Мұхтар Шаханов поэзиясы  философиялық талдау объектісі  ретінде

 

Раев Д. С.

философия ғылымдарының докторы, профессор

Мұзаппар Е. Д

2-курс студенті

Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті

(Алматы, Қазақстан)

 

«Құдайым әр ақынға өз ұлтына Мұхтар Шахановтай қызмет етуді жазсын»

Джон Эшбери, американ ақыны

 

«Қазіргінің талай елін қайран қалдырған осынау байтақ кеңістікті кернеген поэзиялық әлем тек қана сұлулық пен сезімнің шеңберінде шектелмеген. Ол жаңашылдықтың жалынын лаулата да білген. Содан да болар, қазақтың поэзиялық шығармашылығында мейлінше терең танымдық қасиеттер бар. Сондықтан да қазақтың дәстүрлі поэзиясы ұдайы философиямен шендесіп жатады»[1] - деп Елбасы Н. Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, қазақтың «шекпен жамылған» қара өлеңі философияның асыл маржаны десек артық айтылғандық болмас. Ал бұл өз кезегінде қазақы дүниетанымдағы сөз құдіретінің қасиетін көрсетсе керек. Жалпы, Шығыстың бай философиялық және әлеуметтік ойы, оның ішінде қазақ халқының философиялық тұжырымдары Батыстағыдай қалыптасқан философиялық жүйелерде емес, фольклорда, музыкада, мифологияда, мақал-мәтелдерде, қанатты сөздерде, поэзияда жатыр.

Шығыстың шынайы шырайлы, қазақтың қанатты философиясына, жазылмаған адами заңдарға қанық, сөзі салиқалы, айтары анық, бірқатар терең философиялық кесек ойлардың авторы Мұхтар Шаханов та ерекше талантымен, қайтпас қайсар қазақы қалпы, өр мінезімен, астарлы, сан қилы, тағылымды поэзиясымен тек қазақ жұртын емес, бүкіл адамзатты ерекше гуманистік шұғылаға бөледі.

М.Шахановтың ақындығы мен ойшылдығы бірнеше ғылыми зерттеулерге жүк болса, ал философтығы ерек орындағы тақырып. Оның философтығына жапон ақыны Акамедцу Токудзенің «Жапонияда Шахановтың екі томдық шығармалар жинағының алғашқы кітабы менің аудармамда жарық көрді. Жапон оқырмандары оның терең философияға құрылған өлең дастандарына ерекше ден қоятынына күмәнім жоқ» дегенінен байқау қиын емес.

Фиософиялық салыстырмалы эмпирикалық талдауға сүйене отырып Мұхтар философиясынан философиялық мәңгілік тақырып өмір мен өлім, һәм адамның өмір сүру мақсаты сынды тақырыптарға қатысты ойларынан диалектикалық дамудың заңдылықтарын оның ішінде, антипатиялық, қара-қайшылықтың дамуға қатыстылығын нақты көрсетуге болады. Жалған өмір мәгілік осылай жалғасып кете бермек пе? Мәңгілік өмір айналымының қозғаушы күші не? Ақ пен қара; Махаббат пен зұлымдық; Биік пен төмен; Оң заряд пен теріс заряд; Жарық пен қараңғы; Періште мен шайтан; Бұл Шаханов философиясының Ежелгі Қытай философиясындағы ер мен әйел; инь мен янь қайшылықтарымен тығыз байланыстығының көрінісі. Адам өмірінің мәні қандай? Егер қозғалыстың қозғаушы күші қарама-қарсы екі күш дейтін болсақ, онда зұлымдықтың да азаматтың дамуына қосқан өзіндік үлесі болғаны ғой, деген заңды сұрақ туындайды. Иә, белгілі бір дәрежеде солай екені рас. Екі күштің күресі қалай, қашан басталды десек түп тамырымызға үңілуге тура келеді.

