Байдалиев Д.Д.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан
БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ КӘСІБИ ДАЙЫНДАУДЫҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ
Қазақстан
қоғамының қазіргі заманғы даму кезеңінде
ғылымның және білім берудің дамуы
әлеуметтік-экономикалық жүйенің бәсекелі маманды
даярлау жағдайында алдыңғы қатарлы мемлекеттің
қатарына енді. Өйткені
қазіргі кезде әлеуметтік-экономикалық
құрылымдағы, іскерлік, экономикалық, әлеуметтік
қатынастары жүйесінде қоғам болашақ
мұғадлімдерді дайындаудың сапасына жоғары талап
қоюда. Осыған орай
жаңаша ойлайтын нақты іс – әрекет жасай білетін
мұғалімді қалыптастыруға бағытталған университеттік дайындаудың жаңа
парадигмасы өзекті болып келеді де, яғни
қоғамның осы кездегі қалыптасуының талаптарына
жауап беретіндей жоғары
оқу орындарындағы білім беру студент тұлғасы
дамуының жоғарғы деңгейін жеткілікті түрде
қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды.
Біздің
қоғамымызда адамдық қатынастардың жалпы
гуманизациясының, жаңа
ұрпақтың рухани қалыптасуының, білім
берудің түбегейлі жаңаруының
бағдарламаларының жүзеге асуы көп жағдайда
мұғалім тұлғасымен байланысты болатыны баршамызға
мәлім. Соның ішінде педагогикалық
іс-әрекетте тұлғалық фактор жетекші болады,
өйткені «адам-адам»
жүйесінде әсер етудің эффектісі әсер етудің
өзіндік мүмкіншілігі бар
адамды жетілдірудің деңгейімен анықталады. Қазіргі кездегі педагог егер
жоғары оқу орнында оқыту үрдісі барысында онда
үнемі өзін-өзі дамыту қажеттілігі
қалыптасқан болса алдына қойылған міндеттерді іске
асырады. Сондықтан да, классикалық университеттік білім беру
жағдайларында болашақ педагогикалық кадрларының
кәсіби өзін-өзі дамытуды қалыптастыру проблемасына ерекше назар аударылады.
Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес прогрессивті технологияларды және
оқыту жүйелерін жасау және енгізу жоғары білім
берудің даму шарттарының ажырамас бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының 2015
жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Жоғарғы
білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру,
қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен
ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, білім беру мен
ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады»,- деп атап
көрсетілген [1].
Тиімді
оқыту жолдарын бүкіл әлем педагогтары қарастыруда.
Нәтижелі оқыту мәселесі педагогика мен психологияның
соңғы жаңалықтарын қолдану негізінде
жүргізілуде.
Мемлекеттікті
нығайту және ұлттық
қызығушылықтардың дамуы мәселелерінде жаңа
технологияларды енгізуді қолдану және кеңейтуде үлкен
қажеттілік туындап отыр.
Оқытудың қазіргі заманғы
тенденциялары жоғары білікті маман даярлаудың
жаңартылған сапалы өзгерістерін талап етеді. Осы орайда
студенттерге жоғары білімнің сапасын арттыру мақсатында
әр түрлі бағытта және жаңа бағытта
және жаңа әдістерді пайдалана отырып білім беру үлкен
маңызға ие. Жоғары білімнің сапасы дегеніміз –
жоғары оқу орнының қызмет бөліктерінің
барлық қырларын қамти отырып оның негізгі
сипаттамаларын анықтап беретін көпжақты ұғым. Осы
ретте оқу процесінің сапасын қамтамасыз етуде оқыту
әдістерінің атқарар қызметі зор, себебі ол оқу
процесін ұйымдастырудың тиімділігін көрсететін фактор болып
табылады.
Жоғары оқу орындарындағы оқу –
тәрбие процесінде болашақ мұғалімдердің
кәсіби даярлығын қалыптастыру мәселелеріне Н.Д.Хмель, К.С.Успанов,
Д.М.Жүсіпәлиева, А.А.Калюжный, С.Т. Каргин, А.А. Молдажанова және тағы
басқаларының еңбектері арналған [2;7]. Бұл
ғалымдардың еңбектерінде педагогикалық іс –
әрекеттің құрылымы, кәсіби даярлау
жүйесінде және тәлімгерлік жұмысының барысында
болашақ мұғалімдердің кәсіби жағынан
маңызды сапаларының қалыптасу жолдары айқындалып,
педагогикалық жоғары оқу орындарының тәжірибесі
сарапталған, кәсіби – педагогикалық бағдарлау
жұмысы жүйеленген.
