Право /1.История государства и права.
З.ғ.к.,
аға оқытушы Әлайдар А.Ә., 2-курс магистранты Ибайдулла
Т
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университеті. Қазақстан
Қазақстан
Республикасын құқықтық мемлекет ретінде
орнықтырудың маңызы
Қазіргі заманда
құқықтық мемлекет құру мәселесі
ғаламдық проблемаға айналып отыр. Адам
қоғамының барлық дәуірінде
құқықтық мемлекет кұру мәселесі
толастап көрген емес. Әсіресе елді басқаруда абсолютизм,
деспотизм, тоталитаризм орнаған кезде
құқықтық мемлекет орнату — деген дауыс, талап
күшейіп отырды. Бұл тұрғыдан өте күшті
концепция феодализмге қарсы, буржуазияның күресі кезінде
қалыптасты. Күрестің саяси ұрандары: «Бостандық!»
«Тендік!» «Әділеттік!» халыққа едәуір
жақсылықтар әкелді. Бірақ көп елде реакцияшыл буржуазияның
кертартпа саясаты демократиялық реформаны толық
аяқтауға мүмкшшілік бермеді. Ірі буржуазия саяси билікке
қолы жеткеннен кейін құқықтық мемлекет
орнату бағытынан алшақтай бастады. Бұл елдерде
буржуазияның үстемдігін қорғайтын мемлекет пен
құқық орнап көп уақыт өмір
сүрді.
XX ғ. қоғамды
басқару тәжірибесін шынықтырып капиталистік елдер жаңа
экономикалық саясатқа көшіп халықтың
әлеуметтік жағдайын жақсартып, бостандықтың шеңберін
кеңітіп, демократиялық мемлекетті дамытуда. Қазіргі заманда
дүние жүзінің барлық мемлекеттері капитализмнің
жаңа экономикалық саясатын қабылдап нарықтық
экономиканы дамытып жатыр. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін
бұрынғы кеңестік республикадар да осы жолға бет
бұрып отыр. Әлемдік стандарт
жолына Қазақстан да бет бұрып, нарықтық
экономиканы дамытты.
Қазақстан
Республикасының Конституциясы бойынша
құқықтық мемлекет қалыптастырудың
негізгі бағыттары демократиялық, зайырлы,
құқықтық, әлеуметтік мемлекет
құру [1, 4].
Құқықтық
мемлекет — Қазақстанның барлық органдары мен лауазымды
адамдарының қызметі құқық нормаларына
байланысты, соған бағынышты және соған сәйкес
іс-әрекет жасайды. Құқықтың негізгі принцитері:
азаматтар үшін — «заңға тыйым салынбағанның
бәріне рұқсат етіледі», мемлекеттік органдар мен лауазым
иелері үшін — «Заңда нақты не көрсетілсе, соған
ғана рұксат». Барлық
заң жүйесін жақсартып, әділеттікті жоғары
дәрежеге көтеру және азамат құқығы
мен бостандығын халықаралық өлшем деңгейіне
жеткізу Қазақстан мемлекетінің негізгі міндеті.
Құқықтық мемлекетте Заң бір
әлеуметтік топтың емес, халықтың шынайы еркін
білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік
етеді. Барша адамдар, ең жоғары дәрежедегі лауазым иелерінен
қатардағы азаматтарға дейін заңдардың бүкіл
халықтың мүддесі, игілігі үшін жасалып,
қолданылатынын, заңдар адамдарға қажет
қоғамдық тәртіпті орнататынын, адамдарға отбасын
құрып, өсіп-өнуге, өзі қалаған
жұмыспен шұғылдануға, өздерін еркін сезінуге, қоғам
ісіне қатысуға жағдай туғызуы керек екенін
түсінуі қажет. Сонымен Қазақстанда реформаторлық процесс
арқылы қоғамның саяси-экономикалық
құрылысында көп өзгерістер болды. Қоғамдық ғылымдарда жаңаша
ғылыми зерттеулер басталады. Мемлекет пен құқықты
дүниежүзілік заң ғылымдар туралы концепциямен
бірлестіріп дамытуға мүмкіншілік туды. Отандық
кұқықтану, философиялық, экономикалық, саяси ой,
сана, пікір құқықтық демократиялық мемлекет
туралы ғылымды зерттеуге, дамытуға бет бұрды.