                                       Мазақ жырды қашанда тойға дайын,

                                       Ойға алайын, тағы бір ойланайын.

                                       О, сүйікті өмір, мүмкінсізді,

                                       Мүмкін еткен күшіңнен айналайын! [2, 46-б]

- деген өлең жолдарындағы мүмкін-мүмкін еместік, немесе:

                                       Ерлік пенен ездіктің жолы қатар,

                                  Екеуінің арасы бір-ақ адым, [2, 65-б]

- деп келетінжолдардан ерлік пен ездік антипатиясын кезіктіруге болады.

         Салыстырмалы талдау тұрғысынан келетін болсақ, Ежелгі Қытай философиясндағы Ли ұстаздың шәкірттеріне бірінші кезекте күресетін мәселе етіп қойған «нәпсі» категориясы М. Шаханов философиясында да көрініс табады. Осының негізінде ол «Рух» концепциясын тудырып, нәпсіден рух философиясын ақыл-ой иесі адамға, жалпы адамзат мүддесіне үйлесімді екенін баса көрсетеді. Ол «Рух-Ішкі Мен» дегенді меңзейді. Ал рухтан адамның жалпы тіршілік ету мәнін қорытып шығарады. Поэзиясы Әуел баста Алланың рухынан жаратылған Адам өмір айналымына түсіп, күдіктену мен сенуден өтіп, теориялық, практикалық дүниетанымдық көзқарас қалыптастырып, пенделіктен періштелік биіктікке дейін көтеріліп, тазаланып барып Ұлы Рухқа – Аллаға қайта қосылу үшін жіберілгендігінен астарлы тұрғыда үн қатады. Рухани егемендікті тәуелсіздіктен де жоғары қояды. Ал  «Рух егемендігінен» айырылған адам рухсыздық дертіне шалдығады. Рухсыздық – барлық бақытсыздықтың бастауы. М. Шаханов адамзатты осы РУХСЫЗДЫҚ АПАТЫНАН сақтандырды.

Мұхтар Шаханов өлеңдерінде көп кездесетін тақырып шексіз күш балансы. Адам қандай тірлік, жақсылық, жамандық жасаса да, ол өзіне қайтып барады, алдынан шығады. Мұхтар Шахановтың айшықты жазылған  Ақсақ темір туралы «Жаңғырық» атты дастанында қилы-қилы адами қатынастарда біреуге жасаған жақсылығың да, жамандығың да, ерте ме, кеш пе, бәлкім басқа біреудің қолы арқылы өзіңе жаңғырық болып қайтадан оралатыны жайлы ой қозғайды. Бұл ғылыми тұрғыдан күрмеуі қиын, нақты анықтама берілмейтүн түсініксіз құбылыс.яки тек философиялық тұрғыда ғана, философия арқылы ғана адамзатқа жететінің аңғару керек. Бұл баланс туралы  «Қасымды қабылдамаған адам хақында» деген өлеңінде нақты келтіріледі.

Мұхтар Шаханов философиясы гуманистік бағытта да сыр шертеді.

                                         Жігітке арман жеткізіп пе еді

                                        Өз сорын өзі жеңбесе

                                        Өмірдің барлық сәтсіздіктері

                                        Бақытсыздық емес ендеше! [2, 66-б]  

немесе:

                                         Мәңгілік лаулап жану үшін ғаламда,

                                         Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,

                                         Үлкен болып қалу үшің ғаламда,

                                         Үлкен бақыт керек екен адамға. [2, 41-б]

Өмірде өз қабілетіңді дұрыс танып, қоғамның, халқыңның қажетіне жарау үшін арманды дұрыс таңдай білу керектігін уағыздай отырып, осындай қорытындыға келді.

