Е.А. «Путь к профессию». Л., 1974   с.143

2. Платонов К.К. «Проблемы способностей». М., 1972, с.5

3. Б.Т.Ортаев, А.Батырова. «Кәсіпке бағдарлаудың теориясы мен әдістемесі.    «Нұрлы Бейне», 2010, - 12-13б.б.

4. О.Сыздықов, К.Устемиров   Технология. Учебное пособие 9 класс.

  5.  М.Орынбаев. Ж.Еңбекке үйрету, «Еңбек сабағында кәсіптік бағдар берудің  тиімділігі» - 38-39б.б.

6. Н.Ә.Назарбаев, 2007ж  28 ақпан “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” жолдауы

7. Н.Ә.Назарбаев, ҚР-ның 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту  тұжырымдамасы.