Қазақстан Республикасының
Конституциясы – құқықтық мемлекеттің
бастауы әрі шарты. Оның негізгі принциптері: азаматтар
үшін – “заңды тыйым салынбағанның бәріне
рұқсат етіледі”, мемлекеттік органдар мен лауазым иелері үшін
– “заңда нақты не көрсетілсе, соған ғана
рұқсат” болып табылады. Құқықтық
мемлекет жұртшылық пен мемлекеттік лауазым иелерінің
құқықтық мәдениетін арттыруды, барлық
заң жүйесін жақсартып, әділеттілікті жоғары
дәрежеге көтеруді мақсат тұтады.
Құқықтық мемлекеттің сапалық белгісі
– адам және азамат құқығы мен бостандығына
халықаралық, өлшем деңгейінде кепілдік беру болып
табылады. Сот билігінің тәуелсіздігі мемлекет пен азаматтың
өзара қатынасының дәйекті жүргізілетініне
кепілдік бере алады. Конституция нормаларында атаған белгілер айқын
көрініс тапқан.
Қандайда бір мемлекет
өзін құқықтық мемлекет ретінде
қалыптастыруды көздесе, оның мазмұны мына негізгі
талаптарға сай келуі тиіс:
1) Құқықтық
мемлекет азаматтық қоғамның объективтік даму процесіне
сәйкес ескіріп, жаңарып жататын көп қырлы
кұбылыс. Бұл мемлекетте адамның толық егеменді болуы
қажет, олардың мемлекеттің билік жүргізетін органдарын
кұруға қатысуы заңды түрде бекітілуі керек;
2)
Құқықтық мемлекеттің экономикалық
негізі — өндіргіш күш пен өндірістік қатынас және
көп меншіктік шаруашылық арқылы дамуы.
Құқықтық мемлекетте меншіктің басым
көпшілігі — өндіруші мен тұтынушылық билігінде болуы
қажет. Бұл билік шаруашылықтың жақсы, сапалы
дамуын қамтамасыз ету үшін оларға толық бостандық
беруі керек. Сонда ғана қоғамның әлеуметтік,
экономикалық жағдайын көтеруге, нытайтуға болады;
3)
Құқықтық
мемлекеттің әлеуметтік негізі —
өзін-өзі басқаратын азаматтық қоғамда
адамдардың бостандығын, теңдігін қамтамасыз етіп,
олардың жақсы еңбектенуіне, дұрыс жұмыс жасауына
мүмкіншілік беру. Қоғамның әлеуметтік
жағдайының жақсаруы құқықтық
мемлекеттің нығаюы. Бұл екі процесс бір-бірімен тығыз
байланысты. Құқықтық мемлекет сонымен бірге
әлеуметтік мемлекет;
4)
Құқықтық мемлекеттің
моральдық негізі — гуманизм, әділеттік, бостандық,
теңдік, адамдардың қадір-қасиетінің,
ар-намысының деңгейі. Осы жоғары дәрежедегі принциптер
болса құқықтық мемлекет болады. Өйткені
мұндай қоғамда адамдардың рухани сана-сезімі де
жоғары дәрежеде болады.
5)
Құқықтық мемлекеттің саяси негізі —
халықтың, ұлттық тәуелсіздігін
қалыптастырып қоғамдық билікті жан-жақты дамытып,
адамдардың бостандығын, теңдігін қорғап,
әділеттікті, демократияны орнату, қарым-қатынастарды реттеп басқару.
Міне қоғамның осы негіздеріне сүйене отырып
құқықтық мемлекет орнатуға
мүмкіншілік қалыптасады [2, 1].
Ал,
құқықтық мемлекетке жату үшін мына негізгі
белгілер болу қажет:
- мемлекеттік билікті үш
түрге бөлу, олардың ара қатынасын қатаң
сақтау; азаматтық қоғамның калыптасуы;
- қоғамда жоғары
дәрежеде құқықтық мәдениеттің
қалыптасуы, адамдардың рухани сана-сезімінің
жақсы дамуы;
- мемлекеттік аппараттың,
лауазымды тұлғалардың, қоғамдық
ұйымдардың, жеке адамдардың өмірдегі
қарым-қатынастарда өзара жауаптылығы;
- қоғамның
экономикалық, әлеуметтік бағытында әділеттікті,
теңдікті қамтамасыз ету үшін антимонополиялық
органның қызметін қатаң бақылау;
- қоғамның ішкі
құқық нормалары мен халықаралық
құқықтың өзара қатынасын
бақылап, жақсартып отыру;
- қоғамда
заңның үстемділігін орнату, азаматтық
қоғамды қалыптастыру.