Болашақ мұғалімдерді кәсіби
даярлау жүйесінің маңызды көрсеткіші - оның
шығармашылық сапасы, шығармашылық даралығы, тек
қана орындаушы болып қалмай, өз ойы бар, пікірі бар, бастама
көтере білетін, жаңалыққа құштар іскерлік субъектісі
бола алуы. Болашақ мұғалімді шығармашыл
тұлға етіп қалыптастыру – ұзақ және
күрделі процесс. Жоғары оқу орындарында болашақ
мұғалім өзінің «педагогикалық
көзқарасын» қалыптастырып, іскерлік қабілетін
айқындайды.
Біртұтас
педагогикалық процесте болашақ мұғалімдерді даярлау
жүйесі ерекше орын алады.
Болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау
жүйесінде іс - әрекет, тұлға, таным ілімдері
әдіснамалық негіз болды. Себебі іс - әрекет барысында жеке
тұлғаның танымдық және тұлғалық
қасиеттері дамиды.
Танымдық іс - әрекет – жеке
тұлғаның білімге деген өте белсенді ақыл – ой әрекеті.
Мектеп оқушылары мен студенттердің танымдық іс -
әрекетін жетілдіру проблемасына педагогтар, психологтар ерекше мән
берген. Танымдық іс - әрекет студент жеке
тұлғасының қалыптасуына тікелей әсер етеді. Ол
күрделі процесс болғандықтан, оқытушы мен
студенттердің бірлесіп жасайтын тиімді, сапалы әрекетін керек
етеді. Егер педагог оқыту жұмысын ұйымдастыруға,
ғылыми білімді жүйелі түрде баяндауға,
тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға күш – жігерін
жұмсайтын болса, студенттер білімді терең мағынада қабылдап,
меңгеруге, өздігінен ізденіп, білімін толықтыруға
байланысты белсенді түрде іс - әрекет жасауға
үйренеді. Болашақ
мұғалімдедің оқу поцесіндегі іс - әрекеті
оқу – танымдық сипатта болады. Сондықтан оқытудың
тиімділігі жалпы алғанда оқытушының оқу процесін
студенттің оқу – танымдық іс - әрекеттерінің
негізгі заңдылықтарына сәйкес ұйымдастыру шеберлігімен
анықталады.
Ресейдің
белгілі ғалымдары болашақ мұғалімдердің
кәсіби маңызды қасиеттерін қалыптастырудың
бірнеше үлгілерін көрсетеді. Сондай ғылыми пайымдауларды
жүйелі қарастыра келе, біз бүгінгі заман талабына сай келетін
мынадай модельді ұсынамыз.
Бұл
даярлық студенттердің тек қана арнайы
ұйымдастырылған оқу – кәсіби іс – әрекеті
барысында қалыптасады.
Қорытындалай
келе, жоғары білім беру жүйесінде педагог мамандарды кәсіби
даярлау, қоғам дамуының маңызды буынын
құрайды. Қоғамның және жеке
тұлғаның қазіргі заманғы әлеуметтік –
экономикалық мәселелері болашақ мұғалімдерді
даярлауға күрделі және жан – жақты талаптар
қояды. Әсіресе, оқушылардың жалпы білімнің
негізін құрайтын және тәрбиелейтін, жалпы білім беретін
мектеп мұғалімдерін даярлау деңгейіне талап қояды.
Қазіргі кезде,
білім берудің негізін әртүрлі ғылыми саланың
білімдерін біріктіретін және болашақ мұғалімнің
қайта құрушы іс – әрекетіне ғылыми және
шығармашылық тұрғыда қарауды қамтамасыз
ететін, интеграциялық дайындықты құрайды. Отандық
педагогикада гуманитарлық – ғылыми дайындық әрдайым
білім беру мазмұнының құрамды бөлігі болады.
Әдебиет
1. Қазақстан Республикасының 2015
жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. –Астана: Білім,
2011. – 44 б.
2.
Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной
подготовки учителя: автореф...докт. пед. наук. – Киев, 1986. – 46 с.
3. Успанов К.С. Теория и практика формирования профессионально значимых качеств
у будущих учителей. – Алматы: Ғылым, 1998. – 228 с.
4. Джусубалиева Д.М. Теоретические
основы формирования информационной культуры студентов в условиях дистанционного
обучения: дис...док. пед. наук. – Алматы, 1993. – 380с.
5. Калюжный А.А. Теория и практика профессиональной подготовки учителя к
нравственному воспитанию учащихся в целостном педагогическом процессе:
дис...докт. пед. наук. –Алматы, 1994. – 328 с.
6. Каргин С.Т. Влияние профессионально – педагогической направленности
обучения на формирование педагогического мышления будущих учителей: дис.
..канд. пед. наук. – Алма – Ата, 1988. – 150 с.
7. Молдажанова А.А. Особенности формирования педагогической культуры будущего
учителя: дис. ...канд. пед. наук. – Алматы, 1996. – 150 с.