         Мұхтар Шаханов поэзиясы аксиологиялық категорияларға өте бай. «Сейхундария», «Күре тамырды іздеу», «Сенім патшалығы» секілді философиялық поэмаларында ақиқат пен жалған, сенім мен күдік, махаббат пен қызғаныш, адалдық пен арамдық, ізгілік пен қиянат, ерлік пен сатқындық секілді рухани өмір өлшемдерінен болмыс заңдарына бойлай отырып, адамдықты, адалдықты, әділдікті, тазалықты, пәктікті паш етеді,  зұлымдықты, тәкаппарлықты, жауыздықты, рухсыздықты әшкерелейді.

«Мықты болсаң, жарқыным, ізіңді сал елсізге,

Ізсіз жандар өнерде толып жатыр сенсізде»,

- деп жай адам ретінде өмір сүрмей қабілет-қарымды пайдаланып, рухани жетілу керектігін көрсетеді.

Бірдей төзіп ыстыққа да, салқынға

                                     Жер астында жатпай ма алтын

                                     Көзден таса қалпында?

                                     Қашан қазып алғанша күтетін

                         Шындық кейде ұқсайды сол алтынға! [3, 294-б]

- деп, шындықты алтынға теңестіреді, аксиологиялық адами, әлеми категорияны материалдық бағасы қымбат саналатын алтыннан да құнды көреді.

         Мұхтар Шахановтың терең гуманистік және демократиялық сипаттағы  ой түйетін инстанциясы – космополитзм.
«КОСМОПОЛИТ (грек. kosmopolites) - әлем азаматы. КОСМОПОЛИТИЗМ - әр ұлттың төл мәдениетін дамытудан гөрі жаһандану процесі арқылы бүкіләлемдік бірегей мәдениет қалыптастыруды артық көретін шектеулі дүниетанымдық бағыт. «...Өмір сүруге қай жер ыңғайлы болса, сол жер - менің Отаным» деген тұжырыммен сипаттауға болады. [4, 667-б] 
         Шаханов космополитизмді:

  Безбүйрек нарықтың бәсейтіп даңғырын,

  Зарланған, қорланған туған тіл тағдырын

          Космополит басшылар шешпей ме, шеше ме?

           Тіліміз қала бере ме панасыз адамдай көшеде?

        Ұлт үшін қазір бұл – Нөмірі бірінші мәселе»

- деп бір шалса,

                              Тоқтай ма қазақтың ТІЛДІК-АНАЛЫҚ-РУХИ пойызы?

               Бұл күнде халқымыздың шамамен алпыс пайызы 
        Көшеде, қызмет орнында, өзге де топтасуда, 

                                Ең сорақысы, жеке өзінің отбасында, 
                                Қол үзіп сан ғасырлық ата-баба өнегесінен, 
                                Әйел, бала-шағасымен, немересімен 
                                Сөйлесуге көшті тек орыс тілінде ғана, 
                                Ұлттық сипаты сақталып түрінде ғана,

-деп үлкен нүкте койғандай болады. Неміс ғалымдарының есептеуінше,  қазақ тілінің қолданыс аясы мен сөйлейтін адамдар санында түбегейлі өзгерістер болмаса, ата-бабамыз ат үстінде, түйе қомында жүріп сақтап, аманат еткен туған тіл, ана тіл, дара тіл, таза тіл, пана тіл 2060 жылдарға қарай әлем сахынасынан, тілдік қолданыстан мүлдем жойылып кетуі мүмкін екенін әр қазақ ескеріп, космополиттік дүниетаныммен күрес жүргізуі керек.
         Мұхтар Шаханов поэзиясын философиялық тұрғыдан талдау нәтижесінде мынадай тірек-схема құрастыруға болады:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Әдебиеттер тізімі:

1. Н. Ә. Назарбаев. Тарих толқынында. – Алматы: Жібек жолы, 2010. - 232 б

2. М. Шаханов. Танакөз. – Алматы: Рауан, 1996. - 160 б

3. М. М.Шаханов «Дәуір дастандары» - Алматы: Жазушы, 1992. - 190б

4.«Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясы. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2002. – 720б