Құқықтық
мемлекет орнатудың негізгі бағыттары:
- мемлекеттік биліктің үш
саласының жұмысын жақсарту, әсіресе заңның,
нормативтік актілердің сапасын көтеру;
- нормативтік актілердің
дұрыс пайдалануын, орындалуын қамтамасыз ету, халықтың
рухани сана-сезімін, мәдениетін жақсартып, көтеру;
- қоғамдағы
қатынастарды дұрыс, жақсы реттеу-басқару
бағытындағы мемлекеттік, қоғамдық
ұйымдардың жұмысын жақсарту;
- бостандықты, теңдікті, әділеттікті, демократияны
дамыту;
- заңдылықты,
құқықтық тәртіпті қатаң
сақтау.
Адамдар «заңның
құлы» болмайынша құқықтық
тәртіпте, демократия да жақсы дамуға тиіс емес. Бұл
туралы өмір тәжірибесінен қалыптасқан мынадай
өсиет сөз бар:
Заң — мемлекеттің
ақылы.
Сот — мемлекеттің жүрегі.
Мәдениет — мемлекеттің
тәртібі.
Міне осы үш қағидалы
өсиет өзара бірігіп қалылтасып және мемлекеттің
ішкі заңдары көпшілік таныған халықаралық
құқықтық нормалар мен принциптерге сәйкес
келсе, елімізде мемлекет орнайды.
Биліктің тармақтарға
бөлінуі құқықтық мемлекеттің
негізінің бірі болып табылады. Бұл қағиданы алғаш
рет Д. Локк пен Ш. Монтескье ұсынған болатын. Қағиданың басты талабы - саяси
бостандықты бекіту, заңдылықты қамтамасыз ету
және белгілі бір әлеуметтік топтың, мекеменің немесе
жеке тұлғаның билікті асыра пайдалануын болдырмау үшін
мемлекеттік билікті заң шығарушылық (халық сайлайтын
және қоғамды дамытуды заңдар қабылдау жолымен
жүзеге асыруға бағытталған), атқарушылық
(биліктің өкілдік органы тағайындайтын және
заңдар мен оралымдық-шаруашылық қызметті жүзеге
асырумен айналысатын) және сот (бұзылған
құқықтарды қалпына келтірудің,
кінәлілерді әділетті түрде жазалаудың кепілі болып
табылатын) биліктері деп бөлу қажет. Және осы әр бір
билік түрлері дербес және бір-бірін тежей отырып, өз
функцияларын органдардың ерекше жүйесі арқылы және
арнайы нысандарда жүзеге асыруы тиіc [3, 3].
Мемлекет пен
тұлғаның өзара жауапкершілігі құқықтық
мемлекеттің дербес қағидасы болып табылады. Бұл саяси билікті шектеудің өзінше
бір тәсілі, ол сасяи биліктің иесі ретіндегі мемлекет пен оны
жүзеге асырудың қатысушысы ретіндегі азаматтың
арасындағы қарым-қатынастардың адамгершілік-заңды
бастамаларын көрсетеді. Қоғам мен тұлғаның
бостандығын заңшығарушылық нысанда бекіте отырып,
мемлекет өз шешімдері мен әрекеттерінде белгілі бір шектеулерді
иеленеді. Заң арқылы ол өзінің азаматтармен,
қоғамдық ұйымдармен, басқа мемлекеттер-мен
қарым-қатынастарындағы әділеттілік пен теңдікті
қамтамасыз ететін міндеттемелерді өз мойнына алуы тиіс. Құқыққа
бағына отырып, мемлекеттік органдар ондағы ережелерді бұза
алмайды және осы міндеттерді орындамағаны үшін
жауапкершілікке тартылады. Заңның
мемлекеттік билік үшін міндеттілігі әкімшіліктік қателіктерді
болдырмауға бағытталған кепілдіктер жүйесімен
қамтамасыз етіледі. Оларға Үкіметтің өкілдік
органдардың алдындағы жауапкершілігі, мемлекеттің кез-келген
деңгейдегі лауазымды тұлғаларының нақты бір
тұлғалардың құқықтары мен
бостандықтарын бұзғандығы, билікті асыра
пайдаланғаны, қызметтік жағдайын асыра пайдаланғаны
үшін тәртіптік,
азаматтық-құқықтық және
қылмыстық жауапкершілігі, импичмент және т.б. жатады.
Жалпы қауымның мемлекеттік
құрылымдардың өз міндеттерін орындауды
бақылауының нысандары болып референдумдар, депуттардың
сайлаушылар алдында есеп беруі және т.б. табылады.
Құқықтық
мемлекет құру мен қоғамды демократияландыру –
қайшылықты, ұзақ та күрделі процесс. Бұл біздің жас мемлекетіміздің
аяғынан қаз тұру жолынан да жақсы байқалады.
Тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғам
өміріне өту қажеттілігі айқын болған күннен
бастап-ақ Қазақстан тұрғындарының алдында
ең алдымен Қазақстан мемлекетінің егемендігі мен
тәуелсіздігін қорғау міндеті тұрады.
Бұл орайда демократияны дамыту – меншік
қатынастарын реформалау мен нарықтық экономикаға
өту экономиканы тығырықтан алып шығудың, ұлттық
мемлекеттің қалыптасуына қолайлы жағдай
туғызудың толассыз жолы. Саяси саладағы басты мақсат –
жас егеменді мемлекетті қуатты президентті республика етіп
қалыптастыру. Біздің мемлекетімізде барлық азаматтардың
теңдігі барлығының заң алдындағы бірдей
жауапкершілігі, кімнің қай ұлтқа жататындығына
қарамастан, бірдей екендігі әуелден-ақ нақты
көрсетілген. Әрине, кейбір жағдайда жергілікті ұлт –
қазақтардың мүддесі ерекше ескеріледі. Мұндай
жағдайға ұлттық мәдениетті, тілді
өркендету, қазақ диаспорасының рухани-мәдени
және басқа да байланыстарын қалпына келтіру, олардың
өз Отанына қайтып оралуына қолайлы жағдайлар
туғызу жатады. Басқа елдер деңгейімен салыстырмалы түрде
алғандағы экономикалық байлыққа қол
жеткізудің алғышарты – бүкіл қоғамдық
өмірді демократияландырған тұрақты
құқықтық мемлекет құру болып саналады
[4, 2].
Құқықтық
мемлекетте Конституция, яғни біздің қоғам
өмірінің Негізгі Заңы аса жоғары мәнге ие. Конституция жобасы Қазақстан
Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап жасалына бастады. Конституция
қабылдаудан бұрын бүкілхалықтық талқылаудан
өтті. Біздің Конституциямыз бойынша
Қазақстан халқы егемендіктің иесі, республикадағы
мемлекетік биліктің жалғыз қайнар көзі болып табылады.
Республикада тек қазақтар ғана емес, басқа ұлт
өкілдері де тұрады. Сондықтан саяси ымыраға келу
қажет болғандықтан қазақ халқы өз
қамын күйттеумен қатар, жас мемлекетіміздің
тыныштығын, оны одан әрі нығайтуды ойлауы керек. Құқықтық
мемлекет құру, қоғамдық өмірді
демократияландыру, жалпыұлттық келісім мен ынтымақ
Қазақстан Республикасының әлемдік
қауымдастықтың лайықты толық мүшесі болып
енуінің басты шарты болып табылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Қазақстан
Республикасының 30.08.1995 жылғы Конституциясы
(Қазақстан Республикасы Парламентінің 1996 ж.,
№4,217-құжат), Қазақстан Республикасының 1998
жылғы 7 қазандағы Заңымен енгізілген өзгертулер
мен толықтырулары (Қазақстан Республикасы Парламентінің
1998 ж., №20,245-құжат),
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 мамырдағы Заңымен
енгізілген өзгертулер мен толықтырулары (Қазақстан
Республикасы Парламентінің 2007 ж., №10,
68-құжат). –Астана: «Елорда» баспасы, 2009.
2.
«Құқықтық мемлекет». 1referat.kz/tag/quqyqtyq-memleket
3.
Нысанбаев Ә. “Жалпы ұлттық келісім және
демократиялық даму”. Егеменді
Қазақстан газеті. 1997 жыл. 25-26 наурыз.
4.
Қалмырзаев Ә. Халықтың қуаты бірлікте. “Ата-заң арналары”. Егеменді
Қазақстан газеті. 1998 жыл. 27-тамыз.